ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада тұрғын үй ауласында бес көлік өртенді: бір адамды 50% күйік шалған

Астанадағы Safar Jayik тұрғын үй кешенінің ауласында таңғы сағат 06:00 шамасында бес автокөлік өртеніп кетті. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік иелерінің айтуынша, өрт алдымен Volkswagen Passat автокөлігінен басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қашықтан автозапуск арқылы іске қосылып, қараусыз қалған. Кейін көлік алға жылжып, алдында тұрған Hyundai Elantra автокөлігіне соғылған. Осыдан соң Passat-тан түтін шығып, өрт басталған.

Сол маңда тұрған көліктерге жалын қатты желдің әсерінен тез тараған.

Өрт кезінде Hyundai Elantra көлігінің иесі өзіне тиесілі екінші көлігін де қауіпсіз жерге алып шығуға тырысқан. Алайда ол жол-көлік оқиғасына ұшырап, денесін күйдіріп алған. Бұл туралы көлік иесінің інісі Ілияс Дулатов айтып берді.

«Таңғы 5:50 шамасында сигнализация ойнайды. Одан кейін біз далаға шыққан кезде өрт жанып жатыр, машиналар жанып жатыр. Сол кезде біздің бірінші тұрған Hyundai Elantra көлігіміздің артқы жағы жанып кеткен. Оны құтқара алмағанымыздан, екінші көлігіміз осы қатардың бойында тұрғандықтан, оны құтқарам деп ағам машинаны оталдырып, шыққан кезде Lexus автокөлігіне соғылып, өрт арасынан атып шығып, өзінің денесін күйдіріп алды. Қолы, аяғы, бет-әлпеті, шашы 50 пайыз жарақат алды. Қазір ауыр жағдайда дейді», — деді Ілияс Дулатов.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына шамамен жеті минут ішінде келген. Алайда қатты желдің салдарынан жалын қысқа уақытта бірнеше көлікке тараған.

Ілияс Дулатовтың сөзінше, оқиғадан кейін құқық қорғау органдары оқиға орнына келгенімен, көлік иелеріне жағдайдың қалай өрбігені және әрі қарай қандай әрекет жасау керектігі туралы нақты ақпарат берілмеген.

«Олар бәрі келді. Бірақ нақты ақпарат ешкім берген жоқ. Мен: “Нөмірлеріңізді беріңіз, қай жерге, кімге хабарласу керек?” дедім. Ешқандай мағлұмат жоқ. Әлі күнге дейін. Тек өрт сөндіру органында жұмыс істейтін бір кісі маған хабарын айтып, қалай істеу керек екенін түсіндірді. Бірақ мен заявление жаза алмаймын. Себебі мен көліктің иесі емеспін. Құжат бойынша оның иесі — ағам», — деді ол.

Оның айтуынша, өртенген көліктердің екеуі де несиеге алынған және олардың қарызы әлі толық өтелмеген. Оның сөзінше, мұндай жағдайда сақтандыру мәселесі де көлік иелері үшін өзекті болып отыр.

Оқиғаның нақты себептері, өрттің шығуына не себеп болғаны және көлік иелеріне келтірілген шығын көлемі әзірге белгісіз.

Ulysmedia.kz аталған оқиғаға қатысты Астана қаласының полиция департаментіне сауал жолдады. Редакция ресми жауап түскен жағдайда оны жариялайды.

https://t.me/ulysmedia
😢3😱2😁1
Астанада бес көліктің қалай түгі қалмай өртеніп кетті: мән-жай

Астанадағы Safar Jayik тұрғын үй кешенінің ауласында кеше, 6 қазанда таңғы сағат 06:00 шамасында бес автокөлік өртеніп кетті. Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды

Толығырақ осы сілтемеде.
Үсік, көктайғақ, тұман: 7 қазанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына қатысты болжамын жариялады

Толығырақ осы сілтемеде.
Украинадағы соғыс аяқталуға жақын қалды – Трамп

АҚШ Украинадағы жағдайды реттеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣3
Доллар арзандады: 7 қазандағы валюта бағамы

Ulysmedia.kz 7 қазанда Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталардың сатып алу және сату бағамдарын жинақтады.

Толығырақ осы сілтемеде.
Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеті тоқтатылды

Құрылтайдың жалпы отырысында Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды.

Толығырақ осы сілтемеде.
👎2🤔2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейге жұмыс іздеп, соғысқа кеткен қазақтардың тағдыры не болады? Олар елге қайтарыла ма?

Бұл сұрақтарды Ұлыстың тілшісі Құрылтай депутаттарына қойды.

https://t.me/ulysmedia
🤬5💩1
СІМ қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарының өтініштерін қарау және оларға көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬2💩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Өте сақ болу керек": депутат Ресейдегі қазақстандықтарға қатысты жағдайды түсіндірді

Құрылтай депутаты Ерлан Сайыров Ресей армиясының құрамында Украинадағы соғысқа мәжбүрлі түрде жіберілуі мүмкін қазақстандықтарға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮4💩2❤1
Депутат сот қызметкерінің қазасынан кейін басшыларды еңбек мәдениетін өзгертуге үндеді

Құрылтай депутаты Олжас Құспеков Көкшетауда соттың 27 жастағы қызметкерінің қазасына қатысты түсінік білдірді. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт жұмыстағы қысымнан кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔1
Салық қыспағындағы шағын бизнес: B2B шығындарына қатысты жаңа шешім ұсынылды

Соңғы жылдардағы ең көп талқыға түскен заңдардың бірі – жаңа Салық кодексі. Оның қабылдануының дұрыс-бұрыстығы жөнінде бизнес пен мемлекет өткен жылдан бері пікір таластырып келеді. Ал 2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне ене салысымен, құжатқа өзгерістер енгізу жөніндегі арнайы жобалық кеңсе жұмысын бастады. Салық кодексіне түзетулер енгізу мәселесі тұрақты түрде талқыланып келеді. Алайда B2B сегментінде жеңілдетілген режиммен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шығындарды шегеруге салынған шектеудің тағдыры әзірге белгісіз.

Толығырақ осы сілтемеде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кімдердің әлеуметтік төлемі қысқаруы мүмкін: жаңа ережелер түсіндірілді

Қазақстанда әлеуметтік төлем алу кезінде отбасының табысы ғана емес, мүлкі, көлігі, бизнесі, тіпті мал саны да ескерілуі мүмкін. Құрылтайдың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Қожахметова отбасыларды тұрмыс деңгейіне қарай қалай бөлетінін және жәрдемақыларға не болатынын түсіндірді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮1
ULYSMEDIA.KZ
Ресейге жұмыс істеуге кеткен 19 жастағы қазақ жігіті елге оралуға көмектесуді сұрап, үндеу жасады. “Біз 10 күннен астам Қазақстанның елшілігінен көмек сұрап келеміз. Бізге “жауап күтіңдер, аман-есен алып келеміз” деді. Бірақ біз нақты жауабын әлі алған жоқпыз.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Соғысқа жіберілген қазақстандықтардың туыстары СІМ ғимаратына жиналды

Қазір Астананың қақ ортасында, СІМ ғимаратының алдында соғысқа мәжбүрлі түрде алып кеткен азаматтардың бірінің анасы көз жасына ерік беріп жылап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық жігіттер Луганскке алып кеткен.

Туыстарының айтуынша, бірнеше күннен бері олардан ешқандай ақпарат ала алмай отыр. Жақындары биліктен балаларын елге қайтаруға көмектесуді сұрап, көмекке жүгінді.

https://t.me/ulysmedia
😡3😁1😭1
Тоқаев экс-депутат Татьяна Савельеваны қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Татьяна Савельеваны Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл лауазымда ол президент қызметінен босатқан Әскер Бейсеновтің орнына келді

Толығырақ осы сілтемеде.
💩11👎4👏1🤔1
Жоғарғы соттың алты судьясы қызметінен босатылды

Құрылтай депутаттары Жоғарғы соттың бірқатар судьясының өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣3💩2
ULYSMEDIA.KZ
⚡️Соғысқа жіберілген қазақстандықтардың туыстары СІМ ғимаратына жиналды Қазір Астананың қақ ортасында, СІМ ғимаратының алдында соғысқа мәжбүрлі түрде алып кеткен азаматтардың бірінің анасы көз жасына ерік беріп жылап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық…
⚡️ «Аға, бізді алып кетіңіз»: заңгер Мейрман Шекеев Путинге хат жазды

Астанадағы СІМ ғимаратының алдында ұлдары соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың аналары әлі де биліктен жауап күтуде. Әйелдер бірнеше күннен бері ұлдарымен дұрыс байланыса алмай отырғанын айтады. Оларға заңгер Мейрман Шекеев те қосылды.

МӘН-ЖАЙЫ

Шекеев журналистерге жас жігіттермен байланыста екенін айтты. Оның сөзінше, олар Қазақстан билігінің Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы мәлімдемелерінен кейін нақты әрекет күтуде.

«Төрт күн болды. Бүкіл Қазақстанға “келісімге қол қойылды, оларды алып кетеміз” деп мәлімдеді. Ең болмаса жігіттерге қоңырау шалып, үміттендірсін. Олар өмірге деген үмітін жоғалтып барады. Мемлекеттің артында тұрғанын сезбейді. Біз қоңырау шалып, “шыдаңдар” деп жұбатамыз. Төрт күн – олар үшін өте ұзақ уақыт», – деді Шекеев.

Заңгердің айтуынша, оған жаңа отбасылар әлі де хабарласып жатыр. Сондықтан қазір белгілі болып отырған 21 адаммен бұл жағдай шектелмеуі мүмкін. Шекеев консул орынбасарымен байланыста екенін, алайда әзірге нақты жауап ала алмағанын айтты.

Заңгер жігіттердің құжаттарын зерттегенін жеткізді. Оның нұсқасына сәйкес, олардың ешқайсысы соғысқа саналы түрде баруға келіспеген. Кейбіріне күзет жұмысы ұсынылған. Ал жігіттердің бір бөлігі орыс тілін нашар меңгергендіктен, нақты қандай құжатқа қол қойғанын түсінбеген.

Шекеевтің айтуынша, байланысқа шыққан жігіттердің басым бөлігі қазір Луганскте.

«Маған қоңырау шалған сайын жүрегім ауырады. Не деп жауап берерімді білмеймін. “Аға, бізді алып кетіңіз”, – дейді. СІМ-де қалай тыныш ұйықтап жатқандарын білмеймін. Олар сонда болуы керек. Бұл – біздің азаматтарымыз. Конституцияға сәйкес, Қазақстан азаматтарының құқығын шетелде де қорғауы тиіс», – деді заңгер.

Шекеев Ресей президенті Владимир Путинге де үндеу жолдағанын хабарлады. Оның айтуынша, хаттың адресатқа қашан жететіні және жауап бола ма, жоқ па – әзірге белгісіз.

https://t.me/ulysmedia
👍4🤮3❤2🤔1
ULYSMEDIA.KZ
⚡️ «Аға, бізді алып кетіңіз»: заңгер Мейрман Шекеев Путинге хат жазды Астанадағы СІМ ғимаратының алдында ұлдары соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың аналары әлі де биліктен жауап күтуде. Әйелдер бірнеше күннен бері ұлдарымен дұрыс байланыса алмай отырғанын…
⚡️ «Ұлымды бөтен ел үшін дүниеге әкелген жоқпын»: қазақстандықтардың аналары балаларын елге қайтаруды сұрап, жылап отыр

Астанадағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың аналары балалары туралы айтып, көз жасына ерік берді. Бірі ұлының тірі-тірі еместігін білмейді, енді бірі баласынан көмек сұраған қоңыраулар қабылдап отыр. Әйелдер биліктен ұлдарын елге қайтаруды сұрайды.

Бір жылдан астам уақыттан бері ұлының тірі-тірі еместігін білмейді

Айымгүл Солтабаева немересі Арап Қуанышұлының 2006 жылы туғанын айтты. Ол Ресейге жұмыс іздеп кеткен. Тамыз айына дейін отбасымен байланыста болған. Әйелдің сөзінше, немересі алғашында құрылысқа жұмысқа барғанын, кейін шошқа соятын кәсіпорынға жұмысқа жіберілгенін айтқан. Алайда екі ай бойы жалақы алмаған. Құрылыс алаңында бір апта жұмыс істегеннен кейін оны соғысқа алып кеткен.

«Бір жыл бір ай болды, одан хабар жоқ. Тірі ме, қаза тапты ма – білмейміз», – деді Айымгүл Солтабаева.

Тағы бір әйел ұлының ондағы жағдайы өте ауыр екенін айтты. Оның сөзінше, жастар суықтап ауырып жатыр, жылы киімдері де жоқ.

«Құдай үшін, балаларымызды ол жерден алып шығыңыздаршы! Күн сайын өлім. Олардың еш кінәсі жоқ. Егер балам қаза болса, өзім де сол жаққа барып, баламмен бірге өлгенім артық. Мен оны бөтен ел үшін дүниеге әкелген жоқпын. Біз мұнда күртеше киіп жүрміз, ал олар жұқа арнайы киіммен жүр. Бәрі жөтеліп жатыр. Ең болмаса, оларды арнайы қабылдау орнына жіберуге болмай ма?» – дейді ана.

Тағы бір ана ұлын төрт айдан бері елге қайтаруға тырысып жүргенін айтты. Ол Ресейге екі рет барғанымен, көмек ала алмаған.

«Жалғыз ұлым төрт ай бұрын кетіп қалды. Ол маған: “Мама, мен жараландым. Мені кешір. Үйге қайтқым келеді, көмектесші”, – деп жалынды. Ресейге екі рет бардым, бірақ ол жақта ешкім көмектеспеді. Енді сіздерден көмек сұраймын. eGov арқылы 25 рет өтініш бердім. Маған тек “күтіңіз” дейді. Басқа ештеңе жоқ. Оның жасы 20-да, орыс тілін білмейді. Оны алдап кеткен», – деді анасы.

https://t.me/ulysmedia
❤4🙏1
ULYSMEDIA.KZ
⚡️ «Ұлымды бөтен ел үшін дүниеге әкелген жоқпын»: қазақстандықтардың аналары балаларын елге қайтаруды сұрап, жылап отыр Астанадағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында соғыс аймағында жүрген қазақстандықтардың аналары балалары туралы айтып, көз жасына…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астананың қақ ортасында, Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдына Ресейде соғыс аймағына мәжбүрлі түрде жіберілген қазақтардың ата-аналары мен жақындары жиналды.

Ұлыс тілшісі оқиғаның мән-жайын білу үшін СІМ ғимаратының алдына барды.

https://t.me/ulysmedia
❤1🙏1