СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Жұлдызды сағат


2022 жылдың 1 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында «Жұлдызды сағат» халықаралық көп жанрлық байқау-фестивалі өтті.

Фестивальге Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Медведева Ольга қалалық мәдениет үйінің «Звонница-Наследие»  үлгілі вокалды-хореографиялық казак ансамблінің құрамында «Ой, сад во дворе» композициясымен қатысты.

Ұжым гран-при жеңіп алды! Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!





Звездные дети – звездный час

1 апреля 2022 года в городе Нур-Султан прошел международный многожанровый конкурс-фестиваль «Звездные дети – звездный час». 

В фестивале приняла участие студентка Северо-Казахстанского профессионально-педагогического колледжа Медведева Ольга в составе образцово-показательного вокально-хореографического казачьего ансамбля «Звонница-Наследие» городского дома культуры с композицией «Ой, сад во дворе».

Коллектив завоевал гран-при! Поздравляем участников с победой!
👍7
​Бүгінгі пост Гүлнұр Жүнісова жайында, ол өзінің еңбегімен және білімімен ең жас ғылыми қызметкер - ҒЗИ жетекшілерінің бірі болды.

Еңбексүйгіштік пен кәсіпқойлық қасиеттері – жас биотехнолог ғалымды биіктерге жеткізді. 2022 жылдың наурыз айында 34 жастағы PhD докторы Генетика және физиология институтының бас директоры болып тағайындалды.

Гүлнұр Жүнісова:
- ҚР БҒМ Мемлекеттік ғылыми стипендиясының екі мәрте иегері;
- ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иегері;
- «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.

Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша ғалымдарға арналған арнайы квота да енгізілген, соның арқасында ниет білдірушілер әлемнің үздік ғылыми орталықтарында тегін тағылымдамадан өтіп, білім ала алады.
Қазір Гүлнұр Сағындыққызы сүт безі обырының ерте дамуының клиникалық-генетикалық аспектілерін зерттеумен айналысады, ал қысқа мерзім ішінде ол 70-тен астам ғылыми жарияланым шығарып үлгеріп, бір инновациялық патент алды.

«Жаратылыстану ғылымдарының барлық дерлік салалары генетикамен байланысты. Менің зерттеулерім онкологиялық аурулардың ерте диагнозымен байланысты. Өз жұмысымызбен біз осы қорқынышты аурудың пайда болу тетіктерін анықтауға және емдеу уақытын тездетуге тырысамыз. Қазір біз үшін заңнамалық жағынан да, қаржылық жағынан да қажетті жағдайлар жасалып жатыр», - дейді жас ғалым.
​12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні.

Барлық ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз🥳
​12 апреля – День работников науки в Казахстане.

Поздравляем всех работников науки с профессиональным праздником🥳
👍2
Forwarded from AIMAGAMBETOV
Тарих пәнін оқытуда қандай өзгерістер болады?

Осыған дейін Петропавлда тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткен болатын.
Съезге 300-ден астам тарих пәнінің мұғалімі, тарихшы, әдіскер, ғылыми-зерттеу институттары мен бірқатар жоғары оқу орнының басшылары қатысты.

Съезге қатысушылар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жетілдіру, сонымен бірге оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлау және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін жан-жақты және ашық талқылады.

Тарихшылар мынадай ұсыныстарды көтерді:

- 5-сыныпта Қазақстан тарихынан бұрын мектеп бағдарламасында болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару;

- «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту. Қазір Қазақстан тарихының негізгі курсы 9-сыныпта аяқталса, 10-11-сыныпта негізінен проблемалық сұрақтар оқытылады. Осыған байланысты мұғалімдер мен ғалымдар 6-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихты толыққанды зерттеуді ұсынды;

— Материалды сынып бойынша бөлуді өзгерту. Мысалы, 6-сыныпты алып қарайық. 2016 жылдан бері бір ғана 6-сыныптың бағдарламасы 12 ғасырға жуық уақытты қамтыды.

Айта кетейін, VI ғасырдан XVIII ғасырдың басына дейін өте маңызды тарихи кезеңдер болды.
Ұлы дала тарихының бұл маңызды кезеңі түркі мемлекеттерінің, Алтын Орда мемлекетінің және Қазақ хандығының дәуірін қамтиды.
Ал енді осы тақырыптарды бір сынып емес, материалды толыққанды меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын екі сынып бойынша бөлу ұсынылып отыр.

Мен бұл ұсыныстың барлығын орынды деп санаймын. Олар бағдарламаларды жаңарту жөніндегі сарапшылар тобында қосымша қаралады.

Енді нақты қабылданған шешімдерге тоқтала кетейін.

1. Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады.

2. Жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады, яғни бағдарлама тарихтың басқа да кезеңдерін, дәлірек айтқанда, ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заманды қамтиды.

3. Енді ғылыми бағытта білім алған тарихшылар қайта даярлау курстарынан өтіп, кейін мектепте сабақ бере алады.

4. Бағалау бойынша өзгерістер енгізіледі. Қорытынды аттестаттау бұрынғыдай жазбаша ғана емес, ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау мұғалімнің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілуі мүмкін.

5. Петропавлда Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ҒЗИ филиалдары ашылып жатыр. Бұл институттар осы оңірлерде ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастыратын болады.
👍3
​ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАҚСАТТЫ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАНАДЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты оқытуды енгізіп жатыр. Мұндай мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы бар. Яғни студент колледжді бітіргеннен кейін тапсырыс берушінің кәсіпорнына жұмысқа орналасады. Биыл кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр.

«Мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын жаңартуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Яғни белгілі бір мамандарға өтінім беру арқылы кәсіпорын өз өндірісіне сай дайындалған кадрларды алуға мүмкіндігі болады. Кәсіпорын колледж-студент-кәсіпорын үшжақты келісімшартына отырғаннан кейін оқуын аяқтаған студентті жұмысқа орналастыруға міндетті болатынын айта кетейін», - деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, мұндай ынтымақтастық тек студенттер үшін ғана емес, сондай-ақ мұғалімдер үшін де тиімді. Өйткені келісімшарт жасалғаннан кейін педагогтер серіктес кәсіпорын базасында тағылымдамадан өте алады. Оқу нәтижесі бойынша кәсіпорын студенттерден қорытынды емтихан қабылдайды.

Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де нысаналы тапсырыс беріледі. Оларға мамандықтар тізімі бөлініп, түлектердің оқу мүмкіндіктеріне сәйкес жеке, бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.
👍2
​ПО ЦЕЛЕВОМУ ЗАКАЗУ ПРЕДПРИЯТИЙ БУДУТ ГОТОВИТЬ СПЕЦИАЛИСТОВ В КАЗАХСТАНСКИХ КОЛЛЕДЖАХ

Министерство образования и науки РК внедряет целевую подготовку кадров по заявкам предприятий. Преимущество такого госзаказа в том, что после окончания колледжа студент будет трудоустроен в компанию заказчика. В этом году по целевому заказу предприятий планируется принять более 10 тыс. абитуриентов.

«Такое сотрудничество позволит обновить образовательные программы и выпускать кадры под запросы рынка труда. То есть, делая заявку на те или иные кадры, предприятие может получить подготовленных под свое производство специалистов. Отмечу, что предприятие, заключая трёхстороннее соглашение «колледж-студент-предприятие», берет на себя обязательство трудоустроить студента после окончания колледжа», - рассказала директор Департамента технического и профессионального образования МОН РК Насымжан Оспанова.

Отметим, что такое сотрудничество выгодно не только студентам, но и педагогам, поскольку после заключения соглашения они смогут стажироваться на базе предприятия-партнера. По итогам обучения предприятие будет принимать итоговый экзамен у студентов.

Целевой заказ также будет предусмотрен для детей с особыми образовательными потребностями. Для них будет определен перечень специальностей, и разработаны индивидуальные, адаптивные программы в соответствии с их образовательными возможностями.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бүгінгі Үкімет отырысында сөйлеген сөзінен

​​Из сегодняшнего выступления министра образования и науки Асхата Аймагамбетова на заседании Правительства
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏅«АЛТЫН БЕЛГІНІҢ» АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ

Ерболат Бахтияров есімді желі қолданушысы: «Алтын белгі иегерлеріне ешқандай артықшылық пен жеңілдіктер болмаса, оған талпынып, тырысудың қажеті неде? Оған қоса, естуімше, былай бұлдайтын Алтын белгіде айтарлықтай алтында жоқ екен!?»,-деген қызықты сұрақ қалдырыпты.

Оқырманымыздың сұрағына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы «ЖЕЛІГЕ ШОЛУ» айдарында жауап берді.

Гүлмира Кәрімова «Білім туралы» Заңға сәйкес «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдыққа ие екенін айтты. Мысалы, егер конкурс кезінде грантқа екі үміткер бірдей балл жинаса, онда «Алтын белгі» иегеріне артықшылық беріледі.

Гүлмира Раинбекқызы «Алтын белгі» оқушыны ынталандыру тәсілдерінің бірі және оқушының үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы қадамы екенін атап өтті.

Жаңа шығарылымда толығырақ 📺