СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенттерінің облыстық байқауының қорытындысы өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша осы конкурсқа 23 колледжден 50 студент қатысты. Конкурсқа қатысу үшін студенттер ынталандыру хат жазып, өз мамандығы туралы бейнеролик түсірді. Оған қоса өңірді дамытуға арналған жеке жоба, болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі мен қоғамдық қызметін растайтын құжаттарды ұсынды. Ұсынылған 50 материалдың ішінен 10 студенттің жұмысы үздік деп танылды, олар колледждің ТОП-100 студенті байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық студенттерімізге сәттілік тілейміз!

Проведены итоги областного конкурса ТОП-100 студентов колледжей Республики Казахстан. По Северо-Казахстанской области  в данном конкурсе приняли 50 студентов из 23-х колледжей. 

Для участия в конкурсе студенты представили мотивационное письмо, видеоролик-презентацию о своей специальности, собственный проект для развития региона,  а также документы.
«Спорт наш друг!» - под таким названием в ДПК «Достық» прошли спортивные эстафеты. Цель мероприятия: пропаганда здорового образа жизни, привлечение детей к занятиям физической культурой и спортом. В состязаниях приняли участие воспитанники кружка «Футбол». Мероприятие прошло весело и задорно: участники продемонстрировали свои спортивные умения, а также получили заряд бодрости и массу положительных эмоций. Победители были награждены грамотами.

Педагог-организатор Кох В.Г.
Айыртау ауданының балаларды қолдау орталығы жұмыс істегеніне 55 жыл болды. Осы жылдар аралығында орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған көптеген балаларға көмек көрсетті. СҚО Білім басқармасының басшысы Нәзір Азаматұлы Жәшібеков орталыққа барып, семинарға қатысты. Онда интернат мекемелері мамандарының құзыреттілігін арттыру және жетім балаларды әлеуметтендіруге бағытталған заманауи тиімді технологиялар кешенін игеру мәселелері талқыланды. Қазір балаға жоғары құндылық, ерекше адам ретінде бағдарланған жаңа ойлау қабілеті бар кәсіби мұғалім қажет. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жетім балаларды тәрбиелеуге бірыңғай жүйелі тәсілді қамтамасыз ету туралы да айтылды. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша балаларға жағдай жасау орталығының жұмысын жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар берілді. Мерейтойлық датаға орай салтанатты іс-шара мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
👍3
VID-20221101-WA0118.mp4
11.4 MB
Балабақшаларға орталықтандырылған бірыңғай кезек енгізіледі. Ал, білім саласындағы ең қажетті қызметтер толығымен егов пен ірі банктардың мобильді қосымшаларында қолжетімді болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Бүгінгі таңда балабақшаларға кезек цифрлы форматқа көшірілді. Десек те әлі де үлкен мәселе бар, кезекке қою бойынша облыстарда 44 ақпараттық жүйе пайдаланылады, бірізділік жоқ, тәуекелдер бар. Осы мәселені шешу мақсатында орталықтандырылған балабақшаларға бірыңғай кезек енгізіледі. Бұл балабақшалардағы кезекке тұруды, берілген жолдамаларды бақылауға, орындарды бөлу кезінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді»,- деді министр. https://t.me/oqu_agartu/4447
👍3
​​​​​​🖊️ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

📝Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы және сапалы орындау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Жол карталарын әзірлеу жұмысын жалғастыруда.

🤝ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды.

💬«Өткен жылдың қыркүйек айында қабылданған «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» стратегиясын іске асыру аясында біз сапалы білім беруді дамыту бойынша жол картасын әзірледік. Бүгін біз қол қойған Жол картасы орта білім беру мәселелерін шешу, педагогтеріміздің біліктілігін арттыру және басқа да маңызды мәселелермен толықтырылғанына қуаныштымын», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

🔹Алматы қаласы әкімдігі мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2029 жылға дейін балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты 35 мың орынға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешілуде. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысын бастау жоспарланды. Орта білім беру ұйымдарына тағы 30 мектеп пен 9 қосымша құрылыс салу 2025 жылға дейін орын тапшылығын 23 мыңға азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 50 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 200-ге жуық мектепке заманауи пәндік кабинеттер мен интерактивті тақталар алынады.

Жыл сайын екі мыңға жуық педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Сонымен қатар биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың алғашқы аймақтық ресурстық орталығы құрылады.

🎙️«Алматының 18 мыңға жуық педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, мектептердің басшылық құрамының 450 өкілі халықаралық менеджмент бағдарламаларын оқиды, тағы 9 мың педагог функционалдық сауаттылықты, цифрлық құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру бағдарламалары бойынша оқытылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтамасыз ету үшін колледждерде мемлекеттік тапсырысты 20 мыңнан астам орынға көбейту жоспарлануда», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қолжетімділігі мен сапасын арттыру әрқашан маңызды. Осыған орай 2025 жылға дейін 300 орындық жатақханасы бар екі жаңа колледж құрылысын бастау жоспарланып отыр. Екі колледжде 600 орындық студенттік жатақхана салынады. 4 мыңға жуық ТжКБ оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан, ал 600 арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері халықаралық тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ 85 колледждің басшылық құрамы менеджмент бағыты бойынша біліктілігін арттыратын болады.
Бірқатар іс-шаралар инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған. Жоспар бойынша, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс 1400 орынға арттып, қалалық инклюзивті ресурстық орталық құрылады.

🔸Төрт инновациялық шығармашылық орталық, екі жазғы лагерь салу, қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру мен мектеп кітапханаларын жаңғырту жоспарланған.

✔️Сонымен қатар Жол картасы балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтиды.
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
МЕКТЕП ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕДІЛ ОСПАН

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

О БЕЗОПАСНОСТИ В ОРГАНИЗАЦИЯХ ОБРАЗОВАНИЯ ВИЦЕ-МИНИСТР ПРОСВЕЩЕНИЯ РК ЕДІЛ ОСПАН
​​🧠50-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ АҚШ-ТА ӨТЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

🤖ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «USTEM Robotics» қоғамдық қорының қолдауымен өткен «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан Орталық Азия ойындары өз мәресіне жетті.

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST дүниежүзілік чемпионатында ел намысын 50-ге жуық оқушы қорғайды. Олар жеңімпаз атанған 4 команданың мүшелері. Сондай-ақ тағы 9 команда Австралия, Марокко, АҚШ, Индияда өтетін халықаралық ашық чемпионаттарға жолдама алды.

💬«Чемпионат үш жас санатына орай өтті. Кішкентай балалар санаты бойынша Алматы қаласының оқушыларынан құрылған Adeptus Mechanicus тобы АҚШ-тың өтетін басты жарысқа жолдама жеңіп алды. Ортаңғы санатта басты жүлдені Алматылық «Play 4 Energy» тобы иеленді. Бұл санаттарда Шымент қаласының Clutch және қарағандылық JelToqSun топтары АҚШ-тың Worcester Polytechnic Institute-де өтетін АҚШ-тың ашық чемпионатына жолдама алды. Ал 12-18 жас санатындағы басты жүлдегерлер - алматылық AENTA және NIS Kyran топтары. Үш күнге созылған сайыс тартысты өтті. Жыл сайын робототехникамен айналысатын оқушылар қатарының артқаны қуантады»,– дейді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

❕Айта кетейік, Астана қаласында ақпан айының 24-26 аралығында «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» робототехникадан чемпионат өткен болатын. Оған еліміздің әр аймағынан 1200 оқушы қатысты. Биылғы жарыс энергия тақырыбына арналды.
​​🧠ОКОЛО 50 КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛЬНИКОВ ПРОШЛИ В ФИНАЛ ВСЕМИРНОГО ЧЕМПИОНАТА ПО РОБОТОТЕХНИКЕ В США

🤖Завершились Центрально-азиатские игры по робототехнике «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023», организованные общественным фондом «USTEM Robotics» при поддержке Министерства просвещения РК.
Честь страны в финале всемирного чемпионата в американском Хьюстоне представят около 50 казахстанских школьников из четырех команд.
Еще девять команд с лучшими показателями прошли квалификацию на международные открытые чемпионаты в Австралии, США, Марокко и Индии.

💬«Чемпионат проведен в трех возрастных категориях. Главными победителями – обладателями путевок в финальное всемирное соревнование по робототехнике «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» (Worcester Polytechnic Institute) стали алматинские команды школьников в младшей категории «Adeptus Mechanicus», в средней категории «Play 4 Energy», а также, команды «Clutch» из города Шымкент и карагандинцы «JelToqSun». В старшей категории среди детей 12-18 лет победителями определены команды из города Алматы «AENTA» и «NIS Kyran». Соревнования длились три дня. Особенно радует, что с каждым годом количество детей, увлекающихся робототехникой увеличивается», - сказал руководитель Фонда USTEM Robotics Асылбек Мурзахметов.

❕Напомним, с 24 по 26 февраля 2023 года в Астане прошел чемпионат по робототехнике «Central Asia FIRST CHAMPIONSHIP – 2023». В нем приняли участие около 1200 школьников из всех регионов страны. Сезон этого года посвящен актуальной теме энергии.
👍4