САУАЛНАМА
2026 жылы Қазақстан Республикасында жоспарланған конституциялық реформа қоғамдық-саяси күн тәртібінің негізгі тақырыптарының біріне айналып, азаматтардың жоғары қызығушылығын тудырып отыр. Осыған байланысты «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қоғамда жаңа Конституция жобасына қатысты жалпы оң қоғамдық пікір қалыптасқанын көрсетті.
Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен 1200 респондент қатысып, олардың басым бөлігі ұсынылып отырған Конституция жобасын қолдайтынын білдірді. Атап айтқанда, Конституция жобасымен белгілі бір деңгейде таныс азаматтардың 78,8%-ы оны қолдайтынын мәлімдеген. Оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын атап өтсе, 47,1%-ы негізінен қолдайтынын жеткізген. Бұл көрсеткіштер қоғамның ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерді оң қабылдап отырғанын және олардың маңыздылығын түсінетінін айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері азаматтардың алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуға жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Респонденттердің 71,4%-ы Конституцияны қабылдау бойынша референдумға қатысуға ниетті екенін білдірген. Бұл, өз кезегінде, қоғамның ел дамуына қатысты стратегиялық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға дайын екенін аңғартады.
Зерттеу нәтижелері азаматтардың конституциялық реформалардың өз өміріне оң әсер ететініне сенім білдіретінін де көрсетті. Респонденттердің 65,1%-ы ұсынылып отырған өзгерістер олардың тұрмыс деңгейінің жақсаруына ықпал етеді деп есептейді. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі Конституциялық комиссияның қызметіне оң баға беріп, жүргізіліп жатқан реформалардың уақтылы әрі қажетті екенін атап өткен.
Айта кету қажет, конституциялық реформаларға қатысты қоғамдық қызығушылық ғылыми және сараптамалық деңгейде де өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мәселен, Ханкук шетел тілдері университеті мен қазақстандық зерттеу ұйымдарының қатысуымен өткен халықаралық ғылыми семинар барысында қазіргі қоғам, әсіресе жастар үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігі, әділеттілік және институционалдық тұрақтылық мәселелерінің маңызы артып отырғаны атап өтілді.
Жалпы алғанда, жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның қоғам тарапынан кең қолдау тапқанын, азаматтардың оның мазмұнына қатысты жеткілікті деңгейде хабардар екенін және елдің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, конституциялық жаңғырту процесінің қоғамдық сұранысқа негізделгенін және оның елдің одан әрі орнықты дамуы үшін маңызды фактор болып табылатынын айғақтайды.
https://opinions.kz/kk/

opinions.kz
Басты бет
Исследовательский институт "Общественное мнение",
Социологические исследования, социологические компании, социологические компании Казахстана, изучение общественного мнения, опрос населения, проведение исследований, маркетинговые исследования, социология…

👎28😁6👍4🤔2🤮2❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің екінші кезеңінен кейін АҚШ пен Иран арасындағы жағдай қайта ушықты.
▪Әскери соққы мүмкін бе?
▪Дипломатия мен қысым қатар жүріп жатыр
▪Әскери күштің күшеюі
▪Ресей мен Иранның жаттығулары
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7730

mezgil.kz
АҚШ Иранға соққы жасай ма? Келіссөздерден кейінгі шиеленіс
👍16😁3🤔2
Ресейде әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады...
Ресейдің Қиыр Шығысындағы Амур облысында 2 к.н бұрын жоғалып кеткен "Robinson R44" тікұшағы табылды.
Тікұшақ толықтай жанып кеткен. Бортта РФ Тергеу комитетінің тергеушісі, мен полиция бастығы болған. Үш адам толық жанып кеткен.

👍44👏6❤4😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ОДЫРАҢДАҒАН ОРБАН
Венгрия премьері Виктор Орбан:
- Егер Украина "Дружба" құбырымен мұнай ағызбайтын болса, біз Украинаға электрэнергиясын беруді тоқтатамыз, - дейді.

🤬43🖕17🔥2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың Қорғаныс министрі Пит Хегсет. 45 жаста. Жатқан жерде 143 келілік зілтемірді көтеріпті.
👍59👏8
АҚШ Жоғарғы сотының шешімінен кейін Трамп тарифтерді 10%-дан 15%-ға дейін көтерді.
Оның айтуынша, бұл шегі емес. Алдағы айларда Ақ үй жаңа, «заңды рұқсат етілген» тарифтерді анықтап, енгізбек.

🤔29👍6😁5💊2❤1
⚡️Иранда наразылықтар қайта жалғасты, студенттер Тегеран мен басқа да қалалардың көшелеріне шықты!
Iran International және Iran Wire басылымдарының хабарлауынша, жастар желтоқсандағы ауқымды наразылықтар кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін жиналған.
Сонымен қатар, американдықтар ел маңында өз әскери күштерін арттыруда. АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы болжамдар күшейе түсуде.

👍48❤4👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦 Львовтағы террористік шабуыл: 24 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты
Украина БАҚ-тарының хабарлауынша, кеше түнде Львовтағы дүкендердің бірінде терракт болды. Оқиға орнына патрульдік полиция бөлімшесі келгеннен кейін жарылыс болған, одан кейін екінші бөлімше келгеннен кейін тағы бір жарылыс болған.
Оқиғадан 23 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, ал жараланғандар саны қазір 24-ке жетті. Олардың кейбіреулерінің жағдайы ауыр.

😱26😡16❤1