СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Құрметті мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары!
Сіздерге «Мектепке дейінгі ұйымдардағы ашық сабақтар аллеясы» облыстық педагогикалық панорамасының басталуы туралы хабарлауға асықпыз. Білім беру қызметінің ашық көрсетілімдері педагогтердің кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Олар әріптестердің қалай жұмыс істейтінін көруге, олардың оң тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Панорама 2021 жылдың 28 сәуірі мен 21 мамыры аралығында өтеді. Панорама алаңы - YouTube видеохостингінің «Әр бала - бір жұлдыз» каналында көрсетіледі.
Сіздердің өтінімдеріңізді және қызықты, шығармашылық идеялармен бөлісуге деген ниетіңізді күтеміз. Талқылауға және тәжірибе алмасуға шақырамыз!
Уважаемые педагоги дошкольных организаций!
Спешим вам сообщить о старте областной педагогической панорамы «АЛЛЕЯ ОТКРЫТЫХ ЗАНЯТИЙ В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ». Открытые показы образовательной деятельности играют важную роль в совершенствовании профессиональных умений и навыков педагогов. Они позволяют увидеть, как работают коллеги, использовать их позитивный опыт.
Панорама будет проходить в период с 28 апреля по 21 мая 2021 года. Площадка панорамы – канал «Әр бала - бір жұлдыз» «Каждый ребенок - звезда» видеохостинга YouTube.
https://www.youtube.com/channel/UC5r0eqyTjQdgEdNssGygmMQ
Ждем ваши заявки и желание поделиться интересными, творческими идеями. Вперёд к обсуждению и обмену опытом!
Сегодня прошло очередное онлайн - совещание с руководителями отделов образования районов и  г. Петропавловск.  

Были рассмотрены вопросы организации работы «Летней школы» с целью восстановления  пробелов знаний учащихся. В рамках Дорожной карты «Ел үміті» стартовала республиканская национальная олимпиада для школьников «Мын бала» для развития и поддержки талантов и способностей учащихся школ сельской местности.

Рассмотрен вопрос приема документов детей в 1 класс. Особое внимание было уделено Правилам приема на обучение и формам подачи заявлений. А также организации в летний период работы «Малышкиной школы». 

Кроме того, проведен анализ потребности в кадрах на новый 2021 - 2022 учебный год. 

В целях недопущении распространения КВИ в организациях образования руководителям отделов образования даны рекомендации.
Бүгін Петропавл қаласы мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларымен кезекті онлайн-кеңес өтті.

Оқушылардың білімдегі олқылықтарын қалпына келтіру мақсатында «Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. «Ел үміті» Жол картасы аясында ауылдық жерлердегі «Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын оқушылары арасынан  дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге мақсатталған республикалық ұлттық олимпиадасы басталды.

1- сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау мәселесі де қаралды. Оқуға қабылдау ережелері мен өтініш беру формаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жазғы кезеңде «Балақай мектебінің» жұмысын ұйымдастыру туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, жаңа 2021-2022 оқу жылына кадрлар қажеттілігіне талдау жүргізілді.

Білім беру ұйымдарында КВИ таралуына жол бермеу мақсатында білім бөлімдерінің басшыларына ұсынымдар берілді.
ҚЫЗЫЛЖАР АБАЙ МЕКТЕБІНДЕ 8 ҰЛТ ӨКІЛІ ТАТУ-ТӘТТІ БІЛІМ АЛЫП ЖАТЫР
1 Мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Мектептің көшбасшыларынан құралған топтың оқушылары ұйымдастырған мереке түрлі бөлімдерден тұрды.
Бірінші Қызылжар Абай орта мектебіндегі әр ұлт өкілі жиылғандарды өз ұлтының салт дәстүрімен, өнерімен етене таныстырды. Артынша таныстырылым барысында әрбір ұлт өз қандастарының қазақ жеріне қалай, қандай саяси кезеңдердің әсерінен келгендері туралы тарихи оқиғаларды шебер сахналады. Шара соңы әр ұлт өкілдерінің мерекелік эстафетасымен жалғасты.
Айта кету керек, Қызылжар Абай орта мектебінде қазіргі таңда 8 ұлт өкілі білім алады. Олардың айтуынша қазақ жері, халқы, мәдениеті еш адамды бетінен қақпай достық қарым-қатынаста өмір сүруде. Бұл біздің мемлекетімізде татулықтың биік тұрғанының бейнесін айқын көрсетеді.
– Қазақстан халқының бірлігі күні – керемет мерекелердің бірі. Бұл достықтың, махабаттың, түсіністіктің, келісімнің символы.
Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды.