ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Доллар 452 теңгеге жетті: Қазақстандағы валюта бағамы қалай құбылып жатыр?

Ulysmedia.kz 4 қазандағы Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Толығырақ осы сілтемеде.
Астанада тоғыз қабатты үй өртеніп жатыр: тұрғындар эвакуациялана бастады

Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар тұрғындарды ғимараттан эвакуациялап жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
Талдықорғанда ер адам әйеліне шабуыл жасап, қорқытқан

Талдықорғанда әйел адам күйеуімен болған жанжалдан кейін полицияға жүгінді. Оның айтуынша, күйеуі ұрып, қорқытқан

Толығырақ осы сілтемеде.
😁2😱1🤣1
Мерц Киевке жаңа көмек пакетімен және қорғаныс компанияларының басшыларымен келді

Германия канцлері Фридрих Мерц Киевке экономика министрі Катерина Райхе және ірі неміс компанияларының өкілдерімен бірге келді. Сапардың басты тақырыптары – Украинаға жаңа көмек көрсету және қару-жарақты бірлесіп өндіру

Толығырақ осы сілтемеде.
👏4😁1
Астанада тегін тамақ таратылып жатқанда дүрбелең туды

Астанада қазақтың ұлттық тағамдарынан тегін дәм татуға арналған іс-шараның аяғында дүрбелең туды

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3
20 жыл күткен жол: ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын бағыт ашылды

Шығыс Қазақстан облысында Рахман қайнарына апаратын жолдың жаңа бөлігі пайдалануға берілді. Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағытындағы жолдың кейінгі 13 шақырымында құрылыс жұмыстары аяқталды

Толығырақ осы сілтемеде.
+36 градуста ұшақ ішінен шығармаған: қазақстандық FlyArystan-ды сотқа берді

Қазақстандық Абылай Байтенов шілдеде Шымкент – Алматы бағытындағы рейстен кейін FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді. Оның айтуынша, компания жолаушыларды есігі жабық, кондиционері істемейтін ұшақтың ішінде шамамен 45 минут ұстаған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1😁1
Мың жылдан кейін еліне оралды: Болгария Самуил патшаның сүйегін қайтарды

Грекиядан Болгарияға Бірінші Болгар патшалығының соңғы ірі билеушілерінің бірі Самуил патшаға тиесілі болуы мүмкін сүйек жеткізілді. Салтанатты рәсім 3 қазанда, патшаның қаза болғанына мың жылдан аса уақыт өткен соң өтті

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3
Жамбыл облысында мұғалім сабақта баланы ұрып тастаған

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Қордай ауданында түсірілген видео тарады. Кадрда домбыра үйрететін педагогтің балаға күш қолданғаны байқалады

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған тағы бір сарбаз әскери қызметін аяқтап, үйіне оралды

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған атыраулық әскери қызметші Бекет Қуандық мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйіне оралды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤6
Қар, көктайғақ, қатты жел: 5 қазанда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

5 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктер жаңбыр, қар аралас жаңбыр, қатты жел, көктайғақ, тұман және бұрқасын болатынын ескертті. Кей өңірлерде жел екпіні секундына 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетуі мүмкін

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Қазақстанның батысында алғашқы қар жауды

Ақтөбе облысы мен елдің батысындағы өзге де өңірлерден қар басқан көше мен жолдардың видеолары әлеуметтік желіде тарай бастады

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстан қарашада қанша мұнай өндіре алады? ОПЕК+ шешімі

Мұнай өндіруді ерікті түрде шектеп отырған ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қарашаға белгіленген қазіргі квоталарды өзгертпеуге келісті Бұл топқа Қазақстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Оман және Алжир кіреді.

Толығырақ осы сілтемеде.
Қонаевта үйдің шатыры өртенді: 120 адам эвакуацияланды

Қонаевта өртсөндірушілер бес қабатты тұрғын үйдің шатырында шыққан ірі өртті сөндірді. Ғимараттан 120 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды

Толығырақ осы сілтемеде.
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады.

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥2
Кремль Тоқаевты "саяси тұрғыдан өте мықты тұлға" деп атады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путин туралы жақында айтқан пікіріне қатысты ойын білдіріп, Мемлекет басшысының саяси тұлғасына баға берді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣6😁2
Каспийдегі қасіреттен аман қалған сарбаздар жақындарымен қауышты

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан аман қалған мерзімді әскери қызметтегі матростар үйіне орала бастады.

Толығырақ осы сілтемеде.
Демалыстан кейін доллар күрт қымбаттады

Ulysmedia.kz 5 қазанда Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа бағамын ұсынады.

Толығырақ осы сілтемеде.
Тоқаев Қарулы күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Айқұрман Омарбековті Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Толығырақ осы сілтемеде.
Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты арнайы мақсаттағы күштердің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Азамат Хасеновті Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – арнайы мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындады

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1