СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
​​ЗА ПЕРВУЮ НЕДЕЛЮ АКЦИИ «БАЛАҒА ЛАЙЫҚ» ОТ КАЗАХСТАНЦЕВ ПОДСТУПИЛА ИНФОРМАЦИЯ ПО 65 ОБЪЕКТАМ

#Сандарды_сөйлетсек_ҚР_БҒМ
#цифра_дня_МОН_РК

@bilim_jane_gylym
👍3
​​🔔 06 мамыр «БҒМ LIVE»
🔴 15:00 Instagram
🔴 15:30 Facebook

🎙 Тікелей эфир қонағы: ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули

✅ Спикер «Балаға лайық» акциясының барысы туралы айтып, сұрақтарға жауап береді.

@bilim_jane_gylym
​​🔔 06 мая «БҒМ LIVE»
🔴 15:00 Instagram
🔴 15:30 Facebook

🎙 Гость прямого эфира: Заместитель председателя Комитета по охране прав детей МОН РК Элина Паули.

✅ Спикер расскажет о ходе акции «Балаға лайық» и ответит на актуальные вопросы казахстанцев.

@bilim_jane_gylym
​​МАТЕМАТИКАДАН БАЛҚАН ОЛИМПИАДАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АЛТЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

🥈 Елдің ұлттық құрамасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Математикадан Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар былтырғы нәтижені жақсартты.

Жарыстар офлайн форматта өтті.

🇨🇾 Биыл Ларнака қаласында(Кипр) өткен олимпиадаға 16 елден 100-ге жуық оқушы қатысты. Олардың қатарында Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Молдова Республикасы, Черногория Республикасы, Румыния, Сербия және т.б. бар.

Сайысқа жылда 6 адамнан құралған Қазақстан құрамасы қатысады. Биыл ел намысын Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Атырау және Ақтау қалаларының оқушылары қорғады.

✖️➗Сайыста балалар математикадан олимпиада тапсырмаларын өте қысқа мерзімде шешуі керек болды.

Елімізде осыған дейін "Балалар жылы" аясында дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республика көлемінде түрлі деңгейдегі олимпиадалар өткен болатын. Автоматтандырылған процесс олимпиадаларды аудандық деңгейден республикалық дейгейге дейін барынша ашық және транспарентті өткізуге мүмкіндік берді.

Балқан олимпиадасы оқушыларымызға негізгі халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындалудың тиімді әдісі ретінде көмектесетінін атап өткіміз келеді.

Былтыр осы сайыста қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.
😁1
​​ШЕСТЬ МЕДАЛЕЙ ЗАВОЕВАЛИ КАЗАХСТАНСКИЕ ШКОЛЬНИКИ НА БАЛКАНСКОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО МАТЕМАТИКЕ

🥈 2 серебряные и 4 бронзовые медали завоевали казахстанские школьники на Балканской олимпиаде. Таким образом, национальная сборная страны улучшила итоги прошлого года и завоевала на одну медаль больше, чем в 2021 году.

🇨🇾 В интеллектуальных соревнованиях, прошедших офлайн с 4 по 9 мая в городе Ларнака (Кипр), приняли участие около 100 школьников из 16 стран. Среди них Албания, Босния и Герцеговина, Болгария, Кипр, Македония, Греция, Республика Молдова, Республика Черногория, Румыния, Сербия и др.

Ежегодно сборная Казахстана выступает в количестве 6 человек. В этом году честь страны защищали школьники из Алматы, Нур-Султана, Костаная, Атырау и Актау.

✖️➗На соревнованиях дети должны были решить олимпиадные задания по математике в очень сжатый временной отрезок.

Ранее мы проводили олимпиады на различных уровнях внутри страны для того, чтобы поддержать одаренных детей. Процесс был автоматизирован, что позволило провести олимпиады, начиная с районных и заканчивая республиканской, максимально открыто и транспарентно.

Отметим, что Балканская олимпиада является хорошим трамплином и помогает нашим школьникам подготовиться к главной Международной олимпиаде по математике (IMO).

Добавим, что в прошлом году казахстанские школьники завоевали 1 серебряную и 4 бронзовые медали.
👍5
​​ОСЫ ЖАЗДА БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ ДЕМАЛАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 500 МЫҢҒА АРТАДЫ

Балалар жылында балаларды жазғы демалыспен қамту артады. Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады. Бұл былтырмен салыстырғанда жарты миллионға көп.

Сонымен қатар биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдардың саны айтарлықтай артты. Жалпы республика бойынша 11 мыңнан аса (2021 ж. – 9 507) мектеп жанындағы, қала маңындағы, шатырлы, спорттық және киіз үй лагері жұмыс істейді.

Бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б. Балалар сауықтыру лагерлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілді. Қалалық лагерьлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Қызылорда облысында 3 және Ақмола облысында 1 лагерь пайдалануға беріледі. Балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Қазір ашылуға дайындалып жатқан лагерьлерде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп жатыр.

Осы жылы балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт пен мобильді қосымша (Android және IOS платформаларында) іске қосылды. Электронды картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы (бағдарламасын, бағасын, орналасқан жерін) ақпарат ала алады.
👍1
​​НА 500 ТЫСЯЧ УВЕЛИЧИТСЯ КОЛИЧЕСТВО КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛЬНИКОВ, КОТОРЫЕ ОТДОХНУТ ЭТИМ ЛЕТОМ В ДЕТСКИХ ОЗДОРОВИТЕЛЬНЫХ ЛАГЕРЯХ

В Год детей увеличится охват школьников летним отдыхом. Во время летних каникул в детских оздоровительных лагерях отдохнут 2,3 млн казахстанских учащихся. Это почти на полмиллиона больше, чем в прошлом году.

Также в этом году значительно увеличилось и количество оздоровительных лагерей и площадок. В целом по республике будут работать более 11 тысяч (2021 г. - 9 507) пришкольных, загородных, палаточных, спортивных, юрточных лагерей.

В первую очередь, летним оздоровительным отдыхом будут охвачены дети из социально уязвимых категорий. Это дети-сироты, дети из малообеспеченных, многодетных, неполных семей, дети с инвалидностью и другие. Сеть детских оздоровительных лагерей расширена за счет открытия лагерей при санаториях, туристических базах, национальных парках, высших учебных заведениях и восстановления бездействующих лагерей. Проводится работа по развитию сети загородных лагерей, в этом году будут сданы в эксплуатацию 3 лагеря в Кызылординской области и 1 лагерь в Акмолинской области. Важно обеспечить комфортные и безопасные условия для летнего отдыха детей. Сейчас в готовящихся к открытию лагерях проводятся конкурсные процедуры, проверяется их соответствие санитарным нормам.

Для максимального информирования детей и родителей в этом году запущены интерактивная карта детских оздоровительных лагерей bala-demalys.kz, сайт и мобильное приложение (на платформах Android и IOS). С помощью электронной карты любой желающий в режиме реального времени может просмотреть доступность (программу, цену, расположение) того или иного лагеря.
👍2
Әрдайым көмектесуге асығатын батыр - ЕРІКТІЛЕР!


Еріктілік – қоғам немесе  әлеуметтік топтардың игілігі үшін сыйақы күтпей, өз еркімен орындалатын қызмет.

Мамырдың 12-сі күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің еріктілер тобы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арман» Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына барып қайтты.

Колледждің ерікті - студенттері бақшаны қазуға, картоп отырғызуға және аумақты тазалауға көмектесті. 

«Арман» Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы колледж еріктілеріне ризашылықтарын білдірді. 
Всегда на помощь спешат герои – ВОЛОНТЕРЫ!


Волонтерство – это деятельность, совершаемая добровольно на благо общества или отдельных социальных групп, без расчета на вознаграждение.

12 мая 2022 года  волонтерская группа «Искорки» Высшего колледжа имени Магжана Жумабаева посетила Петропавловский детский центр социального обслуживания «Арман» управления координации занятости и социальных программ акимата Северо-Казахстанской области.

Студенты - волонтеры колледжа оказали помощь в копке огородов, посадке картофеля и в уборке территорий.

Петропавловский детский центр социального обслуживания «Арман» выражает благодарность волонтерам колледжа. 
 

 

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, ол өскелең ұрпақты Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі ретінде дамытуға бағытталған. Мемлекеттік жобаны қолдау аясында биыл 14 мамырда 3-11 сынып оқушылары арасында Абай және Мағжан оқуларының облыстық кезеңі өтті. Алғаш рет байқауға облыс мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» номинациясы бойынша Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. 

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, Абай және Мағжан шығармалары арқылы оқушылардың классикалық әдебиет пен ұлы поэзияны оқуға деген қызығушылығын арттыру. 

Байқаудың 11 номинациясына Петропавл қаласы мен облыстың білім беру ұйымдарынан 152 оқушы қатысты, олардың ішінде ұлы ақындар шығармаларының білгірлері, өз шығармаларының авторлары, Абай сөздеріне ән шырқаған  әншілер де бар.  

 
👍1