Испаниядағы футбол турнирі үшін ата-аналардан 24 млн теңге алған адам сотталды
Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды сылтау етіп, ата-аналарды алдаған адам сотталды. Алаяқ тоғыз жәбірленушіден 24 млн теңгеден астам ақша алған
Толығырақ осы сілтемеде.

Непалдағы селден кейін жоғалған екі қазақстандық турист әлі табылмады
Непал мен Тибет шекарасында болған селден кейін жоғалып кеткен екі қазақстандық туристің қазіргі орналасқан жері әлі белгісіз. Олардың туыстары ДНҚ сараптамасы үшін биоматериал тапсырды. Жоғалды деп есептелген үшінші қазақстандық әйел үйінен табылды

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде ауызашарда жихадты насихаттаған ер адам 7,5 жылға сотталды
Ақтөбеде ауызашарда қарулы қақтығыс туралы айтып, жихадты насихаттаған ер адам 7,5 жылға сотталды. 30 жастағы сотталушы бұған дейін екі рет сотталған. Бұл жолы қатаң режимдегі абақтыға жіберілді

👍5👎2
Ақтөбеде эпилепсиясы бар қыз қажетті дәрісін ала алмай жүр
Ақтөбеде эпилепсиямен ауыратын 13 жастағы қыздың әкесі «Осполот» препаратын тұрақты түрде беруді сұрап отыр. Оның айтуынша, қат дәріні алу қиындаған. Дәрігерлердің өзі екі түрлі жауап беріп шатасқан

🤬3😱2
Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ осы сілтемеде.
Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ осы сілтемеде.
Алматы көшелерінің атауына қатысты даудан кейін блогерге айыппұл салынып, билбордтардан суреті алынды
Әлеуметтік желіде Mini Knopka деген атпен танымал қазақстандық блогер Әйгерім Бердәлиева әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Толығырақ осы сілтемеде.
Әлеуметтік желіде Mini Knopka деген атпен танымал қазақстандық блогер Әйгерім Бердәлиева әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Толығырақ осы сілтемеде.
👍4😁1
Доллар 453 теңгеден асты – валюта бағамы
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қымбаттап жатыр. 9 қазан күні таңертең АҚШ валютасының сату бағасы 453 теңгеден асты
Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қымбаттап жатыр. 9 қазан күні таңертең АҚШ валютасының сату бағасы 453 теңгеден асты
Толығырақ осы сілтемеде.
Жәрдемақы жағрафиясы: Қазақстан мен шетелде әлеуметтік қолдау деңгейі қандай
Қазақстанда кейбір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде мұқтаждық өлшемі енгізілетіні туралы жаңалық тарағалы бері әлеуметтік желіде «бұл елде тұрудың мәні қалмады» деген сарындағы пікірлер көбейді. Нәтижесінде, шетелге қоныс аударуға құлшыныс бірден бәсеңдегендей болды.

👎2
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған украиналық Қазақстаннан кетті
1 қазанда Астанада Ресейдің сұрауымен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская Қазақстаннан кетіп, қазір Еуропалық одақ елдерінің бірінде жүр.
Толығырақ осы сілтемеде.
1 қазанда Астанада Ресейдің сұрауымен ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанская Қазақстаннан кетіп, қазір Еуропалық одақ елдерінің бірінде жүр.
Толығырақ осы сілтемеде.
👏5👍2
ULYSMEDIA.KZ
Түрікменстанда ТМД елдері көшбасшыларының саммиті басталды: Иран алғаш рет қатысып отыр
Түрікменстанның «Аваза» кешенінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер басшыларының саммиті басталды.
Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей басшысы Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және өзге де мемлекет көшбасшылары қатысып жатыр.
Саммитке Иран Президенті Масуд Пезешкиан да арнайы қонақ ретінде келді. Иран ТМД құрамына кірмейді. Ел басшысы мұндай отырысқа алғаш рет арнайы қонақ ретінде қатысып отыр.
Көшбасшылар көлік қатынасын дамыту, қауіпсіздік, әлеуметтік мәселелер және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты талқылайды. Сондай-ақ тарихи жадты сақтау мәселесі күн тәртібіне енгізілген.
https://t.me/ulysmedia

👎4❤2
Қазақстандық жүк көлігі жүргізушісі Грузияда 16 жылға сотталды
Щучинск қаласының тұрғыны, Қазақстан азаматы Иван Чекулаев Грузияда 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Толығырақ осы сілтемеде.
Щучинск қаласының тұрғыны, Қазақстан азаматы Иван Чекулаев Грузияда 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Толығырақ осы сілтемеде.
🤯1
Оралдық кәсіпкер Қарашығанақ мердігерінен 1 млрд теңгеге жуық ақша жымқырған
Орал қаласының соты Karachaganak Support Service (KSS) ЖШС-нің негізін қалаушыны сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол өз компаниясынан 2,2 млн долларды (948,3 млн теңге) жымқырып, ақшаны АҚШ-қа аударған

🤔1
Ақтөбелік кәсіпкер қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеп, 393 млн теңге тапқан
Ақтөбеде «ЖАН-АМИ и К» ЖШС директоры қауіпті мұнай қалдықтарын заңсыз өңдегені үшін кінәлі деп танылды. Кәсіпорын екі жыл бойы лицензиясыз жұмыс істеп, 1 400 тоннадан астам қалдықты өңдеген. Заңсыз табыс көлемі 393 млн теңгеге жеткен. Алайда сотталған азамат амнистияға байланысты негізгі жазадан босатылды

😁2
Демалыс күндері күн жылынады: Қазақстанда ауа райы қандай болады
Қазақстанда күн жылынады. 10-12 қазан аралығында елдің батысында ауа температурасы +27 градусқа, оңтүстігінде +28 градусқа дейін көтеріледі. Алайда шығыста жаңбыр мен қар жауады, ал Түркістан облысында нөсер жаңбыр күтіледі

Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды
Теміртауда ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен қаза тапқандардың 20 жастағы ұлы ұсталды
Толығырақ осы сілтемеде.
Теміртауда ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен қаза тапқандардың 20 жастағы ұлы ұсталды
Толығырақ осы сілтемеде.
😱1
Астанадағы мектепте оқушылардың қысылып қалуынан кейін директордың қызметтен кетуі заңды ма
Астанадағы №99 мектептің киім ілетін орнында оқушылардың қысылып қалуынан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. Мұндай шешім заң талаптарына қаншалықты сай келеді?
Толығырақ осы сілтемеде.
Астанадағы №99 мектептің киім ілетін орнында оқушылардың қысылып қалуынан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. Мұндай шешім заң талаптарына қаншалықты сай келеді?
Толығырақ осы сілтемеде.
😱1
Астананың кейбір тұрғындарына жақын күндері 86 500 теңгеге дейін төленеді
Астананың кейбір тұрғындары алдағы күндері 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік көмек алады. Ақша автоматты түрде аударылады, өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем биыл 11 қазанда атап өтілетін Мүгедектігі бар адамдар күніне орай беріледі

👎1
Павлодарда сотталғандар PlayStation ойнап, әлеуметтік желілерді пайдаланған
Павлодардағы колониялардың бірінде прокурорлар 15 смартфон, алты Wi-Fi роутер, PlayStation ойын консолі және сақтауға тыйым салынған өзге де техникаларды тапты. Осы факті бойынша салғырттық бабымен қылмыстық іс қозғалды

😁3
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
– Қазақстан Түрікменстанның Ұйымға төрағалық жасаған кезеңінің нәтижелерін және ТМД-ның ортақ күн тәртібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалайды. Осыған орай, құрметті әріптес, Сіздің жоғары кәсіби деңгейдегі жұмысыңызға ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі саммит Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Ұйымның бастауында тұрды. 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы шын мәнінде мемлекеттеріміздің тарихындағы бетбұрысты сәт болды. ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды. ТМД-ның біріктіруші миссиясы елдеріміз тәуелсіздік алған кезеңде айқын көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күрделі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпалдастықтың мүлдем жаңа форматын құрдық. Осы жылдарда Достастық ұйымы сенім мен ынтымақтастықты дәріптейтін тиімді көпжақты тетік ретінде бүкіл әлемге кеңінен танылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

💩1
ULYSMEDIA.KZ
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке…
Елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста орыс тілінің атқаратын рөлін атап өткен маңызды - Тоқаев
Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтудің маңызына тоқталды. Өйткені адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас, өзара сенім, ұқсас менталитет, сондай-ақ орыс тілі ТМД-ның бірегей сипатын паш ететін ерекшеліктер саналады.
– Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшыларының мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемесі қабылданды. Тамыз айында тұңғыш рет Астанада ТМД волонтерлер форумы өтті. Осы арада волонтерлік ұғымы немесе ізгі істер саясаты жаңа Конституциямызда көрініс тапқанын атап өткім келеді. Яғни волонтерлер конституциялық мәртебеге ие болды, соған сәйкес олардың қызметіне ерекше қамқорлық көрсетіледі. Бастамаларымызға әрдайым қолдау білдіретін әріптестеріме және ТМД елдері үкіметтерінің басшыларына алғыс айтамын. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста орыс тілінің атқаратын рөлін атап өткен маңызды. Орыс тілі өзара түсінісуге, білім беру, ғылым салаларындағы серіктестік пен адамдар арасындағы байланыстың кеңеюіне ықпал етуде. Бұл айдан анық дүние. Сондықтан қадірлі әріптестерімді Халықаралық орыс тілі ұйымының қызметін қолдауға шақырамын. Дүние жүзінде орыс тілін әр түрлі деңгейде меңгерген 300 миллионға жуық халық бар. Сондықтан аталған ұйымның келешегі жарқын. Мен бұған сенімдімін. Сонымен қатар ТМД елдерінің тілдері мен мәдени әралуандығын көздің қарашығындай сақтап, бүкіл халықтың тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау аса маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🤮11👎1