Қазақстанның экспорттық түсімінің тең жартысы мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі!
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан шетелге құны 39,916 млрд доллар болатын мұнай мен мұнай өнімдерін (ЕЭҚ ТН ВЭД 2709) экспорттаған.
Бұл сома республиканың осы кезеңдегі жалпы экспорттық түсімінің 50,5%-ын құрайды. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Қазақстан жалпы сомасы 79,041 млрд долларға түрлі өнімдер экспорттаған болатын.
Бұған дейін LogiStan 2025 жылы Қазақстаннан шетелге 76 млн тонна мұнай жеткізілгені туралы жазған еді. Экспорт ең белсенді жүргізілген елдер:
Италияға — 28,9 млн тонна (–5,9%)
Нидерландыға — 10,6 млн тонна (+37,6%)
Францияға — 5,6 млн тонна (+5,6%)
Румынияға — 5,3 млн тонна (+17,8%)

🤔14❤1🤬1
Қорғаныс министрі Федоров Украинаның соғыстағы мақсаттарын жариялады!
Әуені жабу. Мақсат — әуе қауіптерінің 100%-ын нақты уақыт режимінде анықтау және зымырандар мен дрондардың кем дегенде 95%-ын атып түсіру. Қазірдің өзінде көпдеңгейлі «кіші» ӘШҚ (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс) жүйесін құру және ұстап алғыш құрылғыларды масштабтау жұмыстары басталды.
Жауды жерде, теңізде және киберкеңістікте тоқтату. Жау Украина жерінің әрбір километрі үшін құн төлейді. Донецк облысында әр 1 км²-ге 156 сарбаздан келеді. Мақсат — әр км² үшін 200-ден астам басқыншының көзін жою. Бұл — одан әрі ілгерілеу мүмкін болмайтын шығын деңгейі.
Ресейді экономикалық ресурстарынан айыру. Ол үшін: санкцияларды күшейту, серіктестермен үйлесімді жұмыс, «көлеңкелі флотқа» қарсы іс-қимыл стратегиясы және теңіздегі бірлескен әрекеттер қажет. Ресей бюджетінің тапшылығы тарихтағы ең ірі көрсеткішке жетуі тиіс.
Федоровтың пікірінше, бұл мақсаттарға жету үшін мыналар қажет:
Серіктестік. Осы жылы халықаралық көмектің рекордтық көлеміне қол жеткізу үшін ынтымақтастықты нығайту. Бұл қаражат дрондар сатып алуға, әскерилерге тұрақты төлем жасауға, ӘШҚ-ны күшейтуге және қорғаныс жүйесінің басқа да қажеттіліктеріне жұмсалады.
Технологиялық басымдық. Әрбір технологиялық циклде жаудан кем дегенде 10 қадам алда болу. Инновациялар соғысында көшбасшылықты сақтап қалу.
Соғыс математикасы. DELTA арқылы «єБалів» жүйесінің көмегімен ұрыс даласынан сапалы мәліметтер алу мүмкін болды. «Келесі қадам — деректерді шешуші күшке айналдыру. Көбірек көру. Жылдамырақ ойлау. Дәлірек соққы беру. Әрбір шешім түйсікке емес, сапалы деректерге негізделуі тиіс», — деп атап өтті министр.

👍37❤8
Бұл суреттегі адам - Михаил Альбертұлы Федоров деген жігіт. Украинаның Қорғаныс министрі.
1991 жылғы жігіт. Жасы 35-те.
Осы жасында әлемдік әскери рейтингте екінші сатыда тұрған, ядролық держава саналатын Ресейге қарсы майдандағы басты күрескерлердің бірі боп жүр.
Бұл жігіт ІТ маманы. Украинаның цифрлық трансформация министрі болған, Инвестиция, білім саласын дамыту және ғылым мен технологияға жауапты вице-премьер болған.
Осы жігіт әлгінде қасқайып тұрып: "Біз қазір майдан шебінде айына 30-35 мың жауды жайратып сап жатырмыз. Мақсатты меземіз осы санды айына 50 мыңға жеткізу", - деді ғой.
"Соғыс даласында ең әуелі дұрыс мақсаттар қою керек. Ол жоқ болса жүйе зардап шегеді. Сондықтан менеджмент нақты мақсаттарға қол жеткізуге қабілетті адамдардың айналасында құрылуы керек", - деді.

👍91❤9👏5😱1💯1
Forwarded from Qaz365.kz
⚡️ ҚТЖ-да Конституциялық реформа және алдағы референдум мәселелері талқыланды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында компания басшылығы мен еңбек ұжымының «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы елордалық штабының мүшелерімен, Парламент депутаттарымен және қоғам қайраткерлерімен кездесу болып өтті.
Бейнеконференцбайланыс құралдары арқасында іс-шараға онлайн режимінде ҚТЖ-ның барлық өңірлерінің, филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері де қатысты.
Іс-шараға Астана қаласы бойынша коалиция штабының басшысы Ерлан Қаналимов, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы және коалиция штабы басшысының орынбасары Мұхаммед Болысбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бас консультанты Диас Қожаев, қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов және Есіл ауданы бойынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңыздылығын талқылау болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов алдағы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум болат магистралінің әрбір қызметкері үшін тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді қамтамасыз ететін елдің даму векторының тарихи таңдауы болатынын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар әділ және прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсынылған түзетулердің мәніне егжей-тегжейлі тоқталды.
Спикерлер конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды қадам болып табылатынын және әрбір азаматтың саналы түрде қатысуын талап ететінін атап өтті. Әңгіме барысында теміржолшылар Негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттің құқықтық жүйесіне қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат ала алды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

😁14🤔8🤷♂1
Usbanov ARNASY
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков та осы тақырыпта сөйлеп: - Лондон мен Париждің Киевке ядролық қаруды немесе "лас бомбаны" беруге ниетті деген ақпарат бізді алаңдатады. Біз алда болатын үшжақты келіссөздерде сөзсіз, бұл мәселені көлденеңінен қоятын…
Ресейдің айыптауына Украина мен Батыстың реакциясы:
Украина бұл мәлімдемені абсурд деп атаса, Лондон мен Париж де бұл пікірге қосылды.
Украина СІМ спикері Георгий Тихий (Reuters-ке берген сұхбатында):
«Өтірік айтудан алдына жан салмайтын» ресейліктер тағы да «ескі сандырағын» таратып жатыр. «Анықтама үшін: Украина мұндай абсурдтық мәлімдемелерді бұған дейін де талай рет жоққа шығарған және ресми түрде тағы да теріске шығарады», — деді.
Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз қызметі (Sky News-ке):
«Бұл — Путиннің Украинадағы сұмдық қылмыстарынан назарды басқа жаққа аударуға тырысқан кезекті әрекеті. Бұл сөзде бір түйір де шындық жоқ», — деді.
Франция СІМ-і:
«Украинаға қарсы «үш күндік соғыстың» бесінші жылында Ресей назарды Франция мен Британияның ядролық қаруына аударғысы келіп жанталасуда», — деді.

😁41💯19
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Төрт жыл бұрын Ресей Украинаға басып кірді. Бұл соғыс Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең ірі қақтығысқа айналды, бейбіт тұрғындарға үлкен қайғы-қасірет әкелді, екі жақтың да сарбаздарын шығынға ұшыратты және «қырғи қабақ соғыстан» кейінгі қауіпсіздік жағдайды қайта жазды.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212502
⬇Толық: https://abai.kz/post/212502
abai.kz
Ресей мен Украина соғысы: Цифрлар сөйлейді...
🔥9🤔3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼2025 жылдың 19 маусымында «Дат» газетінде белгілі журналист, әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдекенің «Орыс тілді қазақтар – жаңа ұлт» атты мақаласы жарияланған болатын. Мүмкін, кезінде бұл мақала талқыланған да болар, талай‑талай пікірлер айтылған шығар... Бірақ, бұл мәселе «айтылды – болды» дейтін қатардан емес, қазақ қоғамының тәніне жабысқан нышан сияқты – ұлттық санада үнемі көрініс беретін тақырып.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212508
⬇Толық: https://abai.kz/post/212508
abai.kz
«Орыстілді қазақ» атты ұлттың пайда болуы мүмкін емес!
👍18💯3❤2🤔2
Forwarded from Mezgil.kz
Соққы бола ма? Сарапшылар не дейді?
АҚШ-тың Таяу Шығысқа әскери күшті орналастыруы 2003 жылы Иракқа басып кіру қарсаңындағы әскерді топтастыру сценарийіне ұқсас. Бұл Мадуроны ұстап әкету операциясы қарсаңында Венесуэла аймағына әскер топтастырудан әлдеқайда ауқымды масштабқа жетті.
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7746

mezgil.kz
Сарапшылар: Иран не көнеді, не Аятолла режимі өледі!
АҚШ Таяу Шығыс аймағына ауқымды әскери күшін шоғырландырды. Президент Дональд Трамп Ир
👍18🤔5
КҚК-ға шабуыл: АҚШ Украинаға ескерту жасады!
Әңгіме КҚК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы мұнай экспортын тоқтату туралы болып отыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, Киев бұл ескертуді «назарға алған».
Украина Новороссийск ауданындағы КТК инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін АҚШ Мемлекеттік департаментінен ресми нота алды. Бұл туралы Украинаның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ольга Стефанишина мәлімдеді.
Оның айтуынша, соққылар «Қазақстанмен байланысты америкалық экономикалық мүдделерге» нұқсан келтірген.
Қазақстан мұнайының басым бөлігі Новороссийск арқылы экспортталады.
«Біз Мемлекеттік департаменттен америкалық мүдделерге соққы беруден тартынуымыз керек екенін естідік», — деді Стефанишина.
Ол бұл үндеудің Ресейдің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасаудан бас тарту емес, дәл осы америкалық мүдделерге қатысты болғанын атап өтті. Стефанишинаның сөзінше, Киев бұл жағдайды «назарға алды».
Оқиғаның мән-жайы
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қараша айының соңында Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасаған болатын. Содан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Кейінірек КТК зақымдалған құрылғылардың бірін жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Шабуылдан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі наразылық білдіріп, болған оқиғаны Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін әрекет ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
Алайда, АҚШ араласқанға дейін украин тарапы Қазақстанның экономикасына немесе инфрақұрылымына соққы бермейтінін және ондай ниеті жоқ екенін ашық мәлімдеп келген еді. Украина СІМ бұл әрекеттер тек Ресейдің әскери әлеуетіне қарсы бағытталғанын және «Қазақстанға немесе басқа үшінші тараптарға қарсы емес» екенін алға тартқан.
Украина елшісі Виктор Майко да ұқсас ұстаным білдіріп, Қазақстанның «ешқашан соққы нысанасы болмағанын және болмайтынын» баса айтқан болатын.
Қаңтар айының ортасында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым консорциум инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін Украинаға «қысым жасауды» ұсынды.

👍14👎10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТРАМП ПЕН ГРИННІҢ АЙТЫСЫ
Конгрессмен Ал Грин Трампқа плакат көрсеткені үшін залдан шығарылды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Өкілдер палатасының мүшесі, демократ Ал Грин осымен екінші жыл қатарынан АҚШ Президентіне «Қара нәсілділер — маймыл емес» деген жазуы бар плакат көрсеткені үшін отырыс залынан шығарылды.
Бұл үндеу Трамптың әлеуметтік желілерде жариялаған видеосына жауап ретінде жасалды. Ол роликте бұрынғы президент Барак Обама мен бұрынғы бірінші ханым Мишель Обаманың маймыл бейнесіндегі суреттері пайдаланылған үзінді болған.
Кейінірек Ақ үй бұл видеоны өшіріп тастады, ал Трамп роликті штаб қызметкері жариялағанын алға тартты.
79 жастағы Грин өткен жылы да Конгресске жолдауы кезінде Трампқа импичмент жариялауға шақырғаны үшін залдан шығарылған болатын.

🔥31👍5
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Алда өтетін референдум – еліміз үшін маңызды саяси шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қабылдауға бағытталған жалпыхалықтық шара.
⬇Толық: https://abai.kz/post/212539
⬇Толық: https://abai.kz/post/212539
abai.kz
Дауыс беруді әділ қадағалайтын бірден бір - Бақылаушылар!
😁17🤔2🤡1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақ ССР‑і кезінде өмір сүргендер мына бір анекдотты жақсы біледі: «Бір күні соғыса‑соғыса шаршаған Иван Васильевіш Шапаев өзінің шабарманы Петьканы шақырып, оған: «Петькажан, соғыстан шаршадық, бұ дүниенің қызығын көре алмай, бір күні тырапай асып, өліп қалсақ не болады? Бүгін бір демалыс болсын, сен маған бет ашылмаған қыз тауып әкелсейші», - дейді ғой.
▪ИВАН ВАСИЛИЧ: «ПЕТЬКА, ЖОҒАЛ, ЖОҒАЛ АМАН‑САУЫҢДА!»
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7747

Опасыз Мәсімов Джеффри Эпштейнмен тұрақты түрде байланыста болған. Депутат не дейді?
Қазақ ССР‑і кезінде өмір сүргендер мына бір анекдотты жақсы біледі: «Бір күні соғыса‑соғыса шаршаған Иван Васильевіш Шапаев өзінің шабарманы Петьканы шақырып, оған: «Петькажан, соғыстан шаршадық, бұ дүниенің қызығын көре алмай, бір күні тырапай асып, өліп
👍13
ШҰҒЫЛ: Ресми хабарлама!
25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
ҚР Қорғаныс министрлігі

😱17🔥7❤4🤔3💔1
ЖАСТАР МЕН ШАЛДАРДЫҢ ШАЙҚАСЫ
Украинадағы соғыс жас буын мен орта буынның (кей жағдайға шал буынның) арасындағы айқас көрінеді. Қараңыз:⬇

👍47