СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
​ҚАЗАҚСТАНДА ҰСТАЗДАРҒА «ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Оқу-ағарту министрлігі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісін тағайындауды жоспарлап отыр.

«Мемлекет басшысы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша жалақыны көбейту, мұғалімдерді есеп беруден және міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Қазір біз салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық.

«Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Төсбелгі 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен мұғалімдерге беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.
​ПОЧЕТНЫЙ ЗНАК ДЛЯ ПЕДАГОГОВ «ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛДЫҒЫ ҮШІН» ПОЯВИТСЯ В КАЗАХСТАНЕ

Почетный знак «Ұстаздық қызметіне адалдығыүшін» планируют учредить в Министерстве просвещения для педагогов, имеющих трудовой стаж более 25 лет.

«Глава государства уделяет особое внимание поддержке педагогов. По его поручению нами ведется работа по повышению заработной платы, освобождению от выполнения несвойственных функций, от излишней отчетности. Сейчас мы инициировали изменения в приказ об утверждении отраслевой системы поощрения.

Почетный знак «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» будет присваиваться педагогам дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего, дополнительного образования. Знак будет присуждаться заслуженным педагогам, которые проработали учителем более 25 лет.

Таким образоммы хотим поощрить педагогов, которые преданы своему делу и вносят большой вклад в воспитание и обучение подрастающего поколения», – отметила вице-министр просвещения Шолпан Каринова.
👍2
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар!
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ саll-орталығы жұмыс істейді 8(7152)350007. Мектеп оқулықтарымен қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер бойынша сіз осы телефон арқылы хабарласа аласыз.
Дорогие родители, учителя и учащиеся!
В КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области» работает саll-центр 8(7152)350007. По всем вопросам, касающихся обеспечения школьными учебниками, вы можете обратиться по данному телефону.
​Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды
 
Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған болатын.

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл цифрландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.

Құжаттарды қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау туралы ақпарат еліміздің барлық 380 мың мұғалімі пайдаланатын kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.

Сондай-ақ байқау тарихында алғаш рет барлық кезең, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында жүзеге асырылады.

«Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені ол үздіктердің ішіндегі ондаған үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Жүлде қорын ұлғайттық және бұл мықты мамандардың мамандыққа келуіне түрткі болып, осы кәсіпте ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенеміз. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға үміткерлер саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де артып келеді. Бұл жалпы білім сапасы мен педагог мәртебесінің артқанын көрсетеді. Биыл байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады, мысалы, қатысушылар қай кезеңде тұр, оларға сарапшылар қандай ұпай қойды», - деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Байқау үш кезеңнен тұрады:
- I кезең – аудандық, қалалық деңгей;
- II кезең – облыстық деңгей;
- III кезең – республикалық деңгей.
Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.

Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық үздік педагогі анықталды.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.
​Конкурс «Лучший педагог» стартовал в Казахстане
 
В преддверии Дня учителя в стране стартовал конкурс «Лучший педагог». Победители получат премии в размере 3 миллионов тенге. Напомним, что в прошлом году по 3 млн тенге получили 64 педагога из разных регионов страны.

Участие в конкурсе могут принять штатные учителя организаций дошкольного, среднего, технического и профессионального образования. В этом году была проведена объемная работа в части цифровизации: все этапы конкурса – от регистрации участников до подведения итогов республиканского этапа – полностью оцифрованы.

Прием документов начинается 12 сентября и продлится  до 22 сентября 2022 года. Информация о конкурсе будет размещена на сервисе kundelik.kz, которым пользуются все 380 тысяч учителей Казахстана.
Также впервые за всю историю конкурса все этапы – прием заявок на участие,  регистрация, подача конкурсной документации, оценивание –  будут осуществляться на веб-портале https://teachercontest.iac.kz/.

«Конкурс имеет важное значение, поскольку он предоставляет возможность отметить труд десятков педагогов, которые являются лучшими из лучших. Мы увеличили призовой фонд и надеемся, что это станет мотивацией для прихода в профессию сильных специалистов и данью уважения к тем, кто трудится в профессии не один десяток лет.  На звание «Лучший педагог» могут претендовать учителя, которые работают в организациях образования и имеют непрерывный педагогический стаж не менее пяти лет на момент представления документов. Это педагоги детских садов, школ и колледжей. В рамках конкурса будут учтены вклад педагога в развитие системы образования, его профессиональное мастерство и результативность деятельности. Отмечу, что с каждым годом растет не только количество претендентов, но и уровень их подготовленности. Это говорит о повышении статуса педагога и качества образования в целом.   В этом году каждый педагог, участвующий в конкурсе, после заполнения анкеты сможет отслеживать дальнейшую динамику конкурса – на каком из этапов находятся участники, какие баллы им были выставлены экспертами», – сообщила председатель Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Гульмира Каримова.  

Отметим, что конкурс состоит из трех этапов: І этап – районный/ городской уровень, ІІ этап – областной уровень; ІІІ этап – республиканский уровень. На республиканский уровень по итогам двух конкурсов проходят те педагоги, которые смогли набрать наивысшие баллы.

Республиканский конкурс «Лучший педагог» проводится с 2012 года. За это время в рамках конкурса отмечено около 600 педагогов организаций дошкольного и среднего, технического и профессионального образования.

Обладатели звания «Лучший педагог» получат не только денежное вознаграждение в размере 3 млн тенге, но и нагрудные знаки.

Дополнительная информация о правилах конкурса представлена на сайте Министерства просвещения.
👍3
2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1101 талапкерге колледжде оқу үшін грант берілді.

▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️▫️

1101 абитуриент с особыми образовательными потребностями получили гранты для обучения в колледжах в 2022 году.
​20 қыркүйекте кадр жетіспеушілігі бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдаудың үшінші кезеңі басталады

20 қыркүйекте кадр тапшылығы немесе білім сапасы төмен өңірлерге Үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысу үшін құжат қабылдаудың үшінші кезеңі басталады.

Алғашқы екі байқаудың қорытындысы бойынша 1,5 мыңнан астам педагогтен өтініш түскен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы салыстырмалы түрде төмен аймақтарға үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстары туралы болып отыр. Бұл аймақтарға математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.

Арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдау шараларының пакеті бар, атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде жалақыны қамтамасыз ету, бұл сондай-ақ жалға алған пәтер және коммуналдық қызметтер төлемін өтеуді қамтиды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңі 16 маусымда басталды. Екінші байқау 11-21 шілде аралығында өтті. Ал үшінші кезең 20 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 4 қазанға дейін жалғасады.

«Байқаудың алдыңғы кезеңдеріне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының мұғалімдері қатысты. Бүгінгі күні олардың бір бөлігі кадр тапшылығы бар немесе білім сапасы салыстырмалы түрде төмен аймақтардағы мектептерде жұмыс істейді. Мектептерде білікті мұғалімдердің көбеюі сапаны арттыруға оң әсер етеді. Балаларға өз білімін бөлісу үшін басқа өңірге бірге көшіп жатқан мұғалім ерлі-зайыптылар отбасы да бар», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Конкурстан өткен мұғалімдермен еңбек шарты 5 жылға жасалатынын айта кетейік. 4 облыстың біріне қоныс аударған мұғалімдердің балалары балабақша мен орта мектептерден орын алады.

Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсіптік және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар еліміздің педагогтері қатыса алады. Яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қайта даярлаудан өткендер, сондай-ақ «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мамандар қатыса алады.

Конкурсқа сондай-ақ үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен емес гуманитарлық бағыт бойынша, үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,2-ден төмен емес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,4-тен төмен емес магистратура түлектері қатыса алады.
​20 сентября стартует третий этап приема документов для участия в спецпрограмме по привлечению лучших педагогов в регионы с нехваткой кадров

20 сентября стартует третий этап приема документов для участия в специальной программе по привлечению лучших педагогов в регионы с дефицитом кадров или низким качеством образования.  

По итогам первых двух конкурсов от педагогов поступило свыше 1,5 тысяч заявок.

Напомним, что по поручению Главы государства Министерство просвещения разработало специальную программу привлечения лучших педагогов в регионы, где имеется нехватка учителей или же сравнительно слабое качество образования. Речь идет о Туркестанской, Атырауской, Мангистауской и Алматинской областях. В эти регионы требуются учителя математики, физики, химии, русского языка и литературы, иностранного языка.

Спецпрограмма включает пакет мер поддержки педагогов, в первую очередь, предоставление им заработной платы в размере 250% от должностного оклада, рассчитанной на возмещение оплаты за аренду жилья и оплаты коммунальных услуг.

Первый этап приема документов для участия в конкурсе стартовал 16 июня. Второй конкурс был проведен с 11 по 21 июля. Третий этап начнётся 20 сентября и продлится до 4 октября 2022 года.

«В предыдущих конкурсах приняли участие педагоги Нур-Султана, Алматы, Павлодарской, Кызылординской, Западно-Казахстанской, Туркестанской, Алматинской, Жамбылской, Актюбинской областей. Сегодня часть из них уже работают в школах тех областей, где есть дефицит кадров или сравнительно слабое качество образования. Усиление школ квалифицированными учителями лучшим образом отразится на повышении качества. Есть семьи, где супруги являются педагогами и вместе переезжают в другую область для того, чтобы делиться знаниями с детьми», – отметила председатель Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Гульмира Каримова.
 
Отметим, что трудовой договор с прошедшими конкурс педагогами заключается на 5 лет. Дети учителей, которые переехали в один из 4 регионов, будут обеспечены местами в детских садах и общеобразовательных школах.

Напомним, что в конкурсе могут принять участие педагоги страны вне зависимости от места жительства, имеющие высшее педагогическое или высшее профессиональное и (или) послевузовское образование по соответствующим профилям и прошедшие педагогическую переподготовку на базе организаций высшего и (или) послевузовского образования, с квалификационными  категориями   «педагог-эксперт», «педагог-исследователь», «педагог-мастер». В конкурсе также могут участвовать выпускники вузов по педагогическим специальностям со средним баллом успеваемости (GPA) по гуманитарному направлению не ниже 3,5, по естественно-математическому направлению не ниже 3,2, а также выпускники магистратуры по педагогическим специальностям со средним баллом успеваемости (GPA) не ниже 3,4.
👍1
​ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторинг жүргізу акциясының екінші кезеңін бастады

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен мектеп асханалары мен жуынатын бөлмелерді бақылауға арналған «Балаға лайық» акциясының екінші кезеңін іске қосты. Акция 20 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

Кез келген адам мектеп асханалары мен әжетханаларын көркейтуге өз үлесін қоса алады. Ол үшін фото және видео түсіріп, мекеменің атауы мен мекенжайын көрсетсе болғаны. Жіберілген материалдар мектеп асханалары мен дәретханаларына қатысты шағымдарды, кемшіліктерді немесе үлгі ретінде көрсетуге болатын жағдайларды көрсете алады. 

«Балаға лайықтың» бірінші кезеңі акцияның жоғары белсенділігі мен тиімділігін көрсетті. Алғашқы мониторинг нәтижесінде 1 000-нан астам хабарлама түсті. Жергілікті атқарушы органдарға жазғы демалыс кезінде барлық кемшілікті жою тапсырылды. Сондай-ақ тиісті тапсырма бойынша жұмыс жүргізілді. Акцияның екінші кезеңі аяқталған соң, бұзушылықтары бар материалдар келіп түскен ескертулерді жою үшін әкімдіктердің білім бөлімдеріне жіберіледі. Сонымен қатар үлгілі мектептер анықталып, ынталандырылады. «Кемшіліктермен жұмыс» жүргізілгеннен кейін Instagram-дағы @balaga.laiyq парақшасына мектеп дәретханалары мен асханаларының «дейінгі және кейінгі» форматындағы фотолары мен видеолары жарияланады. Мектептер заңды түрде әкімдіктерге бағынады және мектептерді салу мен ұстауды қаржыландыру олардың құзырында екенін еске сала кетеміз. Осындай акцияны өткізу арқылы біз бірге балаларға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Фото/бейне материалдар WhatsApp пен Telegram-ға +7 (700) 699-04-46 нөмірі, Telegram ботындағы https://t.me/Balagakz_bot сілтемесі арқылы немесе Instagram әлеуметтік желісіне #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегтері арқылы жүктеп, @balaga.laiyq парақшасын белгілеу қажет.

Мектеп асханалары мен дәретханаларға мониторинг жүргізу бойынша «Балаға лайық» республикалық акциясын осы жылдың көктемінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті іске қосқан болатын. Акция «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Акцияға мұғалімдер, ата-аналар, балалар және кез келген азаматтар қатыса алады. Жіберілген фото-видео авторларының анонимділігіне кепілдік беріледі.
👍1
​Второй этап акции по мониторингу школьных столовых и туалетов запускает Минпросвещения РК

Второй этап акции по мониторингу школьных столовых и санузлов «Балаға лайық» запускает Комитет по охране прав детей Министерства просвещения. Она стартует 20 сентября и продлится до 20 декабря 2022 года.

Каждый желающий снова сможет поспособствовать улучшению состояния школьных столовых и туалетов. Для этого необходимо прислать фото-  и видеоматериалы с указанием наименования и адреса организации образования. Присылаемые материалы могут отражать как нарекания и недочеты в школьных столовых и туалетах, так и их образцовое состояние.

«Первый этап акции «Балаға лайық» показал высокую вовлеченность заинтересованных лиц и эффективность акции. По итогам первого этапа мониторинга мы получили свыше  1000 сообщений. Местным исполнительным органам было поручено устранить все недочеты во время летних каникул. Работа проведена. По окончании второго этапа акции материалы с указанными  нарушениями также будут направлены в управления образования акиматов для устранения замечаний. Кроме того, будут определены и поощрены образцовые школы. После проведения «работы над ошибками» в  Instagram @balaga.laiyq будут опубликованы фото и видео школьных туалетов и столовых в формате «до и после». Отметим, что законодательно школы находятся в подчинении акиматов, и финансирование строительства, содержания школ находится в их ведении. Проведением такой акции мы стараемся сообща создать более комфортные условия для детей», – сообщила заместитель председателя Комитета по охране прав детей МП РК Элина Паули.
 
Фото/видеоматериалы необходимо направить на WhatsApp и Telegram по номеру +7(700)699-04-46, по ссылке в Telegram-бот https://t.me/Balagakz_bot или выложить в социальную сеть Instagram с использованием хэштега #БалағаЛайық #balagalaiyq  и отметкой @balaga.laiyq.

Напомним, что республиканская акция по мониторингу школьных столовых и туалетов «Балаға  лайық» была запущена Комитетом по охране прав детей МП РК весной этого года. Акция проходит под лозунгом «Помоги школе стать лучше!». Принять участие в акции могут учителя, родители, дети и все неравнодушные граждане, при этом анонимность авторов снимков гарантируется.
👍2
​«Үздік педагог-2022» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзартылды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады. Бүгінгі күні https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында тіркелген үміткерлер саны 4,4 мыңнан асты.

«Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің көптігін көріп отырмыз. Сол себепті конкурсқа құжат қабылдауды 25 қыркүйекке дейін, екінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарттық. Конкурсты өткізу тарихында алғаш рет біз оны электронды форматта өткізіп отырмыз. Бұл қатысушыларға байқаудың әр кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қазір байқаудың үш кезеңі де автоматтандырылған», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 12 қыркүйекте басталған болатын. Байқауға балабақшалардың, мектептердің, колледждердің штаттағы мұғалімдері қатыса алады. «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталы арқылы өтінім беруге, конкурс құжаттамасын жүктеп алуға және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында да бар.
👍1
​До 25 сентября продлен прием заявок для участия в конкурсе «Лучший педагог-2022»

Еще на 3 дня продлен прием документов для участия в первом этапе конкурса «Лучший педагог-2022».  Таким образом, казахстанские учителя могут подать заявки до 25 сентября 2022 года. Кстати, на сегодня количество претендентов, зарегистрировавшихся на веб-портале  https://teachercontest.iac.kz/, превышает  4,4 тыс. человек.

«В этом году наблюдается большое количество желающих принять участие в конкурсе, поэтому мы продлили прием документов для участия в первом этапе конкурса до 25 сентября, для участия во втором этапе – до 30 сентября 2022 года. Впервые за всю историю конкурса мы проводим его в электронном формате. Это дает возможность участникам отслеживать каждый этап конкурса. Теперь все три этапа конкурса автоматизированы», – сообщила председатель Комитета среднего образования Министерства просвещения РК Гульмира Каримова.

Напомним, что прием документов начался 12 сентября 2022 года. В конкурсе могут принять участие штатные учителя детских садов, школ и колледжей. Победители конкурса «Лучший педагог» получат не только денежное вознаграждение в размере 3 млн тенге, но и нагрудные знаки.

Подать заявку, загрузить конкурсную документацию и отслеживать баллы на всех этапах можно через веб-портал https://teachercontest.iac.kz/.

Дополнительная информация о правилах конкурса представлена на сайте Министерства просвещения.
👍5
​TikTok ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған байқауды іске қосады

TikTok қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.

Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырылады.

TikTok авторларының қазақстандық қауымдастығы танымдық контенттің көптеген авторларын біріктіреді және платформа қарапайым бейнероликтер форматы арқылы өз пәніне аудиторияны шын жүректен қызықтыруға мүмкіндік алатын мұғалімдер мен оқытушылар арасында ерекше танымал болып отыр. TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.

TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.

Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдері шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде  байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері  хэштегі пайдаланылуы тиіс.

«Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады»-деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

• Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Улан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.

• Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған  мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сенгирбай @aks.dani болады.

• Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз  болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.
Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

TikTok туралы
TikTok-қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.
👍2
​TikTok запускает конкурс для учителей при поддержке Министерства просвещения РК

Ведущая платформа для просмотра и создания коротких видеороликов TikTok при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан запускают конкурс #УчителяКазахстана. Победители конкурса получат ценные призы — смартфоны iPhone 13 Pro Max.

В рамках конкурса преподавателей со всех уголков страны приглашают опубликовать на платформе креативные и познавательные видеоролики о своем предмете.

Казахстанское сообщество авторов TikTok объединяет множество авторов познавательного контента, и особенно популярна платформа становится среди учителей и преподавателей, которые получают возможность искренне заинтересовать аудиторию в своем предмете через простой формат видеороликов. Инициатива TikTok #УчителяКазахстана позволит преподавателям открыть для себя новые способы коммуникации и в понятном каждому видеоформате поделиться знаниями по своему предмету. Официальными амбассадорами проекта станут учителя, которые уже получили признание в TikTok:  химик Улан Усенов @wannabeteacher,   математик Данияр Сенгирбай @aks.dani и целая группа учителей @jump2mars.

Для преподавателей, только начинающих свой путь в TikTok, будет проведен специальный обучающий вебинар, который поможет им узнать про все возможности TikTok и научиться создавать яркие видеоролики, привлекающие внимание сообщества.

К участию в конкурсе приглашаются все школьные учителя, ведущие или готовые завести аккаунт в TikTok. В течение конкурса с 6 октября по 1 декабря педагогам будет необходимо выкладывать познавательные видеоролики по тематике своего предмета. Важно, чтобы ролики длились не менее 30 секунд, а при их публикации использовался хештег конкурса #учителяказахстана.

«В нашей стране много педагогов, которые применяют соцсети и видеоплатфомы для продвижения своих предметных уроков, образования и науки. Благодаря этому в онлайн-формате новые знания получают пользователи из самых разных уголков страны. Отрадно, что представители ведущей платформы TikTok ценят начинания наших педагогов и организовывают конкурсы для казахстанских учителей. Это станет дополнительным стимулом для совместного продвижения образовательного контента на площадке TikTok», - отметила пресс-секретарь министерства просвещения Молдир Абдуалиева.

Члены жюри, в состав которого войдут амбассадоры проекта, представители платформы TikTok и Минпросвещения, будут оценивать участников в трёх номинациях:

• Самый креативный учитель. Награду получит автор, сумевший кратко, понятно и креативно объяснить определенную тему. Номинацию представит Улан Усенов @wannabeteacher, один из самых креативных учителей на платформе - преподаватель химии и поклонник аниме, который точно знает, как заинтересовать учеников своим предметом.

• Учитель-открытие. Победа достанется педагогу, новый аккаунт которого наберет наибольшее количество просмотров в период проведения конкурса. Амбассадором номинации станет молодой учитель математики Данияр Сенгирбай @aks.dani.

• Лучший видеоролик. Победителем станет учитель, видео с хэштегом которого за время конкурса получит больше всего просмотров. Номинацию представит проект @jump2mars, который одни из первых начал популяризировать познавательный контент в TikTok в Казахстане, и чьи ролики набирают сотни тысяч лайков.

Победители конкурса получат смартфоны iPhone 13 Pro Max, а также приглашение в Программу развития талантов, которая поможет им продолжать развиваться как авторам контента в TikTok.

О TikTok
TikTok — это ведущее приложение для создания коротких видео. Наша миссия — вдохновлять людей на творчество и приносить им радость.