ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Германияда Мерцпен кездеседі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйекте Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездеседі. Алдағы келіссөз туралы Германия федералдық үкіметі мәлімдеді Толығырақ осы сілтемеде.
🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.

🔹Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🤮2❤1
Алматыда жер сілкінісі неге жиіледі? Сейсмолог түсіндірді

Алматы маңында бір тәулікте үш рет жер сілкінгеннен кейін сейсмолог мұндай белсенділіктің неден болуы мүмкін екенін түсіндірді. Оның айтуынша, ықтимал себептердің бірі таудағы қар мен мұздықтардың еруімен байланысты

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Киевтің орталығында Ресейдің дрон соққысынан кейін өртенген ғимараттан ер адам терезе арқылы сыртқы қабырғамен өрмелеп қашып шықты. Шабуыл Украина Ұлттық ғылым академиясының ғимаратына зақым келтірген.

Ғимараттан қалың түтін мен жалын шығып, адамдар терезелерге ұмтылған. Құтқарушылар ішінде қалып қойған адамдарға жетуге тырысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір әйел қаза тауып, кемінде үш адам жарақат алған.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, құтқарушылар өртті сөндіріп, ғимарат ішінде қалып қойған адамдарды іздестіріп жатыр.

https://t.me/ulysmedia
🤬6
Доллар 444 теңгеден төмендеді: 29 қыркүйектегі валюта бағамы

Ulysmedia.kz 29 қыркүйектегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Толығырақ осы сілтемеде.
Ресейдегі азық-түлік дағдарысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Қазақстанмен көршілес елде азық-түлік саласындағы жағдай ушыға түсті: елдің екі өңірінде астық, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері элеваторларға сыймай, төтенше жағдай режимі енгізілді. Санкциялар мен Қара теңіз порттарындағы экспорттық инфрақұрылымның бұзылуы салдарынан Ресейден Түркияға астық тасымалы тоқтаған.

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3👎1
«Апай, ата-анамды өзім асыраймын»: Каспийде қаза тапқан 20 жастағы матростың тағдыры

Ақтаудан көлікпен жарты сағаттай жерде Баянды атты шағын ауыл бар. Өткен аптада осы ауылға қаралы хабар жетті: Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде ауыл жұртының көз алдында өскен 20 жастағы Алмас Көбенов қаза тапты. Ол сол қайғылы оқиғада көз жұмған 14 әскери қызметшінің бірі еді.

Толығырақ осы сілтемеде.
😢5
Шикізатты жай ғана сатпай, өңдеуге басымдық: Тоқаев Германияға қандай ұсыныспен барды?

Қазақстан Германияға стратегиялық маңызы бар шикізат жеткізу көлемін арттырып, оны неміс компанияларымен бірлесіп өңдеуге дайын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Берлиндегі келіссөздер қарсаңында немістің Handelsblatt басылымына арналған авторлық мақаласында жазды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🥱3
Мұхтар Тайжанның ұлы Макрон әкімшілігінен хат алды

Қазақстандық инженер Санжар Тайжан Франция президенті Эммануэль Макронның әкімшілігінен ресми хат алғанын жеткізді. Оның айтуынша, француз тарапы натрий-ионды аккумуляторлар әзірлейтін компаниясының жобасына қызығушылық танытқан

Толығырақ осы сілтемеде.
👍8❤2🤔1💩1
Петропавл тұрғындары ауладағы құрылысқа қарсы шықты

Петропавл тұрғындары өз аулаларына құрылыс салуға қарсы шықты. Олардың айтуынша, астаналық компания аумақты қоршап, тұрғын үйлердің дәл ортасына көпқабатты тұрғын үй кешенін салмақ

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥4💩1
«ЖИ бәрін өзгертіп жатыр»: АҚШ Орталық Азияның цифрлық қауіпсіздігіне миллиондаған доллар бөлмек

АҚШ Орталық Азия елдерінің киберқауіпсіздігі мен цифрлық дамуын қолдауға шетелдік көмек бағдарламасы аясында 5 млн доллар бөледі

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3🤔3
Каспий теңізінде қайыққа мінген үш адамды толқын алып кеткен

Үрлемелі қайыққа мінген үш адам Каспий теңізіне шығып кеткен. Құтқарушылар оларды аман-есен тауып, жағаға жеткізді

Толығырақ осы сілтемеде.
🙏1
Төрт адамды өлтірген Сәрсемалиев «Қара бүркітке» жіберілмеді: ол жазасын қайда өтейді?

Атырау облысында бұрынғы әйелінің отбасын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиев колонияға этаппен жеткізілді. Алайда ол атышулы «Қара бүркітке» емес, Жезқазғандағы №62 мекемеге жіберілген

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5
Алматы – Екатеринбург тасжолындағы жол апатынан әйел қаза тапты

29 қыркүйекте таңертең Алматы – Екатеринбург тасжолындағы жол апатынан әйел қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды. Оқиға жолдың 384-шақырымында болған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬1
Қазақстанда қазан мен қараша әдеттегіден жылы болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қазанда орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады. Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
Фермерлерге жаңбырлатып суару техникасын алуға жеңілдетілген қаржы берілуі мүмкін

Үкімет жаңбырлатып суару техникасын жеңілдетілген шарттармен сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Мұндай тапсырманы премьер-министр Олжас Бектенов берді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2
Қазақстанда жылыту маусымы басталды: қай қалаларда қауіп жоғары?

Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ6 Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жылу беріле бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында 'нергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.