СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
15 -мамыр Отбасы күні!
Отбасы күні мерекесі аясында Қызылжар Абай орта мектебінде бастауыш сынып арасында таза ауада спорттық эстафета өтті.
Ата-аналармен балаларды бірлестіріп ұйымдастырылған шара өте қызықты өтті. Барлығы өздерінің татулығы мен жылдамдығын көрсетті.
Мектептің көңілді эстафета ұйымдастырғанына өте ризамыз. Таза ауада өзіміз де балалар да Отбасы күні ұмытылмас эмоция алдық, - дейді ата-аналар.

"Все начинается с семьи" спортивная эстафета прошла в Кызылжар Абай орта мектебі

15 мая - День семьи! В рамках празднования Дня семьи в школе прошла спортивная эстафета среди учеников начальных классов. Мероприятие, организованное совместно с родителями и детьми, было очень интересным. Все показали активность, сплоченность и скорость.

-Мы очень рады, что в школе была организована веселая эстафета. На свежем воздухе и мы, и дети получили незабываемые эмоции в День семьи, - поделились родители.
Мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсырып келеді. Бүгінге дейін облыста ең жоғарғы көрсеткішке «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицейінің» оқушысы Дмитрий Анненков қол жеткізді. Түлек екі рет берілетін мүмкіндіктің алғашқысында 128 ұпай жинады. Дмитрий Анненков бірінші қалалық IT лицейінде бірінші сыныптан бері оқып келеді. Болашағын техникалық мамандықпен байланыстырып, ғылымға бет бұрмақ. Бүгінен бастап университет таңдап, алдына грантқа түсу мақсатын қойды. «Ұлттық бірыңғай тестілеуге бірнеше ай бойы дайындалдық. Сұрақтар оңай болған жоқ. Электронды форматта, әр компьютердің үстінде бейнебақылау камерасы болды. Сондықтан оқушының нақты білімі көрсетілді. Көшіріп алуға мүмкіндік жоқ. Есесіне әділ өтті деп ойлаймын. Өз нәтижеме ризамын. Екінші мүмкіндікті қолданамын ба жоқ әлі білмеймін» -дейді Дмитрий. Бірінші қалалық IT лицейін биыл 39 түлек тәмамдағалы жатыр. Олардың бірқатары 120 ұпайдан жоғары нәтиже көрсетіп үлгерді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Сәуірдің 26-27сі күндері елімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Республикамыздың ең беделді әрі ауқымды олимпиадасында өңір оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық олимпиада «Ustady» орталықтары негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда онлайн форматта өткізілді. Бір компьютер, бір камера қағидасы бойынша. Қазақстанның түпкір түпкірінен 1500 зияткер екі күн бойы бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Солүстік Қазақстаннан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушы қатысты. Олардың 16-сы жүлделі орын алып, жоғары білім деңгейін көрсетті. Биылғы жүлде қорымызда 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар.