СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу жүргізілуде.
Олимпиадаға қатысуға еліміздегі ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылда бойы білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушыларын шақырамыз.
Жеңімпаздар еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші білім беру ұйымдарында және Елбасы Академиясы жанындағы «Birge Oqý» онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.
Олимпиадаға тіркелу https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында өткізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.
#1000бала
___________________________

До 24 марта текущего года проводится регистрация участников Национальной олимпиады «Мың бала» для сельских школьников.
Приглашаем к участию учеников 5-х и 6-х классов, обучающихся последние два учебных года в сельских школах Республики Казахстан.
Победителям олимпиады предоставляется возможность обучаться в ведущих школах для одаренных детей и онлайн школе «Birge Oqý» Академии Елбасы.
Пройти регистрацию можно на сайте https://1000bala.elbasyacademy.kz
По всем вопросам обращайтесь в call-центр 8 800 080 48 48. Звонок бесплатный.
#1000бала
Х ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының қорытындысы белгілі болды.

1 жылдан астам үзілістен кейін алғаш өткізілген спорттық іс-шара оқушылар үшін ғана емес, қоғамдық маңызға ие. Себебі Мемлекет басшысы балалар спортын бұқаралық сипатта дамыту бойынша ел Үкіметіне жауапты міндет жүктеген болатын. Бұл ретте, қиындығы көп қысқы спорт түрлерімен айналысатын Гимназиада қатысушыларының қажырлы еңбегі, үздіксіз дайындығы, маңдай тері өзге жастарға үлгі. Гимназиада қатысушыларының таудай талабын қолдап, спорттық қызығушылығын құрметтеп Үкімет басшысының орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов пен Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов құттықтау жолдағанын ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Гимназиада аясында балаларға идеал образ, үлгілі тұлға көрсетуді де назардан тыс қалдырмадық. Мәселен, спорттық жетістіктері осынау мектеп оқушыларының спартакиадасынан бастау алған Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Илья Ильин сынды чемпиондар мен спорт ардагерлері, бірқатар әлем чемпионаттарының жүлдегер, жеңімпаздары жас спортшыларға қолдау көрсетуге келгені де оқушылар үшін ұмытылмас сәттерге айналды.

Бүгін Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында 8 спорт түрінен өткен Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Карамбаев Жомарт Петрович, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы Омарханов Серікжан Оралбекұлы, Төрт дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әлемнің төрт дүркін ең үздік ауыр атлеті Илья Александрович Ильин, Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадығали Қарсыбеков, КИННЕС Қазақстан рекордтар кітабының рекордшысы Бортников Александр Францишекович, Гимназиаданы ақпараттандыру бойынша демеушісі Исабеков Қанат Кабильашимович, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Есентаев Тастанбек Құтжанұлы қатысты.

Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасында жалпыкомандалық есепте:
1-орынды Қостанай облысы
2-орынды Солтүстік Қазақстан облысы
3-орынды Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы

Келесі ХІ қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы 2023 жылы Ақмола облысында өтетін болады.
✍🏻2023 жылдан бастап мектептерге латын графикасы енгізіледі

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында айтылды.

«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Қызылжар Абай орта мектебіне Әз-Наурыз келді
Оқу ошағы Әз Наурызды тойлауға кірісті. Бүгінгі күн саптүзеуден басталып мерекелік апталық ашылды.
Жас ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен Петерфельд ауылының ақсақалы Балғабай ата ақ батасын беріп ақ жаулықты Күлбаршын әже шашу шашты.
Жалпы апта бойы Қызылжар Абай мектебі Наурыз мейрамын тойлауға арналған түрлі іс-шараларды іске асырмақ.
Айта кету керек Наурыз - қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан қасиетті мейрам. Наурыз - парсы сөзі, қазақша «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.

🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
В Кызылжар Абай орта мектебі начался Великий день народа – праздник Наурыз
Сегодняшний день в школе начался с праздничной линейки. Таким образом открылась неделя прадзнования Наурыз мейрамы.
Чтобы подать правильный пример подрастающему поколению, старейшина села Петерфельд Балгабай Ата благословил присутствующих, а Кульбаршын апа кидала шашу.
К слову Наурыз – праздник весны, а также это Новый год для тюркских народов. Этот праздник отмечается в течение нескольких тысячелетий.
Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Көктемгі каникул кезінде оқушылар 20-31 наурыз аралығында 12 күн демалады.

🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

Весенние каникулы для школьников составляют 12 дней и продлятся с 20 по 31 марта включительно.