Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Шетелдік блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды...

Қазақстандық қыздарды бәдік сөзбен қорлаған шетелдік блогерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Оларға (қазақ әйелдері мен қыздарын қорлаған блогерлер) ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен бірге, біздің полиция, атап айтқанда Ішкі істер министрлігі 174-бап – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - деді Қойгелдиев.
👍84😁3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Аөорданың баспасөз қызметі хабарлады.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7678
🤔15👎8
РЕФЕРЕНДУМ

Сөйтіп Қазақстан қоғамы ызу-қызу талқылаған Конституциялық комиссия жұмысын аяқтап, Президентке есеп берді. Жаңа Конституция жобасы ұсынылды.

Конституциялық комиссия төрағасы Эльвира Әзімова бастап, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Президент көмекшісі Ержан Жиенбаевтар Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берді.

Күні бүгінге дейін Конституциялық комиссияның 12 отырысы өткен екен. Нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленген.

Әзімованың айтуынша, былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына азаматтар мен қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар тарапынан мыңдаған ұсыныс жолданған.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Конституциялық комиссияның жұмысына оң баға беріп, атқарылған ауқымды жұмыстарды қорытындылады.

Президент: «Жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді», - деді.

Сөйтіп, Президент Жарлығы бойынша республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызы күні өтетін болып бекітілді. Онда: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Ал Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады.

Айта кететін жайт – жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтын болады. Бұл ретте қоғам белсенділігін басты назарға алған әділетті. Өйткені, бұл жолы Конституциялық комиссия жұмысына Қазақстан қоғамы сергек қарап, мыңдаған ұсыныстарын білдірді.
🤮32❤7👍7👏2🤔1
Зеленский бүйдеді:

— Егер Ресей дайын болса, келер сейсенбі немесе сәрсенбі АҚШ-та келіссөз өткізуге дайынбыз, - деді.


Талқыланатын басты тақырып — территория! Әңгіме АҚШ ұсынған Донецкі облысында арнайы экономикалық аймақ құру утралы болып отыр.

— Қазір бірде-бір тарап еркін экономикалық аймақ құру идеясын толық қолдап отырған жоқ. Ресейліктер де, біз де! Бұл мәселеде әрқайсымыздың көзқарасымыз әртүрлі, - деді Зеленский.


Ол: "Егер Украина территориясы туралы айтатын болсақ, онда Украина оны басқаруы керек", - деп қосты. Ол сонымен қатар Трамп әкімшілігі барлық құжаттарға бір уақытта қол қойғысы келетінін айтты.

БАӘ-дегі соңғы келіссөздер атысты тоқтату тетіктері мен АҚШ басшылығындағы ықтимал бақылауға арналған. Алайда тараптар шарттарды басқаша тұжырымдап, түпкілікті келісімге қол жеткізілген жоқ.

Зекленский өз сөзінде кез келген бейбіт келісім Парламентпен немесе жалпыхалықтық референдуммен мақұлдануы тиіс дегенді қадап айтты.
👍57❤5👎3
Usbanov ARNASY
💥Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы Түркияға жұмыс сапарынан оралғаннан кейін қызметінен босатылуы мүмкін. Әзірге ресми ақпарат жоқ.
💥Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы отставкаға кетті!

Жапаров тазартуды қызу жасап жатыр…
🤔36❤2
Ресейде WhatsApp пен YouTube толықтай шектелді!

Қазір ресейліктер бұл платформаларды VPN-сіз қолдана алмайды.
👍47😁14❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7681
🤔12🤮8👍7
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТУРАЛЫ...

Сонымен, бүгін Конституциялық комиссия Жаңа Конституцияның қорытынды жобасын жариялады. Құжат 11 бөлім, 96 баптан тұрады.

Американың президенті Томас Жефорсынның бір тамаша сөзі бар: «Әр заманда сол заманның адамдары өздеріне керек заңды өздері жасау керек! Сондықтан Конституция өзгеріп тұру керек», - дейді. Сол сөзге сүйенсек, бүгінгі жаһандық реалзимді басшылыққа алып, Қазақстан да Конституциясын жаңартуы – табиғи қажеттілік деуге негіз бар.

Қазақ – қазақ болғалы қабылданып жатқан алғашқы Ата Заң емес, бұл. Әрісін айтсақ, Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңынан бастап, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті Жарғысы», «Абылайдың қара жолы» атанып кеткен дала заңдарының жинағы болды. Патшалық Ресей кезінде «Сібір қазақтары туралы жарғы», «Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы» деген құжаттар қазақ жерін басқару тәртібі жазылған заңдар жинағы болды. Кейін КСРО кезінде де 1926, 1937 және 1978 жылдардағы Конституциялар болды. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация – Қазақстанның қазіргі тәуелсіз мемлекеттілігінің бастауы және саяси-құқықтық дамуының бетбұрысты кезеңі. Бұл тарихи құжат еліміздің егемендігін заң жүзінде бекітіп, демократиялық қоғам құрудың құқықтық негізін қалады. Осыдан соң 2 мәрте Конституция қабылданды. Бірі – 1993 жылғы Ата Заң. Екіншісі – 1995 жылғы Ата Заң.

Бұл аталған Конституциялардың барлығы дерлік – Қазақ халқының «мемлекет» болып қалыптасуы жолындағы маңызды баспалдақтар болды.

Конституциялық комиссия референдумға ұсынып отырған Жаңа Конституцияның қорытынды жобасында да бүгінгі күннің өзекті мәселелері қамтылған. Соның бірі – Мемлекетті сақтау:

4-бапта: «Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі», - деп жазылса, 8-баптың 3 тармағында: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі», - деп жазылған. 23-бапта: «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыруға жол берілмейді», - деп жазылған. Ал 39-бапта: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиеттi парызы мен мiндетi», - деп жазылса, 40-бапта: «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi», - деп жазылған.

Конституция – Мемлекеттің ең басты құжаты. Ол – мемлекеттік тетіктерді институционализациялау ғана емес, сонымен бірге қоғамның саяси шоғырлануының факторы! Ол – Тәуелсіз Қазақстанның нормативтік және символдық іргетасы! Ол – мемлекеттің құқықтық, саяси тұрақтылығы мен стратегиялық бағытының кепілі!

Нұргелді Әбдіғаниұлы
🤔14👍9😁5👎2❤1
Қош бол, қос палаталы Парламент!

Жаңа Конституция жобасы бойынша – Парламенттің (Сенат пмен Мәжіліс) өкілеттігі 1 шілдеде аяқталуы тиіс.

Ол үшін әуелі Жаңа Конституция референдумда қолдау табуы тиіс. Ал Мемлекет басшысы кеше жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызы күнге белгілеп, Жарлық шығарған болатын.

Жаңа Конституцияның «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын XI бөлімінің 95 бабында қазіргі Парламенттің өкілеттігін тоқтату туралы жазылған.

Онда Конституция күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс екені және ол 2 ай ішінде өткізілетіні жазылған.
👎18👍8🤣8👀4❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Асыңды ішіп, текеметіңді тіліп» дегеннің не екендігін осы жолы ұққандай болдық. Неге 9 бапты ту еткен, сол туралы ел арасында беделге ие болған кейбіреулер басын құмға тыққан түйеқұстай болды десек өтірік емес.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211698
👍35💯11❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼«Соғыс биыл аяқталады. Мен соған шын сенемін». Бұл Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майконың сұхбатта айтқан бір ауыз сөзі.

▪КИЕВ АСТАНАҒА ҚАНДАЙ ҮМІТ АРТАДЫ?
▪УКРАИНА ЕЛШІСІ: ҚАЗАҚСТАН – ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫ!
▪КИЕВ «ОРТА ДӘЛІЗГЕ» БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ...
▪УКРАИНА ҚАЗАҚСТАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН НЫСАНАҒА АЛМАЙДЫ!
▪УКРАИНА ӨЗ АУМАҒЫНАН БАС ТАРТПАЙДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7682
👍24🙏12
Талғардың әкімі отставкаға кетті...

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

- Мен атқарған қызметімді денсаулығыма байланысты аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім мен үшін оңай болған жоқ. денсаулығыма байланысты белгілі бір уақыт еңбек демалысында болдым. осы жағдай қызметтік міндеттерімді толық әрі сапалы атқаруға кедергі келтірмеуі үшін осындай шешім қабылдауды жөн санадым. Дегенмен денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі, сондықтан осындай қадамға баруға тура келді, – дейді әкім.
👍33🤔7😢1
АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі қысқарды...

АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі 2025 жылы 99%-ға қысқарды, — Ukraine Support Tracker.

Алдыңғы жылдары АҚШ Украинаға жыл сайын орта есеппен €17,3 млрд әскери көмек және €13,3 млрд қаржылық әрі гуманитарлық қолдау көрсетіп келген. 2025 жылы небәрі €0,4 млрд көлеміндегі бір ғана әскери пакет тіркелді және жаңа қаржылық немесе гуманитарлық міндеттемелер мүлде болған жоқ.

Дегенмен жақсы жаңалық та бар: ЕО тарапынан көмек 67%-ға өсті, бұл әсерді теңестірді — нәтижесінде жалпы көмек көлемі шамамен алдыңғы жылдар деңгейінде сақталды.
👍47🤔10👎1
«Соғысты қолдау»: Сабыров енді қайтпек?

Әлгінде, Ресей есігінен аттаттырмай, 50 жылға құлпы салып, қуып шыққан Нұрлан Сабыровтың (Сабуров) басы тағы дауға қалғалы тұр...

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Қазақстанның құзырлы органдары «Ресейдің соғыс қимылдарына қолдау көрсетті» деп айыпталған Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізу мәселесін қарастыруда.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің «жалдамалылық» бабы бойынша күдікке ілініп отыр.

Гәп мынау – 2025 жылы жазда осы Сабыров «Вагнер Истра Легионы» жауынгерлеріне көмек ретінде 10 питбайк (мотоцикл) жібергені туралы ақпарат шыққан. Сабыровтың көсіліп сөйлеп тұрған видеосы да желіге тарап үлгерген. Жұрт әуелде оны ЖИ-видео деп ұққанымен, кейін ақпараттың шын екені айтылды.
👍32🤔5❤1
Желіде: «Сабыров Ресей қысымымен солай жасауға мәжбүр болды», «Бірлі-жарым мото сыйлап, алдаусыратып жан бақты», - деп ақтап жатқандар да бар. Бірақ, бұл жауапкершіліктен құтқармайды. Өзге елдегі соғысты қолдау – қылмыс!

ҚР Қылмыстық Кодексінің 170 бабы – «Жалдамалылық» деп аталады. Осы баптың 1 тармағында «Жалдамалыны қаржыландыру» және «оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында пайдалану» туралы жазылса, 3 тармағында «Жалдамалының қарулы қақтығысқа, соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы» туралы жазылған.

Бұл бойынша – «мүлкін тәркілеу» және 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру» жазасы көзделген.
👍43👏8💯5
Путиннің баспасөз хатшысы Песков бүйдейді:

📍Ресей Украинамен келіссөздердің келесі кезеңі жақын арада өтеді деп сенеді.

📍Әзірге Макрон да, Мерц те Путинмен тікелей сөйлесуге әрекет еткен жоқ.

📍Ресей Кубамен үнемі байланыста. Қазір жағармай дағдарысын шешу үшін көмек көрсету жолдарын ақылдасып жатыр.

📍Путин Зеленскиймен тек Мәскеуде жолығады. Келем десе, біз дайын...
🖕32🤔14🤣13👍1😱1
Bild: "Жасылдар" коалициясы экс-канцлер Ангела Меркелді Германия президенттігіне ұсынбақ!
👎30👍17🤔13🤮3
ҚР ОСК:

Қазақстанда референдумда ұзын-саны 10 413 сайлау учаскесі ашылады.

Олардың:

9 779 учаскесі – азаматтардың тұрғылықты тіркеу орны бойынша;
634 учаскесі – уақытша тұрғылықты орын бойынша;
Соның 82 учаскесі шетелде (64 мемлектте) ашылады.

2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімсет бойынша, ОСК-ның электронды реестрінде тіркелген 12 416 759 адамның дауыс беру құқы бар.
👎29🤡9👍6
​​Пезешкиан:

- Менің Президент ретінде алатын айлығым дәрігер ретінде алатын айлығымнан да аз! Қазір менің айлығым шамамен 1000 доллар. Мен бұрын дәрігер болып жүргенде 6000 доллардай айлық алатынмын. Дәрігерлер жақсы жалақы алуы және халыққа сапалы қызмет көрсетуі тиіс, - деді.
👍55😁23🤣4