Өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады: Қаржы министрлігі шартын атады
Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілеріне негізгі қарызды толық өтеген жағдайда ескі салықтық айыппұлдар мен өсімпұлдардан құтылуға мүмкіндік беріледі. Тиісті қағидаларды Қаржы министрлігі бекітті.
Кімге қолданылады
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар микро және шағын бизнес субъектілері
Қандай шарттарды орындау қажет
Негізгі талап — негізгі қарыз сомасын (салық берешегін) 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезеңде толық өтеу.
Не есептен шығарылады?
Негізгі қарыз толық өтелген жағдайда:
Толық төленген күнге дейін есептелген барлық өсімпұл есептен шығарылады; Берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;
Егер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған болса, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша тіркеуге тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматы әуежайына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Сот материалдарына сәйкес, әуе айлағы Түрксіб ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы 2025 жылғы 11 қарашада берген нұсқаманы орындамаған. Құжатқа сай, әуежай 2026 жылғы 9 қаңтарға дейін анықталған заңбұзушылықтарды жоюы тиіс болған. Атап айтқанда, Air Astana centre 3 ғимаратының батыс жағында контейнерлердің ғимараттардан 18 метрден жақын орналастырылғаны көрсетілген.
Сондай-ақ тексерушілер үй-жайлардың жоспарлануындағы өзгерістерге назар аударған: соның салдарынан халықаралық T-2 терминалының жүк бөлімінде автоматты өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйесінің қамту аймағы қысқарған. Жоспардан тыс бақылау тексерісі барысында талаптардың орындалмағаны анықталды.
Нәтижесінде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот 2 162 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл ретте әуежайдың жұмысы тоқтатылған жоқ. Қаулыда қызметті тоқтату елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін екені, сондай-ақ мұндай шараны қолдану міндетті еместігі атап өтілген.

👍1
Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамады
Қазақстандық танымал ММА жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы өлімге соқтырған жол апатына қатысты іс бойынша өз кінәсін мойындаған жоқ. Алдын ала сот тыңдауы Тараз қаласында өтті.
Сот отырысы барысында Гүлайым Рахмонованың адвокаты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұраған.
Оның айтуынша, жүргізілген автотехникалық сараптама жол-көлік оқиғасының нақты себептеріне біржақты жауап бермеген. Қорғаушы көліктің барлық төрт дөңгелегі зақымданғанын, бұл басқаруға әсер етіп, жүргізушінің апаттың алдын алу мүмкіндігін шектегенін айтты. Ол қайтадан кешенді сараптама тағайындауды талап етті.
Рахмонованың өзі кінәсін мойындамады. Ол жақындарынан айырылып, ауыр қайғыны бастан өткеріп жатқанын айтып, соттан өз ұстанымына түсіністікпен қарауды сұрады.
Прокурор істі қайта тергеуге қайтаруға қарсы шықты. Оның сөзінше, сотқа дейінгі тергеу барысында әйел өз кінәсін мойындаған, сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар жүргізілген.
Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, бұл кезеңде оны қарау ерте екенін атап өтті. Дегенмен, қорғау тарапы негізгі сот талқылауы кезінде бұл өтінішті қайта көтере алады. Қазіргі таңда Рахмонова елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

❤4
«Украина келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отыруы керек» – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Киевке келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отыру қажет екенін айтты.
Трамп сейсенбі күні Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасында өтетін келіссөздердің маңызын атап өтті.
- Украина келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отырғаны дұрыс. Айтарым — осы. Біз олардың келгенін қалаймыз. Бұл — маңызды келіссөздер, — деді Трамп.
АҚШ президенті алдағы келіссөздерден не күтетінін сұраған кезде, «бәрі жеңіл өтеді» деген пікір білдірді.
КОНТЕКСТ
Украина дағдарысын реттеу жөніндегі Ресей–АҚШ–Украина форматындағы келіссөздердің үшінші раунды сейсенбі күні Женева қаласында басталады.

🤬5❤1😢1
ULYSMEDIA.KZ
"Жергілікті қызметкерлерді қуып, орнына ресейліктерді алған". Танымал мейрамханада шу шықты Алматылық тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27 жастағы ұлы Әлібек Қаратайдың жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын айтып, қоғамнан қолдау сұрады. Оның айтуынша, ұлы…
Желідегі даудан кейін Burger King басшыларының бірі уақытша қызметінен шеттетілді
Мән-жай
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, даудан кейін Burger King желісінде қызметтік тексеріс жүргізілген.
«Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (“QSR” ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Контекст
Бұған дейін Алматы тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27 жастағы ұлы Әлібек Қаратайдың жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын айтып, қоғамнан қолдау сұраған. Ол ұлыныңтөрт жыл бойы Burger King желісінде тұрақты жұмыс істеп, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезініп келгенін айтқан. Алайда, жағдай аймақтық жаңа басшы келгеннен кейін өзгерген. Жанат Қаратайдың сөзінше, Сергей есімді жаңа өңірлік жетекші тағайындалған соң, ұлына қатысты «үнсіз қысым» басталған.
Желідегі шудан кейін компания өкілдері ресми жауап берді. Олардың сөзінше, Әлібек Қаратай жұмыстан шығарылмаған.

❤5
Ресей қазақстандық бизнеске жаңа тосқауыл ойлап тапты
Ресей ЕАЭО-ға мүше өзге елдердің тауарларынан ішкі нарығын қорғаудың тағы бір амалын ойлап тапты. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді демей ме, ресейлік биліктің бұл амалы Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь немесе Армениядан келетін кез келген тауарды ел нарығына кіргізбеудің арам амалы ғана. Ulysmedia.kz ресейліктер өз нарығын қорғау үшін тағы қандай жаңалық ойлап тапқанын баяндайды.
Кездейсоқ оқ па, нысанаға дәл тиген соққы ма?
2026 жылғы 6 ақпаннан бастап РФ Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қол қойған Ресейге тауар әкелу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы қаулы күшіне енді. Енді елге кіргізілетін әрбір тауарға тәуелсіз ұйымдар беретін сәйкестік сертификаты қажет.
ЕАЭО заңнамасына сәйкес, мұндай сертификатты Одаққа мүше кез келген елде алуға болады, өйткені одақты құрудағы мақсат та осы – тең қолжетімділік пен тауарлардың нарыққа еркін кіруі ЕАЭО шарттарынданақты бекітілген. Алайда Ресей ЕАЭО елдерінен өз аумағына келетін тауарлардың импортына өзі жеке реттеу енгізуге құқылымыз деп шешкен.

👎6🤬4🤮1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Министр Нағаспаев журналистердің сұрақтарына жауап бермеуді жөн көрді
Жоспарланған кездесуді сылтауратқан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясына бар болғаны 20 минут қана бөлді.
Журналистердің көбі дәл осы Өнеркәсіп министріне бағытталды: зауыттар, жер қойнауын игеру және берік өнеркәсіптік қаңқаның өзге де құрамдас бөліктері елдің өркендеуінің басты кепілі саналады. Алайда бұл салаларда мәселе де аз емес — пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялардың ашық бөлінбеуі, несиелер мен инвестицияларға қолжетімділік сияқты түйткілдер жетерлік. Осы мәселелердің барлығына құзыретті жауапты министрдің өзі бермегенде, кім беруі керек?
Оның үстіне журналистер Ерсайын Нағаспаевты көптен бері көрмеген. Министр брифингтерге сирек шығады, тіпті Жер қойнауы туралы кодекс Мәжілісте қаралған кезде де оның орнына көбіне вице-министрлер келген.
Редакциямыздың да Ерсайын Нағаспаевқа қоятын нақты сұрақтары болған. Алайда 20 минут ішінде баспасөз конференциясына қатысқысы келген 20 журналистің тек бесеуі ғана министрмен тілдесуге мүмкіндік алды.

🤬4👎2
Өзін-өзі жұмыспен қамту заңды болады: нені білу керек?
Биылдан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексі аясында Қазақстанда барлығы үш салық режимі қолданылады. Соның бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы салық режимі. Шағын кәсіп иелері бұл режимге 1 наурызға дейін ауыса алады.
Арнайы салық режиміне қандай қызмет түрлері енеді
Үкімет «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, 46 түрлі қызмет бағыты осы режим аясында жұмыс істей алады. Тізімге күнделікті өмірде сұранысқа ие және шағын кәсіпкерлер жиі көрсететін қызметтер енгізілген.
Атап айтқанда, құрылыс және жөндеу саласындағы жұмыстар — сылақ, сырлау, ағаш ұсталығы, еден төсеу, сондай-ақ тұрмыстық техника, жиһаз, компьютер, сағат және зергерлік бұйымдарды жөндеу қызметтері қамтылған. Сонымен қатар такси жүргізу, жүк тасымалдау, жеңіл және жүк көліктерін жалға беру де осы санатқа жатады.

👍2
Қарағанды облысының шахтёрлері мен металлургтері тегін медициналық тексерістен өте алады
Qarmet компаниясы өндірістік медицинаны қайта жандандыру бағдарламасын іске асырып жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылы QarMed клиникалық-диагностикалық орталығы құрылды. Орталықта кеңес беруден бастап заманауи диагностикаға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрі, сондай-ақ медициналық құжаттарды бір жерде рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады.
Жыл сайынғы міндетті медициналық тексерулер аясында Qarmet қызметкерлері бұл орталықта кешенді тексеруден тегін өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады. Бұл — компанияның өндірістік медицинаны қайта жандандыруға және персоналдың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі бағдарламасының бір бөлігі.
Орталық сапалы, қолжетімді және жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған, артық күтусіз қызмет ұсынады. Мұнда жалпы және тар бейінді білікті мамандар қабылдайды: терапевт, кардиолог, хирург, отоларинголог, офтальмолог, невропатолог, дерматолог, акушер-гинеколог, психиатр-нарколог және басқа да дәрігерлер.
Орталық ғимараты күрделі жөндеу мен жаңғыртудан кейін толықтай жаңартылды. QarMed заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай келетін ең жаңа медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда эндоскопиялық зерттеулер (ФГДС, колоноскопия), функционалдық диагностика (ЭКГ, холтер, СМАД, тредмил-тест, спирография, ЭЭГ, аудиометрия), сондай-ақ сәулелік зерттеулердің толық кешені — МРТ, УДЗ және рентген жүргізіледі.

❤2
Келісі 10 мың теңге: Үкімет кулуарында ет бағасы қызу талқыға түсті
Үкімет отырысынан кейін өткен брифинг барысында квазимемлекеттік компания басшысы мен Ауыл шаруашылығы ведомствосының өкілі ет бағасына қатысты пікір білдірді. Екеуі де сиыр етінің бір келісі 8 мың теңгеден арзан болуы мүмкін емес деген ойға тоқтасты. Дегенмен, кейбір нюанстар бар.
Өзімізді де, көршіні де асырау
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов та фермерлерге қазіргі сөрелердегі бағадан жоғары баға қажет екенін жасырмады. Бірақ оның айтуынша, министрлік отандық тұтынушы мен өндірушінің мүддесін бір-біріне зиян келтірмей үйлестіру жолын біледі.
– Ет бағасы туралы айтқанда, бағаның өсуі әрдайым ішкі нарықта қымбатшылық болып жатыр деген сөз емес. Бізде көрші экспорттық нарықтар бар, онда етке «тартымды» баға ұсынылады — Өзбекстан, Түркия және басқа елдер. Біз сол жақта табыс табамыз. Ол үшін мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданды. Бұл ірі қара мен ұсақ малдың, жалпы мал басының күрт өсуіне алып келеді. Мал саны артқан кезде экспорттық шектеулер алынып тасталады, бұл фермерлерге үлкен қолдау болады. Олар сыртқы нарықтан табыс табады, ал сиыр етіне қатысты бұрын болған жағдайларды қайталамаймыз, себебі нарық өнімге толады, – деді Азат Сұлтанов.

😭3🤬1
Алматыда жер сілкінісі болды
ТЖД жер сілкінісі болғанын растады.
Бекітілген іс-қимыл алгоритмге сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабарланды, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

🤯4
Қазақстан әскерінде тағы бір сарбаз қаза тапты
17 ақпанда Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.
ТЕРГЕУ
Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
КОМИССИЯ
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия жіберілді.
ҚАЗА
Айта кетейік, биыл қаңтар айының өзінде Қазақстанда екі сарбаз қаза тапты. Екеуі де ресми дерек бойынша өзіне қол жұмсаған. Алайда олардың жақындары сарбаздар өзіне қол салды дегенге сенбейді.

🤬6
ULYSMEDIA.KZ
Алматыда жер сілкінісі болды ТЖД жер сілкінісі болғанын растады. Бекітілген іс-қимыл алгоритмге сәйкес тиісті мемлекеттік органдар хабарланды, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан…
Алматыдағы жер сілкінісі: Неге тұрғындардың барлығына бірдей ескерту хабарламасы жолданбады?
Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Алайда тұрғындардың барлығына бірдей алдын ала ескерту хабарламасы жолданбаған. Осы жайтқа байланысты төтенше жағдайлар министрлігі ресми түсініктеме берді.
Мән-жай
Министрлік мәліметінше, жедел хабарлау жүйесі тек жер сілкінісінің күші 5 баллдан асқан жағдайда ғана іске қосылады.
«Жер сілкінісінің күші 2 балл болғандықтан Mass Alert жүйесі қосылған жоқ. Бұл жүйе 5 балл және одан жоғары көрсеткіш кезінде ғана жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер жоқ. Азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген ведомство хабарламасында.
Сейсмикалық дүмпу бүгін сағат 15:08-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Есік қаласы маңында орналасқан. Ұлттық деректер орталығы оның магнитудасын 5 балл деп бағалады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Алайда тұрғындардың барлығына бірдей алдын ала ескерту хабарламасы жолданбаған. Осы жайтқа байланысты төтенше жағдайлар министрлігі ресми түсініктеме берді.
Мән-жай
Министрлік мәліметінше, жедел хабарлау жүйесі тек жер сілкінісінің күші 5 баллдан асқан жағдайда ғана іске қосылады.
«Жер сілкінісінің күші 2 балл болғандықтан Mass Alert жүйесі қосылған жоқ. Бұл жүйе 5 балл және одан жоғары көрсеткіш кезінде ғана жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер жоқ. Азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген ведомство хабарламасында.
Сейсмикалық дүмпу бүгін сағат 15:08-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Есік қаласы маңында орналасқан. Ұлттық деректер орталығы оның магнитудасын 5 балл деп бағалады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3🤬2
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Франциядағы элиталық пәтерлер сатылымға шығарылды
Францияның оңтүстігіндегі Антиб мүйісінде орналасқан элиталық Parc du Cap тұрғын үй кешенінен пәтерлер сатылымға қойылды. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, бұл нысандар Қазақстан билігі тәркілеген активтерге толық сәйкес келеді. Әңгіме экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның үш жұбайына тиесілі болған мүлік туралы болып отыр.
Маңызды деректер
“Выход к морю” телеграм арнасының мәліметінше, пәтерлерді сату туралы хабарландырулар шетелдік жылжымайтын мүлікке арналған Prian агенттігінің сайтында жарияланған. Сатылымда тұрған төрт пәтердің жоспарлануы мен орналасуы Қайрат Сатыбалды және оның жұбайлары — Саида Қанатбекқызы, Әсел Бахтиярқызы мен Гүлмира Қауасқызына тиесілі болған активтерге дәл келеді.
Аталған пәтерлер KS Propriete, SK Propriete, AB Propriete және GK Propriete атты төрт компанияның атына рәсімделген. Бұл заңды тұлғалар Монакода тіркелгендіктен, қазіргі нақты иесін ашық дереккөздер арқылы анықтау мүмкін емес. Дегенмен активтер Қазақстан пайдасына тәркіленгенін ескерсек, оларды басқару құқығы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы қарамағына өткен болуы ықтимал.
Франциядағы бұл жылжымайтын мүліктің жалпы құны шамамен 8,7 млн еуро. Сатылымнан түскен қаражат Қазақстан бюджетіне аударылуы тиіс.

🤔3
Қырғызстанда президент сайлауының күні белгіленді
Қырғызстанның Конституциялық соты 2010 жылғы Конституция нормалары бойынша сайланған президенттің мандаты бастапқыда белгіленген алты жылдық мерзім аяқталғанға дейін күшінде болуы тиіс деген шешім қабылдады.
2021 жылғы Конституцияда бекітілген бес жылдық өкілеттік мерзімі бұрын басталып кеткен мандатқа қолданылмайды. Сот шешімінде сайлау мандаты — халықтың ерік білдіруінің нәтижесі болып табылатын аяқталған заңды факт екені, сондықтан оның параметрлері, соның ішінде өкілеттік мерзімі, кері күшпен, яғни кейіннен өзгертіле алмайтыны атап өтілген.
Сот Қырғыз Республикасының «Конституция туралы» заңының 3-бабына сілтеме жасады. Аталған нормаға сәйкес, алты жылдық мерзімге сайланған президент осы мерзім бойы қызметін жалғастырады және бұл мерзім «екі мерзімнен аспау» шектеуі аясында бірінші мерзім ретінде есептеледі. Алты жылдық мерзімді бірінші мерзім деп есептеу оны қысқартуды білдірмейді, бұл тек мерзім санына қатысты ережені қолдануға әсер етеді, ал қолданыстағы мандаттың аяқталу күнін өзгертпейді.
САЙЛАУ
Осылайша, қазіргі президент алты жылдық толық мерзімін аяқтайды, ал бес жылдық өкілеттік туралы ережелер келесі сайлау циклдеріне қолданылады. Сотта өкілеттік мерзіміне қатысты жария пікірталастар мандатты мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз бола алмайтыны да атап өтілді. Мұндай негіздер болмаған жағдайда кезекті сайлау циклі тәртібі қолданылады.
Келесі президент сайлауы 2027 жылғы қаңтардың төртінші жексенбісінде — 24 қаңтарда өтуі тиіс. Сайлауды тағайындау туралы шешімді Жогорку Кенеш дауыс беру күніне кемінде төрт ай қалғанда, яғни 2026 жылғы 24 қыркүйектен кешіктірмей қабылдауға міндетті.

🤔4❤1
Украина Ресейдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының біріне соққы жасады
Украина әскері Краснодар өлкесіндегі Ильский мұнай өңдеу зауытына соққы бергенін мәлімдеді.
Украина Қарулы күштері Бас штабының хабарлауынша, нысана дәл тигізіліп, зауыт аумағында өрт шыққан. Ильский мұнай өңдеу зауыты Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі саналады әрі ресейлік армияны қамтамасыз етуге тартылған, деп жазады BBC.
Таңертең Краснодар өлкесі әкімшілігінің жедел штабы ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан Ильский МӨЗ аумағында өрт шыққанын хабарлады. Өрттің жалпы аумағы шамамен 700 шаршы метр.
Сондай-ақ Краснодар өлкесінің билігі таңғы уақытта Қара теңіздегі Тамань портына дрондармен кезекті шабуыл жасалғанын және мұнай өнімдері сақталған резервуардың жанғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Саратов мұнай өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылының егжей-тегжейі белгілі болған еді. Украина Қарулы күштері Бас штабының дерегінше, Саратов МӨЗ — Ресейдегі ең көне мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі. 2023 жылы онда мұнай өңдеу көлемі 4,8 млн тоннаға жеткен. Бұл кәсіпорын да ресейлік армияның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысады.

🔥7👍3❤2👎1
Ресей жатақханада намаз оқыған өзбекстандықты елден шығарып жіберді
Өзбекстан азаматы Нижневартовскіде сот шешімінен кейін Ресейден шығарылды. Ер адам діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот материалдарына сәйкес, шетелдік азамат вахталық әдіспен жұмыс істеп, өндірістік база аумағындағы жатақханада тұрған. Сот дерегінше, ол күн сайын бөлмесінде намаз оқыған, бұл кезде есік ашық қалып, басқа тұрғындардың кіруіне мүмкіндік болған. Сонымен қатар ер адам айналасындағыларға өз діні туралы айтып, діни әдебиеттерді сақтаған, ал ол кітаптар еркін қолжетімді жерде тұрған.
СОТ ШЕШІМІ
Сот бұл әрекеттерді шетелдік азамат тарапынан ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң талаптарын бұза отырып жүргізілген миссионерлік қызмет деп бағалады. Оған 30 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлдан бөлек, сот ер адамды Ресей аумағынан мәжбүрлеп шығару жөнінде шешім қабылдады. Қаулыда оның елде жақын туыстары, жылжымайтын мүлкі және тұрақты әлеуметтік байланыстары жоқ екені көрсетілген.

👍5🤬5❤1👎1