Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ПУТИН ТАҒЫ 2 ЖЫЛ СОҒЫСПАҚ!

Батыс барлау қызметі: «Путин Донбасс үшін тағы екі жыл бойы күресуге дайын», - деп мәлімдеді.

«The New York Times» басылымы: «Ресей президенті Владимир Путин соғыста жеңіске жететініне сенімді және Донбассты толық бақылауға алу үшін оны жалғастыруға дайын», деп жазады.

Басылым мәліметінше, Донецк аймағын басып алу тағы 1,5-2 жылға созылса да, Путин Украинаның инфрақұрылымы мен тұрғын үйлеріне жасалған әрбір соққылардың Ресей армиясының артықшылығын арттыратынына сенімді.

Өткен жылы «CSIS» есептеулері бойынша, Ресей Бас штабының генералдары Украина аумағының тек 0,8%-ын (4 831 шаршы шақырым) бақылауға ала алған. Бұл өткен жылы 0,6%-ды құраған. Сонымен қатар, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Ресей әскері 1,2 миллион шығынға ұшырады, оның ішінде 325 мың адам қаза тапты. Бұл Кеңес армиясының Ауғанстандағы шығындарынан 17 есе, екі шешен соғысы кезіндегі шығындардан 11 есе және 1945 жылдан бері Ресей мен КСРО арасында болған барлық соғыстардан бес есе көп.
🤬22🖕14❤3🔥2
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғыстағы шығындардың орнын толтыру мақсатында резервшілерді шектеулі және кезең-кезеңмен шақыруды қалпына келтіру үшін ақпараттық өрісті қалыптастыруда, деп хабарлайды АҚШ-тағы Соғысты зерттеу институты (ISW).
🤔17🖕13❤1
Туск поляктарды Ираннан шұғыл түрде кетуге шақырды: бірнеше сағаттан кейін кеш болуы мүмкін!

Польша Премьер-министрі Туск Ирандағы барлық поляк азаматтары елден дереу кетуі керек деп мәлімдеді. Ол қарулы қақтығыс қаупіне байланысты эвакуациялау бірнеше сағаттың ішінде мүмкін болмай қалуы мүмкін екенін ескертті.
👍40😱6🤔2❤1
Трамп әкімшілігі Газада 5 000 адамға арналған әскери база салуды жоспарлап отыр!

Трамп әкімшілігі Газа секторында аумағы 350 акрдан асатын, 5 000 адамға арналған әскери база салуды жоспарлауда. Бұл нысан еріктілерден құралатын көпұлтты әскери күш ретінде құрылатын болашақ Халықаралық тұрақтандыру күштерінің жедел әскери базасына айналады деп күтілуде. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап The Guardian басылымы хабарлады.

Жоспарда әскери бекеттің кезең-кезеңімен салынуы қарастырылған. Қорытындысында оның аумағы 1 400 де 1 100 метрді құрап, айналасына тіркемелерге орнатылған 26 брондалған бақылау мұнарасы қойылады. Сондай-ақ мұнда ату полигоны, бункерлер мен әскери техника қоймасы болады. Бүкіл база тікенек сыммен қоршалады.

Бекіністі Газа секторының оңтүстігіндегі құрғақ жазық аймақта салу жоспарлануда.
👍28👎8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уашингтон. Трамптың Бейбітшілік кеңесінің басқосуы. Қазақстан, Әзірбайжан мен Армения басшылары - Тоқаев, Әлиев пен Пашинян.
👍54🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уашингтон. Бейбітшілік кеңесінен бір көрініс...
👍42😁3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті Трамп Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесінде маңызды рөл атқаратын Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысын ашты.

Отырысқа Кеңеске мүше 26 мемлекет, сондай-ақ 23 қосымша бақылаушы ел қатысуда.
🔥24👍16😁5❤1🤔1
Ресей жағында 1 мың кениялық соғысуда!

Кенияның Ұлттық барлау қызметі (NIS) парламентке ұсынған баяндамаға сәйкес, Украинамен соғысқа қатысу үшін Ресей армиясына барлығы 1000 кениялық тартылған.

2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша, Кенияның 89 азаматы алдыңғы шепте болған. Бұған дейін ел үкіметі толық ауқымды соғыс басталғалы бері Ресей жағында 200-ге жуық кениялық соғысқанын хабарлаған болатын.

Баяндамада вербовка (жалдау) агенттіктері жаңадан келгендерді Ресейге кедергісіз жіберу үшін Кения әуежайларының, көші-қон қызметінің және күштік құрылымдардың қызметкерлерімен сөз байласқаны көрсетілген. Сондай-ақ, құжатта бұл іске Ресейдің Найробидегі елшілігі мен Кенияның Мәскеудегі елшілігінің қатысы бар екені атап өтілген.

Баяндамада жаңадан тартылғандардың көбінің тағдыры туралы айтылмаған, бірақ майдан шебіндегілерден бөлек, тағы 35 адам Ресейдегі әскери дайындық лагерлеріне жіберілгені, 39 адам жараланғаны және 28 адам хабар-ошарсыз кеткені көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, жалданушыларға айына 350 мың кениялық шиллингке дейін (шамамен 2,4 мың доллар) жалақы, сондай-ақ 1,2 млн шиллингке дейін (8,3 мың доллар) бонус төлеуге уәде берілген.

Найроби әуежайында бақылау күшейтілгеннен кейін, жалданушыларды Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР), Уганда және басқа да көршілес мемлекеттер арқылы жібере бастаған.
🤬35👎3❤1
Трамп:

- АҚШ пен Иран келісімге келе ме, жоқ па, алдағы 10 күннің ішінде белгілі болады, - деді.
🔥24👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Қазақстанды «керемет бай мемлекет» деп атады…

Уашингтондағы Бейбітшілік кеңесінің құрметті қонақтарын жеке-жеке таныстырған президент Трамп Қазақстан туралы бүйдеді:

«Қазақстаннан президент Тоқаев келіп отыр, көп рахмет. Қандай мемлекет десеңізші. Егер біреу-міреудің күмәні болса, айтайын бұл өте керемет, бай мемлекет», - деді.
👍42😨11🤔6❤2
Usbanov ARNASY
Трамп Қазақстанды «керемет бай мемлекет» деп атады… Уашингтондағы Бейбітшілік кеңесінің құрметті қонақтарын жеке-жеке таныстырған президент Трамп Қазақстан туралы бүйдеді: «Қазақстаннан президент Тоқаев келіп отыр, көп рахмет. Қандай мемлекет десеңізші.…
💥Қазақстан, Индонезия, Марокко, Косово мен Албания Газа секторын тұрақтандыру үшін Халықаралық бітімгерлік миссияға әскер жіберуге келісті…

Бұл туралы Бейбітшілік кеңесінің жиынында Газаның қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы, генерпл Жаспер Жефферс айтты.
👍23😁6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Генерал Жефферстің сөзі:

Газаны тұрақтандыру бойынша Халықаралық бітімгерлік миссияға әскер жіберетін алғашқы бес ел:


🇮🇩 Индонезия
🇲🇦 Марокко
🇰🇿 Қазақстан
🇽🇰 Косово
🇦🇱 Албания
👍37🤔8❤3👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Трамп бүйдеді:

- АҚШ Газаны қалпына келтіру бойынша Бейбітшілік кеңесіне 10 млрд доллар бөледі, - деді.

- Қазақстан, Әзірбайжан, БАӘ, Марокко, Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы, Өзбекстан мен Кувейт 7 млрд доллардан көп қаражат бөлді, - деді.
👍33👎13🤔10❤1
Белгілі айтыскер ақындар — Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан — Конституция төңірегіндегі қоғамдық талқыға өз үндерін қосты. Бірақ олар мұны құр сөзбен емес, қазақтың жанына жақын әуен арқылы жеткізді. Әуезді жырда қоғамның үміті де, күдігі де, болашаққа деген сенімі де қатар өрілді.

https://www.instagram.com/reel/DU8qQz5jA1j/?igsh=ZjNzMDN5Ymx3aXI5
👍17👎2❤1
🇰🇿🇺🇸 Тоқаев АҚШ-та ірі компаниялармен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары кезінде U.S. International Development Finance Corporation, Ashmore Group, Mars және Boeing басшыларымен кездесті.

Кездесулерде инвестициялық ынтымақтастық және бірлескен жобалар талқыланды.

Сондай-ақ Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу туралы келісім жасалғаны айтылды.

АҚШ Қазақстанды сирек кездесетін минералдар бойынша маңызды серіктес ретінде қарастырып отыр.
👍42❤3
Ресейде жаңа мобилизация толқыны жариялануы мүмкін. Бұл туралы Institute for the Study of War сарапшылары хабарлады.
👍31👎13🤣4🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😴 Дональд Трамп «Бейбітшілік кеңесінде» бейбіт ұйқыға кетті

Әлемдік тұрақтылық талқыланып жатқанда, 78 жастағы президенттің өзі тұрақтылықты емес, тәтті ұйқыны таңдаған сияқты.
🤣66❤2