ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

Үндістан билігі Ресейден мұнай сатып алу көлемін қысқартып, АҚШ-тан шикізат импортын арттыруға келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар сауда мәселелерін және Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылаған. АҚШ көшбасшысы Модидің ресейлік мұнайдан бас тартып, АҚШ-тан, сондай-ақ Венесуэладан отын сатып алуды ұлғайтуға келіскенін алға тартты. Трамптың пікірінше, бұл шешім соғыстың аяқталуын жақындатуға көмектеседі.

Сондай-ақ АҚШ президенті Вашингтон мен Нью-Дели арасында жаңа сауда келісімі жасалғанын, оның бірден күшіне енетінін хабарлады. Келісім аясында АҚШ үнді тауарларына салынатын кедендік баж салығын 25%-дан 18%-ға дейін төмендетеді. Бұған жауап ретінде Үндістан америкалық тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастамақ.

Бұдан бөлек, Үндістан АҚШ-тан жалпы құны 500 млрд доллардан асатын өнім сатып алуға міндеттеме алды. Әңгіме энергетика, көмір және ауыл шаруашылығы салаларындағы жеткізілімдер туралы болып отыр.

Трамп екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түсетінін айтып, үнді премьерімен жасалған жеке келісімдерді ерекше атап өтті.

Ал Нарендра Моди келіссөз нәтижелерін X әлеуметтік желісінде пікірлеп, баж салығын төмендеткені үшін Трампқа алғыс білдіріп, кездесудің қорытындысын оң бағалады. Алайда ресейлік мұнайдан бас тарту тақырыбын ол қозғамады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
ULYSMEDIA.KZ
Прокуратура шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келісті Адвокат Мұрат Адам Шешенстандық оппозициялық белсенді Мансұр Мовлаев ісіне қатысты Қазақстанның Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдаған шешіміне түсініктеме берді. Адвокаттың…
Шешен оппозиционерінің ағасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Шешен оппозиционері Мансур Мовлаевтың ағасы Хусейн Мовлаев қазақстандықтарға оны Ресейге экстрадициялауға жол бермеуді сұрап үндеу жасады.

Ол Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында үндеу жасап, Қазақстан азаматтарын бейжай қалмауға, өзіне қолдау білдіріп, экстрадицияны болдырмауға шақырды.

Оның айтуынша, Мансур шешендер «екінші үйіміз» деп санайтын Қазақстанға қашып келген. Сондай-ақ ол 1944 жылы Қазақстан жер аударылған шешендерді қабылдап, оларды қырғыннан аман алып қалғанын еске салды.

– Оны бермеңіздер (Ресейге), бейжай қалмаңыздар, – деп үндеу тастады ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бас прокуратурасы шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келіскен болатын. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯4
Қазақстанда екінші АЭС-тің қай жерде салынатыны белгілі болды

Мән-жай

Үкіметтің 26 қаңтардағы қаулысына сәйкес, Қазақстанда екінші атом электр станциясын салуға арналған жер белгіленді.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», – делінген үкімет қаулысында.

Былтыр ақпандар бірінші атом электр станциясы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында салынады деп бекітілген болатын. Осылайша екі атом электр станциясын да Балқаш көлі жағасындағы ауыл маңына салынады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤6🤬1
Ауырған тісіңізді тегін емдей аласыз: бұл кімдерге қатысты?

Ауыз қуысындағы сырқатты ақысыз емдетуге мүмкіндік бар. Оның үстіне, бұл қызмет тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, жекеменшік стоматологияларда да тегін көрсетіледі. Алайда мұндай көмек баршаға бірдей қолжетімді емес.

Тегін стоматологиялық қызмет 18 жасқа толмаған балаларға және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы тіс жұлдыру, пломба салдыру, тіпті брекет тағуға болады.
Қымбат саналатын бұл қызмет түрлері тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, МӘМС қорымен келісімшартқа отырған жеке клиникаларда да көрсетіледі. Ол үшін тіркелген емханаңыздан жолдама алып, қор жүйесінде жұмыс істейтін стоматологияға бару жеткілікті. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балалар жыл сайын тегін профилактикалық тексеруден өтуге құқылы. Себебі көрсетілген қызмет үшін клиникалар мемлекеттен қаржыландырылады. Тек биылдың өзінде бұл салаға 36,2 млрд теңге бөлінген.

- Ата-аналар өз құқықтарын біліп, МӘМС шеңберінде балаларын тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты бар стоматологиялық кабинеттер мен клиникаларға апарып, қарастырылған медициналық көмекті ала алады, дейді ӘМСҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаментінің аға менеджері Әбдімәлік Үсібәлиев. 
 
Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар көбіне тіс жиегінің ауруымен шағымданады екен. Оның ішінде тісті түзету қызметі де бар. Бірақ кей клиникаларға биыл бұл бағытқа қаржы бөлінбеген. Сондықтан брекет тағу қызметі тек белгілі бір орталықтарда, негізінен тек балаларға ғана көрсетіледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ULYSMEDIA.KZ
Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жыққан: жанжалдың видеосы тарады 📱Ұлысқа жазылыңыз
Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалған болатын. 
Кейінірек екі тарап та жанжалдың толық шешілгенін, барлық жұмыс мәселелері қызметтік тәртіп аясында реттелгенін хабарлады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
Конституцияға өзгеріс: жаңа Конституцияда меншік түрлері туралы бапты өзгерту керек

Конституциялық комиссия мүшелері ресми мәлімдемесінде Қазақстан Конституциясының 80 пайыздан астамы қайта жазылғанын хабарлады. Алайда Конституцияда қалам ұшы тимеген  баптар да бар. Кейбір сарапшылардың пікірінше, дәл сол баптарды қайта қарау қажет. Соның бірі – 8-бап, онда Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік қол сұғуға жатпайды деп көрсетілген. Экономика ғылымдарының кандидаты Әлкен Темірболатов пен Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Конституцияда кемінде тағы бірнеше меншік түрі нақты жазылуы тиіс деп есептейді. Олардың ойынша, онсыз елдегі бүкіл билік тиесілі деп саналатын халықтың іс жүзінде құқығы қарастырылмаған болып шығады. Ulysmedia.kz осы айтылған жайт турасында баяндайды.

Екі меншік түрі жеткіліксіз болғанда

Ирина Смирнова Конституцияға меншік нысандарының кеңейтілген тізімін енгізу қажет екенін 2025 жылғы қыркүйекте, негізгі заңды қайта қарау басталмай тұрып-ақ айтқан. Біз депутаттан бұл бастама әлі де өзекті ме деп сұрадық.

– Конституцияда бекітілген мемлекеттік және жекеменшік ұғымы қоғамдағы көптеген қатынастарды реттегенімен, барлық қажеттілікті толық қамтымайды. Мысалы, әлеуметтік нысандар – мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, саябақтар нақты бір қалаға немесе қауымдастыққа тиесілі болуы керек, – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, егер Конституцияда муниципалдық меншік ұғымы болса, мемлекеттік мүлікті қайта-қайта жекешелендіру науқандары қажет болмас еді. Ондай нысандар әкімдіктер балансында пайда көзі ретінде емес, өңірлік маңызы бар нысан ретінде тұрар еді. Өйткені түптеп келгенде, жекешелендірілген нысандардан туындаған проблемаларды бәрібір жергілікті билік шешуге мәжбүр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
ULYSMEDIA.KZ
Баталов "Атамекеннен" кетіп, орнына Шарлапаев тағайындалды Райымбек Баталов "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығынан кетіп, орнына Қанат Шарлапаев тағайындалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» президиумының…
Райымбек Баталов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды

Райымбек Баталов Қазақстан президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, бұған дейін Райымбек Баталов Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарған.

КОНТЕКСТ

23 қаңтарда өткен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде президиум төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды.

Ол бұған дейін өнеркәсіп министрі әрі Қазақстан президентінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
Қанат Шарлапаев бұл қызметте 2022 жылдан бері ұлттық палатаны басқарған Райымбек Баталовтың орнына келді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3🤣2
Баға өсті, сұраныс азайды: Қазақстанның тұрғын үй нарығында не болып жатыр?

2025 жылы Қазақстанның барлық қалаларында пәтер бағасы қымбаттап, орташа баға 8% өсті.

2025 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ ӨҢІРЛЕРДЕ ҚАНША ӨСТІ

Еліміз бойынша жылдық өсімі ең жоғары болған бес қала – Қостанай 14,5%, Ақтау 12,8, Астана 11,6%, Шымкент 10,8%, Қарағанды 0,4%.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылы екінші нарықтағы бағаның өсуі қызу сұраныстан емес, инфляция, салықтық өзгерістер және сатушылардың жоғары күтілімдеріне байланысты болды. Баға ірі қалаларда ғана өсті. Өсімнің шарықтау шегі қыркүйек–желтоқсан айларына сәйкес келді.
Алматы баға өсімі бойынша көшбасшылар қатарына кірмегенімен (8%), елдегі ең қымбат мегаполис болып қала береді.

Қалған қалалардағы жылдық баға өсімі Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда 7–10%,  Петропавл, Тараз, Көкшетау, Орал, Атырау 4–6% болды.

БАҒА ӨСІМІНЕ НЕ ӘСЕР ЕТЕДІ

Экономис Мақсат Халықтың айтуынша, тұрғын үй нарығында бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер етеді.

- Бізде құрылыс нарығында монополия бар. Құрылыс компаниялары арасында бәсекелестік төмен. Сондықтан да, үй бағасының шарықтау себебі осыдан. Екіншіден, бюрократиялық кедергілер бар. Құрылыс компанияларының өздері де айтады, біз қарапайым ғана жер алып, жердің мақсатты пайдаланылуын өзгертейік десек, біраз шығындаламыз, біраз есіктерді тоқтылдатуға тура келеді дейді. Одан бөлек үйді котлаваннан бастап  пайдалануға беру мерзімін ұзартып аламыз, себебі өте көп кедергі бар дейді. Бұның бәрі – уақыттың ұзартылуы, кедергілердің болуы баға өсіміне алып келеді. Соңғы уақыттағы өсімдердің бір себебі осы дер едім. Одан кейін локализация мәселесі алдан шығады. Қанша дегенмен де, құрылыс материалдарының 70%-ы отандық болуы тиіс, алайда басым бөлігі сырттан импортталады. Бұл да сырттан келетін инфляцияға ұласып, тиісінше қымбатшылықтың тағы бір себеп-салдары осы жерден шығады. Және де ірі қалалар Алматы ме Астанаға қоныс аударушылар көп, бұл да баға өсіміне әсер етеді. Яғни, сұраныс жоғары болған жерде баға да ойнайды», - дейді сарапшы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктінің балалары мемлекет қарауына алынды

Атырау облысындағы Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне күдікті адам әлі іздестіріліп жатыр. Осыған байланысты оның кәмелетке толмаған бес баласы уақытша мемлекет қамқорлығына алынды. Бұл шешім балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданған.

Білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 2 ақпанда полициядан балаларға қатысты шұғыл шара қабылдау қажет екені туралы хат түскен. Соның негізінде олар уақытша мемлекеттік мекемелерге орналастырылған.

Аудандық комиссияның шешімімен үш бала бейімдеу орталығына жіберілді. Ал бір және үш жастағы екі сәби арнайы Сәбилер үйіне орналастырылды. Жауапты органдар балалардың жағдайы бақылауда екенін, олардың құқығы мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан бір отбасы хабар-ошарсыз кеткен. Қаңтар айында қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдік күйеу баласына түскен. Қазір ол халықаралық іздеуде.

Әкімдік дерегінше, күдіктінің отбасы өте қарапайым өмір сүрген, тұрақты табысы болмаған. Негізгі күнкөрісі қарт туыстарының зейнетақысы болған. Көршілер тарапынан бұрын ешқандай шағым түспеген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
Чикагода екі қазақстандыққа алаяқтық бойынша ауыр айып тағылды

АҚШ-тың Чикаго қаласында екі Қазақстан азаматы Medicare медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысты ірі алаяқтық ісі бойынша жауапқа тартылып жатыр. Тергеу дерегінше, мемлекет пен сақтандыру компанияларына келтірілген шығын 1 млрд доллардан асады.

Әнуар Әбдірахманов не үшін айыпталып отыр?

Тергеу нұсқасына сәйкес, Қазақстан азаматы Әнуар Әбдірахманов АҚШ-тағы Priority One Medical Equipment атты компанияны өз бақылауына алып, оны жалған есепшоттар жолдау үшін пайдаланған.

2024 жылдың наурызынан тамызына дейін компания атынан Medicare жүйесіне глюкометр мен катетер жеткіздік деп, шамамен 666 млн доллар сұралған. Алайда тексеру кезінде бұл құралдардың көпшілігі адамдарға мүлде берілмегені анықталған.

Medicare жүйесіне осы компанияға қатысты 250-ге жуық шағым түскен. Кейбір азаматтар ешқандай медициналық құрал алмағанын айтса, енді біреулері тіпті қант диабетімен ауырмайтынын мәлімдеген.

Тергеу барысында компания кеңсесінің іс жүзінде жұмыс істемегені белгілі болған. Қызметкерлер тек хаттарды жинап, оларды Telegram арқылы бұрын көрмеген басшыға жіберіп отырғанын айтқан.

Прокурорлардың мәліметінше, алынған қаржының бір бөлігі шетелдегі есепшоттарға, соның ішінде Гонконгқа аударылған.

Таир Смағұлға тағылған айып

Екінші іс бойынша Қазақстан азаматы Таир Смағұл айыпталып отыр. Ол Чикаго маңында тұрған және Medical Home Care Inc. компаниясын басқарған.

Тергеу дерегінше, бұл компания катетерлер жеткіздік деп, Medicare мен қосымша сақтандыру ұйымдарына 953 млн доллар көлемінде жүздеген мың жалған өтінім жіберген. Бірақ көрсетілген қызметтердің басым бөлігі шын мәнінде орындалмаған.

Medicare жүйесіне бұл компания бойынша 27 мыңнан астам шағым түскен. Тексеру кезінде науқастар да, дәрігерлер де катетерлердің берілмегенін және тағайындалмағанын растаған.

Прокуратура Смағұл сақтандырудан түскен ақшаны қолма-қол шешіп алып, кейін компанияның есепшоттарын жауып, қаржыны жеке шотына аударғанын мәлімдеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯2👍1👀1
"Асүйде тұруға мәжбүрміз": Ақтөбеде жаңа үйлердің тұрғындары тоңып отыр

Ақтөбедегі Есет батыр ауданында орналасқан жаңа көпқабатты үйлердің тұрғындары жылудың жеткіліксіздігіне шағымдануда. Үйлер аудандық әкімдікке қарама-қарсы орналасса да, тұрғындардың айтуынша, пәтерлерде қалыпты жылыту жоқ. Коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп отырғанына қарамастан, үйлер суық. Тұрғындардың шағымын Ulysmedia.kz тілшісі тыңдап қайтты.

«Балалар жиі ауырады»

Тұрғындардың айтуынша, пәтерлер салқын, едендер мұздай. Балалар жиі ауыра бастаған. Жылыну үшін адамдар терезелерін жылу ұстайтын плёнкамен жауып, балкон есіктерін көрпемен қымтап, тіпті бөлмелердің ішіне палатка құрып отырғандар да бар.

– Мен 2-шағынаудандағы №22 үйде тұрамын. Қатты аяз кезінде балаларым ауырып қалды. Үйдің іші суық, тұру мүмкін емес. Жылуға уақытында төлейміз, бірақ үй жылымай тұр. Осы аудандағы төрт шағынауданда да жылу дұрыс берілмей жатыр. Жауаптылар жауапқа тартылуы керек, – дейді тұрғын Гүлмира Құлмұхамбетова.

Кейбір отбасылар суықтың кесірінен асүйде ғана тұруға мәжбүр.

– Үйде екі бөлме бар, бірақ асүйдемізде ас ішіп те, ұйықтап та жатырмыз. Биыл тіпті суық. «Адал қызмет Ақтөбе» компаниясына да, әкімдікке де бардық. Әкімдікте «жылуға қатысымыз жоқ» деді. Қыс бойы балаларыммен асүйде отырмыз. Газды қосып жылынамыз, ұйықтар алдында өшіремін. Таңертең асүйден шықсаң, мұздатқышқа кіргендей боласың, – дейді Гүлдана Ерсайынова.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
ULYSMEDIA.KZ
Көк чемоданда не болды? Бишімбаевтардың бір миллион доллары қайда кетті Елордадағы сотта бір миллион долларға жуық қаржыға қатысты алаяқтық ісі бойынша Бекзат Кемелова жауап берді. Айыпталушы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты оқиғалар, Бишімбаевтар…
Бишімбаевтар ісі: сот БАҚ-қа куәгерлердің жауаптарын жариялауға тыйым салды

Астанадағы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта алаяқтық дерегі бойынша қозғалған іс қаралып жатыр. Іс сотталған Қуандық Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекованың арызы негізінде қозғалған.

Алмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемелованы өзіне тиесілі 990 мың долларды иемденді деп айыптап отыр.

Сотта не шешілді?

Бүгін, 3 ақпанда, сотта қосымша куәгерлерден жауап алу жалғасуы керек болған. Куәгерлер қатарында Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман да бар.

Істі қарап жатқан судья Назгүл Бапақова сот отырысында бұқаралық ақпарат құралдарына куәгерлердің жауаптарын жариялауға тыйым салатынын мәлімдеді. Тыйым куәгерлердің айтқан сөздерін кез келген түрде таратуға қатысты.

- Қоғам істі дұрыс әрі бұрмаланбай қабылдауы үшін, сондай-ақ куәгерлердің жауаптарының мағынасы өзгеріп кетпеуі мақсатында сот фото, видео және аудиожазба жүргізуге, сондай-ақ куәгерлердің жауаптарының мазмұнын жариялауға шектеу қояды. Бұл шешім ақпаратты жасыру үшін емес, тек әділ сот мүддесі үшін қабылданды, – деп түсіндірді судья. 

Іс қандай баппен
қаралып жатыр?

Аталған іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы — аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша қаралуда. Бұған дейін Ulysmedia.kz сот отырыстарында тараптар не айтқанын жазған болатын.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қытайлықтар Қызылорда облысында газ өндіруге 8 млрд доллар "құймақ"

Қытайлық инвесторлар Қызылорда облысында газ өндіру жобасына шамамен 8 млрд доллар құюды жоспарлап отыр. Жоба қиын өндірілетін, дәстүрлі емес газ қорларын игеруге бағытталған. Алайда бұл жоспар қор көлемі толық барлау кезінде расталған жағдайда ғана іске асады.

Қазақстан үшін жаңа бағыт

Қазақстан мен халықаралық Geo Jade Petroleum Corporation компаниясы Қызылорда облысындағы Созақ газ кен орнын игеру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Kazakh Invest басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов бұл жобаның Қазақстан үшін ерекше маңызы бар екенін айтты.

Оның сөзінше, бұл – еліміз үшін мүлде жаңа бағыт. Себебі жобада қиын өндірілетін және дәстүрлі емес газ игеріледі. Мұндай газды өндіру технологиясы қазір тек АҚШ пен Қытайда ғана бар. Ал сарапшылардың бағалауынша, әлемде мұндай газ қоры кәдімгі табиғи газдан бірнеше есе көп.

Жобаға қытайлық және катарлық компаниялардан құралған консорциум инвестиция салады. Қазақстан тарапы жобаны тек сүйемелдеу қызметін атқарады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3🤔2❤1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституцияның мүддесі қандай? Президенттік билік күшейе ме? Халықтың сыны ескеріле ме - ашық талқылау

Қазақстанда Ата заңның жаңа жобасы қазір кеңінен талқыланып жатыр. Жаңа Конституция жобасы 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Айта кету керек, бұрынғы Конституциядағы нормалардың шамамен сексеніне өзгеріс енгізілген. Бұл — Ата заңның 84 пайызы жаңартылады деген сөз.

Алайда Конституцияға енгізілетін кейбір өзгерістер қазірдің өзінде қоғамда сынға ұшырап отыр. Мәселен, жаңа заң сөз бостандығын шектеп, бейбіт жиындар өткізуді одан сайын қиындатып жібермей ме деген сауалдар туындауда. Қазақ тілінің мәртебесі мен орыс тілінің тең дәрежеде қолданылуына қатысты дау да әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Жаңа Конституция мемлекетті суперпрезиденттік басқару жүйесіне алып келмей ме? Президенттің жауапкершілігі неде? Вице-президент лауазымы не үшін қажет? Құрылтай қалай жұмыс істейді? Президенттікке үміткер кандидаттардың міндетті түрде 5 жыл мемлекеттік қызметте болуы туралы талап Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын бұзу емес пе? Мажоритарлық жүйе неге алынып тасталуда? Саяси партияларды тіркеу неге тым күрделене түсті?

Осы және өзге де өзекті сұрақтарға конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері — Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Үнзила Шапақ, сондай-ақ тәуелсіз заңгер, Колумбия университетінің түлегі, конституциялық құқық бойынша лектор Нұрғазы Әубәкіров жауап берді.

📹 Подкастты Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.

https://t.me/ulysmedia
"Құрылтай министрлерді отставкаға жіберуге ұсыныс жасаса, Президент оны қабылдауға міндетті": Жаңа Конституция жобасы таныстырылды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын таныстырып, оның басты артықшылықтарына тоқталды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ КҮРДЕЛІ 

Депутаттың айтуынша, алдымен Қазақстандағы Конституциялық реформаға баға беру халықаралық жағдайға көз тігуіміз керек. 

«Дүниежүзі соңғы 10 жылда тектоникалық көптеген өзгерістерді басынан кешіріп жатыр. 2010 жылға дейін әлемде халықаоалық құқық және мемлекеттердің тәуелсіздігі тезистері бірінші орында болса, 2010 жылдан кейін халықаралық құқық процестері карозияға ұшырап жатыр.Оны қазір бәріміз көріп отырмыз Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі. Біздің екі жағымызда екі алып мемлекет бар, олармен қарым-қатынасымыз жақсы. Дегенмен, қазіргі күрделі заманда төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп отырған да осы өзіміздің көршілеріміз.Сонымен бірге мынау батыстың псевдолибералдық әртүрі әрекеттері тек қана Азия мемлекеттеріне емес, бүкіл дүниежүзін мезі қылды. Осындай қарама-қайшы күрделі заманда Қазақстан өзінің жаңа Конституциясын қабылдауға бел буын отыр», - деді Саиров Астанада өткен «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сараптамалық кездесуде. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол - қазақ тілі» - Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тілге қатысты ойын айтты.

«Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, 9-бап 1-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда. Өз орнында. Мемлекет барда ол ешқашан тұғырдан түспейді. Сол үшін мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек», – деді ол.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6👍3