Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
«Егер өлгілерің келмесе – дәп қазір кетіңдер! Бомбалар арнайы контейнерлерде орналастырылды, иттер оны сезбейді, іздеудің еш мәні жоқ»,- деген ақпарат түсті дейді. Басылым ақпараттың украин тілінде жазылғанын айтуда.

Венгрияда не болып жатыр? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7722
😁13👍3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼АҚШ президенті Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесі» өзінің алғашқы отырысын 19-ында Вашингтонда өткізді. Таяу Шығыстағы Израиль-ХАМАС қақтығысын шешуге бағытталған бұл бастама, ең алдымен, бейбітшілік процесін ілгерілетуге және Газа секторындағы соғыстан кейінгі қалпына келтіруге бағытталады деп күтілуде.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/212237
🤔7👍4😁2
🇺🇸🇮🇷 Трамп Иранмен келісім жасасу үшін ең көбі 15 күн бар екенін айтты...

«Менің ойымша, бұл жеткілікті уақыт болады. 10 күн, ең көбі 15 күн», - деді АҚШ президенті.

Қазір АҚШ Иракқа басып кіргеннен бергі ең үлкен әуе күштерін Таяу Шығысқа орналастыруда.
🔥22👍9🤡7
Израиль Иранның 2027 жылға қарай 5000 баллистикалық зымыранға ие болатынын болжайды...

Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық келіссөздер аясында Иранның зымыран бағдарламасының дамуы Израиль үшін әлі де үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Израиль Иран Ислам Республикасының зымыран бағдарламасын кеңейтуді жалғастырып жатқанын және 2027 жылдың соңына дейін кем дегенде 5000 баллистикалық зымыранға ие болатынын хабарлады.

Егер 12 күндік соғыс кезінде бірқатар нысандардың жойылғанын есептегенде, бұл сан алдағы онжылдықтың соңына дейін 8000-ға жетуі мүмкін болған.

Ynet ұсынған соңғы деректерге сәйкес, өндіріс көлемі айына шамамен 100 зымыранды құрайды және бұл көрсеткіштің артуы күтілуде. Осылайша, Иран «сандық жағынан жеңіске жеткісі келеді»: Тегеран Израильдің әлемдегі ең үздік әуе қорғаныс жүйелеріне ие екенін біледі, бірақ сонымен бірге мұндай озық жүйелердің де ауқымды және ұзақ мерзімді шабуылдарға қарсы мүмкіндіктері шектеулі екенін түсінеді. Иран дәл осы тактиканы қолдануды жөн санайды.

Израиль келіссөздердің сәтсіз аяқталатынын, ал Трамп Иранға соққы беруге бел буғанын айтады.
🤔15👍5🤡5❤2
САБУРОВ СОРЛАЙЫН ДЕП ТҰР...

Әлгінде Нұрлан Сабыровтың (Сабуров) «Ресейге ризамын» дей отырып, Ресейдің «Вагнер» бөлімшесіне 10 мотоцикл табыстағаны бейнеленген видео тараған еді.

Енді бүгін, сол «Вагнерліктер» Нұрланға ақжарма алғысын айтып жатқан видеосы таралуда...

Әлгінде, Бас прокуратура айтты, «Нұрлан туралы ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 170-бабына сай қылмысқа барды деген айыптар айтылуда. Бұл бап - «Жалдамалылық» бабы: соғысқа, қарулы қақтығыстарға қатыстыру немесе билікті құлатуға, елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін адамдарды жалдау (вербовка), оқыту, қаржыландыру немесе пайдалануды білдіреді. Бұл үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
👍32❤17🤔1
Зеленский Женевадағы келіссөздер туралы:

- Әзірге көңіл көншітерлік жаңалық жоқ. Бірақ, бір мәселеде конструктив бар. Ол - тұтқын алмасу жалғасатын болады, - деді.

- Үш тарап та соғыс тоқтатылатын болса, атысты тоқтату режимін қадағалау бірінші кезекте америкалықтарға жүктеледі деп келісті. Менің ойымша, бұл өте маңызды нәтиже, - деді.

- Ал территория мәселесі бойынша ешқандай да ілгерілеу жоқ. Келісім жоқ. Бұл да мойындауымыз керек факт, - деді.

- Жалпы алғанда, кездесудің өткені жақсы болды. АҚШ-қа сол үшін алғыс айтамын. Атысты тоқтатуды бақылау және тұтқын алмасу бойынша маңызды келісімдерге қол жеткіздік, - деді.

- Соғысты абыроймен аяқтаудың нақты мүмкіндіктері әлі де бар деп санаймыз және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін әлем агрессорға қысым көрсетуін күшейтуі керек. Келіссөздердің кезекті раунды ақпан айында өтеді және бұл раунд шын мәнінде нәтижелі болады деп үміттенеміз, - деді.
👍39❤1🤡1
Израиль армиясы: Біз ұрысқа дайын тұрмыз!

- Біз аймақтағы оқиғаларды қадағалап, Иранға қатысты қоғамдық пікірлерге назар аударып отырмыз. Израиль армиясы жоғары дайындықта тұр. Біздің күштер операциялық жағдайдағы кез келген өзгерістердің алдын алуға бұрынғыдан да дайын, - деді Израиль армиясының баспасөз хатшысы Дефрин.
👍42👎19💩6❤2😁1🤔1
📌Financial Times: Венгрия ЕО-ның Украинаға несиеге бермекке бөлген 90 млрд еуросын бұғаттап, вето салып, бердірмей қойды, тағы!
👎60😁7😡6👍1
💥АҚШ-тың Жоғарғы соты Трамптың әлем елдеріне енгізген тарифтерінің күшін жойды!

АҚШ Жоғарғы соты: “Трамп өзінің өкілетін асыра пайдаланды”, - деп шешім шығарды. Мұны алқабилер сотының 6 мүшесі қолдаған. 3 сот Трампты жақтаған.
👍61👏9❤3🤣3👎2😁1
Usbanov ARNASY
Зеленский Женевадағы келіссөздер туралы: - Әзірге көңіл көншітерлік жаңалық жоқ. Бірақ, бір мәселеде конструктив бар. Ол - тұтқын алмасу жалғасатын болады, - деді. - Үш тарап та соғыс тоқтатылатын болса, атысты тоқтату режимін қадағалау бірінші кезекте америкалықтарға…
💥Зеленский бүйдеді:

- Біз жеңілмейміз. Бұл даусыз. Тағдыршешті сұрақ - біз жеңеміз бе?, - дейді.

- Қазір АҚШ пен Ресей бір жақта боп тұр. Олар: “Ертең соғыстың тоқтағанын қаласаңдар, Донецкіден бүгін шығыңдар”, - деп екіжақтап қысым жасауда, - деді.
👍81❤1🤯1🤡1
САУАЛНАМА

2026 жылы Қазақстан Республикасында жоспарланған конституциялық реформа қоғамдық-саяси күн тәртібінің негізгі тақырыптарының біріне айналып, азаматтардың жоғары қызығушылығын тудырып отыр. Осыған байланысты «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қоғамда жаңа Конституция жобасына қатысты жалпы оң қоғамдық пікір қалыптасқанын көрсетті.

Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 1200 респондент қатысып, олардың басым бөлігі ұсынылып отырған Конституция жобасын қолдайтынын білдірді. Атап айтқанда, Конституция жобасымен белгілі бір деңгейде таныс азаматтардың 78,8%-ы оны қолдайтынын мәлімдеген. Оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын атап өтсе, 47,1%-ы негізінен қолдайтынын жеткізген. Бұл көрсеткіштер қоғамның ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді оң қабылдап отырғанын және олардың маңыздылығын түсінетінін айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері азаматтардың алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуға жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Респонденттердің 71,4%-ы Конституцияны қабылдау бойынша референдумға қатысуға ниетті екенін білдірген. Бұл, өз кезегінде, қоғамның ел дамуына қатысты стратегиялық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға дайын екенін аңғартады.

Зерттеу нәтижелері азаматтардың конституциялық реформалардың өз өміріне оң әсер ететініне сенім білдіретінін де көрсетті. Респонденттердің 65,1%-ы ұсынылып отырған өзгерістер олардың тұрмыс деңгейінің жақсаруына ықпал етеді деп есептейді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі Конституциялық комиссияның қызметіне оң баға беріп, жүргізіліп жатқан реформалардың уақтылы әрі қажетті екенін атап өткен.

Айта кету қажет, конституциялық реформаларға қатысты қоғамдық қызығушылық ғылыми және сараптамалық деңгейде де өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мәселен, Ханкук шетел тілдері университеті мен қазақстандық зерттеу ұйымдарының қатысуымен өткен халықаралық ғылыми семинар барысында қазіргі қоғам, әсіресе жастар үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігі, әділеттілік және институционалдық тұрақтылық мәселелерінің маңызы артып отырғаны атап өтілді.

Жалпы алғанда, жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның қоғам тарапынан кең қолдау тапқанын, азаматтардың оның мазмұнына қатысты жеткілікті деңгейде хабардар екенін және елдің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, конституциялық жаңғырту процесінің қоғамдық сұранысқа негізделгенін және оның елдің одан әрі орнықты дамуы үшін маңызды фактор болып табылатынын айғақтайды.

https://opinions.kz/kk/
👎28😁6👍4🤔2🤮2❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің екінші кезеңінен кейін АҚШ пен Иран арасындағы жағдай қайта ушықты.

▪Әскери соққы мүмкін бе?
▪Дипломатия мен қысым қатар жүріп жатыр
▪Әскери күштің күшеюі
▪Ресей мен Иранның жаттығулары

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7730
👍16😁3🤔2
Ресейде әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады...

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Амур облысында 2 к.н бұрын жоғалып кеткен "Robinson R44" тікұшағы табылды.

Тікұшақ толықтай жанып кеткен. Бортта РФ Тергеу комитетінің тергеушісі, мен полиция бастығы болған. Үш адам толық жанып кеткен.
👍44👏6❤4😱1
Жәнібек Әлімханұлы оң допинг сынамасынан мельдони допингі табылғанына байланысты 1 жылға спорттан шеттетілді. Бірақ, Бүкіләлемдік бокс ұйымы оны атақтарынан айырған жоқ.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби де, өзге де жарыстарға қатыса алмайды. Ол рингке 2026 жылдың желтоқсанында бірақ оралады.
👏42🤔13❤3
ФИЦОНЫҢ БОПСАСЫ

Словакия премьері Роберт Фицо:

- Егер Киев «Дружба» құбыры арқылы елге мұнай жеткізуді қайта бастамаса, Словакия 23 ақпанда Украинаға электр қуатын беруді тоқтатады, - деді.
🤬44👍2🖕2🤔1