ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Аза тұту күні тікелей эфирде билеген блогер 10 тәулікке қамалды

Петропавлдық 42 жастағы блогер Ирина Антоненко 25 қыркүйекте, Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіге байланысты жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күні, тікелей эфир өткізгеннен кейін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍10🤮1
Жарамсыз пәтерлерге жарты миллиард теңге жұмсаған шенеунік қызметінен босатылды

Атырау облысында шенеунік газға қосылмаған 30 пәтерді 600 млн теңгеге сатып алған. Прокуратура оның бұл мәселені тендер өтпей тұрып-ақ білгенін анықтады. Соған қарамастан сатып алу рәсімін өткізген. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍2
Тоқаев Германия президентімен кездесті

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1🤔1🥱1
ULYSMEDIA.KZ
«Апай, ата-анамды өзім асыраймын»: Каспийде қаза тапқан 20 жастағы матростың тағдыры Ақтаудан көлікпен жарты сағаттай жерде Баянды атты шағын ауыл бар. Өткен аптада осы ауылға қаралы хабар жетті: Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде ауыл жұртының көз алдында өскен…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтаудан көлікпен жарты сағаттай жерде Баянды атты шағын ауыл бар. Өткен аптада осы ауылға қаралы хабар жетті: Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде ауыл жұртының көз алдында өскен 20 жастағы Алмас Көбенов қаза тапты. Ол сол қайғылы оқиғада көз жұмған 14 әскери қызметшінің бірі еді.

Ulysmedia.kz тілшісі әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан Алмастың қандай азамат болғанын, ата-анасына сүйеніш болуды армандаған ұлынан айырылған отбасының бүгінгі жағдайын білу үшін Баяндыға барды.

▪️ Ұлынан айырылған ауыл

Көбеновтер отбасының үйін ауылдан табу қиын емес. Мұндағылардың көбі қазір бүкіл ел айтып жүрген жігіттің осы үйде тұрғанын біледі. Шағын үйдің құрылысы әлі толық аяқталмаған. Сырты сыланбаған. Отбасы баспананы шамасы келгенше өз күшімен жөндеп келген. Алмас көпбалалы отбасындағы ортаншы бала еді. Оның екі ағасы және мектепте оқитын екі қарындасы бар.

Отбасының тұрмысы бұған дейін де оңай болмаған. Алайда теңіздегі қайғылы оқиғаға аз уақыт қалғанда оларға тағы бір ауыр сынақ түсті: Алмастың анасына ішектің екінші сатыдағы қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Науқас әйеліне күтім жасау үшін отағасы сырлаушы болып істеген жұмысын тастауға мәжбүр болған. Сөйтіп, отбасының негізгі күнкөрісі үлкен ұлдардың мойнына түскен. Алмастың қаза тапқаны туралы хабар жеткенде анасы химиотерапияның үшінші курсынан өтіп жүрген. Әйел ұлын соңғы сапарға шығарып салу үшін емін тоқтатуға мәжбүр болған. Алмастың туған-туыстарымен тілдесу мүмкін болмады. Қайғыдан қан жұтқан анасының қазір бөгде адамдармен сөйлесуге шамасы жоқ. Ал отбасының ер азаматтары журналистпен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартып, кетуімізді өтінді.

Бұған бір күн бұрын Көбеновтер отбасына блогерлер келген. Олар әлеуметтік желідегі қаралым үшін отбасының қарапайым тұрмысын камераға түсіріп, 100 мың теңгені көрсетіп табыстаған.

Осы жағдайдан кейін отбасы сырт көзден мүлде тұйықталып, ауыр қайғысын ел назарынан тыс өткеруге тырысып отыр.

Сондықтан Алмастың қандай адам болғанын оны әскерге дейін жақсы таныған жандардан сұрауға тура келді.

Толығырақ

https://t.me/ulysmedia
❤2👍1🙏1
Тоқаев Путин туралы: «Бүкіл әлем үшін ең қолайлы тұлға»

Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы жайлы пікір білдірді

Толығырақ осы сілтемеде.
💩12🤮5😁2
Бұл соғыста Ресей жеңіледі – Германия канцлері

Германия канцлері Фридрих Мерц Берлинде Мәскеудің қазіргі уақытта Украинадағы соғысты аяқтау бойынша салмақты келіссөздерге дайын еместігін айтты. Бұл туралы ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤5💯4😁2
Қазақстанда үсік пен тұман болады

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады

Толығырақ осы сілтемеде.
ULYSMEDIA.KZ
Тоқаев Путин туралы: «Бүкіл әлем үшін ең қолайлы тұлға» Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы жайлы пікір білдірді Толығырақ осы сілтемеде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресеймен қарым-қатынас туралы айта отырып, Қазақстан президенті екі ел арасындағы 7597 шақырым ортақ шекараны, Қазақстандағы 2,7 миллион этникалық орыс пен православ шіркеуін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын ұстанатынын, украин халқына құрметпен қарайтынын атап өтті. Ал соғыс қимылдарын тоқтатуды келіссөздерге бастайтын қадам ретінде ұсынды.

📍Берлин, Германия

https://t.me/ulysmedia
💩4🔥2
Астанада екі сәбидің өліміне қатысты мән-жай тексеріліп жатыр

Астанада екі нәрестенің өліміне қатысты қызметтік тексеру басталды

Толығырақ осы сілтемеде.
1 қазаннан бастап қазақстандықтарға несие беру тәртібі өзгереді

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда банктерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен талаптар қарыз алушыларды алаяқтардан қорғауға және қарыздарды сыртқы қайта қаржыландыру тәртібін реттеуге бағытталған

Толығырақ осы сілтемеде.
💩3❤1
Астанада автобус пен электромобиль соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Астанада Zeekr электромобилі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан кейін төрт адам ауруханаға жеткізілді

Толығырақ осы сілтемеде.
Ақмола облысында мас әйел сәбиін емізіп отырып ұйықтап, оны абайсызда тұншықтырып алған

Ақмола облысында мас күйде болған әйел сәбиін емізіп отырып ұйықтап кеткен. Нәресте тұншығып көз жұмды. Ақкөл аудандық соты әйелге бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Әскерге шақырылғаннан кейін 20 күнде көз жұмған сарбаздың отбасы істі қайта қарауды талап етті

Ол кезде Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің өліміне қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқан. Арада тоғыз ай өткен соң Даниярдың туыстары редакцияға қайта хабарласып, жас жігіттің өліміне ешкім жауапқа тартылмағанын айтты. Қылмыстық іс тоқтатылған.

Толығырақ осы сілтемеде.
😢2❤1
Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

30 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Соның салдарынан ауадағы ластаушы заттар ұзақ уақыт бойы тарамай, жиналуы мүмкін

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮2
Зайсан көлінен екі балықшының мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен екі ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Екі балықшының да қаза тапқаны анықталды

Толығырақ осы сілтемеде.
😢2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дана Медеуова медицина қызметкерлеріне кәсіби кепілдік беретін заң жобасын ұсынбақ

Құрылтай депутаты Дана Медеуова алғашқы депутаттық сауалында медицина саласындағы бірқатар өзекті мәселені көтерді. Ол дәрігерлердің жалақысын қайта қарау, кадр тапшылығын азайту және медицина қызметкерлерін артық бюрократиялық міндеттерден босату қажеттігін айтты.

Толығырақ осы сілтемеде.
😁1🥱1
Nazarbayev University әлемдегі ең беделді рейтингте тағы да 100 позицияға көтерілді

Nazarbayev University Times Higher Education (THE) World University Rankings рейтингінде екінші жыл қатарынан өз нәтижесін 100 позицияға жақсартты. Осылайша, екі жыл ішінде университет рейтингте 200 позицияға көтерілді.

2024 жылы NU 501–600 аралығындағы топта болды, келесі рейтингтік кезеңде 401-500 аралығына көтерілді, ал биылғы рейтингте 376-400 тобына енді. Университет сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды сақтап қалды.

THE World University Rankings әлемдегі ең беделді университеттер рейтингтерінің бірі болып саналады. Биыл рейтингке 118 ел мен аумақтан рекордтық 2 297 университет енді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 106 университетке көп. Халықаралық бәсекелестіктің артуы жағдайында NU екі жыл ішінде әлем университеттерінің үздік 23%-дығынан үздік 17%-дығына көтерілді.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2😁1
Жер қойнауы – халықтікі: Қазақстанға мысты өңдеудің өз ережесі не үшін қажет

Мыс концентратын өңдеу тарифін айқындау әдістемесіне қатысты пікірталас әлдеқашан бір қызметтің бағасына қатысты даудан асып түсті. Оның астарында бұдан да маңызды мәселе бар.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤4
Шулы оқиғалар мен қылмыстық істерден кейін Атырауға жаңа әкім тағайындалды

Атырауда Шәкір Кейкин қызметінен кеткеннен кейін екі апта өткен соң жаңа әкім тағайындалды. Оның тұсында әкімнің бірден екі орынбасары қылмыстық істер бойынша фигурант атанған еді. Енді қаланы 41 жастағы Данияр Таханов басқарады

Толығырақ осы сілтемеде.
Перуашевке жасалған ақпараттық шабуылдың артында кім тұр? ІІМ тергеуді бастады

ҚР Ішкі істер министрлігі экс-депутат Азат Перуашевке қарсы жасалған бірқатар ақпараттық шабуылды тергеп жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔2