Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргі әлемдік саясатта ядролық қару факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік архитектурасы әлсіреп, геосаяси сенім азайған тұста ядролық державалар арасындағы бәсеке күшейіп, ал ядролық қаруы жоқ елдер үшін бұл құралға ие болу стратегиялық арманға айнала бастады.
▪ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ: АҚШ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ РЕСЕЙ КЕЗДЕСТІ
▪ТРАМПТЫҢ ҰСЫНЫСЫ ҚАНДАЙ?
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7739

mezgil.kz
Ядролық қару: АҚШ, Қытай және Ресей кездесуі келісу үшін бе, бөлісу үшін бе?
Қазіргі әлемдік саясатта ядролық қару факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты. Қауіпсіздік архитектурасы әлсіреп, геосаяси сенім азайған тұста ядролық державалар арасындағы бәсеке күшейіп, ал ядролық қаруы жоқ елдер үшін бұл құралға ие болу стратегиялық ар
🤔17
Ресей енді бүйдеп сайрауда...
Ресейдің Сыртқы барлау қызметі: «Лондон мен Париж Киевті ядролық бомбамен қаруландыруға дайындалып жатыр. Олардың элиталары жеңіліспен келісуге дайын емес. Украинаны «вундерваффемен» (ғажайып қарумен) қамтамасыз ету керек деп есептейді. Олар егер Киевтің иелігінде атомдық немесе тым болмағанда «лас бомба» болса, соғыс қимылдарын аяқтаудың неғұрлым тиімді шарттарына мүмкіндік туады деп есептейді», - деп мәлімдеді.
Ал Ресей Думасының спикері Володин: «Украинаға ядролық қару беру – қылмыс. Оның соңы ядролық соғыс болады. Сондықтан, Париж бен Лондонның бұл ойын мүлде болдырмау керек. Бұндай қадамға Мәскеу бірден қарсы әрекетететін болады», - деп ойбайлауда.

😁62🤔3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл лапылдап жанып жатқан - Татарстандағы мұнай айдайтын станция.
«Калейкино» станциясы «Дружба» құбыр желісіндегі маңызды логистикалық нүктелердің бірі саналады. Дәл осы жерден Батыс Сібір мен Поволжьеден мұнай экспортталады.
Бұл Украинаның кезекті дәл соққысының салдары...

👍93🔥1
Bloomberg: Майдандағы орасан зор адам шығыны Ресейге ауқымды шабуыл жасауға кедергі боп тұр!
Батыс барлауының мәліметінше, ұрыс даласындағы Ресейдің адам шығыны үш ай бойы шамамен 30 000-35 000 адамнан асып жығылып тұр.
Мәскеу нақты сандарды ашып айтпайды, бірақ, үқымбат жалақысы бар келісімшарттар арқылы әскер толтыру мен шетелдік жалдамалы әскерге көбірек басымдық берілуде. Қазір шамамен 17 000 КХДР сарбазы бары және Үндістан, Пәкістан, Непал, Куба, Нигерия және Сенегалдан келген жалдамалы сарбаздарға сенім артылуда.

👍29🤔5❤4
Forwarded from PARANOIA.KZ
Дуров Ресейде өзіне қатысты қозғалып жатқан қылмыстық іс жайында пікір білдірді. Ол “өз халқынан өлердей қорқатын билік Telegram-ға шектеуді күшейту үшін күн сайын түрлі сылтау ойлап табуда” дейді.
Сарапшылар 3-4 аптада Ресей билігі Telegram-ды ішінара бұғаттаудан толық бұғаттауға көшуі мүмкін деп санайды.
Ал ресейлік әскерилер “бұл шешім әскерилер үшін үлкен соққы болар еді, өйткені байланыс қиындайды” деп дабыл қағуда.

👍25❤1
Usbanov ARNASY
Ресей енді бүйдеп сайрауда... Ресейдің Сыртқы барлау қызметі: «Лондон мен Париж Киевті ядролық бомбамен қаруландыруға дайындалып жатыр. Олардың элиталары жеңіліспен келісуге дайын емес. Украинаны «вундерваффемен» (ғажайып қарумен) қамтамасыз ету керек деп…
Дмитрий Медведев бүйдейді:
Франция мен Британияның Киевке ядролық технологияларды беру ниеті туралы СІБ (СВР) ақпараты жағдайды түбегейлі өзгертеді. Бұл жерде мәселе Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) немесе халықаралық құқықтағы басқа да дүниелердің бұзылуында емес. Бұл — соғысып жатқан елге ядролық қаруды тікелей беру деген сөз.
Оқиға осылай өрбитін болса, Ресейдің Украинадағы елімізге қауіп төндіретін нысандар бойынша кез келген, соның ішінде стратегиялық емес ядролық қаруды қолдануына тура келетініне ешқандай күмән болмауы тиіс. Ал қажет болған жағдайда — Ресеймен ядролық қақтығысқа сыбайлас болып отырған жеткізуші елдерге де соққы беріледі.

🖕36🤡14🤣6❤1👍1
Usbanov ARNASY
Дмитрий Медведев бүйдейді: Франция мен Британияның Киевке ядролық технологияларды беру ниеті туралы СІБ (СВР) ақпараты жағдайды түбегейлі өзгертеді. Бұл жерде мәселе Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) немесе халықаралық құқықтағы басқа да дүниелердің…
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков та осы тақырыпта сөйлеп:
- Лондон мен Париждің Киевке ядролық қаруды немесе "лас бомбаны" беруге ниетті деген ақпарат бізді алаңдатады. Біз алда болатын үшжақты келіссөздерде сөзсіз, бұл мәселені көлденеңінен қоятын боламыз, - дейді.

🖕48❤1👍1
Қазақстанның экспорттық түсімінің тең жартысы мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі!
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан шетелге құны 39,916 млрд доллар болатын мұнай мен мұнай өнімдерін (ЕЭҚ ТН ВЭД 2709) экспорттаған.
Бұл сома республиканың осы кезеңдегі жалпы экспорттық түсімінің 50,5%-ын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан жалпы сомасы 79,041 млрд долларға түрлі өнімдер экспорттаған болатын.
Бұған дейін LogiStan 2025 жылы Қазақстаннан шетелге 76 млн тонна мұнай жеткізілгені туралы жазған еді. Экспорт ең белсенді жүргізілген елдер:
Италияға — 28,9 млн тонна (–5,9%)
Нидерландыға — 10,6 млн тонна (+37,6%)
Францияға — 5,6 млн тонна (+5,6%)
Румынияға — 5,3 млн тонна (+17,8%)

🤔14❤1🤬1
Қорғаныс министрі Федоров Украинаның соғыстағы мақсаттарын жариялады!
Әуені жабу. Мақсат — әуе қауіптерінің 100%-ын нақты уақыт режимінде анықтау және зымырандар мен дрондардың кем дегенде 95%-ын атып түсіру. Қазірдің өзінде көпдеңгейлі «кіші» ӘШҚ (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс) жүйесін құру және ұстап алғыш құрылғыларды масштабтау жұмыстары басталды.
Жауды жерде, теңізде және киберкеңістікте тоқтату. Жау Украина жерінің әрбір километрі үшін құн төлейді. Донецк облысында әр 1 км²-ге 156 сарбаздан келеді. Мақсат — әр км² үшін 200-ден астам басқыншының көзін жою. Бұл — одан әрі ілгерілеу мүмкін болмайтын шығын деңгейі.
Ресейді экономикалық ресурстарынан айыру. Ол үшін: санкцияларды күшейту, серіктестермен үйлесімді жұмыс, «көлеңкелі флотқа» қарсы іс-қимыл стратегиясы және теңіздегі бірлескен әрекеттер қажет. Ресей бюджетінің тапшылығы тарихтағы ең ірі көрсеткішке жетуі тиіс.
Федоровтың пікірінше, бұл мақсаттарға жету үшін мыналар қажет:
Серіктестік. Осы жылы халықаралық көмектің рекордтық көлеміне қол жеткізу үшін ынтымақтастықты нығайту. Бұл қаражат дрондар сатып алуға, әскерилерге тұрақты төлем жасауға, ӘШҚ-ны күшейтуге және қорғаныс жүйесінің басқа да қажеттіліктеріне жұмсалады.
Технологиялық басымдық. Әрбір технологиялық циклде жаудан кем дегенде 10 қадам алда болу. Инновациялар соғысында көшбасшылықты сақтап қалу.
Соғыс математикасы. DELTA арқылы «єБалів» жүйесінің көмегімен ұрыс даласынан сапалы мәліметтер алу мүмкін болды. «Келесі қадам — деректерді шешуші күшке айналдыру. Көбірек көру. Жылдамырақ ойлау. Дәлірек соққы беру. Әрбір шешім түйсікке емес, сапалы деректерге негізделуі тиіс», — деп атап өтті министр.

👍37❤8
Бұл суреттегі адам - Михаил Альбертұлы Федоров деген жігіт. Украинаның Қорғаныс министрі.
1991 жылғы жігіт. Жасы 35-те.
Осы жасында әлемдік әскери рейтингте екінші сатыда тұрған, ядролық держава саналатын Ресейге қарсы майдандағы басты күрескерлердің бірі боп жүр.
Бұл жігіт ІТ маманы. Украинаның цифрлық трансформация министрі болған, Инвестиция, білім саласын дамыту және ғылым мен технологияға жауапты вице-премьер болған.
Осы жігіт әлгінде қасқайып тұрып: "Біз қазір майдан шебінде айына 30-35 мың жауды жайратып сап жатырмыз. Мақсатты меземіз осы санды айына 50 мыңға жеткізу", - деді ғой.
"Соғыс даласында ең әуелі дұрыс мақсаттар қою керек. Ол жоқ болса жүйе зардап шегеді. Сондықтан менеджмент нақты мақсаттарға қол жеткізуге қабілетті адамдардың айналасында құрылуы керек", - деді.

👍91❤9👏5😱1💯1
Forwarded from Qaz365.kz
⚡️ ҚТЖ-да Конституциялық реформа және алдағы референдум мәселелері талқыланды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында компания басшылығы мен еңбек ұжымының «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы елордалық штабының мүшелерімен, Парламент депутаттарымен және қоғам қайраткерлерімен кездесу болып өтті.
Бейнеконференцбайланыс құралдары арқасында іс-шараға онлайн режимінде ҚТЖ-ның барлық өңірлерінің, филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері де қатысты.
Іс-шараға Астана қаласы бойынша коалиция штабының басшысы Ерлан Қаналимов, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы және коалиция штабы басшысының орынбасары Мұхаммед Болысбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бас консультанты Диас Қожаев, қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов және Есіл ауданы бойынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңыздылығын талқылау болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов алдағы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум болат магистралінің әрбір қызметкері үшін тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді қамтамасыз ететін елдің даму векторының тарихи таңдауы болатынын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар әділ және прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсынылған түзетулердің мәніне егжей-тегжейлі тоқталды.
Спикерлер конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды қадам болып табылатынын және әрбір азаматтың саналы түрде қатысуын талап ететінін атап өтті. Әңгіме барысында теміржолшылар Негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттің құқықтық жүйесіне қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат ала алды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

😁14🤔8🤷♂1
Usbanov ARNASY
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков та осы тақырыпта сөйлеп: - Лондон мен Париждің Киевке ядролық қаруды немесе "лас бомбаны" беруге ниетті деген ақпарат бізді алаңдатады. Біз алда болатын үшжақты келіссөздерде сөзсіз, бұл мәселені көлденеңінен қоятын…
Ресейдің айыптауына Украина мен Батыстың реакциясы:
Украина бұл мәлімдемені абсурд деп атаса, Лондон мен Париж де бұл пікірге қосылды.
Украина СІМ спикері Георгий Тихий (Reuters-ке берген сұхбатында):
«Өтірік айтудан алдына жан салмайтын» ресейліктер тағы да «ескі сандырағын» таратып жатыр. «Анықтама үшін: Украина мұндай абсурдтық мәлімдемелерді бұған дейін де талай рет жоққа шығарған және ресми түрде тағы да теріске шығарады», — деді.
Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз қызметі (Sky News-ке):
«Бұл — Путиннің Украинадағы сұмдық қылмыстарынан назарды басқа жаққа аударуға тырысқан кезекті әрекеті. Бұл сөзде бір түйір де шындық жоқ», — деді.
Франция СІМ-і:
«Украинаға қарсы «үш күндік соғыстың» бесінші жылында Ресей назарды Франция мен Британияның ядролық қаруына аударғысы келіп жанталасуда», — деді.

😁41💯19
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Төрт жыл бұрын Ресей Украинаға басып кірді. Бұл соғыс Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең ірі қақтығысқа айналды, бейбіт тұрғындарға үлкен қайғы-қасірет әкелді, екі жақтың да сарбаздарын шығынға ұшыратты және «қырғи қабақ соғыстан» кейінгі қауіпсіздік жағдайды қайта жазды.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212502
⬇Толық: https://abai.kz/post/212502
abai.kz
Ресей мен Украина соғысы: Цифрлар сөйлейді...
🔥9🤔3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼2025 жылдың 19 маусымында «Дат» газетінде белгілі журналист, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдекенің «Орыс тілді қазақтар – жаңа ұлт» атты мақаласы жарияланған болатын. Мүмкін, кезінде бұл мақала талқыланған да болар, талай‑талай пікірлер айтылған шығар... Бірақ, бұл мәселе «айтылды – болды» дейтін қатардан емес, қазақ қоғамының тәніне жабысқан нышан сияқты – ұлттық санада үнемі көрініс беретін тақырып.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212508
⬇Толық: https://abai.kz/post/212508
abai.kz
«Орыстілді қазақ» атты ұлттың пайда болуы мүмкін емес!
👍18💯3❤2🤔2