СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенттерінің облыстық байқауының қорытындысы өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша осы конкурсқа 23 колледжден 50 студент қатысты. Конкурсқа қатысу үшін студенттер ынталандыру хат жазып, өз мамандығы туралы бейнеролик түсірді. Оған қоса өңірді дамытуға арналған жеке жоба, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі мен қоғамдық қызметін растайтын құжаттарды ұсынды. Ұсынылған 50 материалдың ішінен 10 студенттің жұмысы үздік деп танылды, олар колледждің ТОП-100 студенті байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық студенттерімізге сәттілік тілейміз!

Проведены итоги областного конкурса ТОП-100 студентов колледжей Республики Казахстан. По Северо-Казахстанской области  в данном конкурсе приняли 50 студентов из 23-х колледжей. 

Для участия в конкурсе студенты представили мотивационное письмо, видеоролик-презентацию о своей специальности, собственный проект для развития региона,  а также документы.
«Спорт наш друг!» - под таким названием в ДПК «Достық» прошли спортивные эстафеты. Цель мероприятия: пропаганда здорового образа жизни, привлечение детей к занятиям физической культурой и спортом. В состязаниях приняли участие воспитанники кружка «Футбол». Мероприятие прошло весело и задорно: участники продемонстрировали свои спортивные умения, а также получили заряд бодрости и массу положительных эмоций. Победители были награждены грамотами.

Педагог-организатор Кох В.Г.
Айыртау ауданының балаларды қолдау орталығы жұмыс істегеніне 55 жыл болды. Осы жылдар аралығында орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көптеген балаларға көмек көрсетті. СҚО Білім басқармасының басшысы Нәзір Азаматұлы Жәшібеков орталыққа барып, семинарға қатысты. Онда интернат мекемелері мамандарының құзыреттілігін арттыру және жетім балаларды әлеуметтендіруге бағытталған заманауи тиімді технологиялар кешенін игеру мәселелері талқыланды. Қазір балаға жоғары құндылық, ерекше адам ретінде бағдарланған жаңа ойлау қабілеті бар кәсіби мұғалім қажет. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жетім балаларды тәрбиелеуге бірыңғай жүйелі тәсілді қамтамасыз ету туралы да айтылды. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша балаларға жағдай жасау орталығының жұмысын жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар берілді. Мерейтойлық датаға орай салтанатты іс-шара мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
👍3
VID-20221101-WA0118.mp4
11.4 MB
Балабақшаларға орталықтандырылған бірыңғай кезек енгізіледі. Ал, білім саласындағы ең қажетті қызметтер толығымен егов пен ірі банктардың мобильді қосымшаларында қолжетімді болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Бүгінгі таңда балабақшаларға кезек цифрлы форматқа көшірілді. Десек те әлі де үлкен мәселе бар, кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бірізділік жоқ, тәуекелдер бар. Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді»,- деді министр. https://t.me/oqu_agartu/4447
👍3