Жаңалықтар дайджесті: 2 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды
- Пәкістанда сепаратистердің шабуылынан 80-нен астам адам қаза тапты
- АҚШ, Украина және Ресей арасындағы келіссөздер 1 ақпанда өтпейді
- Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
- Өскеменде тұмшаға байланысты балалар қайтадан үйден оқиды
- Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде із-түзсіз жоғалды
- Павлодарда құны миллиардтаған көпірде өрт шықты
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Иран билігі наразылық кезінде мыңдаған адам құрбан болғанын мойындады
Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқан мыңдаған адамның есімін алғаш рет жариялады. Алайда тәуелсіз дереккөздер адам шығыны бұдан әлдеқайда көп екенін айтып отыр.
Иран билігі жаппай наразылықтар барысында қаза тапқандардың алдын ала тізімін жариялады. Президент Масуд Пезешкианның әкімшілігі орналастырған құжатта 2985 адамның аты-жөні көрсетілген. Ал ресми дерек бойынша құрбандардың жалпы саны — 3117 адам. Президент әкімшілігі 131 адамның жеке басы әлі анықталмағанын айтады. Олардың деректері кейінірек жарияланады.
Наразылықтар қалай басталды
Наразылықтар 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Тегеранда басталды. Алғашында адамдар көшеге экономикалық қиындықтарға байланысты шыққан. Алайда көп ұзамай наразылықтар саяси сипат алып, бүкіл ел аумағын қамтыды. Билік оған қатаң шаралармен жауап қатты. Мемлекеттік құрылымдардың, шетелдік БАҚ пен куәгерлердің дерегінше, ең қанды түндер 8 және 9 қаңтарда болды. Time журналы Иран денсаулық сақтау министрлігіндегі жоғары лауазымды қызметкерлерге сілтеме жасап, дәл осы екі күннің өзінде ондаған мың адам қаза табуы мүмкін екенін жазған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

😢3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Таразда әйел бұрынғы күйеуінен кек аламын деп баласын ұрған
Видеода әйел адам баланы бетінен ұрып, күйеуіне үндеу жасағандай болады.
- Көрдің бе? Аяйды деп ойлама. Аямаймын мен сенің балаңды, дейді әйел адам видеода.
Тағы бір видеода әйел адам үлкен баласына кіші баланы “ұр” деп айтады. Үлкен баласы анасының сөзін тыңдап, кіші бауырын ұрады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Тараз қаласының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
Балаға жедел түрде медициналық қызметкерлермен тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.
- Сараптамалар мен тергеу шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады, – дейді полицейлер.

😱3🤬1
Құрылтай үшін күрес: неге қазақстандық партиялар сайлауға дайын емес
Парламенттік реформа ресми түрде әлі іске қосылмаса да, оның негізгі бейнесі қазірдің өзінде айқындала бастады. Енді парламенттің жоғарғы және төменгі палаталары деген болмайды, бірмандаттық округтер де, президенттік квота арқылы өткендер де болмайды. Алты ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы парламент туралы алғаш мәлімдегенде, сарапшылар саяси белсенділік күрт артып, партиялар саяси додаға дайындала бастайды деп күткен. Өйткені енді барлық қазақстандықтың тағдырын партиялар шешеді, демек партиялық активтегі орын мансап жолындағы алтын баспалдаққа айналады. Алайда аймақтардан да, Астанадан да харизмасы жоғары, елді соңынан ерте алатын тұлғалар шыққан жоқ, тіпті қазіргі Мәжіліс пен Сенаттың өзінде пікірталас күшейгенін де көріп отырғанымыз жоқ.
Осындай жағдайда алдағы уақытта құрылады деген Құрылтай қазіргі парламенттен тиімдірек жұмыс істей ме? Ulysmedia.kz болашақтағы саяси жүйеміздің партиялық құрамын саралап көруді жөн көрді.

🤮3
Бурабайда қаңғыбас иттерді атып жүрген қызметкердің оғы адамға тиіп кеткен
Бурабайда қаңғыбас иттерді жою шарасы барысында қауіпсіздік талаптары сақталмай, бір қызметкердің атқан оғы әріптесіне тиіп, адам жарақат алды.
Өңірлік денсаулық сақтау саласының мәліметінше, зардап шеккен азамат атыс салдарынан жараланып, жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген.
Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол Бурабай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Ақмола облысының полиция департаменті аталған жайтқа байланысты абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік таныту баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын мәлім етті.

😐2🤣1
Қайрат Келімбетовтің есімі Эпштейн құжаттарында тағы да аталды
АҚШ-тың Әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты 3 миллионнан астам қосымша бет материалды жариялады. Құжаттардың біріндегі хат-хабар алмасуда Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетовтің есімі тағы да аталады.
Жарияланған материалдардың ішінде 2 мыңнан астам бейнематериал мен 180 мыңға жуық сурет бар. Бұған дейін ашық шыққан деректермен қоса есептегенде, жарияланған құжаттардың жалпы көлемі шамамен 3,5 миллион бетке жетті.
Материалдарды жариялау жұмысына 500-ден астам заңгер мен маман тартылған.
Сонымен қатар Нью-Йорктың Оңтүстік округі прокуратурасы соттың талабын орындау үшін қосымша тексеру хаттамасын қолданған. Бұл талапқа сәйкес, ашық жарияланған материалдарда жәбірленушілердің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін қорғалмаған ақпарат болмауы тиіс.
КЕЛІМБЕТОВ
Жарияланған құжаттарға сәйкес, Қайрат Келімбетов Джеффри Эпштейнмен 2014 жылдың қазан айында Нью-Йоркте кездескен. 2014 жылғы хаттардың бірінде хат жолдаушы Эпштейннен: «Мәсімовке жеткізгім келетін қандай да бір нәрсе бар ма?» деп сұрайды. Эпштейн өз жауабында үшінші адам арқылы Нью-Йоркте «жақсы уақыт өткізген» Келімбетовке «құшағын жолдауға» болатынын жазады.
Айта кетейік, Қайрат Келімбетовтің есімі Эпштейнге қатысты құжаттарда 2025 жылдың қарашасында жарияланған материалдарда да кездескен.

🤬6❤1
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турниріндегі жеңісінен кейін бірден екі сатыға көтеріліп, бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Осылайша ол Мельбурндегі турнирде топ жарған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.
Айта кетейік, WTA рейтингіндегі үшінші орын — Елена Рыбакинаның мансабындағы ең үздік көрсеткіштің қайталануы. Ол бұл нәтижеге 2023 жылы да қол жеткізген болатын.
Юлия Путинцева рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартып, бірден 24 сатыға көтеріліп, 70-орынға жайғасты.
Зарина Дияс 282-орында тұр. Бұған дейін ол сегіз саты төмен орналасқан еді.
Ал Жібек Құламбаева үш позицияға төмендеп, 387-орынға түсті.
Әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысын Беларусь өкілі Арина Соболенко мен Польшаның теннисшісі Ига Швёнтек сақтап қалды.
Еске салайық, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанған еді.

🤮3👏2
Ата заң ба, қате заң ба: жаңа Конституция жобасы туралы нені және неге білуіміз керек?
Қазақстандықтар мемлекеттік маңызы бар істерге араласудан алшақтап кеткен сияқты. Белсенділік төмен. Тап қазір мемлекеттік маңызы бар іс деп атауға әбден болатын жаңа Конституция жобасы талқыланып жатыр. Егер халық «Конституция сөреде шаң басып жататын заңдар жинағы» деген пікірде болса, онда елде еш өзгеріс болмайды. Себебі талқылауға шығарылған жаңа Конституция жобасы біздің алдағы өміріміздің, балаларымыздың болашағының бағыт-бағдарын анықтайтын басты құжат, сондықтан оның Ата заңға айналуы не Қате заңға айналуы біздің белсенділігімізге байланысты.
Бақылаушы емес, «бата берушіге» айналуы тиіс
Конституция жобасы «Қызық газет» емес, сондықтан жұрттың бәрі жоба нұсқасын бас алмай оқиды деп асығыс пікір білдірмей-ақ қояйын. Алайда кейбір баптарға назар аудармауға болмайды. Мәселен, 73-бап. Онда Конституциялық соттың өкілеттігі көрсетілген. Ұсынылып отырған редакцияға сәйкес, Конституциялық сот іске тек президенттің, Құрылтай төрағасының, депутаттардың бір бөлігінің немесе премьер-министрдің өтінішімен ғана араласады. Ал соттың өзіне пассивті бақылаушы рөлі берілген: ол дауларға реакция білдіре алады, бірақ сайлау мен референдумдардың конституциялық тұрғыдан бағалануына жауапты болмайды.
Сонда сайлаудың Конституцияға сай өткеніне мемлекет атынан кім кепілдік береді? Әлде бұрынғыдай, жай ғана «өткен факт бойынша» заңды деп таныла бере ме? Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, демократиялық жүйелерде Конституциялық сот тек шағымдарды қарайтын орган емес, сонымен қатар сайлаудың заңдылығы мен легитимділігінің институционалдық кепілі болып саналады. Сондықтан 73-бапты кеңейтіп, Конституциялық сотты сайлау мен референдумдарға қатысты азаматтардың барлық өтінішін қарауға және белгіленген мерзімде олардың Конституцияға сәйкестігі жөнінде ресми қорытынды беруге міндеттеу қажет деп санаймын. Бұл – азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын бағалау мәселесі. Ол әрі сайлаушылардың, әрі кандидаттардың құқығы. Ал олардың бұзылуы міндетті түрде конституциялық тұрғыдан қаралуы керек. Егер Конституциялық сот нақты кепіл рөлін алса, негізгі заң кез келген мемлекет үшін ең сындарлы сәтте, яғни билік транзиті кезеңінде тікелей жұмыс істей бастайды.

👍6❤2
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда жаңа Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Алматы полиция…
Желіде Конституцияның жаңа жобасы туралы жалған ақпараттар тараған - Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.
Бектенов барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.
Бектенов барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3❤1
ULYSMEDIA.KZ
Германияда қаза тапқан судьяның анасы Тоқаевтан көмек сұрады Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады. Әйелдің айтуынша, қызының өліміне қатысы…
Мәскеуде экс-судьяны өлтірді деген күдіктілер іздестіріліп жатыр
Ресейдің Тергеу комитеті Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасының өтінішіне жауап беріп, тексеру жұмыстарын бастады.
Ресейдің федералдық арналарында Германияда Қазақстан азаматының өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа марқұмның енесі мен бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін. Олар қазір Мәскеуде жасырынып жүр деген болжам бар.
Қаза тапқан әйелдің ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге ресми түрде жүгінген.
– Сюжетте келтірілген деректерге байланысты Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процессуалдық тексеру жүргізуді ұйымдастырды. Тергеу комитетінің төрағасы А.И. Бастрыкин Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының басшысы Д.В. Беляевке тексеру барысы жөнінде баяндауды тапсырды. Бұл тапсырманың орындалуы ведомствоның орталық аппаратында бақылауға алынды, – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.
КОНТЕКСТ
Айгүл Сайлыбаева 40 жаста еді. Ол Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта бала әкесімен бірге тұрып жатыр.
Жақында Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады.

❤2
Supermamasita, Дархан Жолшыбек, Мөлдір Мұқанова заңсыз лотерея үшін айыппұлмен құтылды: ҚМА Жанәбіловтердің соңына неге түсті?
Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптының қорғаушысы Жасұлан Рахымғалиев осылай мәлімдеді.
ЖАНӘБІЛОВТЕР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН АҚШАНЫ ЗАҢДАСТЫРҒАНЫ ҮШІН 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Қорғаушының айтуынша, қазіргі таңда блогерлерге қатысты жағдай күрделенген. Тергеу органдары олардың әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабының 2-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру) бойынша саралап отыр.
Адвокаттың сөзінше, бастапқыда тек бірқатар қорғаныс шаралары қарастырылғанымен, сотқа дейінгі тергеу барысында іске қосымша, ауырлататын бап енгізу туралы шешім қабылданған.
«Қазіргі уақытта Жанәбіловтерге қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру дерегі бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар, істің ішінде прокурордың азаматтық талабы пайда болды. Ол мемлекет мүддесі үшін қарапайым азаматтардан жиналған қаржыны өндіріп алуды талап етіп отыр. Прокурор бұл қаражатты мемлекеттік деп тану қажет деп есептейді. Қазір блогерлерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалу үстінде, алайда оның қандай болатыны әзірге белгісіз», – дейді қорғаушы.
Адвокаттың мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 218-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Прокуратура шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келісті
Адвокат Мұрат Адам Шешенстандық оппозициялық белсенді Мансұр Мовлаев ісіне қатысты Қазақстанның Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдаған шешіміне түсініктеме берді.
Адвокаттың айтуынша, Қазақстанның бас прокуратурасы Ресей Федерациясының бас прокуратурасы жолдаған экстрадициялау туралы сұранысын қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдаған. Әңгіме Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмаған шешен оппозиционері әрі белсенді Мансұр Мовлаевты Ресейге беру мәселесі туралы болып отыр.
Сонымен қатар, Мұрат Адамның сөзінше, Мансұр Мовлаевқа босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім сот тәртібімен дауланған. Бұл іс бойынша сот 2026 жылғы 11 ақпанға алдын ала тыңдау күнін белгілеген.
Адвокат қорғау тарапы Мовлаевтың экстрадициясы адам құқықтарын бұзуы мүмкін екенін алға тартып, сотта шешімді қайта қарауға күш салатынын атап өтті. Қазіргі таңда іс Қазақстан сотының қарауында, ал экстрадиция мәселесінің түпкілікті тағдыры сот шешіміне байланысты болмақ.

👎7
«Ауызымды жапқанда тұншығып отырдым»: Алып қашу құрбаны болған Мәншүктің оқиғасы
20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Мәншүк Ахмет «қыз алып қашу» құрбаны болғанын айтады. Оның сөзінше, былтыр маусым айында бір топ бейтаныс адам оны алып қашын, бұрын соңды араласпаған адаммен некеге тұруға мәжбүрлеген. Туыстарының айтуынша, бастапқыда іс «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бабымен ашылғанымен, кейіннен ол бап алынып тасталған. Олар істің баяу жүріп жатқанына және баптың алынып тасталғанына наразы.
«Ауызымды жапқанда тұншығып отырдым»
Мәншүк Ахметті былтыр 27 маусымда бірге оқып жүрген құрбысы бір топ жігітпен бірге алып қашқан. Ол уақытта Мәншүк Жетісай қаласындағы педагогикалық колледжде оқыған. Атастырылып қоған жігіті де болған.
Оқиға болған күні Мәншүк құрбысы Алтыншаш Дәрібаймен бірге тамақтану үшін қалаға шығып, такси тоқтатқан. Аздан кейін көлікке жолдан тағы екі жігіт мінген. Ол уақытта Мәншүк артқы орындықта отырған. Екі бейтаныс адам көліктің екі жағынан келіп отырған. Жолда Алтыншаш Дәрібай Мәншүкке оны алып қашып бара жатқандарын айтқан.
«Мен бірден құрбыма айқайлап, ұрса бастадым. «Менің атастырылып қойған жігітім бар екенін білесің ғой. Біздің тойымыз болатынын сен білесің» дедім. Соған қарамастан, «менің ағам да жақсы адам, сені бақытты етеді» деп отырды. Мен тағыда айқайлап отырғанымда жанымда отырған екі жігіт, қолымнан ұстап, ауызымды жапты. Ауызымды жапқан кезде мен тұншығып отырдым. Әрі қарай мен мүлде дауысымды шығара алмадым», – деді Мәншүк сол күнгі оқиғаны есіне алып.

🥱2
ULYSMEDIA.KZ
Қайрат Келімбетовтің есімі Эпштейн құжаттарында тағы да аталды АҚШ-тың Әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты 3 миллионнан астам қосымша бет материалды жариялады. Құжаттардың біріндегі хат-хабар алмасуда Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат…
Кәрім Мәсімов Джеффри Эпштейннің құжаттарында бірнеше рет аталады
Джеффри Эпштейн ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің есімі кемінде сегіз рет аталады. Атап айтқанда, оның аты электронды хаттарды қоса алғанда, құжаттардың бірнеше бөлігінде аталған. Бұл материалдар 2011–2015 жылдар аралығын қамтиды.
Masa Media журналистері 2011 жылғы хаттардың бірінде есімі белгісіз жіберуші Джеффри Эпштейнге Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің үйінің маңында тұратынын жазып, оның Мәсімовпен таныс-таныс еместігін сұрайтынын анықтаған. Тағы бір хат-хабар алмасуда Мәсімовке «сәлем жеткізілгені» айтылады.
Ал 2014 жылға тиесілі хаттардың бірінде жіберуші Эпштейннен Мәсімовке жолдайтын бұйымтайы бар-жоғын сұрайды. Эпштейн жауап ретінде жай ғана «әңгімелесуге болатынын» айтып, үшінші адам арқылы бұрын Нью-Йоркте кездескен Келімбетовке сәлем жолдай алатынын жазады.
Аталған хаттардың скриншоттары АҚШ Әділет министрлігі жариялаған ресми материалдардың құрамында бар. Алайда бұл құжаттарда Кәрім Мәсімовтің Джеффри Эпштейнмен жеке кездескені туралы ақпарат жоқ.
КЕЛІМБЕТОВ ТЕ БАР
Құжаттарда Қайрат Келімбетовтің аты да бірнеше рет кездеседі. Бұл туралы бұған дейін хабарланған.
Айта кетейік, Джеффри Эпштейн — кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар үшін сотталған америкалық қаржыгер. 2019 жылы ол адам саудасы айыптарымен қайта қамауға алынып, сотты күтпестен өзіне қол жұмсаған. Қаңтардың соңында АҚШ-та оның ісіне қатысты миллиондаған бет құжат жарияланды.

🤬3❤1
Әсет Ерғалиев тағы бір қызметті қатар атқарады
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ол тек Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарып келген.
ЕРҒАЛИЕВ ТУРАЛЫ
1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Негізгі мамандығы - экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін аяқтаған.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін Ұлттық экономика вице-министрі, 2019 жылғы наурыз-тамыз аралығында премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, 2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.

🤮2
«Мен де Бишімбаевқа тап болдым»: Желіде тағы бір актриса күйеуінің қудалауына ұшырағанын айтты
Белгілі қазақстандық блогер және актриса Анель Аманғалиева күйеуі ізіне түсіп, жарты жылдан бері маза бермей жүргенін айтты.
МЕН ДЕ «БИШІМБАЕВҚА» ТАП БОЛДЫМ
Желіде блогер Анель Аманғалиева «Бишімбаевпен» бетпе-бет кездескенін мәлімдеді. Оның айтуынша, М.Б. есімді ер адам ресми құжаттар бойынша әлі күнге дейін оның күйеуі болып саналады және жарты жылдан астам уақыт бойы ажырасуға мүмкіндік бермей келеді.
Актриса күйеуінің интимдік сипаттағы суреттер арқылы қысым көрсетіп, тіпті өлтіремін деп қорқытқанын айтады. Threads әлеуметтік желісінде ол бұл жағдайларды жарияламай тұрып алған хат-хабарламаларының бір бөлігін көпшілікке ұсынды.
Анель Instagram-дағы жазбасында 2024 жылдың соңында баласымен бірге жаңа некеге тұрғанын хабарлады. Ал бұрынғы күйеуімен ол 2014 жылдан бері таныс болған. Оның айтуынша, ер адамның іскерлік қабілетіне деген құрметі мен таңданысы некеге тұруына себеп болған, екеуі ұзақ уақыт бойы дос болып араласқан.
«Мәселе ресми түрде некеге тұрған сәттен басталды. Ол менің басқа жігітпен кездескенімді біліп қалып, қатты ашуланды. Мені қорлап, тек өзі ғана қабылдай алатынын айтты. Мен өзімді кінәлі сезіне бастадым. Қоштасуды ұсынғанымда, ол мені жібергісі келмеді. Алты ай бойы бірде ұрысып, бірде татуласып жүрдік. Ол мені жаман адам екеніме сендірді», – дейді актриса.

🤷♂2🥱2🤮1
Қазақстанның батысында киік етінен консерві шығарыла бастады
Қазіргі таңда 180 мың банка консерві дайындалған. Алдағы уақытта өндіріс көлемін бірнеше есе арттыру жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, былтыр билік өкілдері киіктерді ату және олардың етін өңдеу шараларын «жануарлар санының шамадан тыс көбеюін реттеу қажеттілігімен» байланысты деп түсіндірген еді. Соның нәтижесінде өткен жылдың небәрі бес айында Батыс Қазақстан облысында 108 мың киікті атып өлтірген.
Киік етін өңдеп, нарыққа шығаруға 15 кәсіпорын ниет білдірген. Олардың біреуі Атырау облысынан, ал қалғандары Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
Өндіріс барысы бірнеше кезеңнен тұрады. Технолог Гүлжазира Кенжегалиева 24.kz арнасына берген сұқбатында дайын өнімнің сапасы қатаң бақылаудан өтетінін айтты.
— Стерилизациядан кейін консервілер таңбалауға жіберіледі, яғни шығарылған күні көрсетіледі. Одан соң өндірістік зертханамыз сынама алып, тексеру жүргізеді. Нәтижесінде өнімді сатуға рұқсат беретін хаттама жасалады. Қазір бір ауысымда шамамен 16 мың банка шығарып отырмыз, — деді ол.
Баға мәселесіне келсек, өндірушілердің айтуынша, киік етінен жасалған консервілер сиыр етінен дайындалатын дәстүрлі етке қарағанда арзан болады.
Жаңа өнімнің нарықтағы сұранысы мен қоғамдық қабылдануы алдағы уақытта белгілі болмақ.

👏5❤2
Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді
Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді.
Айта кетейік, желіде Рахмоновтың жарақат алғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Рақышев әлеуметтік желідегі парақшасында спортшының кезекті жарақаты туралы жаңалықты ауыр қабылдағанын айтып, оған аға ретінде демеу көрсеткісі келетінін жазды. Оның сөзінше, Рахмонов қиын балалық шақтан өтіп, жастайынан ауыр еңбекпен шыңдалған, сондықтан бұл кезең де уақытша сынақтардың бірі.
- Ең бастысы — деннің сау болуы. Қалғанының бәрі екінші орында, — деп жазды кәсіпкер.
Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновтың қайсар мінезі мен ерекше күшке ие екенін әлдеқашан дәлелдегенін атап өтті.
Оның айтуынша, Рахмонов тек қазақстандық жанкүйерлерге ғана емес, бүкіл әлемге өз деңгейін көрсеткен.
Сонымен қатар, кәсіпкер Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымында өнер көрсетуі қазақстандық спортшыларға жол ашып, жас буынға үлкен мотивация бергенін айтты.
- Талай жастың жүрегінде үміт отын жағып, үлкен мақсатқа жетудің кілті — еңбек пен сабыр екенін дәлелдеді, — деді ол.
Жазбасының соңында Кеңес Рақышев спортшыға саулық тілеп, қазақстандықтар әрдайым оның жанында екенін жеткізді.
СҰҚБАТ
Еске салайық, Шавкат Рахмонов Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзив сұқбат берген болатын.

❤6👏3
Шымкентте полиция бастығы жазаны "жеңілдету" үшін 6 млн теңге пара алған
Шымкент қаласының аудандық полиция басқармасының бастығы пара алғаны үшін сотталды.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында пара алу (ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі) дерегі бойынша азамат Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Т. Шымкент қаласы полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы бола тұра, осы басқарманың өндірісіндегі А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық ісі бойынша оның айыптау бабын жеңілдетіп беру үшін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, 6 млн. теңге көлемінде пара алған.
Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, жасырын тергеу әрекеттерімен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор сотталушы Т.-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрады.
ҚАНДАЙ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтамады, өзінің кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасағанын қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.
Сот Т.-ны ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 49-бабына сәйкес, Т. арнайы шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

👍6
Жаңалықтар дайджесті: 3 ақпанға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп
- Қырғызстанда жынысты өзгертуге тыйым салынуы мүмкін
- Қазақстанның батысында киік етінен консерві шығарыла бастады
- Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған
- Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан тумасы Ресейде жерленді
- Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады?