ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.75K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Қазақстанда сиыр еті бірқатар Еуропа елдері мен Сингапурдан қымбат болып шықты

Global Product Price деректеріне сәйкес, Қазақстанда сиыр етінің бір келісі 15,1 доллар, яғни шамамен 7,4 мың теңге тұрады. Бұл баға Біріккен Араб Әмірліктері (12,5 доллар), Словения (14,6 доллар), Румыния (14,2 доллар), Сингапур (13,7 доллар), Мексика (12 доллар) және Сауд Арабиясы (9,9 доллар) сияқты елдерден жоғары.

БАҒА

2026 жылдың ақпан айының алғашқы онкүндігінде ресми деректер бойынша сүйексіз сиыр етінің орташа бағасы 4,9 мың теңгені, жылқы еті — 4,1 мың теңгені, ал қой еті 3,9 мың теңге болған.

ӨҢІРЛЕР

2026 жылғы ақпанда Қазақстанның ірі қалаларында сиыр еті бір жыл ішінде 26,8%-ға қымбаттаған. Кейбір қалаларда баға өсімі айтарлықтай жоғары болған: Жезқазғанда — 48,2%, Көкшетауда — 40,9%, Түркістанда — 37,2%.

Ең жоғары баға Астанада — 6,1 мың теңге/кг, Петропавлда — 5,6 мың теңге, Қонаевта — 5,2 мың теңге тіркелген. Ең төмен баға Павлодарда — 4,1 мың теңге, Семей мен Талдықорғанда — 4,2 мың теңге, деп жазады Ranking.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👎2😡1
Ақорда Ұлттық банктің 7 трлн теңге туралы мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстандағы банктердің біреуі арқылы 7 трлн теңгенің «елден шығарылғаны» жөніндегі мәлімдеме Ұлттық банк пен Ақорда арасында ашық қайшылық туғызды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов президент айтқан мәліметтердің мәнін басқаша түсіндірген соң, бұл мәселеге мемлекет басшысының баспасөз қызметі араласты.

Ұлттық банк не деді

BES.media-ға берген сұқбатында Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге заңсыз шығарылған ақша емес, бұл жай ғана банктегі жалпы ақша айналымы болуы мүмкін екенін айтты. Ол мысал ретінде: екі адам күн сайын бір-біріне ақша аударса, бір жылдың ішінде үлкен сома жиналатынын келтірді.
Оның сөзінше, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тексеріс жүргізіп жатыр, алайда әзірге заңбұзушылықтың айқын белгілері анықталмаған.

— Қазір бұл қай банк екенін айту дұрыс емес. Президентке ақпарат қалай жеткізілгенін де айта алмаймын. Тексеру аяқталған соң бәрі жарияланады, — деді Шолпанқұлов.

Яғни Ұлттық банк өкілінің айтуынша, әңгіме ақшаны сыртқа заңсыз әкету емес, банктегі жалпы қаржы қозғалысы туралы болуы мүмкін.

Ақорда не деді

Бұған жауап ретінде Ақорда президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров түсініктеме берді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілмеген ақпаратты айтпайды. Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар болды десе, демек ол рас, — деді ол.

Ақорданың мәліметінше, бұл ақпарат қызметтік кеңесте, яғни көпшілікке арналмаған жиында айтылған. Ол кеңес Қаржылық мониторинг агенттігінің ғимаратында өткен.

Сонымен қатар, президент әдейі банк атауын, ақша қай елден келгенін және қай елге кеткенін атамаған. Бұл шешім саяси және дипломатиялық себептермен қабылданған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2❤1🤔1
Петропавлдағы резонанс: екі судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Петропавл қаласында жоғары лауазымды екі судьяға қатысты сот процесі аяқталуға жақын, үкім олар үшін аса қатаң болуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы іс бойынша барлық фигуранттарды кінәлі деп танып, оларды нақты мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

50 мың доллар үшін «көмек»

Прокурор ең қатаң жазаны  Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймахановқа сұрады — 12 жыл бас бостандығынан айыру. Петропавл қаласындағы №2 соттың экс-төрағасы Ерлан Ибраев үшін — 7 жыл. Ал заңгер Артём Иванов пен кәсіпкерлер Геворг Погосян және Гамлет Мелконянға мемлекеттік айыптаушы әрқайсысына 6 жылдан тағайындауды талап етті.

Бұл іс өңір үшін бұрын-соңды болмаған жағдай ретінде бағаланып отыр: айыпталушылар орындығында бірден екі сот төрағасы отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, заңды қорғауы тиіс болған тұлғалар өздері қажетті шешімдер үшін ақшаға келісім жасаған. Алғашқы эпизодта, айыптау тарапының мәліметінше, Баймаханов ірі жер дауын шешуге көмектесу үшін коллекторлық агенттіктен 50 мың доллар алуға келіскен. Кейін осы соманың 15 мың доллары оны ҰҚК қызметкерлері ұстағаннан кейін қызметтік кабинеттен табылған. Бұл — істің басы ғана.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤔2
Блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримов 9 жылға сотталды

Алматыда Дамир Кушеев, Руслан Каримов, Андрей Белянский және Құрманғазы Айтмұқановқа қатысты сот үкімі шықты. Оларға бопсалау айыбы тағылған. Сот процесі барысында айыпталушылардың барлығы тергеу изоляторында отырған. Үкімге айыпталушылардың жақындары қалай үн қатты және не себепті судьяға қатысты біржақтылық күдігі пайда болды? Ulysmedia.kz баяндайды.

Істің фабуласы

2025 жылдың қаңтарында блогерлер кәсіпкер Бахтияр Блаевпен байланысқа шыққан. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар кәсіпкерді өзіне қатысты компроматтық материалдарды жариялаймыз деп қорқытқан. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, оның орнына Блаевтан қарызды өндіру талабынан бас тартуды (атқару парақтары бойынша 20 және 23 млн теңге туралы сөз болған), сондай-ақ 18 млн теңгені қолма-қол беруді талап еткен.

Қарапайым тілмен айтқанда, кәсіпкерге екі таңдау ұсынылған: не ірі қарызын қайтару мүмкіндігінен айырылады әрі қосымша ақша төлейді, не болмаса ол туралы жағымсыз ақпарат жарияланады.

Бұдан бөлек, Дамир Кушеевке жеке тағы бір эпизод тағылған. Тергеу дерегінше, ол полиция қызметкерінен 40 мың теңге талап етіп, әлеуметтік желілерде компромат жариялаймын деп қорқытқан. Алайда бұл эпизод бойынша сот Кушеевті ақтап шықты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
Атыңызға заңсыз несие рәсімделсе не істеу керек: енді ешкімге онлайн несие берілмейді

Қазір атына заңсыз несие рәсімделгенін, алаяқтардың телефонмен құрығына түсіргенін айтып шағымданатын адам көбейді. Осы интернет алаяқтықтың алдын алатын заң күшіне енді.

Несие алаяқтығының 90%-ы банк қызметкерлерінің қатысуымен жасалады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өзіне алаяқтарға алданып немесе заңсыз рәсімделген несиесі бар адамдар көп шағымданатынын айтады. 

- Биометриялық сәйкестендіру талаптарының бұзылу фактілері жиілеп кеткен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азамат өзі келіп, бейнежазбаға түсірілуі керек және оның бет-бейнесі жазбадағы кескінмен салыстырылып тексерілуі тиіс. Егер бұл рәсім заң талаптарына сай жүргізілмесе, жауапкершілік банкке жүктеледі, мұндай жағдайда несие қаржы ұйымының есебінен жабылуы керек. Бұған дейін банктерге мұндай міндет жүктелмеген еді», - дейді Мұрат Әбенов.

Депутаттың айтуынша, Қостанай облысының бір азаматына небәрі бір сағат ішінде бес банк жеті несие беріп, жалпы сомасы 16,5 млн теңгеге жеткен. Тексеру барысында ол азамат биометриядан өтпегені, қол қоймағаны және банкке бармағаны анықталды. Бұл жағдайда несие жалған биометрия арқылы рәсімделген болып шыққан. Кей жағдайда алаяқтар банк қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып, несие рәсімдеу схемаларын қолданады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
ULYSMEDIA.KZ
Ақорда Ұлттық банктің 7 трлн теңге туралы мәлімдемесіне жауап берді Қазақстандағы банктердің біреуі арқылы 7 трлн теңгенің «елден шығарылғаны» жөніндегі мәлімдеме Ұлттық банк пен Ақорда арасында ашық қайшылық туғызды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік…
Тоқаевтың сөздеріне күмән келтірген Шолпанқұлов қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін BES.media-ға берген сұқбатында Берік Шолпанқұлов президент айтқан 7 трлн теңге заңсыз шығарылған ақша емес, бұл жай ғана банктегі жалпы ақша айналымы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Артынша Шолпанқұловтың бұл мәлімдемесіне президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жауап берді. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4🤣3
Қырғызстанда ұлттық қауіпсіздіктің тағы бір шендісі ұсталды

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса ерекше маңызды істер жөніндегі алтыншы бас басқармасының жетекшісі Тілек Әбдіхалықов ұсталды.

Мән-жай

Бішкек соты Тілек Әбдіхалықовты 15 сәуірге дейін қамауға рұқсат берді. Сот мәліметінше, оған «Жемқорлық» бабы бойынша айып тағылған.
Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов жөнінде толық ақпарат жоқтың қасы. ҰҚМК-ның жемқорлықпен күрес қызметі жойылғаннан кейін ол функция алтыншы бас басқармаға жүктелген.

Контекст

Қамшыбек Ташиев ҰҚМК-ның төрағасы қызметінен алынғаннан кейін ведомствоның бірқатар қызметкері ұсталған. Арасында ҰҚМК-ның Бішкек қалалық басқармасының бұрынғы бастығы – Елдар Жақыпбеков, оған жақын тұлға ретінде аталатын ҰҚМК-ның Шу облысы бойынша басқармасы тергеу бөлімінің бұрынғы жетекшісі Сыдық Дүйсембиев және тағы бірнеше адам бар. Олар да «Жемқорлық» бойынша күдікке ілінген. 

Тергеуді әскери прокуратура жүргізіп жатыр, алайда істің жай-жапсары айтылмады.
 
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤔1
Алматыда бәйшешекті жұлғандарға қандай жаза қарастырылған?

Алматы қорығы аумағында Қызыл кітаптағы бәйшешектер гүлдеді.

Алатау бәйшешегі (Grogus alatavicus) – күн жылынып, шуақты көктемнің келгенін алғаш болып хабарлайтын, ауа райын талғамайтын гүл. Ол қорық аумағындағы ірі қиыршық тасты жерлерде, тау етегінен орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейінгі бұталы алқаптарда өседі.

ЖАЗА

Ескеретін жайт – Алатау бәйшешегі күннен-күнге сиреп бара жатыр. Сондықтан 2006 жылдан бері Қызыл кітапқа енгізілген. Заңсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БҰҰ: Израиль Газада этникалық тазалау жүргізіп жатыр

Израиль Газа секторы мен Батыс жағалауда палестиналықтарға қарысы этникалық тазалау жүргізіп жатыр.

Мән-жай

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі басқармасы жариялаған соңғы баяндамада Израиль билігінің әрекеттеріне қатысты ауыр айыптаулар айтылды. Құжатта Газа секторында да, Батыс жағалауда да этникалық тазалау сипатындағы іс-қимылдар жүргізіліп жатқаны туралы айтылған.

Баяндама авторларының дерегінше, соңғы уақытта шабуылдар мен мәжбүрлі қоныс аударту оқиғалары жиілеген. Бұл әрекеттер оккупацияланған аумақтардағы палестиналықтарды түпкілікті ығыстыруға бағытталған.

Баяндамада 2024 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңде шабуылдардың күшейгені, тұтас аудандардың жүйелі түрде қиратылғаны және гуманитарлық көмектің шектелгені айтылған. Құжат авторларының пікірінше, мұндай әрекеттер Газа секторындағы демографиялық ахуалды өзгертуге бағытталған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3😢3❤2🤔1
"Түрмеге ережесіз жекпе-жекке апарып, қорлап өлтірген": сарбаздың өліміне кінәлі командир жазасыз қалған

2022 жылы Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның 5574 бөлімінде борышын өтеуге аттанып, екі айдан соң сол жерде құмды дауыл кезінде көз жұмды делінген  19 жастағы сарбаз Алмас Шахимовтың өліміне қатысты шындық әлі ашылған жоқ. Анасы Индира Туғанбаева тәуелсіз сараптама ұлын қорлап отырғанын көрсетіп тұрса да, ешкімнің жазаға тартылмағанына күйінеді.

Шабытпен кеткен жігіт екі айдан соң табытпен оралған

2003 жылы туған Алмас Шахимов Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның 5574 бөлімінде борышын өтеген. Әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақырған.

Ресми нұсқа бойынша 2022 жылғы 10 тамызда 5574 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз оқу орталығында далалық жаттығуда болған кезде көз жұмған. Қатты жел салдарынан шатырдың темір жақтауы басына тиген.

"Шабытпен кеткен балам екі айдан соң табытпен оралды. Баламды үш жерден пышақтаған, 26 дене жарақаты бар, арқасын темекімен күйдірген. Тіпті қылқындырған. Үш минутта дауыл болып өлді дейді. Үш минутта адам осындай жарақат алмайды. Күрке болса, басына бір рет қана құлар еді, оның бәрін зерттедік. Ешқандай дауыл болмаған, баламды сағаттап қорлап өлтірген. Бір жарым жылдан соң ұлымды қаздырып алдым. Өлтіргенде үстінде бір киім болған, ауруханаға апарғанда тағы бір киімде болған, сараптамада жүрген тағы бір киім, өлшемі сәйкес келмейді. Әскери бөлімдегі видеоның көзін құртқан. Тергеушілер баламның киімін де жоғалтып жіберді. Эксгумация кезінде сынған мойын сүйегін сарапшы ұрлап кетіп, жойып жіберді", - дейді анасы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬12😡1
Дональд Трамп 10% көлемінде жаһандық баж салығын енгізеді

Дональд Трамп АҚШ-қа әкелінетін барлық импортқа 10% мөлшерінде жаңа баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл тариф қолданыстағы алымдарға қосымша ретінде әрекет етеді.

МӘН-ЖАЙ

Мәлімдеме 20 ақпанда жасалды. Дәл осы күні АҚШ Жоғарғы соты Трамп бұрын енгізген бірқатар баж салығын заңсыз деп таныған еді. Сот 2025 жылы президент көп елге қарсы тарифтерді біржақты тәртіпте енгізу арқылы өз өкілетін асыра пайдаланды деген шешім шығарды. Ол бұл шараларды төтенше экономикалық шаралар туралы заңға сүйеніп қабылдаған.

Судьялардың пікірінше, аталған заңды тек нақты ұлттық қауіп төнген жағдайда ғана қолдануға болады. Ал ауқымды баж салығын енгізу үшін Конгрестің мақұлдауы қажет болған.

Трамп сот шешімін сынға алып, судьялар "шетелдік мүдделердің ықпалында болды" деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты деп санайтын тарифтер күшінде қалатынын айтты. Бұдан бөлек, президент бірнеше жаңа тергеу бастау туралы жоспарын айтты, алайда нақты мәлімет бермеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3❤1👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанда қазақстандық жанармай тиеген 37 көлік ұсталды

Қырғызстанда Қазақстаннан жанармай тасымалдап, оны тасжол бойында сатып келген 37 жүргізуші ұсталды. Көліктер айыптұрағына қойылды.

МӘН-ЖАЙ

Қырғыз Республикасының ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасының мәліметінше, рейд арнайы тексеріс аясында жүргізілген. Инспекторлар заңсыз орнатылған қосымша жанармай бактары бар көліктерді анықтаған. Негізінен жол талғамайтын көліктер болған.

Ведомство дерегінше, жүргізушілер жанармайды Қазақстаннан Қырғызстанға тасып, оны жол жиегінде сатып отырған. Әрқайсысына 5 500 сом (шамамен 30 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Барлық 37 көлік уақытша айыптұрағына орналастырылды. Олар қосымша бактар толықтай алынғаннан кейін ғана иелеріне қайтарылады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы әскерлерінің бірлескен жаттығуын бастады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресей әскери күштерімен бірге өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатқанын мәлімдеді.

МӘН-ЖАЙ

Ведомствоның дерегінше, жаттығу 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді. Бұл — екі ел арасындағы өзара іс-қимыл кестесіне алдын ала енгізілген жоспарлы іс-шара.

Оқу барысында әскери қызметшілер әуе нысандарын анықтау және оларды ілесіп отыру, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды тосқауылдау, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қондыруға мәжбүрлеу әрекеттерін пысықтайды, яғни кезекші ӘҚҚ күштерінің дайындығы мен тараптар арасындағы үйлестіру деңгейі тексеріледі.

Қорғаныс министрлігі жаттығудың штаттық екенін және жауынгерлік әзірлікті арттыру мен өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

– Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡4🤮2
Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің финалында ойнайды

Әмір Омарханов (ATP рейтингінде 774-орын) Монастирде (Тунис) өткен ITF сериясындағы ерлер жұптары турнирінің финалына шықты.

Жартылай финалда Омарханов италиялық Маттео Сибаши екеуі тунистік Әзиз Оуака мен алжирлік Туфик Сахталиді 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Финалда қазақстандық-италиялық жұп франциялықтар Александр Обриот (ATP рейтингінде 815-орын) және Цезарь Бочелагем (ATP рейтингінде 827-орын) кездеседі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Дархан Молдаханов ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

МӘН-ЖАЙ

Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған департаментті басқарған, кейін комитет болып қайта құрылды.
ІІМ басшысы Ержан Сәденов Дархан Молдахановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

ДАРХАН МОЛДАХАНОВ

Дархан Молдаханов 1973 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын және Қайнар академиясын (Алматы қаласы) тәмамдаған.

1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады.

2015 жылдан бастап ҚР ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі қызметін атқарған.

2019 жылдан бері "ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ бастығы болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында карьерде жұмысшы экскаватормен бірге суға батып кетті

МӘН-ЖАЙ


Қайғылы жағдай 20 ақпан күні сағат 12:40 шамасында болған. Сол кезде Ақмола облысы Целиноград ауданы полиция бөлімшесіне Қабанбай батыр ауылына жақын жердегі оқиға туралы хабарлама түскен. 

– Алдын ала мәліметтер бойынша, балшық өндіретін карьердегі су қоймасына экскаватор батып кеткен, оның кабинасында 1996 жылы туған жүргізуші болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр. Жабдықты су қоймасынан шығару шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2🤬1
Жамбыл облысында екпіні күшті жел шатырларды ұшырып әкетіп, ауылдар жарықсыз отыр

Зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

МӘН-ЖАЙ

2026 жылдың 21 ақпанына қараған түні Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында екпіні секуында 30 метрге дейінгі жел тіркелді. Жеті елді мекенде 25 нысанның, оның ішінде 8 әлеуметтік мекеменің шатырларына зақым келді.

13 елді мекенде уақытша электр жарығы, 3 елді мекенде газ өшті. Апаттық бригадалардың 9 тобы жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Зардап шеккендер жоқ. Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров оқиға орнына барды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5
Шымбұлақтағы аспалы жол кабинасына екпіні күшті желден зақым келді

2026 жылғы 21 ақпанда сағат 14:40-та Шымбұлақ курортындағы нысандарда электр жарығы кенеттен өшіп қалды.

МӘН-ЖАЙ

Курорт қызметкерлері барлық аспалы жолды резервтік қуатқа ауыстырып, қонақтарды станцияларға жеткізген.
Қазіргі уақытта негізгі – "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы штаттық режимде қайта жұмыс істеп тұр. Ал "Комби-1" және "Комби-2" аспалы жолдары уақытша резервтік қуатқа қосылды.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты күні бойы "Медеу – Шымбұлақ" жолына ағаш құлап, қозғалыс уақытша тоқтады. Қазір автокөлік жолы толық ашылды. Желдің екпіні бірнеше аспалы жол кабинасына зақым келтірді, техникалық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.

Қонақтар "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы түсіріліп жатыр. Жараланғандар немесе қаза тапқандар жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда финалдық кезеңде Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов өнер көрсетеді.

Құрбанов іріктеуде 14,700 ұпай жинап, бесінші орын алса, Ыдрысов 14,566 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға шықты.

Шешуші сайыстар 21 және 22 ақпанда өтеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.
Құрбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды – 14,966 ұпай.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4