Usbanov ARNASY
3.42K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл Курскі. Украина дронмен соққы жасады.
👍51🔥6❤1👎1
СОҒЫСТЫҢ СҰЛБАСЫ

1) Бүгін Израиль Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшылығы әскери қызметке жүздеген резервшілерді шақырды.

2) Билік бомбадан қорғану орындар да ашты.

3) Американың Иранға соққы беру қаупіне байланысты Иерусалимдегі АҚШ елшілігі өз қызметкерлеріне Израильден кетуге болатынын хабарлады.
👍37👎3🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
+ 21. Ауғандық адам Пәкістандың әскерилердің қасына келіп, өзін жарып жіберген сәт...
🤯26😱10
Пәкістан армиясы: “Операция жалғасуда. Талибанның 274 жауынгері қаза тапты. 400-ден астамы жарақат алды. Сонымен бірге 115 дана танк, зеңбірек, бронды көлік жойылды. Ауғанстанның 22 ауданына соққы жасадық. 83 позиция жойылды, 17 позицияны басып алдық”, - дейді.
🔥32
Женевадағы келіссөздерден кейін: ҚХР ядролық келісім бойынша ұстанымының өзгермейтінін мәлімдеді!

Қытай СІМ-нің ресми өкілі Мао Нин Бейжіңнің АҚШ және Ресеймен ядролық қарусыздану бойынша үшжақты келіссөздерге қатысу мәселесіндегі ұстанымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ең ірі ядролық арсеналға ие Америка Құрама Штаттары «ядролық қарусыздану бойынша өзінің ерекше әрі бірінші кезектегі міндетін адал орындауы» тиіс.
👍28🤣9❤1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бен-Гурион әуежайы (Тель-Авив): АҚШ Әуе күштерінің KC-135 және KC-46 жанармай құйғыш ұшақтары. Ұзын-саны 14 данасы тұр, қазір.
👍37👎2🤔1
Қазақстаны СІМ-і өз азаматтарына үндеу жасады!

Қазақстан СІМ-і өз азаматтарына Иранға бармауға, онда жүрген өз азаматтарына елден дереу кетуге шақырды.
👍32
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады!

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ақорда
👍24
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЗҰЛЫМДЫҚ

Бұл ЖИ жасаған видео емес. Бұл талқандалған Константиновка. Ресей әскері фосфорлы зымыран қолданған кездегі видео.
🤬51🔥2👍1😱1
Usbanov ARNASY
Бен-Гурион әуежайы (Тель-Авив): АҚШ Әуе күштерінің KC-135 және KC-46 жанармай құйғыш ұшақтары. Ұзын-саны 14 данасы тұр, қазір.
Израиль. Иран шабуылдауы мүмкін деп мемлекеттік ғимараттардың маңына "Темір күмбез" ӘШҚК (ПВО) онластыруда.
❤22👍3👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Борис Немцов өлтірілген күн...

Тұп-тура 11 жыл бұрын Ресей оппозициясының ең көрнекті өкілі Борис Немцовты Кремльдің қақ алдында атып кеткен еді.


Борис Немцов, көптеген оппозиционерлер сияқты, Путиннің басқаруындағы Ресейдің болашағы туралы мәселені бірнеше рет көтеріп, ықтимал апаттар туралы ескерткен болатын.

Немцовтың ең танымал мәлімдемелерінің бірі — Украинадағы соғыстың тек Украина үшін ғана емес, Ресейдің өзі үшін де жойқын салдары болатыны туралы ескертуі еді. Ол Путиннің көрші елге қарсы бастаған агрессиясы Ресейдің халықаралық майданда оқшаулануына, экономикалық шығындарға және ішкі саяси жағдайдың ушығуына сөзсіз алып келетінін айтқан.
👍52👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пәкістанның 155 мм-лік гаубицалары тәліптерге соққы жасап жатқан сәт...
🔥27🤔2
Әлем елдері өз азаматтарына Ираннан кетуге кеңес беріп жатқанда (Қазақстан да солай мәлімдеді), АҚШ Израильге арсеналын топтастырып жатыр…
👍35❤3🤔1🖕1
Ұлбритания Ирандағы елшілігін эвакуациялауда. Өз азаматтарына Иранға аумағына бармай тұруға, онда жүргендерді елден дереу кетуге шақырды.

Осыған дейін, АҚШ, Қытай, Канада, Үндістан мен Қазақстан және Польша өз азаматтарына үндеу жасап, Иран аумағынан дереу кетуге шақырған.
👍38
Израильдегі Увде әуе базасында АҚШ-тың F-22 ұшақтары ұшып-қону жолағында байқалды.

Бұл базада шамамен 11 дана F-22 ұшағы бар делінеді.
🔥27👍12👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Fire Point" компаниясы бүгін Украинаның өзі жасап шыққан "FP-7" балистикалық зымыранын ұшырды.

Бұл "Фламинго" зымырандарын жасайтын компания.

Бүгінгі ұшырылған "FP-7" балистикалық зымыраны сынақ па, әлде Ресейге бағытталып ұшырылды ма, ол жағы нақты белгісіз.

Сипаттамасы: Зымыран 200 шақырымға ұшады. Зымыран секундына 1500 метр жылдамдыққа ие болмақ. Жарылғыш салмағы 150 келі.
👍56❤3👎1
Трамп:

Иран туралы: "Нақты соққы жасау туралы шешім әлі қабылдаған жоқпын. Тағы бір келіссөздеріміз бар", - деді.

Куба туралы: "Біз дос ретінде Кубаны жаулап алуымыз мүмкін. Солай болуы керек сияқты", - деді.

Украина туралы: "Соғыс аяқталып, тараптар бітімге келген соң Ресейге салынған санкцияларды алып тастауды ойлаймын", - деді.
🤡35👎7👍3🔥3❤1🤔1