ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Доллар 450 теңгеден төмен түсті: 8 қазандағы валюта бағамы

Биржада доллар бағамы айтарлықтай төмендегеннен кейін Қазақстандағы айырбастау орындары да валютаның сату бағасын түсіре бастады. 8 қазан таңертең Алматыда америкалық валюта 450 теңгеден сәл жоғары бағамен сатылса, Шымкентте бұл межеден төмен сатылып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
💩1
Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің рейтингін жариялады

Вячеслав Ким Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің рейтингінде қайтадан бірінші орынға шықты. Ол бұл тізімде бұған дейін 2023 жылы да көш бастаған. Үздік 50-лікке төрт жаңа есім енді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮8
Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Алматы облысының Көксай ауылында жол талғамайтын көлік жүргізушісі тротуарда тұрған төрт жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Толығырақ осы сілтемеде.
😡5
Шымкентте екі жұмысшы құдықта газға уланып қаза тапты

Шымкентте су құбырларын ауыстыру кезінде екі жұмысшы құдыққа түсіп, қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі азамат газға уланып көз жұмған. Үшінші жұмысшы аман қалды

Толығырақ осы сілтемеде.
😢3😁1
"Жұмыстан кетесің не сотталасың": журналист Головкинмен жанжалдан кейін қысым көргенін айтты

Мемлекеттік телеарнада 15 жыл жұмыс істеген журналист Аслан Қаженов даудың ортасында қалды.

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥6🤬5
Мұнай бағасы қайтадан $100-ден асты: танкерлерге жасалған шабуылдар нарықты алаңдатты

8 қазанда мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Нарық Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты тәуекелдерге қайта назар аударды. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында кемелерге жасалған шабуылдар жиілеген. Бұған қоса, АҚШ-тағы дауылдың салдарынан компаниялар теңіздегі мұнай өндіру көлемін қысқарта бастады

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
"Миллиондаған адамның өмірін сақтап қалдым": Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығынан дәмелі

АҚШ президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін тағы меңзеді. Оның айтуынша, ол сегіз соғысты аяқтап, кепілдегілерді босатып, «миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған». Нобель сыйлығының биылғы лауреатының есімі 9 қазанда жарияланады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮5
Арматураны сындырып, тікенек сымнан асқан: Ақтөбеде сотталған адам УҰИ-дан қашты

Ақтөбе облысында сотталған азамат уақытша ұстау изоляторынан шатыр арқылы қашып кеткен. Ол сол күні ұсталды. Енді ол жалпы режимдегі мекеменің орнына қатаңдығы жоғары қауіпсіздік колониясына жіберіледі

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Астанада оқушылар гардеробта қысылып қалған: мектеп директоры қызметінен босатылды

Астанада №99 мектептің директоры оқушылардың гардероб маңында бір уақытта көптеп жиналуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1🤔1
«Тірі қалғаныма шүкір»: браконьерлер өлтіре жаздаған қорықшы неге БАҚ-қа жүгінді?

Бұл мамандық сырт көзге бейбіт көрінгенімен, қорықшының өліммен бетпе-бет келуі табан асты. Тыныш далада, түнгі алқапта, бала кезден таныс төбелердің арасында да ол үшін қауіп-қатер жеткілікті. Мұны қазақстандықтар 2019 жылы Қарағанды облысында қорықшы Ерлан Нұрғалиев браконьерлердің қолынан қаза тапқанда түсінді. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл аңшылық шаруашылығының басшысы Павел Тепенко оның тағдырын қайталауға шақ қалды. 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні ол арнайы киімде, қызмет бабында жүрген.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤯2❤1
ULYSMEDIA.KZ
«Тірі қалғаныма шүкір»: браконьерлер өлтіре жаздаған қорықшы неге БАҚ-қа жүгінді? Бұл мамандық сырт көзге бейбіт көрінгенімен, қорықшының өліммен бетпе-бет келуі табан асты. Тыныш далада, түнгі алқапта, бала кезден таныс төбелердің арасында да ол үшін қауіп…
Қорықшының айтуынша, көліктің ішінде оның көз алдында елікті атып өлтірген адамдар – қызметтегі полиция майоры, орман шаруашылығының директоры және әкімнің жүргізушісі болған. Алайда қылмыс үстінде ұсталғанына қарамастан, оларды үйлеріне жібере салған. Оның үстіне, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңсыз аңшылық фактісі мойындалғанына қарамастан, СҚО полиция департаменті сол пикапта мылтық ұстап отырған полицейдің «еңбек демалысында болғанын» және оның жануарларды заңсыз аулауға қатысы «қазіргі кезеңде анықталмағанын» ресми түрде мәлімдеді.

Демек, погонын шешіп, табельдік қаруын тапсырса болды, майор емес, браконьерлердің арасында кездейсоқ жүрген қарапайым аңшы болып шыға келеді екен. Бәлкім, ол жай ғана жанында тұрған шығар, сыра ішіп, мылтыққа фонарьды тек инженерлік іске деген сүйіспеншілігінен тағып жүрген шығар.  Анық-қанығын қызметтік тексеру анықтайды.

Ал қорықшы тергеудің алғашқы әрекеттерін күтпестен бұл оқиғаны неге БАҚ арқылы жария етуді жөн көргенін Ulysmedia.kz тілшісі анықтауға тарысты.

Толығырақ осы сілтемеде.

https://t.me/ulysmedia
❤3🤬2
Доллар 503 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Қаржы сарапшылары доллар бағамына қатысты болжамдарын қайта қарады. Алдағы апталарда теңгенің нығаюын күтетін сарапшылар бір жылдан кейін америкалық валютаның бағасы 503 теңгеге жуықтауы мүмкін деп болжап отыр

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥2
Қазақстан СІМ Ресейден 14 қазақстандықтың қайтарылатынын растаған жоқ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей армиясының құрамында жүрген 14 қазақстандықты Қазақстан елшілігіне жеткізетіні туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Дипломаттар тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬6😁1
Алматыда полицейді өлтіріп, тауда өртеп жіберген: іс прокуратураға жолданды

Алматы полициясы 37 жастағы жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолдау үшін прокуратураға берілді. Полицейдің өліміне оның әйелі мен 14 жастағы ұлы күдікке ілінген

Толығырақ осы сілтемеде.
😢3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Францияның Сен-Дени қаласының мэрі Балли Багаёко Париждегі оқушылар наразылығы кезінде полиция мен жасөспірімдердің арасына тұрып, оларды қорғауға тырысты.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мэр полиция қызметкерлеріне «тоқтаңыздар» деп, наразылық білдіріп тұрған жастардың алдына шыққаны көрінеді. Оның айтуынша, полиция көптеген оқушы агрессия танытпағанына қарамастан, оларға қарай ұмтылған.

Кейін полиция наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын газ қолданған. Газ мэрге де әсер етіп, оған медициналық көмек көрсетілген.

Багаёко оқушылардың наразылығын күш қолдану арқылы емес, диалог пен білім саласына инвестиция салу арқылы шешу қажет екенін айтты.

Францияда оқушылардың наразылығы бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Жастар мектептердегі адам көптігіне, мұғалім тапшылығына, ғимараттардың нашар жағдайына және білім алудағы теңсіздікке қарсылық білдіруде.

https://t.me/ulysmedia
❤4
Атамбаевтың ұлы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды деп төрт жылға сотталды

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке дайындалды деп айыпталып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленеді. Осы іс бойынша Қазақстан азаматы Серікбай Кубаланбек уулу босатылып, Қазақстанға жер аударылатын болды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔2❤1