ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Астанада жылу қашан беріледі

Астанада жылу беру маусымы 2 қазанда басталады. Қала тұрғындарының үйлеріне жылу осы күннен бастап беріле бастайды

Толығырақ осы сілтемеде.
Балқаштағы жарылыс жұртты дүрліктірді

Балқаш тұрғындарын әлеуметтік желілерде тараған қатты жарылыстың дауысы алаңдатты. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті қалада төтенше жағдай болмағанын хабарлады. Тас карьерінде жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілген

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2😁1
Жанәбіловтің соты: ерлі-зайыптылар журналистерді залдан шығаруды сұрады

Астанада блогер Ерболат Жанәбілов пен оның әйелі Эльмира Төлегенова арасындағы жанжалға қатысты сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты жеке өміріне қатысты мәселелер талқыланатынын айтып, процеске журналистерді қатыстырмауды сұрады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮2
Құрылыс компаниялары соттала ма? Фельдшердің қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

Жедел жәрдем қызметінің 23 жастағы қызметкері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс прокурорға қайтарылды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
ULYSMEDIA.KZ
Шымкенттік сарбаз әскерден кейін сал болып оралды Шымкенттен әскерге аттанған Өмірбек Сұлтанмұратов Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. Алайда әскери қызметінің аяқталуына бір ай қалғанда ауруханаға түсіп, басына ота жасалған.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
18 жасында әскерге өз еркімен кеткен Өмірбектің қазіргі жағдайы ауыр. Жақындарының айтуынша, әскери бөлім оның жағдайының нашарлағанын отбасы мүшелеріне бірден хабарламаған. Сарбаз комаға түскеннен кейін ғана ата-анасына хабар берілген.

Анасының сөзінше, отбасы Павлодарға барғанымен, ұлын екі апта бойы көре алмаған. Ол баласының аурудан емес, әскери бөлімде соққы алғаннан кейін осындай күйге түскеніне сенімді.

– Неге ауырса баланы қарамайды әскерде. Сап-сау кетті ғой бұл. Кейін естісем, айтқан екен командирлеріне ауырып жатырмын. Дәрігерге апарыңдаршы десе, апармапты. Әбден комаға түскен кезінде апарыпты дәрігерге. Дәрігерге айтсақ, бізге осындай ауыр жағдайда келді балаңыз дейді. Амал жоқ, ота жасамасақ балаңыз өлетін еді деді. Өлгенше сонда олар қарап отыра бере ме балдарды?, – дейді сарбаздың арасын Мәдина Чукамбаева.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар.

https://t.me/ulysmedia
🤬9❤1😁1
Белгілі журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Журналист Индира Жылқайдарова бірнеше жыл бойы ауыр дертпен күресіп, қайтыс болды

Толығырақ осы сілтемеде.
😭8❤1
Доллар 445 теңгеге қайта жақындады: 2 қазандағы валюта бағамы

Ulysmedia.kz 2 қазанда Алматы, Астана және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа сатып алу және сату бағамдарын жинақтады.

Толығырақ осы сілтемеде.
Ресейдің бас прокуратурасы Тимур Турлов пен Freedom Finance-ке қарсы талап-арыз берді

Ресей бас прокурорының орынбасары қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов пен онымен байланысты бірқатар компанияға қатысты сот ісін бастады. РБК мәліметінше, тиісті талап-арыз Мәскеудің Тверь аудандық сотында тіркелген

Толығырақ осы сілтемеде.
😁2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Төрехан Сабырхан елге 12 жылдан кейін Азия ойындарындағы бокстан алғашқы алтын медальді сыйлады

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍6🔥5👏4
Түркістан облысындағы ауылды нөсер жаңбырдан кейін су басты

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында нөсер жаңбырдан кейін бірнеше елді мекенді сел басты. Табиғи апаттан әсіресе Қосақаш ауылы айтарлықтай зардап шекті. Су көшелермен ағып, тұрғын үйлердің ауласына кірген

Толығырақ осы сілтемеде.
😁2
Қырғызстандағы Шакираның концертіне билеттің әр бесіншісін қазақстандықтар сатып алған

Қырғызстанда өтетін Шакираның концерті қазақстандықтардың арасында үлкен қызығушылық тудырды. Билеттер сатылымының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша сатып алынған әр бесінші билет Қазақстан тұрғындарына тиесілі

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3
"Не соғысқа барасың, не 15 жылға сотталасың": Ресейге жұмысқа барған қазақстандықтар көмек сұрады

Ресейге жұмыс істеуге кеткен бір топ қазақстандық елге оралуға көмектесуді сұрап, үндеу жасады. Олардың айтуынша, нәпақа табу үшін барған азаматтарды жұмыс берушілер алдап, соғысқа жібермек болған. Қазір олардың кейбірі Ресейдегі полигонда отыр

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2
«Давайте, енді мен теңізге кеттім»: Каспийде қаза тапқан Дастан Бегей кім

Каспийде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің ішіндегі жасы ең кішісі – Дастан Бегей 3 қыркүйекте небәрі 19-ға толған еді. Болашағынан зор үміт күттірген жігіт WhatsApp-тағы соңғы хабарламасында «Давайте, енді мен теңізге кеттім» деп жазған екен. Теңіз оны мәңгіге алып кетті. Артында қара жамылған отбасы, қабырғасы қайысқан қалың елі қалды.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2
Қазақстан Халық кеңесінде жаңа тағайындау: Олжас Данабеков қызметке келді

Олжас Данабеков Қазақстан Халық кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Сенатта қызмет атқарған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔5💩1
100 млн теңгеден астам айыппұл: KAZ Minerals шахтасынан экологиялық заң бұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтардың тексеруінен кейін «Востокцветмет» ЖШС-не 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Заң бұзушылықтар Глубокое ауданындағы «Юбилейно-Снегирихинское» кен орнынан анықталған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍5
Шымкент тұрғыны балалардан интимдік сипаттағы фото сұратқан

Шымкентте интернетте өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, балалармен танысқан ер адам ұсталды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬6
Бір күн бұрын қызметінен босатылған Ғұмар Серғазин жаңа қызметке тағайындалды

Ғұмар Серғазин бұған дейін Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылған еді. Енді ол Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының бас директоры болып тағайындалды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔5❤1
ULYSMEDIA.KZ
Төрехан Сабырхан елге 12 жылдан кейін Азия ойындарындағы бокстан алғашқы алтын медальді сыйлады Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды Толығырақ осы сілтемеде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Төрехан Сабырханның Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алған сәті

Бұл – Қазақстан құрамасының бокстан биылғы Азиададағы алғашқы алтын медалі. Айта кетейік, қазақстандық боксшылар бұған дейін Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы топ жарған еді.

https://t.me/ulysmedia
❤5👍3👏1
Қазақстанда күн райы күрт құбылады

3-5 қазан аралығында Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Солтүстіктен келетін циклонның әсерінен күн суытып, жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірлерде көктайғақ пен боран соғуы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді

Толығырақ осы сілтемеде.