32 жыл күткен алтын – ақыры қолымызда! 🥇🇰🇿
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан–Кортина–2026 Олимпиадасында топ жарып, чемпион атанды.
Қысқа бағдарлама қорытындысында ол 92,94 ұпаймен бесінші сатыда тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, төрешілерден 198,64 ұпай алды.
Екі бағдарлама нәтижесі бойынша 291,58 ұпай жинаған Шайдоров Олимпиада алтынын иеленді. Айта кетерлігі, ол жарыс барысында бес төрттік секіруді мінсіз орындады.
Күміс медаль 280,06 ұпаймен жапониялық Юма Кагиямаға бұйырса, қола жүлдені 274,90 ұпай жинаған тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато еншіледі.
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17❤3
ULYSMEDIA.KZ
32 жыл күткен алтын – ақыры қолымызда! 🥇🇰🇿 Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан–Кортина–2026 Олимпиадасында топ жарып, чемпион атанды. Қысқа бағдарлама қорытындысында ол 92,94 ұпаймен бесінші сатыда тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада…
Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша, Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.
– Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

❤4🤮4😁1
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттайды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Ақорданың хабарлауынша, Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш…
Михаил Шайдоров: Медальді Қазақстан халқына арнаймын
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін отандасымыз бұл жүлдеге қол жеткізу қиын болғанын айтты.
– Шынымды айтсам, әлі де сене алар емеспін. Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Бұл маусым мен үшін аса ауыр болды. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді.
Мен бұл Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым - өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын.
Шынымды айтсам, өзге спортшылар үшін де қатты алаңдадым. Өйткені Олимпиада - өте жауапты әрі жүйкеге салмақ түсіретін жарыс. Маған толқуды еңсеру бұйырды, ал кейбір спортшылар эмоциясын басқара алмады. Ұпай жарияланғанда аралық үшінші орынға көтерілгеніме де сене алмадым. Ал бірінші орын алғанымды түсінген сәтте тіпті…
Қолдау керемет болды. Әлеуметтік желіге кіру мүмкін болмады. Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді. Бәрі кино сияқты. Әзірше не болып жатқанын толық сезініп үлгермедім.
Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де аса маңызды. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалып, жастарға мүмкіндік берілсе екен деймін.
Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Қазақ мәнерлеп сырғанауының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын.
Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Оларға жанкүйер боламын. Қолымнан келгенше жарыстарға барып, қолдау көрсетуге тырысамын, – деді Олимпиада чемпионы.

❤16👍4
Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина биылғы маусымда жоғары деңгейдегі өнерін жалғастырып жатыр.
Дохада өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Анна сербиялық Александра Круничпен бірге Дабровски/Стефани жұбын сенімді түрде жеңді. Есеп – 6:3, 6:4.
Данилина үшін бұл – Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал. Отандасымыздың мұндай тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді.
Бас жүлде үшін Данилина мен Крунич Се Шувэй/Остапенко жұбымен таласады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

❤3
Наурыз айында ҰБТ тапсыратындар нені білуі керек
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.
Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

⚡️Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды
Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды.
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ
1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.
2022 жылдың 14 мамырынан бастап қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар мен еуро қаншадан саудаланып жатыр
Алматы
АҚШ доллары — сатып алу бағамы 495,12 теңге, сату бағамы 497,41 теңге;
Еуро — сатып алу бағамы 585,91 теңге, сату бағамы 590,54 теңге;
Рубль — сатып алу бағамы 6,35 теңге, сату бағамы 6,46 теңге.
Астана
АҚШ доллары — сатып алу бағамы 493,01 теңге, сату бағамы 500,03 теңге;
Еуро — сатып алу бағамы 585,03 теңге, сату бағамы 595,03 теңге;
Рубль — сатып алу бағамы 6,35 теңге, сату бағамы 6,65 теңге.
Шымкент
АҚШ доллары — сатып алу бағамы 495,65 теңге, сату бағамы 497,12 теңге;
Еуро — сатып алу бағамы 586,13 теңге, сату бағамы 591,37 теңге;
Рубль — сатып алу бағамы 6,38 теңге, сату бағамы 6,46 теңге.
Айта кетейік, валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары үйқамақта отыр
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты істі қарау 13 ақпанда өтуге тиіс болған. Алайда облыс прокуратурасы бұл іс бойынша әзірше ресми ақпарат ұсынбады.
МӘН-ЖАЙ
"Костанайские новости" басылымының сенімді дереккөздерге сілтеме жасап жазуынша, Гүлбарам Мұсағазина ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 3 және 4-бөліктері — "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша айыпталуда.
Оның есімі өңірдің денсаулық сақтау саласындағы атышулы сыбайлас жемқорлық ісі дауына іліккен. Қазіргі уақытта Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаевқа, оның орынбасары Ерболат Доспановқа және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубевке қатысты медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҮЙҚАМАҚ
Нәтижесінде облыс әкімінің орынбасарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған. Қостанайлық БАҚ-тың хабарлауынша, журналистер көшеден көлемі айтарлықтай үлкен зәулім үйді көрсеткен. Сенімді деректерге сәйкес, Мұсағазина сол үйде тұрады және алдағы уақытты аяғына тағылған арнайы электронды білезікпен сонда өткізеді.

🤔2
Александр Бублик Роттердамдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Роттердамда (Нидерланд) өткен турнирдің ширек финалында испаниялық Хауме Муньярді жеңді.
Бублик Муньярды үш сет қорытындысы бойынша — 6:4, 6:7 (4:7), 7:6 (7:3) ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.
КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАС КІМ?
Александрдың келесі қарсыласы — канадалық теннисші Феликс Оже-Альяссим (6-орын).
Айта кетейік, Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жүлде қоры – 2 462 660 еуро. Жеңімпаз 460 555 еуро табыс тауып, 500 рейтингтік ұпай иеленеді.
Турнирдің басты фавориті – аустралиялық Алекс де Минаур (8-орын). Ол жарыста бірінші нөмірмен ойнап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Дохадағы турнирдің финалына шыққанын хабарлаған едік.

🤮4
Ресей азаматтығын қазақстандыққа ауыстырған спортшылардың елге кіруіне тыйым салуы мүмкін
Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярев басқа елдердің атынан өнер көрсету үшін Ресей азаматтығынан бас тартқан спортшылардың елге кіруіне тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол "Центральный канал" бағдарламасының эфирінде айтты.
МӘН-ЖАЙ
Министрдің сөзінше, мемлекет спортшыларды даярлауға – жаттығу базаларына, бапкерлерге қомақты қаржы бөледі. Алайда кейбір атлеттер кейін спорттық азаматтығын өзгертіп, басқа елге кетеді.
– Ресейлік спортшы халықаралық жарыстарға қатысу үшін азаматтығынан бас тартса, онда оның елге кіруіне тыйым салып, барлық атағынан айыру керек. Өйткені мұндай әрекет – нағыз сатқындық, – деді Дегтярев.
Ол мұндай шара қандай құқықтық негізде енгізілетіні және қалай жүзеге асырылатыны жөнінде нақтыламады. Сондай-ақ министр осындай жағдайларда талаптарды қатаңдату туралы бұйрыққа қол қойғанын айтты. Оның айтуынша, спорттық азаматтығын өзгерткен шахматшылардың бірі гроссмейстер атағынан айырылған.

🤣6
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышы қыздар эстафетада өнер көрсетті
Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бұл сында ел намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады.
Қазақстандық шаңғышы қыздар 15-орынға ие болды.
Жарыста Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Швецияға бұйырды. Финляндия үшінші болып мәреге жетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қазақстан әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бұл сында ел намысын Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қорғады.
Қазақстандық шаңғышы қыздар 15-орынға ие болды.
Жарыста Норвегия құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Швецияға бұйырды. Финляндия үшінші болып мәреге жетті.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Могулшы Анастасия Городко Олимпиада ойындарының 1/4 финалына дейін жетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасында параллельді могул жарысы өтті.
Аталған бағдарламада Қазақстан құрамасының атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.
Үш спортшының ішінде жарыста ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді. Ол 1/16 финалда Қытай спортшысы Я Янды жеңді. 1/8 финалда франциялық Камиль Каброльден басым түсті.
Ал ширек финалда қазақстандық спортшы екі дүркін Олимпиада жүлдегері Джейлин Кауфпен кездесіп, жарыс барысында құлап, өнер көрсетуін аяқтады.
Юлия Галышева алғашқы кезеңнен сәтті өтіп, Оңтүстік Корея өкілі Юн Шин Ины жеңді. Алайда 1/8 финалда отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері жапониялық Хинако Томитакаға жол берді.
Аяулым Әмренова алғашқы айналымда канадалық Джессика Линтонге есе жіберді.

16 жастағы қазақстандық Оман елшісінің аудармашысы болды
Іс-шара дипломатиялық қабылдау форматында өтті. Оған елшілер, консулдар және шетелдік миссиялардың өкілдері жиналды.
ЖАС ТАЛАНТ
Қазақстандық 16 жастағы полиглот Оманның Қазақстандағы елшісінің аудармашысы ретінде қызмет атқарып, Иран Ислам Республикасының 47 жылдығына арналған ресми шараға қатысты.
Бахтияр Сәдібеков – араб тілінің маманы. Ол бұл тілді терең меңгеріп қана қоймай, өз қызығушылығын әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіп келеді.
Әлеуметтік желілерде оның 20 мыңнан астам жазылушысы бар.
– Тіл үйреніңіздер, достар. Тіл білу әлемді ашады, қарым-қатынас жасауға, мәдениетті түсінуге, байланыс орнатуға және жаңа достар табуға көмектеседі. Әрбір тіл – жаңа мүмкіндіктер, жаңа тәжірибе, жаңа кездесулер. Бүгін бастаңыздар, сонда әлем сізге жақындай түседі, – деп жазды Бахтияр Сәдібеков Instagram-дағы парақшасында.

👍7❤1
Айзат Жұманова ісі бойынша апелляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық шағым қашан қаралатыны белгілі болды.
Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, шағым 25 ақпан күні сағат 15:30-да қаралады.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 2025 жылы жазда әлеуметтік желілерде Ақсу ауданында әйелдің қатты соққыдан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді.
Туыстарының айтуынша, ол бірнеше сағат бойы зорлық-зомбылық көрген, ал оқиға оның екі жасар қызының көзінше болған.
Марқұмның күйеуі күдікке ілінді.
Бастапқыда іс абайсызда адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша тергелді. Кейін айып "Адам өлтіру" бабына ауыстырылды.
Бірінші сатыдағы сот процесі қараша айының соңында басталды. Онда ондаған куә мен сарапшылардан жауап алынды. Мәйітті эксгумациялағаннан кейін қосымша сараптаманы тәуелсіз комиссия жүргізді.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда 9 қаңтарда сот оған орташа қауіпсіздік колониясында 14 жыл жаза тағайындады.
Марқұмның отбасы бұл шешіммен келіспей, қатаңырақ жаза талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путинге қатысты мәлімдеме жасады.
Зеленскийдің айтуынша, Путин қарапайым адамдар сияқты өмір сүрмейді, биліксіз немесе биліктен кейінгі өмірді елестете алмайды.
“Ол өзін патша ретінде көруі мүмкін, бірақ шын мәнінде соғыстың құлына айналған”, - деді Зеленский.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Зеленскийдің айтуынша, Путин қарапайым адамдар сияқты өмір сүрмейді, биліксіз немесе биліктен кейінгі өмірді елестете алмайды.
“Ол өзін патша ретінде көруі мүмкін, бірақ шын мәнінде соғыстың құлына айналған”, - деді Зеленский.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10💯7💩2🔥1
Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды
Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті.
Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувеймен кездесті.
Шешуші кездесу Анна мен Александраның жеңісімен аяқталды – 0:6, 7:6, 10:8.
Айта кетейік, Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Жұптық сайыста Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Анна Данилина Қатардың Доха қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші жарыста сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті.
Финалда Данилина мен Крунич латвиялық Елена Остапенко мен тайбэйлік Се Шувеймен кездесті.
Шешуші кездесу Анна мен Александраның жеңісімен аяқталды – 0:6, 7:6, 10:8.
Айта кетейік, Данилина үшін бұл — Australian Open додасынан кейінгі ірі жарыстардағы қатарынан екінші финал.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Ақтауда қаңтарда жоғалған 38 жастағы әйелдің денесі табылды
Ақтауда қаңтар айының соңында жоғалып кеткен әйелді іздеу жұмыстары аяқталды. Полиция оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Әлеуметтік желілерде 30 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалған 38 жастағы Ақтау тұрғынының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген әйелдің денесі табылған.
САРАПТАМА
Полиция өкілдері өлімнің нақты себебі мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты. Оқиғаға құқықтық баға барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң беріледі.
ІЗДЕУ
Әйел 30 қаңтар күні 35-шағынаудандағы үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Сол сәттен бастап полицейлер тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.

😢2🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы өтті
21 жастағы Нұрай Серікбайдың дүниеден өткеніне қырық күн толды. Марқұмның туыстары құран бағыштап, ас берді. Оны еске алуға жүздеген адам – туған-туысы, достары, курстастары мен ұстаздары жиналды.
НҰРАЙСЫЗ ӨТКЕН 40 КҮН
Жалғыз перзентінен айырылған ата-ананың қайғысы әлі де басылар емес. Еске алу барысында экраннан Нұрайдың балалық шағынан студенттік кезеңіне дейінгі суреттері көрсетілді. Анасы қызына арнаған жүрекжарды өлеңін оқып, оның мейірімі мен жарқын болмысын, орындалмай қалған армандарын еске алды.
▪️УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ДА КЕЛДІ
Асқа Нұрай білім алған Алматыдағы оқу орнының өкілдері арнайы қатысып, оның үздік студенттердің бірі болғанын айтты.
– Нұрай өте тәрбиелі, нәзік мінезді, айналасына шуақ шашып жүретін қыз еді. Биыл оқуын тәмамдауға аз ғана уақыт қалған еді… Өкінішке қарай, арманына жете алмады. Мұнда оның топтастары да отыр. Бәріміздің жүрегімізге ауыр тиді, – деді кураторы Сәуле Нұрбай.
Нұрай мектепті "Алтын белгімен" бітіріп, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының дизайн факультетіне грантқа түскен.
– Төрт жыл бойы ол жоғары нәтижелер көрсетіп, студенттік өмірге белсенді қатысты. Бұл — бәріміз үшін ауыр қаза. Академия үшін орны толмас жоғалту, – деді декан.
▪️КОНТЕКСТ
Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнебақылау камераларының жазбаларында ер адамның қызды қуып жетіп, оның қашуға және қарсылық көрсетуге тырысқанына қарамастан пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді. 13 қаңтарда күдікті 28 жастағы өңір тұрғыны қала шетінен 10 шақырым қашықтықта ұсталды.
Кейін белгілі болғандай, шабуыл кенеттен жасалмаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, оған дейін бірнеше ай бойы қудалау болған және алып қашу (қалыңдықты ұрлау) оқиғасы да болған. Отбасы полициядан бірнеше рет көмек сұрағанымен, олардың арыздары қабылданбаған.

😢3👍2🙏1
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел атынан кімдер өнер көрсетеді
Бүгін, 15 ақпанда, Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы төрт спорт түрінде сынға түседі.
Жарыстарда шаңғы спорты, конькимен жүгіру, фристайл-могул және биатлоннан спортшыларымыз өнер көрсетеді.
Спорт түрі: Шаңғы спорты, алып слалом (әйелдер)
Спортшы: Александра Скороходова
Уақыты: 14:00 (1-жарыс), 17:30 (2-жарыс)
Спорт түрі: Фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Спортшы: Павел Колмаков
Уақыты: 14:30
Спорт түрі: Биатлон, 12,5 км қуу (ерлер)
Спортшы: Владислав Киреев
Уақыты: 15:15
Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Спортшылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко
Уақыты: 21:03

❤2
Қонаевтің жиені – инженер Алтай Қадыржанов өмірден озды
Қазақстан энергетика саласының көрнекті маманы, мемлекеттік қызметкер, ХХ ғасырдың әйгілі инженері Алтай Қадыржанов өмірден өтті.
Қаралы хабарды Дінмұхамед Қонаев халықаралық қоры естіртті.
Алтай Қадыржанов — СССР құрметті энергетигі, "Құрмет" орденінің иегері, ХХ ғасырдың көрнекті инженері.
Қордың хабарлауынша, оның басшылығымен ірі энергетикалық нысандар дамып, жылу және электрмен қамтамасыз ету жүйелері жүйеленген.
– Ол елдің энергетикалық жүйесін құруға үлес қосқан ұрпақтың өкілі болды. Оның кәсіби жолы — елге адал қызмет, принципшілдік және жауапкершілікке негізделген, жеке амбицияға емес, Отанға қызмет етуге бағытталған. Дінмұхамед Қонаевтың інісі болғанына қарамастан, ол ешқандай артықшылыққа жол бермей, беделін тек еңбегі, білімі мен ісімен көрсетті. Алтай Қамалұлы инженер және басшы ғана емес, кең дүниетанымды адам, меценат еді. Ол қиын жылдары мәдениет, ғылым және ұлттық бастамаларды қолдады. Ол әрқашан әріптестері, шәкірттері және оны жеке білетін адамдардың есінде қалмақ. Қайғысына ортақпыз: отбасына, туыстарына және Қазақстанның энергетика қауымдастығына көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.
Алтай Қадыржанов 83 жасында өмірден өтті.

❤2🙏1