СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🌼 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды

Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.

Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.

t.me/aqorda_resmi
Бүгін Kozybayev University-мен бірлесе ұйымдастырылған «Ғылым әлеміндегі балалар» атты үлкен Фестиваль өтті.
Фестиваль аясында 3000 баланы қамтыған 52 іс-шара өткізілді.
Хореографиялық ансамбльдердің шығармашылық және талантты балалары ашық аспан астындағы «Бірге жарқын» флешмобын жандырды.
«Балалық шақтың сиқырлы әлемі» концерттік бағдарламасы ұсынылды. Көптеген шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, олардың ішінде: флористика және флорариум жасау бойынша. Қатысушылар экзотикалық гүлдер мен тұрақтандырылған мүктердің интерьерін безендіру үшін ерекше әшекейлер мен сәндік элементтер жасады, сондай-ақ дәстүрлі емес техникамен-флористикамен танысты. Ең кішкентай суретшілерге арнап ашық аспан астында «Әрқашан күн сөнбесін» атты конкурсы өтті.
Фестивальдің ең белсенді қатысушыларына, жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне тәтті сыйлықтар мен кәде сыйлар табысталды.
Фестиваль жарқын, түрлі-түсті, қызықты және ғылыми-танымдық болып шықты.
👫Жаз мезгілінде балаларға арналған олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 100 мыңнан аса оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

✅Мемлекеттік органдар өкілдері мен мониторингтік топтар келесі іс-шараларды жүргізді:

• демалыс объектілерінің дайындығы тексерілді;

• санитарлық қадағалау күшейтілді;

• демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша алдын алу шаралары жүргізілді;

• жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде бірыңғай, қауіпсіз тәсілдерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдармен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды;

• Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері әзірленді.