ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін

Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейдің арнайы операциясын (соғысты) сынағаны, сондай-ақ көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол Внуково әуежайында қалып қойған және кері қайта алмай отыр.

Әзілкешті әуежайдағы тексеру кезінде тоқтатып, Ресей аумағына кіргізуден бас тартқан. Осыдан кейін ол келген жері — Дубайға да қайта ұша алмай отыр, себебі билет алуға ақшасы жоқ екені айтылады.

Өткен жылы стендап-комик Ресейдің көші-қон заңнамасын бұзған — елде рұқсат етілген мерзімнен артық болған. Ол кезде айыппұлмен құтылып, елден шығуға және қайтадан ереже бойынша кіруге екі апта уақыт берілген.

Сондай-ақ былтыр Сабуровтың соғысқа қатысты даулы мәлімдемелеріне байланысты бірнеше қаласында концерттері өтпей қалған. Атап айтқанда, Нижневартовск, Екатеринбург және Обнинск қалаларында жоспарланған концерттері өтпей қалған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁3😐2❤1
Министрлік блогердің "жалаңаш" контентіне тексеріс жүргізбек

Мәдениет және ақпарат министрлігі блогер Камила Теңлікованың "жалаңаш" контентіне тексеріс жүргізбек. Ведомство өкілдері жауапкершілік тек блогердің өзіне ғана емес, заңға қайшы контентті таратқан алаңға да жүктелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұған дейін блогер Камилла Тенликова Владимир Фирсовке берген сұқбатында өз «бизнесі» туралы айтқан еді. Ол жабық Telegram-арнада интимдік фото және бейнематериалдар жариялайтынын, қазір онда мыңға жуық ақылы жазылушы бар екенін нақтылаған.

Бүгін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов журналистерге блогердің қызметіне қатысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.

– Бұл жағдайды тексерейік, шынын айтсам, мен бұған дейін бұл туралы естімеппін. Егер дерек расталса, біз, әрине, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл азаматтарды жауапкершілікке тартамыз. Бұл жерде біз тек өзін осы контенттің бет-бейнесі ретінде көрсетіп отырған адамды ғана емес, оны таратқан тарапты да жауапқа тартамыз. Тиісінше, бұл жағдайда контент жарияланған алаң да – яғни подкаст та жауапкершіліктен тыс қалмайды, – деді Кочетов.

Ол сондай-ақ жақын арада заңға қайшы контентке қатысты түзетулер мен оған қолданылатын жазалар күшіне енетінін еске салды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3
АҚШ өз азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды

Дипломатиялық миссия АҚШ азаматтарына үкімет көмегіне үміт артпай, елден өз бетімен шығу жоспарын әзірлеуді ұсынды, құрлық арқылы Армения немесе Түркия бағытында, деп жазады DW.

- Ираннан дереу кетіңіздер. АҚШ үкіметінің көмегіне тәуелді болмайтын шығу жоспарын жасаңыз. Әуе рейстері ескертусіз тоқтатылуы немесе үзіліс алуы мүмкін, – деп мәлімдеді АҚШ-тың виртуалды елшілігі.

Мәлімдемеде АҚШ пен Иран арасында дипломатиялық қатынастар жоқ екені, ал америкалықтар бұл елде тергеуге, қамауға алынуға және ұсталуы мүмкін екені айтылған.

- Егер елден шыға алмасаңыз, үйіңізде немесе басқа қауіпсіз ғимаратта паналаңыз. Азық-түлік, су, дәрі-дәрмек және өзге де қажетті заттарды алдын ала дайындап қойыңыз. Наразылықтардан аулақ болыңыз, көзге түспей жүріңіз және айналаңызға мұқият болыңыз, – деп үн қатты елшілік.

Сондай-ақ АҚШ елшілігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын бақылап отыруға, жоспарларды өзгертуге дайын болуға, телефонды үнемі қуаттаулы ұстауға және туыстар мен достармен байланыста болуға кеңес берді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👎3
«Билікті басып алмақ болды» деп айыпталған белсенділердің соты жабық өтетін болды

«Билікті басып алмақ болды» деп айыпталған бес белсендіге қатысты алдын ала сот талқылауы басталды. Процесс онлайн өтті. Іс бойынша күдікті деп талынған Қайсар Өзбек, Талғат Әшіров, Асқар Нұрмаған, Әбдуәлі Тағай, Дүйсенбек Жақашев процеске тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Олардың адвокаттары мен прокурор да сотқа онлайн қатысты. Істі Алматының Алмалы аудандық соты қарап жатыр.

Алдын ала сот талқылауы

6 ақпанда өткен алдын ала сот талқылауында айыптаушы прокурор негізгі сот талқылауын онлайн өткізуді сұрады. Ол мұны қауіпсіздігіне алаңдаған куәгердің өтінішімен байланыстырды.
Айыпталушылардың адвокаттары сот отырысын керсінше ашық, офлайн форматта өткізуді, қорғауындағы белсенділерді сот залына алып келуді сұрады.

«Өзінің қауіпсіздігіне алаңдаған куәгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неше түрлі шаралар бар. Мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәсілдер бар деп есептеймін. Осыған байланысты процесті жабық өткізу заңсыз әрі негізсіз деп ойлаймын. Сол себепті прокурордың өтінішін қанағаттандырусыз қалдыруыңызды сұраймын», – деді адвокат Жанар Балғабаева.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎9❤1
"Ел ішінде іріткі тудыруы мүмкін": сарапшы Конституциядан орыс тілін алып тастауға қатысты

Жақында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл мәртебесін сақтайтынын мәлімдеген еді. Бірақ орыс тілі мемлекеттік органдар мен мекемелерде қазақ тілімен қатар қолданылатын болды. Десе де, бұған қарсы шығып жатқандар баршылық. Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек дегендердің қарасы қалың.

ТІЛДЕН ІЛ ІШіНДЕ ІРІТКІ ТУУЫ МҮМКІН

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серікзат Дүйсенғазы халықтың Конституцияда қазақ тілі ғана қалсын деген талабы орынды деп есептейді. 

- Халықтың Конституцияда жалғыз тіл қалсын деген талабы бір жағы орынды. Бұл тәуелсіздігін сақтауға ұмтылған, ұлтжандылықтың көрінісі. Тілін қорғап, бозторғайдай шырылдап жатыр. Халықтың сөзі орынды, дұрыс деп деп есептеймін.  Екінші жағынан, мемлекеттің, Конституцияны жазып жатқандардың айтып отырған өз уәжі бар. Мемлекеттік орган, әкімдік, мекемелерде орысша шүлдірлейтіндің талабы ма, кім біледі, екі тілді қатар қолдану талабы сақталып отыр. Бұл бизнес, әкімдік, мектеп, ресми органда орысша сөйлейтіндердің талабы болуы мүмкін. Осы салаларда көп қазақ жастары, өзіміздің қаракөздер қазақша сөйлей алмайды. Үлкен ғалым, заңгерлердің арасында қазақша сөйлеп, жазатыны саусақпен санарлық. Олар да билікке талап қояды. Сондықтан биліктегі азаматтар жалтақтап отырғаны осы мәселелер деп ойлаймын. Биліктегілер ел ішінде ірікті туып кетпесін деп орыс тілінің ресми мәртебесін сақтап отыр ма деген ой келеді, - дейді ғалым. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎4🤔2🤬1
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен қандай келіссөздер жүргізді? Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Президент Исламабадқа келіп, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен…
Бастың біреу, аяқтың екеу болғаны маңызды: Қазақстан солтүстік бағыттарға балама іздеуде

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары Гиндукуш тауларынан асып түсіп, Орталық Азияның ұлан-ғайыр даласын Араб теңізінің асау толқындарымен жалғаған көпір іспетті болды. Мемлекет басшысы деңгейінде ширек ғасырдан кейін жүзеге асқан бұл дипломатиялық сапар екі ел арасындағы қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерді. Бұл – құнарлы топыраққа егілген дән секілді, ол алдағы уақытта экономикалық өсім мен өңірлік тұрақтылықтың жемісін беруі тиіс. Декларациядан бастап нақты хаттамаларға дейін қол қойылған құжаттар сауда, көлік, қауіпсіздік және мәдениет салаларын қамтыды.

Келісімдерді салмақтар болсақ, олардың бәрі пісіп-жетілген, яғни бүгін-ертең басталып кететін шаруа деу қиын, өйткені кейбірі толыққанды келісімге айналса, енді біреулері түпкілікті редакциясын күтіп тұрған романның нобайындай меморандум деңгейінде қалды.

Ulysmedia.kz сапардың қалай өткенін зерделеп көрді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Пәкістан астанасындағы мешітте теракт болды: 30-дан астам адам қаза тапты

Полиция мен билік өкілдерінің мәліметінше, Пәкістан астанасындағы мешітте жұма намазы кезінде өзін-өзі жарған лаңкес кемінде 31 адамды мерт қылып, шамамен 170 адамды жаралаған.

Оқиға орнынан тараған кадрларда мешіт ішіндегі еденде қанға боялған адамдардың мәйіттері, әйнек сынықтары мен қираған бөлшектер көрінеді. Жараланған ондаған адам Хадиджа Тул Кубра мешітінің ауласында да болған. Мешіт Исламабад қаласының шеткері ауданында орналасқан.

Қатаң күзетілетін астанада мұндай жарылыстар сирек тіркеледі. Дегенмен соңғы жылдары Пәкістанда экстремистік топтардың қарулы белсенділігі артқаны байқалады.

- Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны артты. Қаза болғандар саны — 31 адам. Ауруханаларға жеткізілген жаралылардың саны 169-ға жетті, — деді Исламабад қаласы комиссарының орынбасары Ирфан Мемoн.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шабуыл жасаған адам мешіт кіреберісінде тоқтатылған, содан кейін ол жарылғыш құрылғыны іске қосқан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2
«Оқушының өзіне қол жұмсауына мұғалім де кінәлі»: суицидке итермелегендерді қандай жаза күтіп тұр?

Соңғы он күнде Қазақстанда үш оқушы өзіне қол жұмсаған.

МЕКТЕПТЕГІ СУИЦИДКЕ МҰҒАЛІМ ДЕ КІНӘЛІ

Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған, Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы суицид жасап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, Алматыдағы элиталық мектепте тағы бір оқушы да өзін өлімге қиып, ауруханада жатыр. Тағы да қаншама осындай қайғылы жағдай болфып жатқаны баршаға аян.
Белгілі психолог Серікгүл Сәли оқушылар арасындағы суицидеке екі себеп – буллинг және күйзеліс себеп болатынын айтады.

«Ата-аналар мен ұстаздар баланы жақсы танып-біліп, онымен жақсы қарым-қатынас жасауы керек. Бала үшін маңызды сұрақтар болады. Оның жауабын беру керек. Қазіргі балалар білімнің, интеллектің, ақылдың балалары. Сондықтан оларға кішкентай деп, оны менсінбей, жауап бермей, өтірік айта салады. Соны балалар көтере алмайды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламада мұғалімдер ескі көзқарасты ұстанады. Көп жағдайда баланың буллингке тап болуына, өзіне қол салуына ұстаздар өздері кінәлі. Ортаға шығарып, масқарасын шығарып, ар-намысына тиіп, бір-бірімен салыстырып, беделін түсіріп, күлкі-мазақ қылады. Оның соңы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Ешқашан буллингті мектеп әкімшілігі  мен оқушылар ғана шеше алимайды. Оған ата-аналалар да белсенді араласуы керек. Бірлесіп белгілі бір шара қолданғаны жөн. Оқушылармен отырып булиингтің салдарын айтып, мүмкін кітап, кино арқылы талдау керек. Балаларға бауырмал болып, бір-бірін жемтік, құрбан қылуына себеп болатын жолдардан аулақ болуды түсіндіру керек. Сөзсіз бұл жерде буллинг көшбасшысы болады. Сол баланы жазалау керек. Ата-анасын балаңыз буллингке себепкер болып жатыр десе, оны қабылдамайды, себебі оның жазасын көрмеген. Сондықтан, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар сол оқушыны тәртіптік жолмен жазалауды қолға алғаны жөн», - дейді маман.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
116 миллион желге ұшты: Алматы соттарына Сатыбалдының бұрынғы қонақүйінің ғимараты не үшін керек

Алматы соттары Есентай өзенінің жағалауындағы жаңа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Бұл — кезінде элиталы қонақүй ашу көзделген нысан. Локациясы «қымбат-бай» санатынан: қала орталығы, Қастеев музейінің маңы, әсем көрініс. Ғимараттың өзі бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған. 2022 жылы Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қаржы жымқыру ісі бойынша сотталып, мүлкі тәркіленген еді. Аяқталмай қалған қонақүй активтерді қайтару науқаны аясында мемлекет меншігіне өтті. Формалды түрде бәрі қисынды көрінеді: нысан мемлекетке қайтарылып, қоғамдық мақсатта пайдаланылмақ. Алайда мәселе бұнымен бітпейді — неге олай екенін Ulysmedia.kz зерттеп көрді.

Соттар не деді, нені жасырып қалды?

Алматы соты ресми жауабында ғимараттың республикалық меншікке берілгенін, Сот әкімшілігі департаментінің қарамағына бекітілгенін және қалалық соттарды орналастыру жоспарланып отырғанын растады.

— Алдағы жөндеу жұмыстарына байланысты ғимараттың инженерлік желілері мен конструктивтік элементтерінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша нысанды пайдалану тәртібі, жөндеу қажеттілігі және жөндеуге қаржы бөлу мәселесі бойынша шешім қабылданады, — делінген редакция сұрауына берілген жауапта.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5
ULYSMEDIA.KZ
Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейдің арнайы операциясын (соғысты) сынағаны, сондай-ақ көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Қазіргі уақытта…
Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді

Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңсәріде Мәскеуден ұшып шыққан рейспен Алматыға келіп, журналистермен сөйлесуден бас тартты.

МӘН-ЖАЙ

Нұрлан Сабуров Алматыға Мәскеуден келген рейспен жетті. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 04:50-де қонған. Әуежай қызметкерлері журналистерге әртістің келген сәтін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Сабуров БАҚ өкілдеріне ешқандай пікір бермей, журналистермен сөйлесуден бас тартқан. Оны бір топ адам әуежай ғимаратынан дереу алып шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, әртіс көпшілік көзіне түспеуге тырысып, әуежай аумағынан тез кетіп қалған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге ұшып барғанда Ресейге кіруге тыйым салынғаных абарланған еді. Ресейлік БАҚ мәліметінше, мұндай шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.

Алайда РФ-ның ресми ведомстволары да, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға қатысты әзірше жария түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың өзі де оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР Елшілігіне жүгінбегенін хабарлады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮6👍1
2026 жылғы Олимпиадада Қазақстан туы: ашылу салтанаты қалай өтті

Қазақстанның ұлттық құрамасы Италияда басталған XXV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

6 ақпанда өткен ашылу салтанаты бірден бірнеше алаңда ұйымдастырылды. Олимпиаданың ресми ашылуы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтті. Салтанаттың негізгі бөлігі әйгілі «Сан-Сиро» стадионында ұйымдастырылды.

Ұлттар шеруі кезінде Қазақстан туын шорт-тректен спортшы Денис Никиша мен фристайл-могул өкілі Аяулым Әмренова алып шықты.

Ашылу салтанатының ерекше форматы

Биылғы Олимпиаданың басты ерекшелігі – салтанатты рәсімнің бір мезетте төрт алаңда өтуі.
Денис Никиша Миландағы негізгі шараға қатысса, Аяулым Әмренова Ливиньо коммунасында өткен рәсімде Қазақстан құрамасының атынан шықты. Бұл аймақта шаңғы спортынан жарыстар өтеді.

Олимпиада алауы – екі жерде

2026 жылғы қысқы Олимпиадада алау бірден екі нүктеде жағылды: Миландағы Триумфаль арка маңында және Кортина-д’Ампеццодағы Piazza Dibona алаңында. Ашылу салтанатының ресми атауы – Armonia («Үйлесім»).
Бұл формат Италияның әртүрлі өңірлерінің бір спорттық мереке аясында біріккенін білдіреді.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Элиталық мектеп, миллиондық оқу ақысы және суицид: ата-аналар неге дабыл қағып отыр?

МЕКТЕПТЕГІ СУИЦИДКЕ МҰҒАЛІМ ДЕ КІНӘЛІ

Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған, Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы суицид жасап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, Алматыдағы элиталық мектепте тағы бір оқушы да өзін өлімге қиып, ауруханада жатыр. Тағы да қаншама осындай қайғылы жағдай болфып жатқаны баршаға аян.

Белгілі психолог Серікгүл Сәли оқушылар арасындағы суицидеке екі себеп – буллинг және күйзеліс себеп болатынын айтады.

«Ата-аналар мен ұстаздар баланы жақсы танып-біліп, онымен жақсы қарым-қатынас жасауы керек. Бала үшін маңызды сұрақтар болады. Оның жауабын беру керек. Қазіргі балалар білімнің, интеллектің, ақылдың балалары. Сондықтан оларға кішкентай деп, оны менсінбей, жауап бермей, өтірік айта салады. Соны балалар көтере алмайды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламада мұғалімдер ескі көзқарасты ұстанады. Көп жағдайда баланың буллингке тап болуына, өзіне қол салуына ұстаздар өздері кінәлі. Ортаға шығарып, масқарасын шығарып, ар-намысына тиіп, бір-бірімен салыстырып, беделін түсіріп, күлкі-мазақ қылады. Оның соңы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Ешқашан буллингті мектеп әкімшілігі  мен оқушылар ғана шеше алимайды. Оған ата-аналалар да белсенді араласуы керек. Бірлесіп белгілі бір шара қолданғаны жөн. Оқушылармен отырып булиингтің салдарын айтып, мүмкін кітап, кино арқылы талдау керек. Балаларға бауырмал болып, бір-бірін жемтік, құрбан қылуына себеп болатын жолдардан аулақ болуды түсіндіру керек. Сөзсіз бұл жерде буллинг көшбасшысы болады. Сол баланы жазалау керек. Ата-анасын балаңыз буллингке себепкер болып жатыр десе, оны қабылдамайды, себебі оның жазасын көрмеген. Сондықтан, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар сол оқушыны тәртіптік жолмен жазалауды қолға алғаны жөн», - дейді маман.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Роскомнадзор ҚазТАГ-ты бұғаттауға кірісті

Ресейлік реттеуші орган қазақстандық ақпарат агенттігінің сайтын бұғаттау туралы талап жолдады. Бұған қылмыстық іс туралы материалдар себеп болған.

МӘН-ЖАЙ

Роскомнадзор халықаралық ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына бұғаттау жөнінде талап жолдаған. Бұған агенттіктің бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық іс жайлы материалдар негіз болған. Бұл туралы агенттік редакциясы хабарлады.

МӘСКЕУ СОТЫНЫҢ ШЕШІМІ

ҚазТАГ мәліметінше, Роскомнадзор әрекеттеріне 2026 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу соты қабылдаған қамтамасыз ету шаралары негіз болған. Ресей тарапы агенттік басшылығы, олардың адвокаттары және Freedom Finance ісі бойынша жәбірленуші салымшылар қатысқан баспасөз конференциялары мен жария сөздерге қатысты видеоматериалдар мен жазбаларды авторлық құқықты бұзу деп таныған.

Ал фотоиллюстрацияларға қатысты сот тарапынан ешқандай шағым болмаған.

Роскомнадзордың талабы агенттік сайты орналасқан серверлерді ұстап отырған қазақстандық хостинг-провайдер — "Интернет-компания PS" ЖШС-не жіберілген. Компания өкілдері Ресей тарапының сұранысы бойынша ресурсты бұғаттаудан бас тартқанын хабарлады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2👎1
Шетел азаматы Қазақстан аумағында қылмыстық топ құрып, 125 млн теңге залал келтірген

Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-б. 4-б. 1) т. (алаяқтық), 262-б. 1, 2-б.(ұйымдасқан топты құру және оған қатысу) бойынша қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру барысында 2024-2025 жылдар аралығында шетел мемлекетінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етіп, интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық жолымен 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және басқарғаны анықталды.
Алаяқтық мобильді байланыс құралдарын пайдалана отырып, телефон қоңыраулары арқылы жасалған.

Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары мен байланыс операторларының қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен азаматтардың атына несие рәсімдеп, алынған ақшалай қаражатты иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 20 млн теңге қайтарылды. Күдіктілердің 3 автокөлік құралына тыйым салынды. Қалған залал сомасы сот тәртібімен мәжбүрлеп өндірілетін болады.

20 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 2 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬1