ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
ULYSMEDIA.KZ
Каспийде қаза тапқан спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 20 жастағы Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі…
Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, қаза тапқан әскери қызметші, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 20 жастағы Сержан Аяпбергенмен қоштасуға жүздеген адам жиналған.

Әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салуға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов және мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері келді. Сондай-ақ, рәсімге бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин де келген.

Әкімдік қызметкерлері басылым тілшісіне Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан барлық әскери қызметші әскери құрметпен жерленетінін айтты.

Мән-жай

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған.

Жел күшейген кезде әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен. Алғашында Қорғаныс министрлігі теңізге 19 адам кеткенін хабарлаған еді. Кейін билік олардың саны 17 болғанын нақтылады. Салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қаза тапқандардың бірі - 20 жастағы самбошы Сержан Аяпберген.

https://t.me/ulysmedia
😢1
Сотталған экс-әкімге қатысы бар полигон мемлекет меншігіне қайтарылды

Алатау қаласындағы аумағы 34 гектар қоқыс полигоны коммуналдық меншікке қайтарылды. Бұған дейін нысанды Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа тиесілі компания басқарған

Толығырақ осы сілтемеде.
«Еңбек адамы»: Бектенов көп жыл еңбек еткен жұмысшыларға мемлекеттік наградалар табыстады

Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты. Оған жұмыспен қамту, маман даярлау және өндірістегі қауіпсіздік саласындағы жаңа жобалар, соның ішінде жасанды интеллект қолданылатын шешімдер таныстырылды

Толығырақ осы сілтемеде.
Алматы маңында баланы талап тастаған иттердің иесі босатылды

Қаскелеңде сот баланы талап тастаған иттердің иесін бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда ол сот залында-ақ рақымшылыққа ілініп, босатылды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬8
ULYSMEDIA.KZ
Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, қаза тапқан әскери қызметші, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 20 жастағы Сержан Аяпбергенмен қоштасуға жүздеген адам жиналған. Әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салуға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметші Олжас Диханбаевты жақындары ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұмның қарындасы желіде видео жариялап, жазба қалдырды:

“Жаным-ау, ағатайым-ау. Табытпен шығарып салдық қой күтіп отырғанымызда”.

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған.

Жел күшейген кезде әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен. Алғашында Қорғаныс министрлігі теңізге 19 адам кеткенін хабарлаған еді. Кейін билік олардың саны 17 болғанын нақтылады. Салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.

https://t.me/ulysmedia
😢6❤2
ULYSMEDIA.KZ
Қазақстан БҰҰ мінберінен ядролық державаларды диалогқа шақырды Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясындағы жалпы пікірсайыста сөз сөйледі. Ол халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану…
«Көпір салушы»: Гутерриш Қазақстанның рөлін қалай сипаттады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанды өзгеріп жатқан әлемдік тәртіп жағдайында «көпір салушы» ел деп атады. Бұл туралы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде айтты.

⚡️ МӘН-ЖАЙЫ

БҰҰ Бас хатшысы Астананың негізгі халықаралық серіктестерімен сындарлы қарым-қатынасты сақтай алу қабілетіне назар аударды. Кездесуде қазіргі халықаралық жағдай аясында Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы бірлескен жұмысы да талқыланды.

Тағы бір тақырып – Алматыда жұмыс істейтін БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы. Қазақстан бұл алаңды өңір елдерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін пайдалануды көздейді.

Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде БҰҰ-ны реформалауды және ұйымның тиімділігін арттыруды қолдады. Кездесуден кейін министр Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Қазақстан БҰҰ мінберінен не айтты?

Гутерришпен кездесуге дейін Тілеуберді Бас Ассамблеяның жалпы саяси пікірталасында сөз сөйледі. Онда Украинадағы соғыс, Газадағы жағдай, ядролық қарусыздану, су қауіпсіздігі, жасанды интеллект және халықаралық институттарды реформалау мәселелері көтерілді.

https://t.me/ulysmedia
🤣4❤1
«Жақын арада өзі хабар береді»: Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші сарбаз туралы не белгілі?

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші әскери қызметші — Орал қаласының тумасы, матрос Никита Удалов

Толығырақ осы сілтемеде.
❤6
Қару-жарақ пен гранаталар: ҰҚК 10 өңірде ҰҚТ-ға қарсы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстанның 10 өңірінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы операция жүргізді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🤣1
Ұсталған ӘТК бас қолбасшысы орынбасарының қызы үндеу жасады

Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің қызы үндеу жариялады. Хайрушев Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін, 14 әскери қызметші қаза тапқан соң ұсталған еді. Ол марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу қорытындысын күтуді сұрады

Толығырақ осы сілтемеде.
😢6
ШҚО-да мыңдаған науқас тегін дәрі-дәрмек ала алмаған

Риддер қалалық ауруханасы 2 326 науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеген. Бұл заңбұзушылықты прокуратура анықтады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5
«Ұмытылмас»: Алматыда Каспийдегі қайғылы оқиға құрбандарына арналған мурал пайда болды

Алматыда Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға құрбандарына арналған сурет пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤11
Данияр Елеусіновтің басы дауға қалды: спортшы бес бап бойынша қамауға алынды

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов тағы да әкімшілік қамауға алынды. Бұл жолы оған Алматы әуежайындағы оқиғаға байланысты жаза тағайындалды

Толығырақ осы сілтемеде.
🥴3😱1
Бұзақылар Астанадағы Журналистер аллеясын бүлдіріп кеткен

Астанада екі адам Журналистер аллеясын бүлдіріп кеткен. Олар мүсін композициясына зақым келтіріп, жеті қоқыс жәшігін сындырған

Толығырақ осы сілтемеде.
😡3
Каспийдегі оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігі толық тексеріледі: Тоқаев өкімге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣6👍3💩1🥴1
Тоқаев Турловты құттықтады: қазақстандық FIDE-нің президенті болып сайланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы оған ұйым тізгініндегі қызметіне табыс тіледі

Толығырақ осы сілтемеде.
💩7😡4👍1
Шымкентте TikTok эфирінен кейін төрт блогерге жаза тағайындалды

Шымкентте TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған төрт блогер әкімшілік жауапқа тартылды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍7😁4🥴1
«Ештеңені кесіп айта алмаймын»: Макрон үшінші мерзімге қатысты ойын білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон болашақта мемлекет басшысы қызметіне қайта түсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы ол америкалық Variety журналына берген сұхбатында айтты.

Толығырақ осы сілтемеде.
👍4❤1😁1🤔1
Ақтауда жұрт қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алып, Мәңгілік алауға гүл қойып жатыр

Ақтауда Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні еске алу жалғасып жатыр. Қала тұрғындары Мәңгілік алауға гүл қойып, марқұмдарға арнап жазба қалдырып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1