ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.75K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Қазақстанның Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Пәкістанға елші болып тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еркін Тұқымовты Пәкістандағы төтенше және өкілетті елші етіп тағайындады. Бұған дейін Тұқұмов президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарған

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Таксиіміз де, дерегіміз де өзгенің қолында: «Яндекс» істен шыққанда не ұқтық

«Яндекс» сервистерінің істен шығуы күнделікті тіршілігіміздің ең қарапайым деген тұстарында да еліміздің әлемдік капиталға қаншалықты тәуелді екенін тағы бір көрсетті. Жұмысқа барудан бастап, үйге азық-түлік алдыруға дейінгі әрекеттеріміздің өзі сыртқы сервистерге байлаулы.

Толығырақ осы сілтемеде.
👎3🤬2
Қазақстан қордан алтын сата бастады: не өзгерді?

Қазақстан Ұлттық банкі кейінгі бір жарым жылда алғаш рет алтын сатуға кірісті. Резервтердегі бағалы металдың үлесі 78%-ға дейін өскен. Енді реттеуші жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 75%-ға дейін төмендетуді көздеп отыр

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3
Елімізде тұрғын үй нарығындағы сауда бәсеңдеді

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайды. Қыркүйек айында мәмілелер саны тамызбен салыстырғанда 1,1% төмендеген. Ал былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда құлдырау әлдеқайда айқын болып, 14,3% болды

Толығырақ осы сілтемеде.
Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына қатысты жаңа болжамын жария етті

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,4%, ал жылдық орташа инфляция 10,3% болады деп болжап отыр

Толығырақ осы сілтемеде.
😁1
Маңғыстауда итбалықтар тағы да қырылып қалды: билік себебін анықтап жатыр

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан Қызыл кітапқа енген эндемик жануарлардың жаппай қырылғаны тағы тіркелді. Инспекторлар Каспий итбалығының шіріп жатқан 15 өлексесін тапты

Толығырақ осы сілтемеде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
World Tennis президенті II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

13 қазанда Алматыда өткен World Tennis AGM Бас ассамблеясы аясында ұйым президенті Дэвид Хаггертиге мемлекеттік награда табысталды.

Марапатты Мемлекет басшысының атынан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов тапсырды. Орден Хаггертидің спорт арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан көпжылдық үлесі үшін берілді.

Салтанатты рәсім Қазақстан Президентінің Бас ассамблея қатысушыларына жолдаған құттықтау үндеуінен басталды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының құттықтауын оқып, жиынның ресми ашылуына қатысты.

Қазақтың қонақжайлығы мен құрметінің белгісі ретінде Қазақстан теннис федерациясының президенті, World Tennis вице-президенті Болат Өтемұратов Дэвид Хаггертидің иығына шапан жапты.

https://t.me/ulysmedia
🥱3❤2💩1
Ел халқы енді "қарызға өмір сүрмей" ме? Елде тұтынушылық несие беру қысқарды

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы тұтынушылық несие өсімінің баяулауын Қазақстанның 2026 жылы тап болған сын-қатерлерінің бірі деп атады

Толығырақ осы сілтемеде.
Жұманғарин салық реформасының артықшылықтарын атады

ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанның 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында қалай дамығанын баяндады. Оның айтуынша, халықтың нақты табысы өсіп, салық реформасы республикалық бюджеттің кірісін арттыруға ықпал еткен негізгі факторға айналды

Толығырақ осы сілтемеде.
💩6🤣6
Хиджабқа тыйым салу өрт қоюға себеп болды ма? Баку мектептерінде не болып жатыр?

Әзербайжан астанасында мектеп формасына қойылған жаңа талаптарға байланысты туындаған жанжалдар әлі де тексеріліп жатыр. Мектептерде хиджаб кию мәселесі төңірегіндегі дау аясында оқу орындарының бірінің директорының көлігіне өрт қойылған, ал басқа мектепте өрт шығаруға әрекет жасалған

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1👎1🔥1
20 қазаннан бастап дүкендерге жаңа талаптар енгізіледі

20 қазаннан бастап елдегі дүкендерде отандық тауарларды орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍4🤔2
Қазақстанда тағы сайлауға өтеді: ОСК күнін белгіледі

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгілі болды. Дауыс беру 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮5😁1😡1
Қайрат Нұртас концертіне жауапты ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Шымкентте Қайрат Нұртас концертінің ұйымдастырушысы екі ай бойы үйқамақта болады. Қала прокуратурасы күдіктіні қамауда ұстаудан бас тартқан тергеу сотының шешіміне наразылық білдірмек

Толығырақ осы сілтемеде.
😁4💩2
Теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты нығайды

KASE-дегі доллардың орташа бағамы 448,48 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен 2,65 теңге төмен

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2😁1
«Қоғамды тапқа бөлгендей»: жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібіне әйелдер неге наразы

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңа талап бойынша, тұрмысы бақуатты деп танылған азаматтар бюджеттен берілетін бірқатар төлемді ала алмайды. Ulysmedia тілшісі қандай өзгерістер енгізілетінін және жаңа ережелер қоғамда, әсіресе, әйелдер арасында неліктен қызу пікірталас туғызғанын анықтап көрді.

Толығырақ осы сілтемеде.
Айырбастау орындарында доллар арзандап жатыр: 14 қазандағы валюта бағамы

14 қазан күні таңертең АҚШ валютасы айырбастау орындарында орта есеппен 451 теңгеден сатылып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Таң атпай тілшілерден қашқан шенеуніктер. Журналистер үшін таңғы жаттығу, билік үшін ашықтық сынағы.

Құрылтайда журналистердің кіруіне шектеу қойылғаннан кейін осылай жұмыс істеуге мәжбүрміз: шенеуніктерді жолай тоқтатып, халықты толғандырған сұрақтарды қойып үлгеруге тырысамыз.

Бірі сұрақты елемейді, бірі тоқтамай өтіп кетеді. Бозымбаев, Әшікбаев, Смайылов, Сүлейменова тым болмаса жанымыздан үнсіз өте шықпай, жауап беруге тырысты. Соған да рақмет. Әйтпесе, сұраққа жауап алу - бөлек алғыс айтатын жағдай емес, жұмысымыздың қалыпты бөлігі болуы керек қой.

Бұл шектеулердің қандай нәтиже беретінін көрерміз. Әзірге сұрақ азайған жоқ. Оны қою мүмкіндігі ғана азайды.

Халыққа ашықтық керек. Өз өміріне әсер ететін шешімдердің түсіндірмесі керек. Сыйластыққа негізделген әңгіме керек.

Журналистен қадамыңды жылдамдатып құтыларсың. Бірақ халықтың сұрағынан құтыла аласың ба?

https://t.me/ulysmedia
🔥5👎1🤯1😱1
Атыраудың бұрынғы әкімі қылмыстық қудалаудан босатылды

Биыл жазда Атырау басшылығына қатысты қозғалған резонансты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5
Алматыда жүкті әйелдің көз алдында ер адамды көлік тұрағына бола пышақтап өлтірді

Алматыда 37 жастағы ер адам тамағына пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Қайғылы оқиға ауладағы көлік тұрағына қатысты жанжалдан басталған. Марқұмның артында сегіз жастағы ұлы мен жүкті әйелі қалды. Күдікті шабуыл жасалған күні ұсталды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5