СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Уважаемые педагоги, родители и воспитанники дошкольных организаций!
Приглашаем вас принять участие в республиканских конкурсах: «Мен зерттеушімін», «Лучший педагог дошкольной организации», «Лучший методист дошкольной организации», «Лучшая дошкольная организация - 2022». Конкурсы проводятся в соответствии с планом работы РГУ «Институт раннего развития детей» МОН РК. Конкурсы «Лучший методист дошкольной организации», «Лучший педагог дошкольной организации» вошли в утвержденный перечень республиканских конкурсов (приказ МОН РК №232 от 25.05.2021 года параграф 3, пункт 14)
Напоминаем о том, что конкурсные материалы, поступившие от педагогов на участие в областном этапе, не принимаются, так как необходимо обязательное участие на районном (городском) уровне.
Желаем всем участникам удачи и побед!
👍2
Руководитель УО СКО Жашибеков Н.А. встретился с почетным профессором Оксфордского университета Кашеневой Р.А.. Роза Абуталиповна вот уже много лет руководит КГУ «Комплекс «Колледж искусств–специализированная школа-интернат для одаренных в искусстве детей имени Ермека Серкебаева».
В ходе состоявшейся беседы отмечены большие заслуги Розы Абуталиповны.
В своей профессиональной деятельности Роза Абуталиповна не раз награждалась дипломами республиканского и международного уровня. Ее воспитанники часто демонстрируют мастерство своего творчества. В 2011 году возглавляемый ею колледж получил награду "Европейское качество". Назир Азаматович сердечно поздравил Розу Абуталиповну с высокой наградой и отметил, что выпускники колледжа будут достойными мастерами своего дела.
👍13
Жұлдызды сағат


2022 жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында «Жұлдызды сағат» халықаралық көп жанрлық байқау-фестивалі өтті.

Фестивальге Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Медведева Ольга қалалық мәдениет үйінің «Звонница-Наследие»  үлгілі вокалды-хореографиялық казак ансамблінің құрамында «Ой, сад во дворе» композициясымен қатысты.

Ұжым гран-при жеңіп алды! Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!





Звездные дети – звездный час

1 апреля 2022 года в городе Нур-Султан прошел международный многожанровый конкурс-фестиваль «Звездные дети – звездный час». 

В фестивале приняла участие студентка Северо-Казахстанского профессионально-педагогического колледжа Медведева Ольга в составе образцово-показательного вокально-хореографического казачьего ансамбля «Звонница-Наследие» городского дома культуры с композицией «Ой, сад во дворе».

Коллектив завоевал гран-при! Поздравляем участников с победой!
👍7
​Бүгінгі пост Гүлнұр Жүнісова жайында, ол өзінің еңбегімен және білімімен ең жас ғылыми қызметкер - ҒЗИ жетекшілерінің бірі болды.

Еңбексүйгіштік пен кәсіпқойлық қасиеттері – жас биотехнолог ғалымды биіктерге жеткізді. 2022 жылдың наурыз айында 34 жастағы PhD докторы Генетика және физиология институтының бас директоры болып тағайындалды.

Гүлнұр Жүнісова:
- ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендиясының екі мәрте иегері;
- ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иегері;
- «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша ғалымдарға арналған арнайы квота да енгізілген, соның арқасында ниет білдірушілер әлемнің үздік ғылыми орталықтарында тегін тағылымдамадан өтіп, білім ала алады.
Қазір Гүлнұр Сағындыққызы сүт безі обырының ерте дамуының клиникалық-генетикалық аспектілерін зерттеумен айналысады, ал қысқа мерзім ішінде ол 70-тен астам ғылыми жарияланым шығарып үлгеріп, бір инновациялық патент алды.

«Жаратылыстану ғылымдарының барлық дерлік салалары генетикамен байланысты. Менің зерттеулерім онкологиялық аурулардың ерте диагнозымен байланысты. Өз жұмысымызбен біз осы қорқынышты аурудың пайда болу тетіктерін анықтауға және емдеу уақытын тездетуге тырысамыз. Қазір біз үшін заңнамалық жағынан да, қаржылық жағынан да қажетті жағдайлар жасалып жатыр», - дейді жас ғалым.
​12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні.

Барлық ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз🥳
​12 апреля – День работников науки в Казахстане.

Поздравляем всех работников науки с профессиональным праздником🥳
👍2
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Тарих пәнін оқытуда қандай өзгерістер болады?

Осыған дейін Петропавлда тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткен болатын.
Съезге 300-ден астам тарих пәнінің мұғалімі, тарихшы, әдіскер, ғылыми-зерттеу институттары мен бірқатар жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

Съезге қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, сонымен бірге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін жан-жақты және ашық талқылады.

Тарихшылар мынадай ұсыныстарды көтерді:

- 5-сыныпта Қазақстан тарихынан бұрын мектеп бағдарламасында болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару;

- «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту. Қазір Қазақстан тарихының негізгі курсы 9-сыныпта аяқталса, 10-11-сыныпта негізінен проблемалық сұрақтар оқытылады. Осыған байланысты мұғалімдер мен ғалымдар 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихты толыққанды зерттеуді ұсынды;

— Материалды сынып бойынша бөлуді өзгерту. Мысалы, 6-сыныпты алып қарайық. 2016 жылдан бері бір ғана 6-сыныптың бағдарламасы 12 ғасырға жуық уақытты қамтыды.

Айта кетейін, VI ғасырдан XVIII ғасырдың басына дейін өте маңызды тарихи кезеңдер болды.
Ұлы дала тарихының бұл маңызды кезеңі түркі мемлекеттерінің, Алтын Орда мемлекетінің және Қазақ хандығының дәуірін қамтиды.
Ал енді осы тақырыптарды бір сынып емес, материалды толыққанды меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын екі сынып бойынша бөлу ұсынылып отыр.

Мен бұл ұсыныстың барлығын орынды деп санаймын. Олар бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшылар тобында қосымша қаралады.

Енді нақты қабылданған шешімдерге тоқтала кетейін.

1. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады.

2. Жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.

3. Енді ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.

4. Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

5. Петропавлда Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатыр. Бұл институттар осы оңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратын болады.
👍3