СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының республикалық кезеңінің 2020-2021 оқу жылындағы қорытындылары шығарылды. Олимпиада үш кезеңде өтті және бүкіл республика бойынша оған 8 және   9 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың І турына облыс бойынша 2446 оқушы (8 және                               9 сыныптар) қатысты. ІІ турда 600 қатысушы жарысып, 104 адам жеңімпаз атанды. Олимпиада ағылшын тілі және жеті жалпы білім беретін пәндердің бірі (қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика, биология, география, тарих) бойынша тапсырмаларды қамтыды.

География бойынша бірінші орынды 9 сынып оқушысы Герасимов Даниил (Аққайың ауданы, № 1 Смирнов ОМ) алды. Екінші орын: биология бойынша - Моисеенко Амадей (Константинов мектеп-бөбекжай кешені, Айыртау ауданы), физика бойынша–Бектурова Ділназ (Дауит ОМ, Ақжар ауданы), тарих бойынша - Мажитов Ренат (Бидайық ОМ, Уәлиханов ауданы). 

8-сынып оқушылары арасында математика пәнінен Борсук Ксения (Воскресенов ОМ, Мамлют ауданы) екінші орынды иеленді.
Жамбыл ауданында «Лесная поляна» балалар сауықтыру лагерінің негізінде «Этноауыл» құрылды. Бұл облыста бұрын соңды болмаған тәжірибе. Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында мұнда киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылды. Демалушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері таныстырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Қыздар қазақтың бауырсағын өз қолдарымен пісірсе, ұлдар самаурынға шай қайнатты. «Этноауыл» 1-17 маусым аралығында жұмыс істеп, ауданның 750-жуық оқушысын қамтымақ. Жалпы Жамбыл ауданында жазғы демалыспен оқушылардың 96 % қамтылмақ. Әлеуметтік топтарға жататын отбасылардың 100 –астам баласы өңірдің лагерьлерінде тегін демалса, мектептердің жанындағы сауықтыру алаңдарында мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы демалады.
Торжественное мероприятие, посвященное вручению аттестатов «Тәуелсіздік ұландары», в рамках празднования  30-летия Независимости Республики Казахстан прошли в период с 12 по 14 июня 2021года в учреждениях среднего образования города Петропавловска. 

Вручение аттестатов - это самый трогательный, самый незабываемый  момент для выпускников и родителей. Слово «выпускной » у всех без исключения вызывает определенные ассоциации. Это расставание, грусть, добрые напутствия. Выпускной — символ окончания прекрасной школьной поры. И этот праздник должен остаться в памяти выпускников навсегда.  

1006 учащимся были вручены аттестаты о среднем образовании. 

Мероприятия проходили на открытом воздухе с соблюдением санитарных норм: дистанция 1-1,5 метра, ношение масок, перчатки и т.д. 
Жаз - Балалардың жыл бойына жиналған психологиялық стресстен арылуға мүмкіндігі болатын кезі. Бұл кезең денсаулықты нығайтуға ең қолайлы.
2021 жылы 14 маусымда Есіл ауданының «Родник» балалар сауықтыру лагері өз есігін ашты.
«Родник» балалар сауықтыру лагері - бұл белсенді демалыс пен шығармашылық, жаңа достар, сергітетін жаттығулар, ойындар мен спорт жарыстары, үйірмелер. Бұл өз заңдары, әдет-ғұрыптары, мерекелері және, әрине, өзінің валютасы бар шағын мемлекет.

Лето - Это время, когда дети имеют возможность снять психологическое напряжение, накопившееся за год. Этот период как нельзя более благоприятен для укрепления здоровья.
14 июня 2021года распахнул свои двери детский оздоровительный лагерь «Родник» Есильского района.
Детский оздоровительный лагерь «Родник» - это активный отдых и творчество, новые друзья, бодрящая зарядка, игры и спортивные состязания, кружки. Это небольшое государство, в котором есть свои законы, обычаи, праздники и, конечно же, своя валюта.