ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
10 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

10 ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

– Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады, – делінген хабарламада.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩2🤷‍♂1
Олимпиада-2026: қазақстандықтардың 8 ақпандағы жарыс кестесі

8 ақпанда Италияда 2026 жылғы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасының өкілдері екі спорт түрі бойынша сынға түседі.

Олимпиада-2026 аясында ерлер арасында шаңғы жарысынан, сондай-ақ биатлоннан жарыстар басталады.

Спорт түрі: Шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер)

Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмақов.
Басталу уақыты: 16:30.

Спорт түрі: Биатлон, аралас эстафета

Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Ракишева, Милана Генева.

Басталу уақыты: 18:05.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇯🇵Жапонияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр

8 ақпанда Жапонияда заң шығару органы таратылғаннан кейін мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр.

МӘН-ЖАЙ

Жапония бойынша дауыс беру жүріп жатыр, әзірге ірі заң бұзушылықтар тіркелген жоқ деп хабарланады. Дегенмен, елдің солтүстігінде қарлы борандардың болуы кейбір аудандарда сайлаушылардың қатысуын және дауыстарды санауды қиындатуы мүмкін.

Әлеуметтанушылардың болжамынша, сайлауда жеңіске үкіметтік коалиция шығады деп күтілуде. Бұл коалицияны Либерал-демократиялық партия (ЛДП) басқарады, ал премьер-министр Санаэ Такаити осы партияның жетекшісі болып, былтыр күзде қызметке тағайындалған.
Сауалнамалар көрсеткендей, коалиция 465 орынның 300-іне дейін иеленуі мүмкін. ЛДП өзі қарапайым көпшілік дауысты жинап, 2024 жылғы сәтсіз сайлаудан кейін айтарлықтай жетістікке жетуі ықтимал.

Оппозициялық партиялар бірігуге тырысса да, олар әлі де біртұтас емес және қазіргі коалицияға нақты балама бола алмай отыр.

Мерзімінен бұрын сайлау ЛДП ішіндегі дағдарысқа байланысты ұйымдастырылды. «Комэйто» партиясы ынтымақтастықты тоқтатқандықтан, ЛДП тұрақты қолдаудан айырылды. Премьер-министр сайлауға халық сенімін растау үшін барын салып отыр және жеңілген жағдайда отставкаға кететінін жариялаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
ULYSMEDIA.KZ
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ 5 ақпан күні «102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен.  Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.…
Құлсарыдағы мектептегі балтамен шабуылдан кейін директор қызметінен босатылды

МӘН-ЖАЙ

Атырау облысы Жылыой ауданы Пушкин атындағы №6 мектептің басшысы оқу мекемесінде болған төтенше жағдайдан кейін қызметінен айырылды.

Өңірдегі білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда директорға қатаң ескерту берілген, ал келесі күні ол өз еркімен қызметтен кету туралы өтініш жазған. Ол мектепті 2022 жылдан бері басқарған.

КОНТЕКСТ

10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдасқаннан кейін мектепке балта әкеліп, дәлізде басқа жасөспірімдерді қуа бастаған. Оқиға салдарынан екі оқушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім оқиға орнында ұсталған. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғалып, оның ата-аналары тәрбиеге немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
Италияда Олимпиадаға қарсы жаппай наразылықтар өтті

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы күні наразылық акциялары өтті. Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен ойындарға қатысты наразылықты белсенділер, студенттер және кәсіподақ өкілдері білдірді.

МӘН-ЖАЙ

"Сан-Сиро" стадионында ашылу салтанаты өтіп жатқан сәтте қала көшелерінде наразылық шерулері ұйымдастырылды.

Акцияға қатысушылар Олимпиаданың өңір экономикасы мен экологиясына тигізетін кесірін сынға алды.
Негізгі наразылық шаралары Миланда өтті. Мұнда белсенділер АҚШ-тың көші-қон қызметі — ICE өкілдерінің болуына қарсы шықты. 7 ақпанда кәсіподақтар да Олимпиаданың қоршаған ортаға ықпалына қарсылық білдіріп, шеру өткізген.

Шерушілер легі жуырда ашылған Олимпиадалық ауыл маңынан өткен. Наразылық білдірушілер түтін шашкаларын жағып, отшашулар қолданған. Сондай-ақ полицияның шеруді тарату үшін суатқыштар пайдаланғаны айтылды.

ШЫҒЫН

Плакаттарда "ICE out" деген ұрандар, сондай-ақ премьер-министр Джорджа Мелони үкіметіне және Милан мэрі Беппе Салаға бағытталған сын пікірлер жазылған.

Акцияға қатысушылар Олимпиадаға жұмсалған мемлекеттік қаржы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталуға тиіс еді деген уәж айтты. Наразылардың бірі журналистерге берген сұхбатында бұл ойындар Миланға да, Ломбардия өңіріне де нақты пайда әкелмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, билік қарапайым тұрғындарға тиімділігі тимеген "көрнекі жоба" үшін әлеуметтік шығындарды қысқартқан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2
Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

МӘН-ЖАЙ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда "Жезқазған – Петропавл" автожолында болған. Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолдағы ахуалды ескеруді және көліктердің техникалық жай-күйін бақылау керек екенін ескертті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😱1
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында қалай өнер көрсетті

Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарыстары аясында ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) жарысы өтті.

Қазақстан құрамасынан жарысқа Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қатысты.
Мұратбеков жарысты 45-орында аяқтады. Башмаков 49-нәтижені көрсетті.

Ал алтын медальді Йоханнес Клебо (Норвегия) жеңіп алды. Екінші орынға француз Матис Делож көтерілсе, қола медальді Мартин Ньенгет (Норвегия) иеленді.

КОНТЕКСТ

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы күні наразылық акциялары өткенін жазған едік.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Сонымен, Ата Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қоғам екіге жарылды:
бір тарап «қазақ тілі – жалғыз мемлекеттік тіл болуы тиіс, орыс тілі Конституциядан алынып тасталсын» деп талап етсе, екінші тарап «9-бапқа тиіспеңдер» деп дабыл қағуда. Заңгер Мейірман Шекеевтен пікір алдық.

Ал саяси ортада парламенттік реформа деп басталған процесс соңы суперпрезиденттік жүйеге ұласып кетпей ме деген алаң бар. Сарапшы Оразалы Ержанов өз пікірін айтты. Сондай-ақ, халықтың пікірін сұрадық.

Тоқаев Гренландияны АҚШ-қа 120 жылға жалға беруді ұсынды. Пәкістандық медиаға берген бұл сұхбат арқылы қазақ президенті әлемге қандай месседж жолдады?

Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынды. Көк паспортына жүгінген әртіс Қазақстанға оралды. Бұл оқиғаның астарында не жатыр?

Қазақстандық фильмдер прокатқа шықпас бұрын енді міндетті тексерістен өтетін болды. Мұндай заңды Сенат мақұлдап жіберді. Бұл — мәдени саясат па, әлде цензураның жаңа түрі ме?

📹Шолудың толық нұсқасын YouTube-арнамыздан көре аласыздар.

https://t.me/ulysmedia
❤3
ULYSMEDIA.KZ
Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңсәріде Мәскеуден ұшып шыққан рейспен Алматыға келіп, журналистермен сөйлесуден бас тартты. МӘН-ЖАЙ Нұрлан Сабуров Алматыға Мәскеуден келген рейспен жетті. Ұшақ…
Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, қазіргі жағдайға байланысты пікір білдіруден бас тартатынын айтты.

Оның сөзінше, бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатыр және олар барлық құзырлы органдармен тиісті деңгейде жұмыс жүргізеді.

Сабуров стендаптағы шығармашылық жолы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталғанын, кейін Мәскеуде жалғасқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол Ресейдің көптеген қалаларында өнер көрсетіп, көрермендер тарапынан әрдайым жылы қабылдау көргенін айтты.

- Шығармашылық дамуыма мүмкіндік берген, өнер адамы ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге ризамын. Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория жинадым, – деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Сабуров журналистерге, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу жасап, отбасына қатысты жеке өмірдің сақталуын сұрады.

- Жұбайым мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды өтінемін, – деп жазды стендап-комик.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10❤3👎1
Депутат Елнұр Бейсенбаев Ақордада қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

БЕЙСЕНБАЕВ

Елнұр Бейсенбаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап). Еңбек жолын "Жастар Үні" қоғамдық бірлестігі жастар қанаты ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі, басшысы, бірлестік төрағасы болып бастаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5
Иранда Нобель сыйлығының лауреаты сотталды

Иран соты белгілі құқық қорғаушы әрі Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Наргес Мохаммадиге қатысты жаңа айыптау үкімін шығарды. Оның адвокатының айтуынша, 53 жастағы белсенді 7,5 жылға түрмеге кесілген.

ҮКІМ НЕ ҮШІН ШЫҒАРЫЛДЫ

Қорғаушысы Мостафа Нили таратқан ақпаратқа сәйкес, Мохаммади «қылмыс жасау мақсатында жиналыстарға қатысып, сөз байласқаны үшін» 6 жылға, ал «үгіт-насихат жүргізгені үшін» тағы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрме жазасынан бөлек, сот қосымша жазалау шараларын да тағайындады:

- бостандыққа шыққаннан кейін екі жыл бойы елден шығуға тыйым салу;
- екі жыл бойы Хусф қаласында міндетті түрде тұру.

ҚАМАУ, АШТЫҚ ПЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ

Мохаммади 2025 жылдың 12 желтоқсанда құқық қорғаушы адвокат Хосров Аликордиді еске алу рәсімі кезінде ұсталған. Ал 2026 жылғы 2 ақпанда ол наразылық белгісі ретінде аштық жариялаған. Адвокаттың сөзінше, үкім шығарылардан бірнеше күн бұрын денсаулығының нашарлауына байланысты құқық қорғаушы ауруханаға жеткізілген, алайда кейін қайтадан қамауға алынған. Қорғау тарапы соттың оны ем қабылдауы үшін уақытша кепілмен босатуы мүмкін деп үміттенеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢1
Белгілі боксшы қылмыс әлеміндегі "Нойс" оған қару тақап, соққыға жыққанын мәлімдеді

Бокстан Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, әлемнің күміс және қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев өзіне жасалған қастандық туралы айтып, көмек сұрады.

- Мені 2025 жылы мамыр айында Иманәлиев Нұржан, Мұқашев Шыңғыс деген екі азамат Ыстамбұлға бапкерлік қызметпен шақырды, солардың үйінде он күндей тұрып, жаттықтыру жасап жүрдім. Он күндей болып, қайттым. Одан кейін елге қайтып келгенімде маған Шыңғыс Мұқашев деген жігіт бірнеше рет хабарласып, “маған бір-екі азаматты “сындыру” керек, осынша ақша беремін, барынша аяқ-қолын сындыру керек” деген біраз іс-әрекетті айтты, –  дейді боксшы. 

Еркебұлан Шынәлиев Шыңғыс Мұқашевқа “ондай нәрселермен айналыспайтынын” жеткізіп, ұсыныстан бас тартқан. 

- 3-4 рет сондай хабарлар түсті. Сөйтіп мені 2026 жылы қаңтар айында Ыстамбұл қаласына тағы шақырды. Жаттықтырушылық жұмыспен ақылдасатын нәрселер бар деді. Қаңтар айында ұшып бардым, мені күтіп алды. Сөйтіп мені Ыстамбұлдан 150-200 шақырым жердегі ну ормандағы ғимаратқа апарып, маған бір қағаздарды көрсетіп, ҰҚК адамымын деп мойындайсың деп барынша жалған ақпараттың бәрін айтқызды. Менің басыма тапанша тақап қойды. Мен сасқанымнан, қорыққанымнан не айтып, не істегенімді білмеймін. Мені видеоға түсіріп, үндеу жасатты. Қасында біраз сақалды жігіттер болды, Қырғызстан азаматтары болды. Біраз қылмыс істеп сол жаққа қашқан жігіттерді сол жерде көрдім. Кейін елге аман-есен оралдым, – дейді боксшы. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдіктер қамауға алынды

Әңгіме әзербайжандық блогерлер туралы болып отыр. Олар Алматыға келіп, қазақ қыздарымен төсектес болатынын айтқан. Артынша, желідегі мәлімет бойынша, қазақстандық жігіттер олармен кездесіп, кешірім сұратқан. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, шетелдік блогерлерге қатысты сақ бұзақылық дерегі бойынша екі шетел азаматына қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

Тексеру барысында блогерлердің әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп нормалары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзатын балағат сөздерге жол бергені анықталған. 

СОТ ҮКІМІ

Іс материалдары Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сот қарауының нәтижесінде екі құқық бұзушыға да 15 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🤬2❤1
Димаш шетелде жаңа рекорд орнатты

«Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы бірінші эпизодының шығуымен бірге рейтинг бойынша көшбасшы болып, халықаралық деңгейде кең резонанс туғызды. Шоудың атқарушы продюсері – Димаш Құдайберген.

Шоуды Қытай мен Қазақстанның жетекші медиа ресурстары қолдады. Hunan TV телеарнасының дерегінше, премьера бірнеше ірі қытайлық аймақтық спутниктік телеарналарында (CVB, CSM, CSM71, KuYun, Huanwang) рейтинг бойынша бірінші орынға шыққан. «Voice Beyond Horizon» – тікелей трансляциясы Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен орталық БАҚ (China Daily) арқылы бір уақытта ұйымдастырылған алғашқы шоу, оның көрермен аудиториясы түрлі платформаларда 102 миллионнан астам адамға жеткен. Премьера интернетте 143-тен астам трендті тудырды.

ШОУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Алты елден шыққан сегіз өнерпаздың және Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі «Ұлы Жібек жолының симфониясы» атты көрініс ретінде әлемге ұсынылды.

Қазақстандық әртіс осы шоудың инициаторы және продюсері болып табылады. Шоу әр бейсенбіде Hunan TV телеарнасында эфирге шығады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
ULYSMEDIA.KZ
Сара Назарбаева туралы тың дерек шықты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы сұраққа жауап берді. ТОЛЫҒЫРАҚ Үкібайдың сөзінше, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның…
Сара Назарбаева ауруханадан шығарылды

Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Алматыдағы "Орталық клиникалық ауруханасындағы" емін аяқтап, қазір амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.

«Науқас Ұлттық госпитальде емделіп, биыл қаңтар айында амбулаториялық емге жіберілді. Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы басқа ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпияға жатады және жарияланбайды», — деп хабарлады редакцияға Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпитальі баспасөз қызметі.

📌БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, мамыр айының басында Сары Назарбаеваның ауыр сырқатқа шалдыққаны туралы хабар тараған еді. Кейіннен оның қайтыс болғаны жөніндегі қауесеттер тарады, алайда бұл ақпаратты Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ата Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қоғам екіге жарылды. Бір тарап «қазақ тілі – жалғыз мемлекеттік тіл болуы тиіс, орыс тілі Конституциядан алынып тасталсын» деп талап етсе, екінші тарап «9-бапқа тиіспеңдер» деп дабыл қағуда.

Сауалнама жүргізіп, халық пікірін сұрап білдік.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Жамбыл облысында әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әйеланықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Жан-жақты және объективті тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. 

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ

Бес жасар және үш жасар балалар стационарға жабық бас-ми жарақатымен (ЖБМЖ) және мидың жедел ісінуімен түсті. 2021 жылы туған балада қосымша диагноз ретінде сүйек сынықтарының ығысуымен сан сүйегінің жабық сынуы анықталды.

Екі балаға да бас миының КТ, кеуде қуысының КТ, жамбас сүйектерінің КТ жүргізіліп, лапароцентез жасалды. Мидың ісінуіне қарсы терапия тағайындалып, жүргізілді.

2021 жылы туған балаға сан сүйегі бойынша хирургиялық ем (операция) жоспарланған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Жамбыл облысында әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әйеланықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға…
Таразда 5-қабаттан балаларын лақтырған әйел ауыр депрессияда болған

Таразда балаларға қатысты болған оқиғаға Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Балалар Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

- Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау. Әйел адам бұрын ауыр депрессияда болғаны анықталған, алайда емдеу толық аяқталмаған. Балаларды қорғауға кедергі келтіретін күрделі мәселелердің бірі — медициналық құпия. Денсаулық сақтау органдары ауыр депрессиялық жағдайы анықталған немесе есепте тұрған ата-аналармен бірге тұратын балалар туралы балалардың құқықтарын қорғау органдарына хабарламайды. Қатыгездік, кісі өлтіру деректерінің ондағаны көбіне осындай жағдайлармен байланысты. Балаларды қорғау функциясын атқаратын органдар қажет болған жағдайда шара қабылдау үшін тиісті ақпаратқа ие болуы тиіс, — деп жазды Зәкиева.

БАЛАЛАР

Зәкиеваның мәліметінше, күн сайын балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты орта есеппен бес қылмыс тіркеледі. Мұндай қылмыстардың 60–70 пайызы жақын туыстары — анасы, әкесі немесе жақын ортасындағы адамдар тарапынан жасалады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Ақтөбеде әйел үш баласымен өз үйінде өлі табылды

Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш кәмелетке толмаған баланың мүрделері табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Қазіргі уақытта жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, тексеру жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан тергеу амалдары басталды. Марқұм әйел 1993 жылы туған. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐2😭2
Жеті айдан бері қырғыз түрмесінде отырған Жетібаевтың туыстары Қазақстан билігінен араша сұрады

Былтыр тамызда Ыстықкөлге демалуға барып, Қырғызстан шекарасында ұсталған Қазақстан азаматы Ануар Жетібаевтың туыстары одан жеті айдан бері хабар ала алмай отырғанын айтады. Сөздерінше, Қырғызстан тарапы оған «ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды» деген айып таққан. Бірақ жарты жылдан бері тергеу әрекеттерінің қалай жүріп жатқаны белгісіз. Туыстары ешқандай дәлел жоқ дейді. Қазақстан билігінен араша сұрайды. Адвокаттары осы күнге дейін онымен кездесе алмаған.

Ануар Жетібаевтың әйелі Зәуре Телемісова жеті айдан бері күйеуінен хабар ала алмай отырғанын айтады. Оның сөзінше, жұбайы былтыр 6 тамызда Қырғызстанның Ыстықкөл аумағына достарымен демалуға кетіп, Ақжол шекара бекетінде ұсталған. Содан бері ол сол елде қамауда отыр.

Қырғызстан құзырлы органдары Ануар Жетібаевты Қамшы Асанбек (Қырғызстанда «қылмыс әлемінің серкесі»атанған Қамшы Көлбаев 2023 жылы 4 қазанда Бішкекте арнайы операция кезінде өлтірілген) пен Қазақстанда сотты болған Есбол Жапбасовқа қатысы бар «ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды» деген күдікпен ұстаған. Алайда Зәуре Телемісова күйеуінің қылмыстық топтарға ешқандай қатысы жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, жұбайының бар айыбы Жапбасовпен бір ауылдан болуында ғана.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4