Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Кабул соққы астында: Пәкістан операциясы туралы не белгілі?

Пәкістанның әуе соққысынан кейін Кабулда Ауғанстан президенті сарайының маңында атыс басталды. Соққылар талибтердің әскери нысандарына бағытталған.

Пәкістанның PTV телеарнасының мәліметінше, 72 ауған әскери қызметкері қаза тауып, тағы 120-сы жараланған. Оқ-дәрі қоймасы мен 30-дан астам техника бірлігі жойылғаны хабарланды.

Соққылар астанадан бөлек Қандағар, Пактия және Нангархар провинцияларындағы нысандарға да жасалған.

Ауған тарапы шекарадағы ұрыстарда 55 пәкістандық әскеридің қаза тапқанын, 11-і жараланғанын және 19 блокпосттың басып алынғанын мәлімдеуде.

Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа М. Асиф талибтерді террористерге қолдау көрсетті және Үндістанның мүддесі үшін жұмыс істеді деп айыптады.
👍26❤2🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Алдымыздағы наурыз айының 15‑күні елімізде конституциялық өзгерістерді қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді деп күтілуде.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/212643
🤡17🤣4💅1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼1956 жылы 25 ақпанда КОКП-ның жиырмасыншы съезінде Никита Хрущев «Жеке басқа табыну және оның салдары туралы» атты сөз сөйлеп, Иосиф Сталиннің жеке басына табынуды айыптады.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/212653
👍11🤬2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Украина батыры, Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов «Al Modon» басылымына сұхбат беріп, майдандағы жағдай мен келіссөздер жайлы пікір білдіріпті.

▪РЕСЕЙ БІРНЕШЕ МЕМЛЕКЕТКЕ БӨЛІНУІ КЕРЕК!
▪РЕСЕЙ УКРАИНАНЫҢ БІРДЕ-БІР ОБЛЫСЫН ТОЛЫҚ БАСЫП АЛА АЛМАДЫ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7756
👍43🔥3
Щучинскідегі жарылыс: 7 адам қаза тапты...

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 7-ге жетті.

Оның бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екі адам 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Жалпы 26 адам зардап шеккен.

Алғашында 15 адам ауруханаға жеткізілсе, қазіргі уақытта 13 науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Тағы 6 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілген.
🙏16😱8❤2
Қақтығыс жалғасуда:

Ауғаныстан әуеге соққылаушы ұшақтарын көтеріп, Пәкістанның бірнеше әскери базасына соққы жасауда.

Пәкістан жауап ретінде Ауғаныстанның Пактия провинциясын соққылауда.
🌚16🔥10👀5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💥 Ariana News: Ауғаныстан Пәкістанның ядролық нысаны мен әскери базасын соққылады.

Соққы Хайбер-Пахтенхва провинциясындағы Кокол елдімекеніндегі нысанға жасалған.
🔥16😐4❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ауғаныстан БАҚ-тары: Пәкістанға жасалған соққыдан жүздеген адам қаза тапты дейді.
👍12
Forwarded from PARANOIA.KZ
Бірқатар ақпарат көздері Талибанның көсемі Хайбатулла Ахунзаданың бірнеше қолбасшысымен бірге қаза тапанын айтуда. Пәкістан ұшақтары Кабулға соққы жасау барысында көз жұмған дейді.

Ақпарат нақтылауды қажет етеді. Рас/өтірігі ресми айтылар.
👍30🔥4
⚡️Швецияның Мальмё портында француздың «Шарль де Голль» әуетасымалдаушы кемесіне Ресейдің дроны жақындап келіп, оны швед әскерлері атып құлатқан.

Дрон Эресун бұғазындағы ресейлік кемеден ұшырылған.
👍51❤2
Орбанның жағдайы мәз емес!

Венгрияның бірнеше оппозициялық партиялары сәуірде өтетін сайлауға қатысудан бас тартты. Бұл қадам Виктор Орбанның басты қарсыласы Петер Мадьярдың «Тиса» партиясының позициясын нығайту үшін жасалып отыр.
Мадьяр қалған барлық оппозициялық топтарды жол беруге шақырып, тек біріккен фронт қана Орбанның 16 жылдық билігіне нүкте қоя алатынын алға тартуда.
👍66❤23
Таңдау сәті

Екі аптадан кейін ел күткен елеулі оқиға болмақ. Қазақстан халқы жаңа конституцияға дауыс береді. Референдум нәтижесіне байланысты, елдегі саяси институттар түбегейлі өзгеруі мүмкін. Мемлекет маңызды шешімді қабылдау сәтінде халықтың пікірі мен үніне құлақ асады. Бұл референдум арқылы көрініс табуда. Соңғы 4 жылда елімізде үшінші референдум өтуде. Бұл билік тармағында шешім қабылдаудың түбегейлі өзгергенінің айқын көрінісі.


Енді халық тағы да маңызды шешім алдында тұр. Референдум. Жаңа конституцияны қабылдауға қатысты өз даусын береді.

Тәуелсіздігіміздің кешегісі мен бүгінінде мемлекет реформалар жүргізіп, қоғам соны сырттай бақылап отыратын кезеңдер болды. Сол секілді қоғам сол өзгерістердің тең авторына айналатын кездер де болды. Біз қазір дәл осындай кезеңде тұрмыз. Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды, талқылау жалпыхалықтық деңгейге шықты және ел әрбір азаматтың өз сөзін айтуға құқығы бар сәтке таяп қалды.

Бұл жерде бір қарапайым нәрсені түсіну маңызды. Референдум сауалы әлдебір жекелеген баптың біреуге ұнауы немесе ұнамауы туралы емес. Ол — жаңа ережелер жүйесіне деген сенім туралы. Әрі әділдік пен дамуға деген сұранысқа, сондай-ақ цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне жауап беретін жаңартылған модель аясында өмір сүруге келісім беру туралы.

Сондықтан дауыс беруге қатысу — қорытынды хаттамадағы жай ғана «цифр» емес, бұл — қоғамның саяси кемелдігінің көрсеткіші. Қатысушылар саны неғұрлым көп болса, болашақ Конституцияның қоғамдық мандаты да соғұрлым берік болады. Халық неғұрлым белсенді атсалысса, «бұл шешімді кім қабылдады» деген күмән мен алыпқашпа әңгімелерге соғұрлым орын қалмайды.

Жобаны дайындау процесінің өзі оған қосымша легитимділік береді. Негізгі заңды талқылауға 130 адам қатысты: олардың қатарында сарапшылар қауымдастығы, ғылыми орта, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бар. Сонымен қатар, «eGov» арқылы келіп түскен 10 мыңға жуық ұсыныс конституциялық реформаның жабық кабинеттерде емес, ауқымды қоғамдық диалог форматында қалыптасып жатқанын көрсетеді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы, саясаттанушы
👎37🤔3❤2
Қытай өз азаматтарына үндеу жасады!

Қытай билігі өз азаматтарына Иранға бармауға, Иранда жүрген азаматтарына елден дереу кетуге шақырды.
👍31🤣5🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл Курскі. Украина дронмен соққы жасады.
👍51🔥6❤1👎1
СОҒЫСТЫҢ СҰЛБАСЫ

1) Бүгін Израиль Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшылығы әскери қызметке жүздеген резервшілерді шақырды.

2) Билік бомбадан қорғану орындар да ашты.

3) Американың Иранға соққы беру қаупіне байланысты Иерусалимдегі АҚШ елшілігі өз қызметкерлеріне Израильден кетуге болатынын хабарлады.
👍37👎3🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
+ 21. Ауғандық адам Пәкістандың әскерилердің қасына келіп, өзін жарып жіберген сәт...
🤯26😱10