Қазақстан референдум қарсаңында шетелдегі 11 дауыс беру учаскесін жабады
Қазақстан бірқатар елдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты шетелде орналасқан 11 дауыс беру учаскесінің жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Қай елдерде учаскелер жабылады
Министрлік өкілінің айтуынша, мұндай шешім Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың ушығуына, сондай-ақ Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне байланысты қабылданған.
– Уақытша жабылатын учаскелер Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанында орналасқан. Олар: Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия, – деді Ерлан Жетыбаев.
Бұдан бөлек, Дубай қаласындағы Қазақстан консулдығы жанындағы дауыс беру учаскесі де уақытша жұмыс істемейді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮5❤1
Қазақстан Паралимпиададағы алғашқы медалін иеленді
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді.
Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5👍1
Иранда қаза тапқандар саны 1300-ден асты
Иранда соғыс басталғалы бері қаза тапқандар саны 1332 адамға жетті. Бұл туралы ел үкіметінің өкілі Фатеме Мохаджерани мәлімдеді.
Иран билігінің дерегінше, қаза тапқандардың арасында 206 әйел мен бала бар. Оның айтуынша, соғыс барысында ондаған медициналық мекеме де шабуылға ұшыраған.
КОНТЕКСТ
Еске сала кетейік, бұған дейін 3 наурызда Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 800-ге жуық адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейінгі күндері қақтығыстар жалғасып, құрбандар саны айтарлықтай артқан.

👎4😢2❤1
Референдум: Қазақстанда 92 учаскеде таңғы сағат 06:00-де дауыс беру басталады
Шетелдегі референдум бойынша алғашқы дауыс беру учаскесі Токио қаласында ашылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев Орталық референдум комиссиясының отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, 10 елдегі 11 дауыс беру учаскесін қысқарту туралы шешім қабылданған.
- Қазіргі таңда Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанында 54 мемлекетте барлығы 71 учаске жұмыс істейді. Шетелде дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың саны 14 230 адамды құрайды. Бүгінде Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан референдум комиссиялары құрылған. Комиссия мүшелерінің барлығы заңнаманы білу деңгейі бойынша тестілеуден өткен. Сондай-ақ ол барлық учаскелер жұмысқа дайын. Ақпараттық материалдар, референдум жәшіктері мен бюллетеньдер алынған. Ертеңнен бастап олар дипломатиялық курьерлер арқылы шетелдегі учаскелерге жіберіле бастайды. 2026 жылғы референдум аясында шетелдегі дауыс беру алдымен Жапония елінде басталады, – деді Ерлан Әлімбаев.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы кейбір дауыс беру учаскелері әдеттегіден ертерек ашылатынын айтты.
- Еліміз бойынша 92 учаске таңғы сағат 06:00-де жұмысын бастайды. Әдетте бұл әскери бөлімдерде орналасқан учаскелер. Мұндай режимде жұмыс істеуге рұқсатты аумақтық комиссиялар береді, – деді ол.

🥱4❤2👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Бәрі тек қағаз жүзінде дұрыс па?" - атыраулық тұрғын пандус мәселесін көтерді
"Қазақстан парахоккей федерациясы" филиалының Атырау қаласы бойынша бірлестігінің директоры Әнуар Басар Атыраудағы пандустарға қатысты мәселе көтерді.
Оның сөзінше, қаладағы пандустардың “аты бар, заты жоқ”.
- Атырауда пандустарды кім тексеріп отыр? Қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар көп жерде бар сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде олардың көбі тек “галочка үшін” жасалған. Арбадағы адам ол пандуспен көтеріле де, түсе де алмайды. Бұл шынайы жағдай. Сонда сұрақ туады: осының бәрін кім қабылдап алды? Кім тексерді?, – дейді Әнуар Басар.
Ол қалада ғимараттардың құрылыс нормаларына сай болуын бақылау мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы органының міндеті екенін атап өтті.
- Пандус та сол норманың ішінде. Егер пандус талапқа сай болмаса, нысанды қабылдамау керек еді. Айыппұл салу керек еді. Бірақ Атырауда қарасаңыз, стандартқа сай келмейтін пандустар толып тұр. Бұл нені білдіреді? Әлде тек қағаз жүзінде бәрі дұрыс па?, – дейді ол.

👍6🔥2👏2💯2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық холдингі төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Qazreestr порталына 17 әкімдік тіркелген.
Премьер-министр Олжас Бектенов порталда әлі тіркелмеген үш әкімдіктің қайсы екенін сұрады. Алайда Айдапкелов бұл сұраққа жауап бере алмады.
Осыдан кейін Бектенов жиынға дұрыстап дайындалу керектігін айтып, басшыға ескерту жасады.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Премьер-министр Олжас Бектенов порталда әлі тіркелмеген үш әкімдіктің қайсы екенін сұрады. Алайда Айдапкелов бұл сұраққа жауап бере алмады.
Осыдан кейін Бектенов жиынға дұрыстап дайындалу керектігін айтып, басшыға ескерту жасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬8
Журналистер мен белсенділердің парақшасына шабуыл жасалып жатыр
Қазақстанда бірқатар журналистер мен медиа жобалардың әлеуметтік желідегі парақшаларына жаппай шағым түсіріліп, олардың жазбалары өшіріле бастаған. Бұл туралы блогерлер мен редакциялар өздері мәлімдеді.
JURTTYN BALASY арнасының авторы шабуыл туралы айтты
YouTube-тағы JURTTYN BALASY арнасының авторы Мұрат Данияр Instagram парақшасына белгісіз қолданушылар тарапынан жаппай шағым түсіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, қысқа уақыт ішінде соңғы бір жылда жарияланған жазбалардың басым бөлігі өшірілген, деп жазады The Village.
Даниярдың сөзінше, небәрі 10 минуттың ішінде 15 жазба жойылып кеткен.
- Instagram-дағы парақшама жаппай шағым түсіру басталды. Бар болғаны 10 минутта 15 жазбам өшірілді. Соңғы екі аптада жарияланған посттардың бәрі жоғалып кетті. Мұның мақсаты – парақшамды бұғаттау. Әдетте 3–4 шағымнан кейін аккаунт бұғатталады. Әзірге толық бұғатталған жоқ, бірақ сондай қауіп бар. Бұл мәселемен айналысып жатқан адамдарды ескертіп қойдым, – деді ол.

🤬6❤2👎1😡1
Жаңа салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін?
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды.
Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды.
- Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды, – делінген хабарламада.
Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтап жатыр.

😁2🤔2
Жаңа сипаттағы соғыс: Таяу Шығыс қауіпсіздік туралы қайта ойлануға мәжбүр
Иранда және оның төңірегінде болып жатқан жағдайды қазіргі саяси терминологияда жаңа эскалация толқыны деп атайды. Бұл ХХІ ғасырдағы қақтығыстардың әдеткі әскери шайқастар шеңберінен әлдеқайда асып кеткенін нақты көрсетеді. Парсы шығанағындағы елдерде орналасқан АҚШ әскери нысандарымен бірге экономиканың тірегі саналатын инфрақұрылым да соққыға ұшырады. Сарапшылар қазіргі дағдарысты тек өңірлік қақтығыс ретінде қарастыруға болмайтынын жиі айта бастады. Шын мәнінде бұл - энергетикалық, технологиялық және геосаяси жүйелердің қақтығысы.
АҚШ базалары: қауіп пе, қорған ба?
Парсы шығанағындағы америкалық базалар ондаған жыл бойы негізгі тежеу құралы саналып келді. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Эд-Дафра әуе базасы мен Катардағы Эль-Удейд базасы – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери инфрақұрылымының басты элементтері. Алайда соңғы оқиғалар тіпті ең заманауи зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің де күйрейтінін көрсетті. Оның ішінде Patriot пен THAAD жүйелері де бар. Баллистикалық зымырандар мен дрондардың жаппай қолданылуы қорғаныс жүйелерін шамадан тыс жүктеп, дәстүрлі әскери инфрақұрылымды қорғаныш емес, керісінше нысанаға айналдыруы мүмкін. Сондықтан америкалық базалардың болуы қауіпсіздік кепілі ме, әлде Парсы шығанағы елдері үшін қауіп факторы ма деген сұрақ жиі талқылануда.

👍3
АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 миналы катерін жойды
Иранның миналы катерлерінің жойылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп жазды DW басылымы.
КОНТЕКСТ
10 наурыз күні таңертең Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ пен Израиль Иранға шабуылдарын жалғастырып жатқан жағдайда, ел аймақтан бір литр мұнайдың да экспортталуына жол бермейтінін мәлімдеген.
Ислам революциясы сақшылар корпусы тек өз аумағынан америкалық және израильдік дипломаттарды шығарып жіберген мемлекеттерге ғана ерекше жағдай жасалуы мүмкін екенін айтқан.
РЕАКЦИЯ
Осы мәлімдемеден кейін CBS News телеарнасы АҚШ барлау қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Иран Ормуз бұғазын миналауға дайындалып жатқанын хабарлаған.
Бұл ақпаратқа байланысты Дональд Трамп Тегеранға ескерту жасап, егер Иран бұғаз акваториясын миналай бастаса, онда оны «бұған дейін болмаған салдар» күтіп тұрғанын мәлімдеген.

🤔6👍2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Щучинскідегі жарылысқа қатысты сараптама 6 айға дейін уақыт алуы мүмкін
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Щучинскідегі жарылысқа қатысты тергеу жайлы айтты.
Айта кетейік, Щучинскідегі дәмханадан шыққан жарылыстан қаза тапқан адам саны 11-ге жетті.
- Қазіргі уақытта премьер-министрдің тапсырмасымен комиссия құрылған. Қазіргі кезде іс қозғалды. Сараптама жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша жарылыс неден болғаны анықталады. Сараптама қорытындысы 3-6 ай аралығында жүргізіледі, – дейді вице-министр.
КОНТЕКСТ
26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Плов орталығы» (Центр плова) кафесінде газ жарылып, оның арты өртке ұласқан. Кейіннен кафе иесі қамауға алынғаны туралы хабар тараған. Қылмыстық іс «Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бабы бойынша тіркелген.

🤔2
Қазақстанда 5 өңірге су тасқыны қаупі төніп тұр
Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.
Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да мемлеттік органдар су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- Қазіргі уақытта «Тасқын» жүйесі бойынша су тасқыны болуы мүмкін бес өңір анықталды. Бұл Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. 1 наурыздан бастап бізде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Жергілікті атқарушы органдармен ескерту шаралары қабылданды, инженерлік жұмыстар жүргізілді. Елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда. Біздің күш-құралдар су тасқынына дайын, - деді вице-министр.
Бұл өңірлер су тасқынына дайындалмаған ба деген сұраққа Кеген Тұрсынбаев мәселе басқада екенін айтты.
- Бұл өңірге қарудың түсуіне, топырақтың қатуына қайланысты. Бұған «Қазгидромет» мекемесі және Су және ирригация министрлігінің басқа да құрылымдық бөлімдері талдау жасайды. Осы бес өңірді назарға алып отырмыз. Су тасқынын болдырмау үшін шаралар қабылдайтын боламыз, - деді ол.

Чемпиондық титулынан айырылған Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы чемпиондық белбеуі енді бос екенін мәлімдеді. Яғни қазіргі уақытта бұл нұсқа бойынша әлем чемпионы жоқ.
Мұндай шешім федерация ережесіне байланысты қабылданған. IBF талаптарына сәйкес, чемпион титулды жеңіп алғаннан кейін ең көбі тоғыз ай ішінде міндетті қорғаныс жекпе-жегін өткізуі тиіс.
Әлімханұлы үшін бұл мерзім 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін болған. Алайда осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізу мүмкін болмағандықтан, федерация оның чемпиондық белбеуін қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
БОКСШЫ НЕ ДЕЙДІ
Жәнібек Әлімханұлы осы жаңалыққа байланысты мәлімдеме жасады.
- Керісінше, шыңдалдық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды. Қалай болғанда да қазір мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! 1 титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады. Құдай жаратқан төбені кетпен шауып біте алмайды! Құдай жаққан отты адам үрлеп өшіре алмайды! Біз әлі аяқтамадық, меніңше бәрі енді басталатын сияқты!, – дейді боксшы.

👍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мобилизация кезінде Ресей Қазақстанға қашқандарға қатысты пікір білдірді.
▪️МӘН-ЖАЙЫ
Желіде Қазақстан мобилизация кезінде Ресейден қашқандарды қайтару туралы шешім қабылдады деген ақпарат тараған болатын. Ашықбаев бұл “алыпқашпа әңгіме” деп бағалады.
- Жалпы Қазақстаннан пана іздеген шетел азаматтарына қатысты біздің халықаралық міндеттемелірімзге сай жұмыс істейміз. Ресейліктердің елге қайтарылуы туралы мәселе тиісті құқықтық процедураның сақталуын талап етеді. Олар алдымен пана іздеуші мәртебесін алады. Содан кейін тиісті мемлекеттік органның шешімі болады. Онымен келіспеген жағдайда азаматтар сотқа жүгінеді. Содан кейін ғана елдеріне қайтару жұмыстары жүреді, –дейді Ашықбаев.
Ержан Ашықбаев Ресей нақты қанша азаматты қайтару туралы хабардан бейхабар екенін айтады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
▪️МӘН-ЖАЙЫ
Желіде Қазақстан мобилизация кезінде Ресейден қашқандарды қайтару туралы шешім қабылдады деген ақпарат тараған болатын. Ашықбаев бұл “алыпқашпа әңгіме” деп бағалады.
- Жалпы Қазақстаннан пана іздеген шетел азаматтарына қатысты біздің халықаралық міндеттемелірімзге сай жұмыс істейміз. Ресейліктердің елге қайтарылуы туралы мәселе тиісті құқықтық процедураның сақталуын талап етеді. Олар алдымен пана іздеуші мәртебесін алады. Содан кейін тиісті мемлекеттік органның шешімі болады. Онымен келіспеген жағдайда азаматтар сотқа жүгінеді. Содан кейін ғана елдеріне қайтару жұмыстары жүреді, –дейді Ашықбаев.
Ержан Ашықбаев Ресей нақты қанша азаматты қайтару туралы хабардан бейхабар екенін айтады.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” - Танагөз Толқынқызы Әлеуметтік желілерде ақын Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы жазбасы қызу талқыланып жатыр. МӘН-ЖАЙ Ақын Facebook-тегі парақшасында қазақ қоғамына қатысты сыни пікір білдіріп, елдің…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақын Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамына қатысты сыни пікір білдіріп, елдің қазіргі жағдайына баға берген. Жазбада ол қазақтарды "принципі жоқ", "құлдық сана қалыптасқан" қоғам деп сипаттап, мұндай жағдайда "қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” деген еді.
Ulysmedia.kz тілшісі ақынның сынына қатысты депутаттардың пікірін сұрап көрді.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia.kz тілшісі ақынның сынына қатысты депутаттардың пікірін сұрап көрді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🤣3
Киік мүйізі сатылымға шығарылмақ: түскен қаржы қайда жұмсалады
Биыл сәуірден бастап Қазақстан киік мүйізін сатуды қайта бастауға ниетті. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ulysmedia.kz-тің сауалына жауап беріп, бұл саудадан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты.
Әр мүйіз есепте
Министрдің айтуынша, Алматыдағы арнайы қоймада шамамен 20 тонна киік мүйізі жиналған.
- Киік санын реттеу кезінде мүйіздер кесіліп алынады. Олар қабылдау пункттерінде және жергілікті әкімдіктерде ақпараттық жүйеге енгізіліп, арнайы таңбаланады. Кейін күзетпен Алматыға жеткізіледі. Мұнда арнайы салқындатқыш қоймалар бар. Онда белгілі бір температура мен ылғалдылық режимі сақталады. Әр мүйіздің жеке нөмірі бар және бәрі тіркеуде тұр, – деді Ерлан Нысанбаев.
Айта кету керек, киік мүйізі – браконьерлердің басты нысанасына айналған ең құнды ресурс. Осы саладағы тәртіпті күшейту үшін Қазақстан Бонн конвенциясына қосылып, 2016 жылдан бері киік мүйізін сатуға нөлдік квота енгізген еді.
Киікті қорғау үшін ата ма?
2025 жылдың желтоқсанында бұл квота жылына 10 тоннаға дейін ұлғайтылды. Дегенмен Экология министрлігі әзірге киік мүйізін сатудан қанша қаржы түсетінін нақты айта алмай отыр.
- Нарықта өнім болмаса, оның бағасы жоғары болады. Ал көп көлемде шықса, баға төмендеуі мүмкін. Сондықтан нақты сома туралы айту қиын, – деді министр.
Сонымен бірге, министрлік түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын анықтап қойған.
- Бұл қаржы биоалуантүрлілікті сақтауға, киіктерді қорғауға және қажетті техника сатып алуға бағытталады, – деді Нысанбаев.

«Әлемде көптеген жүрек Иран халқымен бірге соғып тұр» – ирандық режиссер
Танымал ирандық кинорежиссер Маджид Маджиди қазіргі жағдайға қатысты пікір білдіріп, Иранның ұстанымы туралы айтты.
Режиссердің сөзінше, бүгінгі таңда Иран өзін ғана емес, әлемдегі езгі көрген халықтардың атынан әрекет етіп отыр, деп жазады Eurasia Today.
- Бүгін ұлы Иран әлемдегі барлық езілген және қысым көрген халықтардың атынан бала өлтірумен айыпталып отырған Израильге және АҚШ үкіметінің гегемониялық саясатына қарсы тұрып, қарсылық көрсетіп жатыр, – деді Маджиди.
Оның айтуынша, қазіргі қақтығыс тек әскери майдандағы шайқас қана емес.
- Бүгінгі соғыс – ақиқат пен жалғанның арасындағы күрес. Бұл күресте майдан шебі тек әскери аймақтармен шектелмейді. Ол қорғансыз адамдардың үйлеріне, ауруханаларға және жалғыз қорғаны – үміт қана болған балалардың мектептеріне дейін жетіп отыр, – деді режиссер.
Маджидидің пікірінше, әлемнің әртүрлі елдеріндегі көптеген адам Иран халқымен ниеттес. Ол әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі халықтардың жүрегінде иран халқына деген шынайы жанашырлық бар екеніне сенетінін айтты. Себебі, режиссердің сөзінше, Иран халқының талабы – тәуелсіздік, ар-намыс және қысымға қарсы тұру.
- Бүгін – бүкіл әлемдегі еркін ар-ожданның оянатын күні. Бұл – әділетсіздікке қарсы шығып, адамдық қадір-қасиетті қорғауға дайын еркін адамдардың күні, – деді Маджид Маджиди.

👍7🤣4❤1👎1😁1🤮1
Астанадағы 178 апатты үйдің тұрғындары көшіріледі
Астана қаласы Қоғамдық кеңестің отырысында қайта жаңартылуы тиіс тұрғын үйлер тізімін бекіту туралы шешім жобасы қаралды.
Жиында заңнамадағы өзгерістерге байланысты бұл құжатты қабылдауға қажеттілік туындағаны айтылды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, қайта жаңартуға жататын нысандар тізімін бекіту құзыреті жергілікті атқарушы органдарға берілген. Бұған дейін мұндай тізімді қала әкімі бекіткен.
Елордада қайта жаңарту бағдарламасы 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта тізімге апатты деп танылған 178 көпқабатты тұрғын үй енгізілген. Бағдарлама жүзеге асырылған уақыт ішінде 18 мыңнан астам тұрғын көшіріліп, 341 апатты үй сүрілген.
Бағдарлама үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең 2013–2017 жылдары іске асырылған, осы уақытта 228 апатты үйдің тұрғындары көшірілді. Екінші кезеңде 2018–2022 жылдары аралығында 874 пәтерлі 54 апатты үй тұрғындары көшірілді.
Үшінші кезеңде, яғни 2023–2029 жылдары 4710 пәтерлі 206 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жоспарланған. Өткен жылы 1742 пәтері бар 59 апатты үйдің тұрғындары көшірілген.
Қазіргі уақытта 178 апатты үй тұрғындарын көшіру жоспарлануда. Тұрғындарға пәтерлер облигациялар шығару арқылы облигациялық қарыз алу есебінен сатып алынады. Отырыста бағдарламаны іске асыруға қажетті қаражат қарастырылғаны айтылды.

Астанада тропикалық бағы бар MEGA Garden сауда-ойын-сауық орталығы ашылады
Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Астанада жаңа девелоперлік жобаны іске қоспақ. 11.12 гектар жер учаскесінде биыл сәуір айында ауданы 130 000 шаршы метр MEGA Garden сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы басталады. Кешеннің ашылуы 2027 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Сауда орталығын жобалауды Mega Alma-Ata-ның екінші кезегін, MEGA Silk Way және Almaty Museum of Arts авторы – Chapman Taylor британдық сәулет бюросына жүзеге асырмақ.
Жобаның басты ерекшелігі ғимараттың қақ ортасында орналасатын және кешеннің сәулеттік өзегін құрайтын ауданы 10 000 шаршы метрге дейінгі жабық ботаникалық бақ болады.
— Қазақстан үшін жабық ботаникалық бақтың форматы – бұл бос уақыт пен ретейл интеграциясының жаңа деңгейі. Астананың климатында сауда орталығының ішіндегі жыл бойғы жасыл тропикалық кеңістік сәндік безендіру емес, эмоционалды әсер алу факторына айналады. Біз жобада қонақтардың кеңістікте болу уақытын, келу жиілігін және аудиторияны еліктіру тереңдігін арттыратын модельді қарастырамыз. Жалға алушылар үшін бұл болжамды трафикті және бизнестің ұзақ мерзімді тұрақтылығын білдіреді. 20 жылдық жұмыс барысында біз ағынды тартуға және оны жылдар бойы ұстап тұруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін құрдық. MEGA Garden бұл стратегияны жалғастырады, — дейді Нұрлан Смағұлов.

💩3❤1👎1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Хезболла» Израильге қарсы әскери операция басталғанын жариялады
Ливандағы «Хезболла» қозғалысы Израильге қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы араб және халықаралық БАҚ хабарлады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, топ Иранмен бірлесіп Израильдің солтүстігіне соққы жасаған. Бұл Таяу Шығыстағы қақтығыс ушыға бастағалы бері «Хезболла» мен Иранның алғашқы үйлестірілген шабуылы болды.
Израиль дереккөздерінің мәліметіне сәйкес, ел аумағына шамамен жүзге жуық зымыран ұшырылған. Шабуыл негізінен елдің солтүстік аймақтарына бағытталған.
Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл салдарынан кемінде екі адам жарақат алған.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Ливандағы «Хезболла» нысандарына бірқатар соққы жасағанын мәлімдеді. Израиль әскерилері топтың инфрақұрылымына, соның ішінде Бейрут қаласындағы нысандарына шабуыл жасалып жатқанын айтты.

🔥6❤1😡1