Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
▪️АҚШ:

Мадуро операциясы - 3 сағат.
Аятолла операциясы - 6 сағат.

▪️Ресей:

Киевті 3 сағатта аламыз дегелі 5-ші жылға өтіп барады. Әлі Украинаның бірде-бір облысы толық алынған жоқ!
🤣101👍26❤2
🇰🇿 Тоқаев Иранның шабуылына ұшыраған араб елдеріне қолдау білдірді!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт басшыларына «осынау ауыр сынақ сәтінде» қолдау мен ынтымақтастық білдіріп, жеке жолдауларын жіберді. Ол Қазақстан үшін дос әрі бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери іс-қимылдарды қатаң айыптады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның араб елдеріне қолдан келген көмектің кез келген түрін көрсетуге дайын екенін және олардың жоғары басшыларымен тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға үміттенетінін мәлімдеді.
🥱24❤16👍12🤔1🤡1
Басты жаңалықтар:

1️⃣ Иранда 40 күндік аза тұту жарияланды. Алайда бәрі бірдей қайғыра қоймаған сияқты — кейбір қалаларда адамдар Хаменеидің өлімін тойлау үшін көшеге шықты. Ал үкіметтік митингілерде аятолла үшін кек алуға шақырып жатыр.

2️⃣ Ливандық «Хезболла» Израильге қарсы соғысқа кірісетінін мәлімдеді.

3️⃣ CBS News мәліметінше, АҚШ пен Израильдің шабуылы нәтижесінде 40-қа жуық ирандық шенеунік қаза тапқан.

4️⃣ ИРСК (КСИР) АҚШ пен Израильге қарсы «Иран Қарулы Күштері тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясын» бастайтынын жариялады.

5️⃣ «Енді Иранмен келісу бір күн бұрынғыға қарағанда оңайырақ болады», — деді Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында. Бұған дауласу қиын, әрине.
🤣24🤔7❤6
💥Ормуз бұғазы толық бұғатталып тұр. Мұнай тиеген танкерлер тоқтап тұр. Бұл әлемдік мұнай ағынының 20%-ы өтіп жатқан канал. Бұғаздың бұғатталуы нарықта мұнай бағасының күрт көтерілуіне себеп болуда.
👍42❤4
💥Иран парламентінің спикері Галибаф: “Біз барлық жағдайға дайын болдық. Тіпті, Жоғарғы көсем Хаменей қаза тапса деген сценарийді де қарастырып қойғанбыз. Қазір біз соншалық күшімізді көрсетпедік. АҚШ пен Израиль біздің қызыл сызығымыздан өтті. Енді біз жойқын жауап қайтаратын боламыз”, - деді.
🤣61👍37🤔5❤2🤡1
💥Иран БАҚ-тары: Иранның Қорғаныс министрлігі Бас штабының бастығы Мусави қаза тапты.
👍40👎2👏1😱1
💥Дубай мен Бахрейнде бүгін де жарылыстар боп жатыр…
👍21🤔11
⚡️ Трамп өз тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясын бастауға дайындалып жатқан Иранға жауап берді…

«Иран жаңа ғана бүгін өте жойқын соққы беретінін мәлімдеді. Бұрын-соңды болмаған ең қуатты соққы болмақ.

Оларға бұлай істемеуге кеңес берер едім.

Егер олар мұны істейтін болса, біз оларға ешкім ешқашан көрмеген күшпен соққы береміз!»
👍43🤣17❤8🤡2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иранда қаралы ту тігілді!
😁21👍12🤣3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Пәкістан. Бас көтерушілер АҚШ елшілігіне шабуылдап кіруде…
🤣23👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иранның түрлі провинцияларында Аятолланың өліміне қуанған жұрттың да қарасы қалың…
👍52👎4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Ал Бағдатта Хаменей жақтастары АҚШ елшілігіне шабуылдауда…
🤣31👍9
💥Ирақ пен Пәкістандағы Аятолла жақтастары АҚШ елшіліктерін шабуылдап, өрт қойған.
🤣25👍14👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Дубайға тағы да соққылар жасалуда…
🔥23👎8
ОРДАЛЫ ОҢТҮСТІК…

Таныс-біліс жігіттер шақырып, Шымкентке келгенбіз. Шымкенттің күн-райы ерекше жылы екен. Бұл жаққа әдеттегідей көктем өзгелерден ерте жеткен екен.

Бұл регион экономикалық һәм рухани-мәдени жақтан ғана емес, сондайлық еліміздің демографиялық драйвері саналатын аймақ, Құдай көп көрмесін. Кез келген саяси науқанда, кез келген тағдыршешті таңдау жасар сәттерде “ордалы оңтүстіктің”, шырайлы Шымкенттің дауысы айтарлықтай салмаққа ие, бұл даусыз. Бұрын да солай болған, қазір де солай! (Әлбетте, бұл сөз өзге өңірлерді кеміту емес, тек жан саны, туу көрсеткіші тұрғысынан бағалау).

Нұрекең досым Нышанбай екеуіміз жігіттердің қолқалауымен, аттың басын осы жаққа бұрып, “Халық үні” бақылаушыларымен жүзбе-жүз жолығып, әңгімелесіп қайтып барамыз. Жастар елпініп-желпініп отыр. Білгенімізді үйреттік, бақылаушы бейтарап һәм әділ болуы керек дегенді әр сөзімізде айттық. Іске, сәт!
❤29👍15🤣2👎1💯1
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген халық даналығы бүгінгі саяси реформалардың мәнін айқын аңғартады. Ел өміріндегі маңызды өзгерістердің табысты жүзеге асуы ең алдымен қоғаммен ашық диалог орнатуға, халық пікірін ескеруге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Конституциялық өзгерістерді түсіндіруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жаңа мазмұн мен заманауи форматта жүргізілуде.

Бүгінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әр өңірдің ерекшелігіне, әлеуметтік ахуалына және мақсатты аудиториясына қарай ұйымдастырылып отыр. Әр облыс пен қала үшін жергілікті мәселелерді қамтитын, тұрғындарға түсінікті әрі қолжетімді форматтар әзірленген. Мұндай тәсіл қоғамның түрлі топтарымен тиімді байланыс орнатуға және халықтың пікірін тыңдауға мүмкіндік береді.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 322 адамнан тұратын өңірлік коалиция құрылып, шамамен 970 ақпараттық іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл кездесулер еңбек ұжымдарын, жастарды, ардагерлерді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қамтиды. Осындай кең ауқымды жұмыс Конституциядағы жаңашылдықтардың облыстың барлық аудандарына дейін жетуіне жағдай жасап, тұрғындардың өз сұрақтарын тікелей қойып, нақты жауап алуына жол ашады.

Ерекше назар аударылатын бағыттардың бірі — көшпелі кездесулер форматы. Бұл формат халық үнін барынша естуге негізделген. Нәтижесінде өңірлерде жаңа қоғамдық белсенділер мен пікір көшбасшылары анықталып, олар Коалиция жұмысы аясында өз әлеуетін танытуға мүмкіндік алуда. Бұл үдеріс үгіт-насихат жұмысының мазмұнын жандандырып, негізгі идеялардың тек сарапшылар арқылы ғана емес, жергілікті тұрғындардың өз арасынан шыққан жаңа көшбасшылар арқылы да таралуына ықпал етуде.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың саяси үдерістерге белсенді араласуына жол ашады. Өйткені Конституциялық өзгерістер — тек заңнамалық жаңарту емес, сонымен қатар ел болашағына ортақ жауапкершілікті сезінуге шақыратын маңызды қадам.

Қорыта айтқанда, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықпен тікелей байланыс орнатудың тиімді құралына айналып отыр. Бұл бастама азаматтардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қоғамда жаңа көзқарас пен белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуына да серпін беруде.

Толық ақпарат: https://t.me/referendum2026kz
👍291❤114🤔8👎4🤮4🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Теһеран. Қазіргі сәт…
👍27🥴4🔥3❤1