ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.75K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Байқоңырдан ирандық спутник ұшырылды

Иранның «Джам-е Джам-1» телекоммуникациялық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды. Бұл туралы Тегеран БАҚ-тары жазды. Жарияланымдарда аппараттың Иран үшін геостационарлық орбитада қоғамдық телехабар таратуға арналған алғашқы спутник екені ерекше атап өтіледі. «Джам-е Джам-1» ирандық мемлекеттік теледидардың хабар тарату құрылымында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

АНЫҚТАМА

«Протон-М» ауыр класты зымырандарға жатады. Ол автоматты ғарыш аппараттарын Жер маңындағы орбитаға шығару, сондай-ақ алысырақ ғарыштық траекториялар бойынша ұшыру үшін қолданылады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін аталған ұшырылымға дайындық жүріп жатқаны хабарланған. Біз бұл іске ресейлік мемлекеттік комиссияның рұқсат бергенін жазған едік.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤬2
Украина орыс тіліндегі кітаптарға толық тыйым салмақ

Украина теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті орыс тіліндегі баспа өнімдерін тәркілеу тетігін бекітетін қаулы жобасын әзірлеуде.

Украина премьер-министрінің орынбасары — мәдениет министрі Татьяна Бережная баспа ісі туралы қолданыстағы заңда орыс тіліндегі әдебиетті басып шығару мен таратуға қатысты тыйым бар екенін түсіндірді. Мәдениет министрлігі қолдаған бастама, оның айтуынша, соғысты насихаттайтын немесе «украинаға қарсы мағынасы бар» өнімдерді айналымнан алып тастауға бағытталған. Бұл шешім орыс тіліндегі кітаптарға тыйым салуды талап еткен, қажетті дауыс санын жинаған петициядан кейін қабылданып отыр.

КОНТЕКСТ

Ресей Украинаға дрондар мен баллистикалық зымырандарды қолдана отырып соққы жасады, соның салдарынан елдің энергетикалық инфрақұрылымы одан әрі қирады. Нәтижесінде Киев қаласының, сондай-ақ Днепр мен Одесса қалаларының ондаған мың тұрғыны жылусыз, электр қуатынсыз және сусыз қалды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16👎1🔥1🤔1
ULYSMEDIA.KZ
Жапаров пен Ташиев тандемінің күйреуі. Қырғызстан билігінде не болып жатыр? Президент пен парламент спикеріне жазылған ашық хат, отставка, ұстаулар мен биліктегі екі достың текетіресі. Кейінгі 35 жылда үш рет революция болған Қырғызстан билігінде не болып…
Қызметінен қуылған Қамшыбек Ташиев Бішкекке оралды

Германияда жүріп қызметінен айырылған Қамшыбек Ташиев Бішкекке оралды.

Мән-жай

13 ақпанда түнгі сағат үште Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев Бішкекке оралды. Ол Манас халықаралық әуежайына ұшып келген.

Қырғызстандық журналист Айбек Бибосынов Facebook желісінде қысқа видео жариялады. Онда Ташиевті үш ер адам күтіп алғаны, олардың көлікке мініп жатқаны көрінеді.

Контекст

10 ақпанда президент Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатқан. Оның орнына Сырғақ Бердіқожаев тағайындалған.

Бұл уақытта Ташиев Германияда ем алып жатқан. Ол Жапаровтың бұл шешімін «күтпеген жағдай» деп бағалаған.

Садыр Жапаровтың өзінің ұзақ жылдан бергі саяси серігі  Қамшыбек Ташиевті қызметінен босатқаннан кейін, БАҚ-та екеуінің арасында текетірес жүріп жатқаны туралы айтыла бастады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
"Өзімді қорғадым". Ақтөбеде күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотқа тартылды

Ақтөбеде 37 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол күйеуін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған. Тергеу дерегіне сәйкес, отбасылық жанжал кезінде әйел ер адамға бірнеше рет пышақ салған. Соның біреуі кеуде тұсына тиіп, пышақ 7 сантиметр терең өтіп, жүрекке зақым келтірген. Алайда айыпталушының айтуынша, ол көп жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп, сол сәтте өзін қорғауға мәжбүр болған. Ulysmedia.kz тілшісі сот отырысына қатысып, тараптардың уәжін тыңдады.

Отбасындағы жанжал қайғылы аяқталды

Қайғылы оқиға былтыр 29 сәуірде болған. Ол күн Ксения үшін әдеттегі күндердің бірі еді: қызын үйірмеге апарып, өзі жұмысқа кеткен. Әйел қаладағы ауруханалардың бірінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген. Ал кешке үйде жанжал шыққан.

Айыптау тарапының мәліметінше, марқұм күйеуі сол күні қатты мас болған. Сот-медициналық сараптама оның қанынан 4,58 промилле алкоголь анықтаған. Ұрыс төбелеске ұласып, әйел асүй пышағын қолына алған.

«Мен өзімді қорғадым»

Айыпталушы Ксения сотта ұзақ уақыт бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты. Оның сөзінше, ер адам ішімдікке салынып, жиі соққыға жыққан, ақша талап еткен. Әйел бірнеше рет полицияға жүгініп, жедел жәрдем шақырғанын да жеткізді.

— Мен әділдік сұраймын. Екі жыл бірге тұрған уақыттың ішінде ол мені қайта-қайта ұратын. Сол аралықта екі рет түсік болды. Қайғылы оқиға болған күні де жүкті едім. Мұны айтсам да, ол тоқтамады. Басымнан, бүкіл денемнен ұрды. Сол сәт қалай өткенін нақты есіме түсіре алмаймын. Ең ауыры — мұның бәрін қызым көрді, — деді айыпталушы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😢1
Белсенді Ерғали Құлбаев 4 жылға сотталды

Мән-жай

12 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты белсенді Ерғали Құлбаевты 4 жылға бас бостандығынан айырды. Оған «Бопсалау» бабы бойынша айып тағылған.

Құлбаевпен бірге дәл осы баппен тағы бір белсенді Ақлима Ертайқызы да 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ оның кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты сот жазасын өтеуді бес жылға шегерген.
Сот құжаттарына қарағанда, қылмыстық істің қозғалуына былтыр жазда Қазалы ауданы әкімін сайлау кезінде болған оқиға негіз болған.

Дауыс беру кезінде тәуелсіз бақылаушы ретінде сайлау учаскелерін аралаған Құлбаев пен Ертайқызы науқан барысында орын алған кемшіліктер жөнінде ішкі істер бөліміне шағым түсірген.

Іс материалдарында айыпталушылар анықталған заңбұзушылықтарды әлеуметтік желіге жариялап, ел алдында әшкерелейміз деп қорқытпақ болған.

Құжатта сайлау комиссиясының төрағасы орын алған жағдай үшін кешірім сұраған сәтте А. Ертайқызы жол шығынын меңзеген ишара жасап, бес саусағын көрсеткен. «Бесеу дегеніңіз елу мың теңге ме?» деген сауалға ол «Елу мың теңге деген не болады, бес жүз мың теңге» деп, талабын күшейте түскені көрсетілген.

Сот деректеріне қарағанда, осы оқиғадан кейін олардың есепшоттарына үш жүз мың теңге аударылған.

Сотта Ерғали Құлбаев тағылған айыппен келіспеген. Ал Ақлима Ертайқызы өзінің істегенін мойындаған. Ол ақша бойынша келісім жасасқан кезде Ерғали Құлбаевпен уағдаластық жасамағанын, оның бұған мүлде қатысы жоғын айтқан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Стамбулдағы жантүршігерлік қылмыс жаңа сипат алды: Екі бірдей әйелді өлтіріп, мүшелеп тастаған

Стамбул қаласында қоқыс жәшігінен бөлшектелген 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимованың мәйіті табылғаннан кейін тергеу жаңа жайттарды анықтады. Хакимова өлтірілген пәтерде тағы бір өзбекстандық әйелдің өлтірілгені белгілі болды.

Мән-жай

Дурдона Хакимованың дене бөлшектері 24 қаңтар күні Стамбулдың Шишли ауданынан табылған. Бұл оқиға Түркияда да, өзбек диаспорасы арасында да үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Түркиялық БАҚ-тың прокуратура мен құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, қамауға алынған күдіктілердің бірі тергеу барысында Хакимованы өлтіргеннен кейін тағы бір әйелді — 32 жастағы Өзбекстан азаматы Сайёра Эргашалиеваны да өлтіргендерін мойындаған. Екінші жәбірленушінің дене бөліктері де қаланың әртүрлі жерлеріне тасталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, екі қылмыс та әйелдер күдіктілермен бірге тұрған пәтерде жасалған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1
ULYSMEDIA.KZ
Экс-судья Жолмановаға үкім шықты Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты экс-судья Светлана Жолмановаға үкім шығарды — ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу…
Экс-судья Жолмановаға тағы бір үкім шықты

11 ақпанда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір үкім шығарылды.

Істі қараған судья сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен Жолманова Светлана Сатбаевна 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3 және 6-бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша, яғни жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға жұту қағидатын қолдану арқылы, 2025 жылғы 19 маусымда Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазамен біріктіріліп, сотталушыға түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Жаза орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтелетін болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Маңғыстауда шыныпластик құбырлар зауытының қызметкерлері жұмыссыз қалды

Маңғыстау облысында шыныпластик құбырлар шығаратын зауытта жұмысшыларды жаппай қысқарту жоспарланып отыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің шамамен жартысына алдағы уақытта жұмыстан босатылатыны туралы ескерту хаттары таратылған.

Жұмыссыз қалу қаупі туындаған соң зауыт қызметкерлері облыс әкімдігіне жүгінген, деп жазады Lada.kz.
Аталған зауыт бұрын Маңғыстаумұнайгаз АҚ құрамындағы кәсіпорындардың бірі болған, кейін жекеменшікке өткен. Осыдан кейін өндіріс тұрақсыздыққа тап болған. Соңғы 3–4 жылда жұмыс көлемі құбылып, жалақы деңгейі төмен болып келген.

Қызметкерлердің айтуынша, тапсырыстардың болмауына байланысты олар жеті ай бойы жалақының тек 50 пайызы сақталған мәжбүрлі демалыста жүрген. Жуырда шамамен 80 адамға қысқартылатыны жөнінде ресми хабарлама берілген.

- Мұнда түгелдей дерлік жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Көпшілігіміздің еңбек өтіліміз 20 жылдан асады. Әрқайсымыздың отбасымыз бар, үш-төрт баладан, несиелер бар, қазір инфляция да қатты. Енді қысқартуға ұшырағалы отырмыз. Отбасымызды қалай асыраймыз, коммуналдық төлемдерді қалай төлейміз? Біз кәсіпорынды қайтадан ММГ құрамына қайтарып, тұрақты жұмыс болғанын қалаймыз, — дейді зауыт жұмысшылары.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен жаңа «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.

Сонымен қатар «Қалқаман» бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😁1
Қазақстанда пәтер бағасы қанша және алдағы уақытта қалай өзгереді?

2026 жылдың қаңтарында Қазақстандағы тұрғын үй бағасы өсуін жалғастырды. Әсіресе, жаңа салынған үйлердің бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Нарық сегменттеріне қарай өсім қарқыны әртүрлі болды: бастапқы нарықтағы тұрғын үй бір жылда 17 пайызға, ал қайталама нарықтағы баспана 13,6 пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіштер инфляция деңгейінен (12,2%) едәуір жоғары. Бұл деректерді Halyk Finance сарапшылары келтіреді.

Қай қалада тұрғын үй қымбат?

Бағаның өсуіне бірнеше фактор әсер еткен: қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуі, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан алынатын төлемдер, жалпы инфляция және үлестік құрылыс ережелерінің қатаңдатылуы.

Жаңа тұрғын үйлер бағасының өсуі бойынша көшбасшы — Алматы. Мұнда бір шаршы метрдің құны бір жылда 23,6 пайызға артқан. Одан кейін Павлодар (18,5%) мен Ақтөбе (18,4%) тұр. Астанада баға 18,1 пайызға, Шымкентте15,1 пайызға өскен.

Ал Қарағанды мен Семей қалаларында жаңа үйлердің бағасы 3 пайыздан аз қымбаттаған. Петропавлда баға өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған.

Қайталама нарықта да осындай жағдай байқалады. Алматыда тұрғын үй бағасы 24 пайызға, Павлодарда 16,2 пайызға өскен. Ал Қарағанды мен Қонаев қалаларында өсім ең төмен деңгейде — тиісінше 2,6 және 0,9 пайыз.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көлік апатынан кейін Адам Қадыровтың көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін

Грозный қаласында болған жол апатынан кейін Адам Қадыровтың көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін.

Мән-жай

«Новая газета Европа» басылымының жазуынша, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыровтың қаңтар айында Грозный қаласында болған жол апатынан кейін көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, басылымның дереккөзі Адам Қадыровқа алты айға қатаң диета тағайындалғанын айтқан. Жақ сүйегінің сынуына байланысты ол қатты тағамдар жей алмайды. Осыған байланысты кіші Қадыров үш апта ішінде көп салмақ жоғалтқан.

Сонымен қатар, дәрігерлер Адам Қадыровтың көру жүйесіне зақым келгенін анықтаған. Оның салдары әзірге белгісіз. Бірақ болашақта бір көзі көрмей қалуы мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱2❤1
"Екіжақты қарым-қатынастарымыз бұрыңғыдан да мықты" - АҚШ елшісі Қазақстан туралы

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули М. Стафф Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады.

Елші АҚШ-пен тарихи деңгейдегі екіжақты қарым-қатынас орнатуға әлеуеті ең үлкен ел ол - Қазақстан екенін атап өтті.

- Астанаға бір ай бұрын келдім. Ауа райы суық болғанымен, қазақстандықтардың, Қазақстан үкіметінің, елшіліктегі әріптестердің ықыласы ерекше жылы болды. Отбасыммен бірге өзімізді өз үйіміздегідей сезініп жатырмыз, – дейді елші. 

Джули М. Стаффтың сөзінше, Америка Құрама Штаттары  – Қазақстанмен ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекет. 

- Отыз бес жылдай  біз өзара құрметке, ортақ құндылықтарға және жақсы әлемді бірге құру идеясын негізге алған серіктестік орнаттық. Қазақстанның егемендігіне деген біздің адалдығымыз берік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірге қол жеткізген жетістіктеріміз бен дамуымызды мақтан тұтуға толық негіз бар, – дейді ол. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2👍1
Экобелсендіні сотқа берген алматылық депутат жеңіліп қалды

Алматыда сот мәслихат депутаты Тимур Елеусізовтің Салтанат Тәшимоваға қарсы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Депутат оны әлеуметтік желідегі жазбасымен ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп танып, сотқа жүгінген.

Сот талқылауына 2025 жылғы 10 қазанда жарияланған жазба түрткі болды. Онда белсенді депутаттың өзіне жала жапқанын және Баум тоғайын абаттандыру жобасына қатысты тұрғындармен кездесуде өзін орынсыз ұстағанын айтқан. Елеусізов бұл мәлімдемелерді қорлау деп санап, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап-арыз түсірген.

ДЕПУТАТ ЖЕҢІЛДІ

Сот шешіміне сәйкес, Елеусізовтің Тәшимованы Facebook-тегі жазбасын өшіруге, кешірім сұратуға және моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеу туралы талаптары қанағаттандырылған жоқ. Сот талап-арызды толықтай кері қайтарды.

– Ол өз айыптауларын дәлелдей алмады. Бұл әлі түпкілікті жеңіс емес, мен ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау жөнінде қарсы талап-арыз беріп, кеткен сот шығындарын өндіріп аламын! – деп жазды Салтанат Тәшимова әлеуметтік желіде.

ЖАНЖАЛ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Депутат пен белсендінің арасындағы дау Алматыдағы ең ірі жасыл аймақтардың бірі – Баум тоғайына қатысты ұзаққа созылған пікірталас аясында туындаған. Билік бұл аумақты абаттандыруды жоспарлап отыр: жаяу жүргіншілер жолдарын, жарықтандыру мен инфрақұрылым салу көзделген. Ал белсенділердің бір бөлігі мұның соңы ағаштардың кесілуіне және коммерциялық құрылысқа жол ашуы мүмкін деп алаңдайды. Баум тоғайы – мемлекеттік табиғи ескерткіш, сондықтан оның экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін кез келген жұмыстарға тыйым салынғанын сол кезде Салтанат Тәшимова мәлімдеген еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қазақ тілінің өркендеуіне дайын болуымыз керек": АҚШ елшісі қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 13 ақпанада Астанада АҚШ елшісі Джули М. Стаффт журналистер алдында баспасөз мәслихатын өтізді. Жиынға Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева да қатысты.
Баспасөз брифингінде Джули М. Стаффт қазақ тіліне қатысты пікірін айтты.

– Қоғамда қызу пікірталас тудырған қазақ тілін орыс тілімен теңестіру мәселесі болды. Қазір Конституциядан орыс тілі мен қазақ тілінің мәртебесі тең дегенді алып тастап, қатар деп өзгертілді. Жалпы, осы пікірталасты қадағалап отырсыз ба? Сосын, бір байқағаным, бізде көптеген елшілер қазақ тілін Қазақстанға келіп, тез меңгеріп жатады. Сол тұрғыда сіз өзіңіз қазақ тілін оқып жатырсыз ба?, – деп сұрады Самал Ибраева.

– Мен өзімнің алдымдағы елшілер сияқты қазақ тілін үйренуге тырысып жатырмын. Бәлкім сіздер маған көмектесіп қаларсыздар. Қойған сұрағыңыз орынды. Бірақ біз АҚШ елшісі ретінде барған елімізде тіл саясатына әсер ете алмаймыз. Біздің қолымыздан келетіні барған дипломаттарды барынша қазақ тілінде жетік меңгеруге үйрету», – деді Джули М. Стаффт.

Бұдан бөлек, Джули М. Стаффт Қазақстанда жаңа буын ересектерге қарағанда қазақ тілінде сөйлеуге ұмтылатынын байқадым деді. Ол АҚШ Қазақстандағы әрбір салада қазақ тілінің өркендеуіне дайын болу керек екенін екенін айтты.

– Біздің білуімізше, Қазақстандағы жаңа ұрпақ барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысады. Бұрынғы, ересек ұрпаққа қарағанда және маған сіздердің ойларыңызды білген қызықты, қазақ тілінің болашағы жөнінде. Біздің тарапымыздан, Қазақстанның әрбір саласында қазақ тілінің өркендеуіне дайын болуымыз керек, – деді ол. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4😁1🤮1
АҚШ елшісі Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл туралы пікір білдірді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт Астанада журналистермен алғаш рет кездесті.

Журналистермен әңгіме барысында Джули Стаффт Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді.

- Біз КҚК-ның маңызын тек Қазақстан үшін ғана емес, америкалық компаниялар үшін де, сондай-ақ бұл мұнайды сатып алатын Еуропа мен әлемдік нарық үшін де жақсы түсінеміз. Сондықтан осы арнаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық серіктестермен және мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, — деді дипломат Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 13 қаңтарда Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумы терминалына бағыт алған қазақстандық мұнай тиелген екі танкерге дрондармен шабуыл жасалған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл украин дрондары арқылы жасалған болуы мүмкін. Бұл соңғы үш айда Қазақстанның мұнай экспортына жасалған екінші ірі соққы саналады. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты елеулі алаңдаушылық білдірген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Елші Тоқаевқа Трамптың ізгі тілегі мен ризашылығын жеткізді

Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1
Жақсылық Омар ұсталды ма? Ресми жауап

Қазақстандық БАҚ пен Telegram-арналарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Біз бұл жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінен пікір сұрадық. Ведомство ресми сауал жолдауды өтінді. Сауал жолданды, алайда материал шыққан сәтке дейін жауап түскен жоқ.

ЖАУАПСЫЗ ЖАУАП

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде бұл жағдайға қысқаша әрі мән-жайсыз түсініктеме берілді.

— Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Интернетте тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Қолда бар мәліметке сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, ұсталғаны жөнінде ресми растау жоқ. Алайда бұл ақпаратты нақты жоққа шығару да жасалған жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келесі келіссөздер қашан өтеді

Politico басылымы Украина, Ресей және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздер келесі аптада қайта жалғасуы мүмкін екенін хабарлады. Кремль бұл ақпаратты растады, алайда өтетін орынды нақтыламады.

Кремль Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздер келесі аптада жалғасатынын растады, деп жазады Медуза.

- Жаңа келіссөздер раундының шынымен де келесі аптада өтетіні жөнінде келісім бар. Өтетін орны мен нақты күндері туралы қосымша хабарлаймыз, — деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

АБУ-ДАБИ МЕ, ӘЛДЕ МАЙАМИ МЕ?

Үшжақты келіссөздердің келесі аптада қайта басталуы мүмкін екені туралы Politico дереккөздеріне сілтеме жасап жазды. Келіссөз өтетін орын ретінде екі жер қарастырылып отыр — Абу-Даби мен Майами.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
32 жыл күткен алтын – ақыры қолымызда! 🥇🇰🇿

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан–Кортина–2026 Олимпиадасында топ жарып, чемпион атанды.

Қысқа бағдарлама қорытындысында ол 92,94 ұпаймен бесінші сатыда тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, төрешілерден 198,64 ұпай алды.

Екі бағдарлама нәтижесі бойынша 291,58 ұпай жинаған Шайдоров Олимпиада алтынын иеленді. Айта кетерлігі, ол жарыс барысында бес төрттік секіруді мінсіз орындады.

Күміс медаль 280,06 ұпаймен жапониялық Юма Кагиямаға бұйырса, қола жүлдені 274,90 ұпай жинаған тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато еншіледі.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17❤3