ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Сот президенттің экс-кеңесшісі Олжас Құдайбергеновтің отбасылық дауына нүкте қойды

Кассациялық сот Олжас Құдайбергеновтің бұрынғы қайын атасына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ол аса ірі көлемде бопсалау жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Соттардың шешімі

Қорғау тарапы ақша қызы мен немерелерінің қажеттілігі үшін сұралғанын, қылмыс құрамы жоқ екенін алға тартты. Ал айыптау тарабы ақша бопсалау арқылы талап етілгенін мәлімдеді. Әңгімелердің аудиожазбалары қорқыту болғанын растаған. Сондай-ақ алынған қаржының бір бөлігі айыпталушының өз қажетіне жұмсалғаны анықталған.

Кассациялық сот айыпталушының ақша талап етуге заңды негізі болмағанын және оның алдында ешқандай қаржылық міндеттеме болмағанын атап өтті. Осылайша әрекеті өз бетінше билік ету емес, бопсалау деп танылды. Нәтижесінде 7 жылдық жаза күшінде қалды.

Контекст

Олжас Құдайбергенов пен Мөлдір Қабылова шамамен он жыл бұрын отау құрған. Құдайбергенов әр жылдары президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып, «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесіне кірген. Төрт баласы бар. 

Мөлдір Қабылова бұған дейін өзін толық қаржылық тәуелділікте болғанын, қысым мен бақылауға ұшырағанын айтқан. Оның сөзінше, ажырасу туралы шешімнен кейін туыстарының қылмыстық қудалауымен бетпе-бет келген. Сондай-ақ шетелде балаларымен қаражатсыз қалып, «Болашақ» стипендиясынан, тұрғын үй мен әлеуметтік төлемдерден айырылғанын мәлімдеген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
МӘМС ережесі өзгереді: кімдерге қатысты?

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.

Ведомство жарна есептеу, ұстау және аудару қағидаларына түзетулер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Өзгеріс мемлекет жарна төлейтін жұмыссыз азаматтардың аумақтық тиесілігін нақтылауға қатысты. Әңгіме өмірлік қиын жағдайға тап болған және соңғы үш айда зейнетақы аударымдарын жасамаған азаматтар жөнінде болып отыр.

Министрлік оларды тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша есепке алуды ұсынады. Бұл өңірлер арасындағы шығындарды дұрыс бөлу үшін қажет екені айтылған.

Құжатта түзетулер азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігіне әсер етпейтіні көрсетілген. Әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалар МӘМС жүйесінде сақтандырылған және алғашқы медициналық көмектен бастап мамандандырылған емге дейін толық қызмет алуға құқылы.

Жоба 2026 жылғы 25 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Халықтың мәселесін TikTok арқылы шешкен Талғар әкімі отставкаға кетті

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

- Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым. Дегенмен денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі, сондықтан осындай қадамға баруға тура келді, – дейді әкім. 

КОНТЕКСТ

Арыстан Әбілқайырұлы әкім қызметінде бір жылдан сәл аса уақыт — бір жыл екі ай жұмыс істеді. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың желтоқсанында өткен сайлауда жеңіске жеткеннен кейін келген. Оған дейін қаланы Бақыт Күрішбеков басқарған. Күрішбеков Шерзат Полаттың резонанс тудырған өлімінен кейін қызметінен алынған еді — сол кезде аудан басшылығы қатаң сынға ұшыраған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Сабуровқа Ресейді ашық қолдауға кеңес берді

Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Виталий Милонов стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Украинаға қарсы соғыста Ресейді көпшілік алдында қолдауға шақырды. Оның пікірінше, бұл елге кіруге салынған тыйым мәселесіне әсер етуі мүмкін.

Мәлімдемеге себеп — Сабуровтың Ресейге 50 жыл мерзімге кіруіне тыйым салынуы. Бұған дейін комиктің Дубайдан ұшып келген соң Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталып, елге кіргізілмегені хабарланған. Жағдайды түсіндіре отырып, Милонов «рухани салқынқандылық» өмірде түрлі қиындықтарға алып келетінін айтты.

– Әзілкешке байыпты болып, Украина қақтығысында елімізді ашық әрі дауыстап қолдауға кеңес берер едім. Осындай ұстаныммен Ресейге кіру мәселесі әлдеқайда тезірек шешіледі деп сенемін, – деді Милонов РИА Новости-ке берген пікірінде.

КОНТЕКСТ

Тыйым салу туралы жаңалықтардан кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Сабуровтың Ресей жағында соғысып жүрген «Вагнер» бөлімшесіне 10 мотоцикл табыстағаны бейнеленген видео пайда болды. Осыған байланысты белсенді Марат Тұрымбетов Бас прокуратураға комиктің әрекеттеріне құқықтық баға беруді талап етіп, арыз жолдады. Сондай-ақ мамандар тараған видеонын түпнұсқалығын тексергені айтылды. Кейінірек Сабуровқа қатысты жағдайға Қазақстанның ҰҚК де қызығушылық танытуы мүмкін екені хабарланды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2👍1
Қарағандыдағы балалар ауруханасында тамақтан жәндіктер табылды

Қарағанды қаласындағы балалар инфекциялық бөлімшесінде тамақ сапасына байланысты дау шықты. Ата-аналар тағамнан жәндіктерді байқаған.

Олардың айтуынша, қара түсті қоңыздар кішкентай науқастарға ұсынылуы тиіс тағам салынған контейнерден табылған. Балалар тамақтан бас тартып, ата-аналар аурухана әкімшілігінен түсініктеме талап еткен. Кейбірі қызметкерлерге «қоспасы бар» палауды өздері де татып көруді ұсынған. Ата-аналардың ашулануына тағы бір себеп — медицина мекемесінде қатаң ережелер бар: үйден әкелінген өнімдер мұқият тексеріледі. Енді ата-аналар аурухананың өз тамағынан да қауіптенетінін айтады.

АУРУХАНА ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ

Аурухана өкілдері өздерінің ас блогы жоқ екенін, тамақты мердігер компания жеткізетінін түсіндірді. Шағым түскеннен кейін бүкіл партия шұғыл түрде ауыстырылған. Облыстық клиникалық аурухананың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Люция Гомель болған оқиға туралы басшылық бірден хабардар болғанын айтты. Жеткізуші өкілі мекемеге шақырылып, тексеріс жүргізіліп, әкелінген тағам толықтай алмастырылған. Ақпарат әрі қарай тексеру үшін жауапты қызметтерге де жолданған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3👍1
Конституцияның жаңартылған нұсқасы жарияланды

«Egemen Qazaqstan»
 газетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. 
Конституцияның жаңа нұсқасын толығырақ осы тұстан көруге болады. 

РЕФЕРЕНДУМ

Қазақстандықтар құжатпен танысып, 15 наурызда өтетін референдумда оны қабылдауға «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беруі тиіс.

Жаңа Конституция мақұлданған жағдайда, Қазақстан Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтатуға міндетті болады.

Өзгерістерге сәйкес, Құрылтайға сайлау өткізу туралы шешімді президент бір ай ішінде жариялауы керек.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷Түркия парламентінде жаңа Әділет министрін тағайындау кезінде депутаттар арасында жаппай қақтығыс болды. Даудың себебі – Стамбұлдың бұрынғы бас прокуроры Акин Гюрлектің Әділет министрі қызметіне бекітілуі.

▪️МӘН-ЖАЙЫ

Гюрлек бұған дейін оппозициялық саясаткерлерге қатысты резонансты істерді жүргізген. Сол тергеулер нәтижесінде бірқатар оппозиция өкілдері, оның ішінде Стамбұлдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоглу қамауға алынған. Осыған байланысты оның министр болып тағайындалуы оппозиция тарапынан қатты қарсылық туғызды.

Ант беру рәсімі алдында CHP партиясының депутаттары парламент мінберін иемденді. Вице-спикер Гюрлекті ант беруге шақырған сәтте билеуші AKP партиясы мен оппозиция арасында төбелес басталды. Отырысты он минутқа тоқтатуға тура келді. Қақтығыс кезінде CHP депутаты Махмут Таналдың мұрны қанап кеткені хабарланды.

Үзілістен кейін Акин Гюрлек AKP депутаттарының қоршауында ант берді. Оппозиция өкілдері оны ысқырып қарсы алды.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 15 наурызда өтетін референдумға қанша қаржы бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.

Темірбековтің сөзінше, тиісті бюджеттік сұрау әлі қаржы министрлігіне түспеген.

- Орталық сайлау комиссиясымен байланыстық. Олар бүгін түсткен кейін немесе ертең түске дейін бізге сұранымды жібереді. Референдумға жұмсалатын ақшаны үкімет резервінен аламыз, дейді Темірбеков.

🗳️РЕФЕРЕНДУМ

Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылған болатын.

Референдум 15 наурызда өтеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5❤1
Оңтүстікте өліммен аяқталған атыс: полицейді кім жаралады?

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Достық ауылында қараша айында болған атысқа қатысты сот ісі көпшілікке жария етілмей аяқталды. Бұл іс бойынша бес полиция қызметкері жәбірленуші деп танылған, олардың бірі оқ жарақатын алған. Алайда сотта айыпталушы болмады — күдікті сол күні қаза тапқан.

Ulysmedia.kz зерттеп шыққан сот қаулысынан полицияға оқ атқан адам Өзбекстан Республикасының азаматы болғаны анықталды. Мәйітті тексеру кезінде оның жанынан басқа заттармен қатар діни кітап табылып, ол заттай дәлел ретінде тәркіленіп, іске тіркелген.

Финал

Бұл істің соңы заң жүзінде алдын ала белгілі еді. Айыпталушы қайтыс болған жағдайда қылмыстық іс ары қарай қаралмайды. Сондықтан сот істі тоқтатқан: Умирзаков атыс болған күні қаза тапқан, ал қылмыстық жауапкершілікке тартатын адам жоқ.

Тергеу мен сот процесіне кеткен барлық шығын мемлекет есебінен өтеледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1
ULYSMEDIA.KZ
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 15 наурызда өтетін референдумға қанша қаржы бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді. Темірбековтің сөзінше, тиісті бюджеттік сұрау әлі қаржы министрлігіне түспеген. - Орталық сайлау комиссиясымен байланыстық. Олар бүгін…
Жаңа Конституцияның күшіне енетін күні белгіленді

Жаңа Конституция жобасында Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді деп көрсетілген.

Құрылтай сайлауы екі ай ішінде өткізіледі

Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс.

Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті тағайындауға тиіс.

Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡3👎2
ЕО-ның жаңа талаптары Қазақстанға жарты миллиард доллар шығын әкелуі мүмкін

Еуроодақтың метан шығарындыларына енгізіп отырған шектеулері қазақстандық мұнайды Еуропа нарығы үшін «қымбат жүкке» айналдыруы мүмкін. Соның салдарынан Қазақстан табысынан жүздеген миллион доллар айырылуы мүмкін. Бұл жөніндегі тау-кен өнеркәсібі бойынша сарапшы Телман Шуриевке мәлімдеді.

Еуроодақтың жаңа ережелері

Exxon дерегінше, метан шығарындыларын қысқартуға бағытталған жаңа талаптар ЕО-ға импортталатын шикі мұнайдың құнын шамамен 13 пайызға қымбаттатуы мүмкін. Бұл Еуропа нарығының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді.

Exxon компаниясының өнімдік шешімдер жөніндегі президенті Мэтт Крокердің айтуынша, 2027 жылға қарай ЕО-ға жеткізілетін қазіргі мұнай импортының шамамен 80 пайызы метан бойынша қойылатын талаптарға сай келмейді. Ал талапқа сәйкес келетін балама мұнай жеткізілімін қамтамасыз ету бір баррельдің орташа бағасына қосымша 9 доллар қосады. Brent маркалы мұнайдың қазіргі бағасы шамамен 70 доллар екенін ескерсек, бұл шығындардың 10 пайыздан астам өсуіне әкеледі.

– Еуроодақ қазба отын импортына қойылатын экологиялық талаптарды қатаңдатып жатыр. 2027 жылдан бастап ЕО-ға жеткізілетін мұнай мен газ метан шығарындыларын мониторингтеу, есеп беру және верификациялау (MRV) бойынша қатаң стандарттарға сай болуы тиіс. Ал 2030 жылдан бастап ЕО белгілеген метан қарқындылығы деңгейінен асқан жағдайда айыппұл салу көзделіп отыр, – деп еске салады Тельман Шуриев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
Миллиардтап ақша жымқырып, сотталған экс-ректор бостандыққа шықты

Алматыда ақша жымқырып, сотталған экс-ректор Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты.

ҚАЖК мәліметінше, экс-ректорға заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық жасалды, нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды.

- Материалдарды қарау, мерзімдерді қайта есептеу және сотталғандарға қатысты шешімдер қабылдау соттың құзыретіне жатады және міндетті түрде орындалуға жатады. Заңнаманың талаптарына сәйкес сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды, – дейді ҚАЖК өкілдері. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎7🤬2
Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының акционерлері құрамына кірді

Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының ірі акционері атанып, компания акцияларының шамамен 30 пайызын иеленді. Ал оның анасы Мұқадасхан Ибрагимовада 3 пайызға жуық үлес сақталған. Бұған дейін акциялардың 33 пайызы толықтай соның иелігінде болған.

Осылайша, ЕҚК акционерлерінің қазіргі құрамы мынадай: Шухрат Ибрагимов — 30%, Мұқадасхан Ибрагимова — 3%, Патох Шодиев — 33% және 2025 жылғы наурызда қайтыс болған Александр Машкевичтің үлесі — әзірге ресми түрде 33%.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮1
ULYSMEDIA.KZ
🇰🇬Қырғызстан билігіндегі «екінші адам» Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетті Мән-жай 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қамшыбек Тәшиевті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен…
Жапаров пен Ташиев тандемінің күйреуі. Қырғызстан билігінде не болып жатыр?

Президент пен парламент спикеріне жазылған ашық хат, отставка, ұстаулар мен биліктегі екі достың текетіресі. Кейінгі 35 жылда үш рет революция болған Қырғызстан билігінде не болып жатыр?

10 ақпанда Қырғызстан билігінде «екінші адам» саналатын Қамшыбек Ташиев отставкаға кетті. Президент Садыр Жапаров оны мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және премьер-министрдің орынбасары қызметтерінен алып тастады.

Президенттің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов Ташиевтің қызметтен алынуы туралы журналистер сауалына жазбаша жауап беріп, Садыр Жапаров бұл шешімді «мемлекет мүддесі үшін, қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында алауыздыққа жол бермеу және бірлікті нығайту мақсатында» қабылдағанын жеткізді.

Германияда ем алып жатқан Қамшыбек Ташиевтің өзі президенттің бұл шешімін күтпеген жағдай деп бағалады. Оның мәлімдемесін оған жақын адам саналатын журналист Нұрғазы Анарқұлов Facebook желісінде жазды.

«Мен ауырып қалып, президенттің рұқсатымен Германияға келгенмін. Бұған дейін жасалған отаға байланысты тексеруден өтуім керек болды. Алайда кеше мені қызметтен босатты, бұл мен үшін күтпеген жағдай. Не болса да, президент шешімін орындауға міндеттіміз. Мемлекет, халық және президент алдында қызметтік міндетімді адал атқардым және оны мақтан тұтамын. Бар болғаны жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмегеніне өкініш білдіремін. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің әрбір қызметкеріне алғыс айтып, оларға сәттілік тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталуы үшін ешкім заңсыз әрекетке бармауы керек және біздің әрбір әрекетіміз заң аясында жасалуы қажет», – деді Қамшыбек Ташиев өз мәлімдемесінде.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды Алматыда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының еске алу шарасы өтті. Қаралы жиынды оның отбасы ұйымдастырды. Шараға саясаткердің әріптестері, қоғам қайраткерлері, достары мен белсенділер…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Назарбаев дірілдеп құлап түсті: Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге кім тапсырыс берген?

Белгілі саясаткер, кәсіпкер Болат Әбілов марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне 20 жыл толғанын және оны өлтіруге кім тапсырыс бергенін айтты.

Саясаткер Болат Әбіловтің айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев Тұңғыш президентке адал болған. 

- КТК, Хабар телеарнасы, Караван басылымы  - бәрі Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің қолында болды. Ол Дариға және басқа адамдармен бірге қол жинап, билікті қолына алуға дайындалды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алтынбек Сәрсенбаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Марат Тәжин Елбасын биліктен тайдыруға дайындалған барлық құжатты жинап, оны кабинетіне алып барып тавныстырды. Сізді бір-екі сағатта биліктен шығарады деп баяндама жасады. Сол кезде Назарбаев дірілдеп орнынан жерге құрады. Алтынбек пен Тәжин оны орнынан тұрғызып, креслоға отырғызып, Әлиев пен оның айналасындағыларды түрмеге тоғыту керектігін айтты. Сондай әңгіме болды. Қоғам оны әлі білмейді, - дейді ол.

Оның айтуынша, Алтынбектің оппозиялық қызметке кетуі Назарбаевқа ұнамаған, сондықтан оны өлтіруге тапсырыс берген.

- Назарбаев тарапынан Сәрсенбаевқа мен сені министр еттім, билікке араластырдым, қасымда жүрдің де қашып кеттің деген сөздер айтылған. Сәрсенбаев оппозициялық саясаткер болды. Оппозияцияны топтастыруды ойлап жүрді. Алтынбек осы мәселемен айналысатынын айтып жүрді. Билік осыны білді, сондықтан оны өлтірткізді.  Рахат тапсырыс берді деп, орындағандарды соттағанмен, шындық әлі ашылған жоқ. Бұған Әлиевтің ешқандай қатысы жоқ. Тапсырма берген Назарбаев пен оның айналасындағылар. Осы қазадан кейін Қазақстандағы саясат еш өзгерген жоқ. Оппозицияны басып тастаған. Өйткені, мықты қолдау мен үлкен қаржы, ықпалды БАҚ керек. Ол болмаса, ешқандай оппозиция болмайды. Бір-екі адам жүреді. Сосын кетеді. Өзім 10 жыл жүрдім оппозиязияда, кейін тағы бір жыл жүрдім, қолдау жоқтың қасы», - дейді Әбілов.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4😁1🤮1
ULYSMEDIA.KZ
Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияға түсті Алматы облысында «Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі апелляцияға түсті. Сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, іс бүгін, 13 қаңтарда түскен. Қазіргі уақытта іс судьяға берілген.  СОТ ҮКІМІ Еске…
Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Мән-жай


Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Қорғаушылары бірінші инстанциядағы сот үкімін негізсіз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Былтыр 11 қарашада Талғар аудандық соты «адам ұрлау», «бопсалау», «денсаулыққа ауыр зиян келтіру» баптары бойынша айыпталған Хасан Қасымбаев пен тағы бес адамды кінәлі деп танып, 8 жылдан, 22 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған.

Атап айтқанда, Хасан Қасымбаев 12 жылға, Сайлау Ақтанов 8 жыл 6 айға, Данияр Асқаров пен Руслан Әлиев 8 жылға, Мадияр Қалымжанов 9 жыл 6 айға, Нұрмұхамет Сұлтанбеков 22 жылға сотталды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
Банктік тарифтер төңірегіндегі дүрбелең: шын мәнінде не болды

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Kaspi.kz картасының жылдық қызмет көрсетуі 10 мың теңге болады деген жалған ақпарат тарады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды: ешқандай өсім болған жоқ, жоспарланған да емес. Клиенттер үшін шарттар өзгермейді.

«Банктердің шекті тарифтері» деген не?

Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер заң талаптарына сай «шекті тарифтер» туралы құжаттарды жариялап отырады. Бұл құжаттарда банк белгілі бір қызмет үшін ала алатын ең жоғары мүмкін соманы ғана көрсетеді. Ол — нақты баға емес.

Қарапайым тілмен айтқанда, шекті тариф — «ең көбі қанша болуы мүмкін» деген шек қана. Банктер оны болашаққа арнап, ережелерді жиі өзгертпеу үшін жоғары етіп белгілейді. Ал іс жүзінде клиенттер төлейтін нақты комиссиялар әлдеқайда төмен болады. Жоғары сандардың құжатта жазылуы қызмет қымбаттайды дегенді білдірмейді, бұл — тек заң талабы.

Нақты мысалдар

Кейбір банктерде шекті тарифтер өте жоғары болып көрінуі мүмкін. Мәселен, Банк ЦентрКредит жеке тұлғаның шотын ашу, жүргізу және жабу үшін шекті тарифті 10 млн теңге деп көрсеткен. ForteBank-та шот ашу — 10 мың теңге, ай сайын жүргізу — 20 мың теңге, жабу — 5 мың теңге деп жазылған. Freedom Bank-та алғашқы шотты ашудың шекті тарифі 1 млн теңгеге дейін жетеді. Бірақ бұл сандар — қағаздағы шек қана, шын өмірде мұндай тарифтер қолданылмайды.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz-те де шекті тарифтер де, нақты тарифтер де кемінде 2017 жылдан бері өзгермеген. 2026 жылы да олар сол күйі сақталады. Яғни Kaspi картасының қызмет көрсетуі қымбаттамайды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Екі алатын оқушы сияқтысыз": депутат мұнай компаниясының директорын сынап тастады

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында депутат Еділ Жаңбыршин «Матен Петролеум» мұнай компаниясының бас директоры Лю Цзиньчэнді сынға алды.

▪️МӘН-ЖАЙЫ

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин “Матен Петролеум” АҚ бас директоры Лю Цзиньчэннен компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарттары бар-жоғын сұрады.

Бұл сұраққа алдымен бас директордың орынбасары жауап беруге тырысты, алайда депутат оған қарсылық білдірді.

- Жоқ, өзі жауап берсін. Бас директор ғой, жалақы алады. Оның үстіне жоғары жалақы алады. Лю мырза, айтыңызшы, ұзақмерзімді келісімшарттар бар ма, жоқ па?

Осыдан кейін бас директор көмекшісінің айтқанын қайталай бастады, бұл депутаттың сынына себеп болды.

- Кешіріңіз, бірақ сіз үлгерімі нашар оқушы сияқтысыз. Бас директор ретінде кіммен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалғанын, қандай тауарлық позициялар бойынша, компаниялар қайда орналасқанын, қандай сомаға және қандай мерзімге жасалғанын нақты білуіңіз керек. Бар болғаны алты компания ғой. Ал сіз мектептегі үлгерімі төмен оқушы сияқты жауап бере алмай отырсыз, – деп Жанбыршин оны сынға алды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🤮6👍2
Қазақстандағы жаңа Конституция жобасын сынағаны үшін БАҚ-қа не қауіп төнеді

Әділет вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, үгіт-насихат кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары референдумға шығарылған мәселелерді түсіндіруге құқылы, алайда бұл бірқатар талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

– Республикалық референдумға шығарылған мәселелер бойынша БАҚ-та ақпараттық-түсіндіру жұмыстары олардың мәнін бейтарап түрде түсіндіру арқылы жүргізілген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұндай қызмет «жақтап» немесе «қарсы» дауыс беруге шақырумен, сондай-ақ референдумға шығарылған мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктеріне басымдық беретін бағалау пікірлерімен қатар жүрмеуі тиіс, – деді Ысқақов.

ЕРЕЖЕЛЕР

Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарының ережелері туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ляззат Сүйіндік айтып өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысты қоғамдық пікір сауалнамаларын заңнамаға сәйкес тіркелген және мұндай зерттеулер жүргізуде кемінде бес жылдық тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана өткізе алады. Бұл ретте олар сауалнамаға тапсырыс берушіні, ақпарат жинау әдісін және респонденттер санын көрсетуге міндетті. БАҚ сауалнамалар нәтижесін осы деректерді көрсете отырып, сондай-ақ сұрақтың нақты тұжырымдамасын бере отырып жариялауға құқылы. Дауыс беруге бес күн қалғанда және дауыс беру күні сауалнамалар жариялауға тыйым салынады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6