СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі

*****

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Августовской конференции


t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты»

«Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу.

Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар.

Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Учитель – ключевая фигура в построении будущего страны»

«Поздравляю вас с открытием традиционной Августовской конференции! Наша встреча, посвященная вопросам качественного образования и достойного воспитания подрастающего поколения, имеет очень важное значение.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Вы активно участвуете в укреплении интеллектуального потенциала нашего народа.

Хотел бы выразить искреннюю благодарность Действительно, учителя выполняют работу государственной важности. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ»

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде.

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі.

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды.

Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады».

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «В государственной службе утверждается принцип меритократии. Во власти больше нет семейно-клановой системы»

«Сегодня мы сплоченно, объединившись всем народом, строим Справедливый, Чистый и Сильный Казахстан. Для формирования нового качества нации мы запустили важные реформы. Это масштабная и сложная работа, в которой уже достигнуты значительные результаты. Полностью обновлена политическая система, определен новый экономический курс. Наше общество трансформируется, меняется сознание граждан.

В государственной службе утверждается принцип меритократии. Во власти больше нет семейно-клановой системы. При назначении на должности в первую очередь учитываются знания и профессионализм.

Сегодня в нашей стране растет свободолюбивое и мыслящее поколение. Уважение к Закону и Порядку становится незыблемым принципом. Одним словом, Казахстан вступил в качественно новый этап развития.
Однако следует понимать, что мало провозгласить изменения, не менее важно прочно закрепить их. Для достижения этой цели необходимо обновить общественное сознание. И в этом деле огромная ответственность возлагается на вас, уважаемые педагоги. Ведь настоящий Ответственный гражданин – Адал азамат формируется именно в школьных стенах».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өсті»

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек.

Мен білім беру саласына айрықша мән беремін. 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болғанын білесіздер.

Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.

Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты. Осы уақытта 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 217 мектеп құрылысы жоспарланды. Қазір 128 мектеп салынды. Бұдан бөлек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысына алпыстан астам мектеп салынды. Тағы 30-ға жуығы салынып жатыр.

«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді Бүгінде 74 мұғалім осы құрметті атаққа ие болды. Былтыр 2 ұстаз «Қазақстанның Еңбек ері» атанды. Бұл – барша педагогтер қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту әрдайым басты назарда. Соңғы төрт жылдың ішінде олардың жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді. «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» жобасы қолға алынды. Осы жобаға қатысқан 332 маман мектеп директоры болып тағайындалды. Мұғалімдер өз міндетіне кірмейтін артық жұмыстан босатылды. Ұстаздың назары бала оқыту ісінде болуға тиіс».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «За последние четыре года зарплата учителей выросла в два раза»

«Великий просветитель Ахмет Байтурсынов говорил: «Душа школы – это учитель». Если мы хотим стать передовой страной, необходимо обеспечить наилучшие условия для учителей.

Я уделяю образованию особое внимание. Вы помните, что одно из моих первых решений на посту Президента в 2019 году касалось именно педагогов.

Мы живем в эпоху знаний и науки. В условиях глобализации успеха добьется только та страна, которая обладает передовыми знаниями и новыми технологиями. Если сегодня мы воспитаем интеллектуальное новое поколение, то завтра будем в авангарде мирового развития. Поэтому поддержка образования остается главным приоритетом государственной политики.

За последние годы в этой сфере проделана большая работа. С 2019 года бюджет системы образования вырос в 3 раза. Введено в эксплуатацию 1200 школ для более чем миллиона учеников. В рамках проекта «Келешек мектептері» запланировано строительство 217 школ, 128 из них уже возведены. На средства Фонда поддержки инфраструктуры образования открыто более 60 школ, еще около 30 сейчас строятся.

Принят Закон «О статусе педагога», учреждено звание «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы». Оно присвоено уже 74 учителям. В прошлом году двое педагогов удостоились звания «Қазақстанның Еңбек Ері». Это свидетельство огромного уважения, которое оказывает государство всему педагогическому сообществу.

Мы уделяем особое внимание повышению социального статуса учителей. За последние четыре года их зарплата выросла в 2 раза. Сейчас надбавки получают более 500 тысяч учителей. Запущен проект «1000 лидеров изменений в образовании». 332 участника этого проекта уже стали директорами школ. Учителя освобождены от дополнительной работы, не входящей в круг их обязанностей. Благодаря этому они могут полностью сосредоточиться на обучении детей».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімдердің жаңа толқынын даярлау – айрықша маңызды жұмыс»

«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болады.

Осындай нақты шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді.

Былтыр 1800-ге жуық «Алтын белгі» иегері педагог мамандығына оқуға түскен. Ал, биыл 2 мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдап отыр. Бұл – барлық «Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы деген сөз. Мұның бәрі қоғамда ұстаздардың абырой-беделінің арта түскенін аңғартады. Мұғалімнің білігін, мәртебесін көтеру және білім сапасын арттыру үшін басқа да көптеген шаралар атқарылды. Нәтижесі жаман емес.

Биыл оқушыларымыз әлемдегі ең беделді жеті олимпиададан 27 медаль алды. Бұдан бөлек, халықаралық олимпиадалардан 1000-ға жуық медаль иеленді. Бұл, әрине, ұл-қыздарымыздың сапалы білімі мен терең ізденісі және ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі.

Мен жақында осындай бір топ оқушыны Ақордаға арнайы шақырып, марапаттадым. Олар қазақтың зияткер ұлт екенін бүкіл әлемге танытып жүр.

Жалпы, нақты жетістіктер аз емес. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі, алда атқарылатын шаруа одан да көп. Осы орайда, бүгін оқу-ағарту саласына қатысты бірқатар ойымды ортаға салғым келеді».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Подготовка нового поколения учителей – это очень важная задача»

«В этом году выделено более 13 тысяч грантов по педагогическим специальностям. Стипендия студентов-педагогов за пять лет выросла вдвое, и с нового учебного года она составит 84 тысячи тенге.

Благодаря этим мерам растет интерес молодежи к профессии учителя.

В прошлом году на педагогические специальности поступили около 1800 обладателей «Алтын белгі», а в этом году их число превысило 2000. Это почти 23% от всех обладателей этого знака. Все это свидетельствует о том, что престиж профессии учителя в обществе растет. Мы приняли и другие меры для повышения квалификации педагогов и улучшения качества образования. Достигнуты неплохие результаты.

В этом году наши школьники завоевали 27 медалей на семи самых престижных в мире предметных олимпиадах, а также около 1000 медалей на других международных состязаниях. Это, безусловно, результат качественных знаний и упорного труда наших детей, а также самоотверженной работы учителей.

На днях я специально пригласил юных лауреатов в Акорду, чтобы лично вручить им награды. Они продемонстрировали всему миру интеллектуальную мощь нашего народа.

Достижений у нас много, но останавливаться на этом нельзя. Впереди еще больше работы. И сегодня я хочу поделиться с вами некоторыми мыслями о будущем сферы образования».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Озық тәжірибені үйреніп, оны еліміздің болмысына бейімдеу керек»

«Білім сапасын жақсарта түсу қажет. Қазір ғылым мен білім, технология өте жылдам өзгеріп жатыр. Кеше алған білімің ертең өзекті болмай қалуы мүмкін. Сондықтан мұғалімнің білікті болуы – өте маңызды мәселе. Жоғары оқу орнында алған біліммен шектеліп қалуға болмайтыны түсінікті. Озық ойлы шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздар ұдайы ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы керек. Балалардың оқуға зейінін ашатын әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген абзал.

Дамыған мемлекеттерде білім беру саласы ұлттық экономиканың тірегі, қозғаушы күші екені белгілі. Сондай елдердің тәжірибесін зерттеген жөн. Бірақ басқалардың бала оқыту үлгісін құр көшіріп әкеле салуға да болмайды. Озық тәжірибені үйреніп, оны еліміздің болмысына бейімдеу керек.

Жалпы, білім беру стандарттарына, оқыту әдістемесіне, оқулыққа енгізілетін кез келген өзгерісті өте мұқият саралау қажет. Себебі, білім саласында ешқандай қателікке жол беруге болмайды. Бір ғана қателіктің салдары өте ауыр болуы мүмкін».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «Важно адаптировать лучшие практики к нашим реалиям»

«Необходимо повышать качество образования. Наука, технологии, знания – все это стремительно меняется. Полученные вчера знания завтра могут потерять свою актуальность. Поэтому решающее значение приобретает квалификация учителей. Нельзя ограничиваться знаниями, полученными в высших учебных заведениях. Чтобы воспитать по-настоящему прогрессивных учеников, педагоги должны постоянно учиться и самосовершенствоваться. Важно мастерски овладевать методиками, которые пробуждают в детях стремление к знаниям.

Мы видим, что в развитых странах образование – это основа и движущая сила экономики. Нам необходимо изучать их опыт, хотя и не следует слепо копировать чужие модели. Важно адаптировать лучшие практики к нашим реалиям.

Любые изменения в стандартах образования, методиках и учебниках должны проходить тщательную экспертизу. В образовании нет права на ошибку, ведь последствия могут быть очень серьезными».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді маңызды міндет ретінде атады

«Соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «У всех детей должны быть равные возможности, независимо от того, где они живут»

«Еще одна важная задача – устранить неравенство качества образования в городах и селах. За последние четыре года мы модернизировали материально-техническую базу более чем 4 тысяч сельских школ. Там был проведен капитальный ремонт, построены новые библиотеки, столовые и спортзалы. Эта работа будет продолжена.

У всех детей должны быть равные возможности, независимо от того, где они живут. В этом и заключается основная цель проекта «Келешек мектептері».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады»

«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Ұлы Абай «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет. Ұл-қыздарымыз жақсы мен жаманның, ақ пен қараның арасын ажырата білуі керек.

Биылдан бастап елімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Сондай-ақ, мен осы жобаны педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынамын.

Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жасампаз, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі «Заң мен тәртіп» үстемдік құратын қоғамның іргесін қаламақ.

Халқымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаған. Ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, мұғалім және мемлекеттік органдар бірге жұмыс істеуге тиіс. Себебі, жауапкершілік бәріне – ортақ. Хакім Абай да «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан.

«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал бұл үштіктің өзегінде – еңбекқорлық идеясы болуға тиіс. Жас ұрпаққа еңбексіз ешқандай игілік болмайтынын үнемі түсіндіріп айту керек. Қоғамда масылдыққа жол бермеу қажет. Себебі, бұл жол тек тығырыққа тірейді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы – осы бағыттағы нақты шараның бірі. Мен бұған дейін де айттым. Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады. Қолы таза адам жемқорлыққа бармайды, адал болады. Асыл қасиеттерді бойына сіңірген нағыз адал азаматтар Әділетті Қазақстанның тірегі болатыны сөзсіз».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Гармоничный симбиоз трех составляющих – семьи, школы и государства – позволит достичь наилучших результатов»

«Образование должно идти рука об руку с воспитанием. Качественное образование невозможно без достойного воспитания. Знания и воспитание – это две опоры любого общества, и их нельзя рассматривать по отдельности.

Школа является ключевым этапом в образовании и воспитании ребенка. Великий Абай писал: «Человек должен отличаться от других умом, знаниями, волей, совестливостью, хорошим нравом». Крайне важно не только прививать молодому поколению стремление к знаниям, но и направлять его, давать ему правильный жизненный ориентир. Наша молодежь должна расти ответственной и трудолюбивой, уметь различать добро и зло.

С этого учебного года во всех общеобразовательных учреждениях, в том числе и в частных, будет действовать единая воспитательная программа «Адал азамат». Предлагаю также внедрить данный проект в вузах, осуществляющих подготовку педагогов.

Полагаю, что в сфере отечественного образования должна функционировать единая система воспитательной работы. Подрастающему поколению нужно прививать наши национальные ценности. Дети должны расти патриотичными, креативными, созидательными, эрудированными, трудолюбивыми, заботливыми и бережливыми. Только обладающие этими качествами граждане способны заложить основу культурного и безопасного общества, базирующегося на принципе «Закон и Порядок».

Народная мудрость гласит: «Тәрбие тал бесіктен басталады» («Воспитание начинается с колыбели»). Родители, педагоги и государственные органы должны тесно взаимодействовать в деле воспитания детей, так как это сфера их общей ответственности. Великому Абаю принадлежат слова: «Любовь человека неотделима от его разума, человечности, знаний, она зависит от благородства отца и матери, от мудрых наставников и добрых друзей».

Гармоничный симбиоз трех составляющих – семьи, школы и государства – позволит достичь наилучших результатов. А в их основе должна быть идея трудолюбия. Нужно разъяснять подрастающему поколению, что без любви к труду невозможно достичь благополучия. Нельзя поддаваться лени и безделью, это приведет общество к деградации.

Одним из наглядных примеров такого взаимодействия может служить общенациональная акция «Таза Қазақстан». Я не раз говорил, что Чистый Казахстан – это не только чистота вокруг нас, что, несомненно очень важно, но и чистота наших помыслов. Человек с чистой душой всегда готов к добрым поступкам и состраданию. Будучи честным и порядочным, он не пойдет по пути коррупции.Несомненно, только по-настоящему ответственные граждане, воспитавшие в себе самые благородные качества, станут опорой Справедливого Казахстана».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»

«Балалар өмірлік дағдының көбін мектепте меңгереді. Олар мұнда тәртіпке бағынып, жүріп-тұру ережелері мен әдеп нормаларын сақтауды үйренеді. Сондықтан мектеп өзара құрмет пен жанашырлыққа толы үйлесімді қоғамның үлгісі болуға тиіс.

Балаларды жауапкершілікке баулып, оларға кез келген әрекеттің салдары болатынын түсіндіру маңызды. «Заң мен тәртіп» қағидаты тәрбие жұмысының ажырамас бөлшегіне айналуға тиіс. Ең басты міндет – осы тұжырымдаманың мән-маңызын түсінікті тілде, озық педагогикалық әдістер арқылы өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.

Бұл іске директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтерінен бөлек, барша ұстаздар қауымы атсалысуға тиіс. Өйткені бұл – мемлекеттік маңызы бар міндет.

Балаларды әлеуметтік кеселдерден қорғау үшін олардың сыни ойлау қабілетін ұштау қажет. Жас ұрпақтың көп уақытын Интернет пен әлеуметтік желілерде өткізетіні жасырын емес. Олар жалған идеялар мен мінез-құлықты бұзатын теріс тәрбиенің ықпалына оңай түсуі ықтимал. Сол себепті әр педагог балаларды өз эмоциясын ұстауға, кез келген нәрсеге немесе жағдайға байыппен қарап, дұрыс шешім қабылдауға үйретуі керек.

Нашақорлық пен лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және бұзақылық сынды зиянды әдеттермен күресуде мұғалімдер айрықша рөл атқарады. Жас ұрпақ арасындағы наркотизмге қарсы іс-қимылға бүкіл қоғам болып жұмылу керек. Мен бұл туралы жақында Қауіпсіз Кеңесінің отырысында айттым. Бірақ, ең бастысы, әртүрлі стимуляторлармен әуестену, тіпті ол зиянсыз болса да, түбі жарға жығатынын балалар мен жастарға түсіндіру қажет.

Зиянды заттарды тұтыну немесе виртуалды ойындар арқылы шындықтан ажырап, қиялға ерік беру адамды айналасына жексұрын қылып, қоғамнан шеттетеді. Шын мәнінде, мұндай жандар өз болашағына балта шабады. Олар жақсы жұмыс тауып, берекелі отбасын құру мүмкіндігінен айырылады. Өзінің дарынын көрсетіп, биік мақсаттарға жете алмайды».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «Важно уберечь подрастающее поколение от социальных пороков»

«Именно в школе дети обретают многие навыки жизни в обществе. Здесь они привыкают к дисциплине и порядку, учатся соблюдать правила и нормы поведения. Поэтому школа должна быть моделью гармоничного общества, в котором царит атмосфера уважения и поддержки.

Важно прививать детям чувство ответственности, разъяснять им, что любые поступки имеют свои последствия. Необходимо, чтобы принцип «Закон и Порядок» стал неотъемлемым элементом воспитательной работы. Задача – на понятном языке, с помощью передовых педагогических методик донести до подрастающего поколения суть этой концепции.

В эту работу, помимо заместителей директоров по воспитательной работе, классных руководителей и школьных психологов, должно включиться все педагогическое сообщество, поскольку это задача общегосударственного характера.

Чтобы уберечь детей от социальных пороков, необходимо формировать у них критическое мышление. Не секрет, что подрастающее поколение проводит много времени в Интернете и социальных сетях, где они могут легко попасть под влияние ложных идей и разрушительных моделей поведения. Поэтому каждый педагог должен приучать детей контролировать свои эмоции, стараться действовать рационально и смотреть на любые вещи и ситуации с разных сторон.

Учителям отводится особая роль в борьбе с такими пагубными явлениями, как наркомания и лудомания, домашнее насилие, буллинг и вандализм. Противодействие наркотизму среди подрастающего поколения требует консолидации усилий всего общества. Об этом я говорил на днях на заседании Совета Безопасности. Но главное, надо донести до детей и молодежи, что увлечение разного рода стимуляторами, даже якобы безобидными, – это путь в никуда.

Уход от реальности в мир грез с помощью вредоносных веществ или виртуальных игр превращает человека в социального изгоя.

По сути, такие люди лишают себя будущего – они не смогут найти нормальную работу, построить благополучную семью, реализовать свои таланты и добиться больших целей».

t.me/aqorda_resmi
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс»

«Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек.

Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді.

Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады.

«Не ексең, соны орасың» деген. Қазір біз бір қоғам болып жас ұрпақтың бойына қандай құндылықтарды сіңірсек, ертең ондаған жылдан кейін ұлтымыздың сапасы да сондай болмақ. Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Школа должна быть местом, где каждый ребенок чувствует себя в полной безопасности»

«Ни в коем случае нельзя допускать проявления буллинга, жестокости и агрессии.

За последние два года в стране был принят комплекс мер, направленных на защиту прав подрастающего поколения. В частности, ужесточено наказание за все формы насилия в отношении несовершеннолетних, укреплен институт уполномоченного по правам ребенка.

Ведется системная работа по профилактике суицидов среди детей, которые сегодня стали одной из острых проблем. Во всех школах страны размещен QR-код службы психологической поддержки «111».

С начала учебного года в школах и колледжах будет внедрена антибуллинговая программа «ДосболLIKE», призванная предотвратить травлю в детских и подростковых коллективах. Государство продолжит планомерно совершенствовать систему защиты прав и интересов подрастающего поколения.

Есть такая пословица: «Что посеешь, то пожнешь». То, что мы все вместе заложим в наших детях сегодня, будет определять будущее нашей нации на многие десятилетия вперед. Именно в школах закладывается фундамент Справедливого, Передового, Чистого, Безопасного и Сильного Казахстана».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды

«Әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Оның басты нышанын инновацияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде «озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз.

Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады.

Бүгінде еліміздегі мектептердің 95 пайыздан астамы жылдам интернетпен қамтылған. Аталған көрсеткішті 100 пайызға жеткізу керек. Жерсерік жүйелерінің мүмкіндіктерін осы мақсатқа пайдалануға болады. Мұны жай ғана инфрақұрылымға теңдей қол жеткізу мәселесі емес, әлеуметтік әділдіктің маңызды идеологиялық қағидаты ретінде қарастырған жөн.

Сонымен қатар озық инновациялық тәсілдер ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды білім алуына жол ашып, инклюзивті орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Елімізде мектепке немесе колледжге қабылдау, сондай-ақ басқа мектепке ауысу бойынша барлық негізгі қызметтер цифрлық жүйеге көшірілген. Электронды Үкіметтің мобильді қосымшасында білім саласына қатысты барлық ақпарат жиналған Bilim қызметі жұмыс істеп тұр».

t.me/aqorda_resmi