This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Эквадор үкіметі АҚШ-пен бірлесіп есірткі картельдеріне қарсы операция бастады!
АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы (SOUTHCOM) бұл әрекетті елде әрекет ететін «есірткі-террорлық» топтарға қарсы бағытталған «шешімді шаралар» деп атады.
Операцияның негізгі нысаналары — АҚШ тарапынан террорлық ұйымдар деп танылған Los Lobos және Los Choneros бандалары. Американдық әскерилер барлау, жоспарлау және логистика мәселелерін қамтамасыз етсе, тікелей жерүсті операцияларын Эквадордың өз күштері жүргізуде.

👍40❤3
АҚШ-тан жасырынып жүрген Иранның «Маудж» класындағы IRIS Dena фрегаты табылып, Шри-Ланка жағалауынан бірнеше миль қашықтықта суға батырылды!
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің зымырандық соққысынан кейін ирандық кеме Шри-Ланка жағалауына жақын маңда апатқа ұшырады.
Шри-Ланка Сыртқы істер министрі қазіргі уақытта бортында болған 180 теңізшінің 30-ы ғана құтқарылғанын хабарлады.

❤21👍11👎7🤯4
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартты!
Иранның Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі Мохаммад Мохбер Тегеранның бұдан былай АҚШ-қа сенбейтінін және Вашингтонмен қандай да бір келіссөздер жүргізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.
«Америкалықтарға ешқандай сенім жоқ, келіссөздер жүргізу үшін де ешқандай негіз көріп тұрған жоқпыз», — деп келтіреді Мохбердің сөзін Tasnim агенттігі.
Ол Иранның әскери қимылдарды қанша уақыт қажет болса, сонша жүргізуге дайын екенін және 1980–1988 жылдардағы Иракпен болған сегіз жылдық қақтығыс кезіндегідей кез келген қауіп-қатерге төтеп бере алатынын айтты. «Тарихи тәжірибе көрсеткендей, біз соғыстан қорықпаймыз және оны жалғастырудан да именбейміз», — деп түйіндеді кеңесші.

👍48🤣17🔥8🤔2❤1
Жаңа соғыс: Судан Эфиопияны өз аумағына дронмен соққы жасады деп айыптады!
Судан СІМ-нің мәлімдемесі бойынша, дрондар ақпан айында және наурыздың басында Эфиопия аумағынан ұшырылып, ел ішіндегі нысандарға соққы берген.
Хартум бұл әрекетті «егемендікті өрескел бұзу және тікелей агрессия» деп атап, ықтимал жауап шаралары туралы ескертті.

🕊18🔥9❤1
Түркия Қорғаныс министрлігі Иранның баллистикалық зымыранын атып түсіргенін хабарлады!
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Иран тарапынан ұшырылып, Ирак пен Сирия арқылы Түркияның әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық зымыранды Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО әуе қорғанысы жүйелері жойды.
Министрлік Түркия өз аумағын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын қадап айтты. Сондай-ақ, Анкараның «елге қарсы кез келген қас ниетті әрекеттерге жауап беру» құқығын өзіне қалдыратынын ескертті.

❤24👍18🤔4👎1
АҚШ Minuteman III континент аралық баллистикалық зымыранын тағы сынақтан өткізді!
Ғарыш күштері базасы 2026 жылғы 3 наурызда Тынық мұхиты уақытымен сағат 23:01-де Ванденберг базасынан жедел тестілеу аясында Minuteman III континент аралық баллистикалық зымыранының (ҚБЗ) ұшырылғанын хабарлады.
«GT 255 деп белгіленген бұл ұшырылым бірнеше жыл бұрын жоспарланған және әлемдегі соңғы оқиғаларға байланысты емес», — делінген ресми мәлімдемеде.
База өкілдері мұндай сынақтар стратегиялық тежеуші күштердің сенімділігі мен тиімділігін бағалауға арналған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі екенін атап өтті. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері осыған ұқсас 300-ден астам сынақ өткізілген.

👍33❤4👎3🤔1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

👍28😁7❤2
Словакия Украинамен өзара энергетикалық қолдау туралы келісімнің күшін жойды!
Ел үкіметі SEPS және «Укрэнерго» энергия жүйелерінің операторлары арасындағы электр энергиясын өзара апаттық жағдайда жеткізу туралы келісімшартты бұзды.
Бұл шешім «Достық» (Дружба) құбыры арқылы Ресей мұнайы транзитінің тоқтатылуымен байланысты. Осы оқиғадан кейін Братислава Украинаға дизель отынын жеткізуді де тоқтатқан болатын.

👎36🤔10👍2❤1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥АҚШ пен Израиль Теһеранды тоқтаусыз бомбалауда…
👍32👎24❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Иранның БҰҰ-дағы өкіліне: "Иран өкілі Америка жерінде отырып, бізге қарата абайлап сөйлеуі керек", - дейді.
👍42👎18🤡12🖕10😁7❤2
Usbanov ARNASY
АҚШ-тан жасырынып жүрген Иранның «Маудж» класындағы IRIS Dena фрегаты табылып, Шри-Ланка жағалауынан бірнеше миль қашықтықта суға батырылды! АҚШ Әскери-теңіз күштерінің зымырандық соққысынан кейін ирандық кеме Шри-Ланка жағалауына жақын маңда апатқа ұшырады.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың Шри-Ланка жағалауында Иранның IRIS Dana фрегатын атып түсірген сәті...
🔥24👎5👍3❤2
Иранның баллистикалық зымыран соққылары 86%-ға азайды — АҚШ Қарулы Күштері...
АҚШ Қарулы Күштері Штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Кейн Иранның баллистикалық зымыран соққылары әскери операцияның алғашқы күнімен салыстырғанда 86%-ға қысқарғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Иранның соққы беруші дрондарды қолдану белсенділігі 73%-ға төмендегенін атап өтті.
Генерал Кейннің айтуынша, АҚШ «елдің ішкі бөлігіне қарай» іс-қимылдарын кеңейтіп, Ислам Республикасының аумағына бұрынғыдан да тереңірек соққылар жасай бастайды.

👍47🖕17❤6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥БАҚ: Иран Кувейттің МӨЗ-іне соққы жасады…
🔥34🤯12
Хаменейдің ұлына қатысты ақпарат әзірге мерзімінен бұрын айтылған сияқты. NYT Иранның жоғарғы көсемі әлі сайланбағанын, бірақ Моджтаба Хаменей басты үміткер екенін жазды!
Кеше ирандық оппозициялық Iran International арнасы 56 жастағы Моджтаба Хаменей әкесі Әли Хаменей өлтірілгеннен кейін Иранның жаңа жоғарғы көсемі болып сайланғанын хабарлаған болатын.
Алайда The New York Times басылымы Сарапшылар кеңесінің әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын анықтады.
Кеше осы мәселеге байланысты екі отырыс өткен. Моджтаба Хаменей негізгі фаворит болып саналады. Бірақ діни қызметкерлердің бір бөлігі мұрагерді тым тез жариялау оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіптеніп, сақтық танытуға шақырды.
Басқа кандидаттардың арасында мына тұлғалар бар:
Әлиреза Арафи — Хаменей қаза тапқаннан кейін құрылған Иранның уақытша басқару кеңесінің мүшесі;
Хасан Хомейни — Ислам Республикасының негізін қалаушы Рухолла Хомейнидің немересі.
Бұл екі үміткер де Моджтаба Хаменейге қарағанда ұстамды саясаткерлер ретінде танымал.

🤔21❤10👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Шешендерден жасақталған “Ахмад” дейтін жасақтың командирі, Рамзаннан кейін Шешенстанды тізгіндеуі мүмкін деп айтылатын әйдік Апти Алаудинов: “Мен барып, Иранды қорғауға дайынмын”, - дейді…
Ол жақтағы соғыс нағыз қанқасап соғыс екенін, ол жақта “Тик-Ток” түсіріп “батыр” бола алмайтынын біреу мына “қаһарманға” айтар ма екен?!

🤣70👍7🤡3👎2👏2
Usbanov ARNASY
💥Шешендерден жасақталған “Ахмад” дейтін жасақтың командирі, Рамзаннан кейін Шешенстанды тізгіндеуі мүмкін деп айтылатын әйдік Апти Алаудинов: “Мен барып, Иранды қорғауға дайынмын”, - дейді… Ол жақтағы соғыс нағыз қанқасап соғыс екенін, ол жақта “Тик-Ток”…
Қысыр сөзге салмасақ, Иран мен Ресей “одақтастар” еді ғой. Иран Украинаға қарсы соғыста Ресейге ең көп көмектескен елдердің бірі еді. Қараңыз:
😁40👍11
ИРАН РЕСЕЙГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСТІ?
Bloomberg агенттігі есебінше: Украинадағы соғысты қолдау үшін Иран Ресейге шамамен 3 миллиард доллардың зымыранын сатқан. Мәскеумен 2021 жылдың қазан айынан бастап (Ресейдің Украинаға толық ауқымды басып кіруіне дейін) жасалған келісімшарттардың құны шамамен 2,7 миллиард долларды құрайды.
Сатып алынған қару-жарақ тізіміне мыналар кіреді:
▪️Жүздеген Fath-360 қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандары;
▪️500-ге жуық басқа да қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандар;
▪️Әуе қорғанысы жүйелеріне арналған 200-ге жуық зениттік зымыран.
Мәскеу мен Тегеранның жақындасуы 2022 жылғы ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруі аясында белең алды. Соғыс Мәскеуге қарсы ауқымды санкциялардың салынуына әкеліп, Ресей мен Батыс арасындағы қатынастарды «қырғи-қабақ соғысынан» кейінгі ең ауыр дағдарысқа тіреді. Ал ирандық қару-жарақ жеткізілімдері екі елдің серіктестігін одан ары нығайта түскен.
Оқ-дәрілер мен дрондардың жеткізілуі…
Иран Ресейге миллиондаған патрон мен артиллериялық снарядтар да жеткізген.
Сонымен қатар, Тегеран Мәскеуге Shahed-136 дрон аппараттарын және Ресейде оларды «Герань-2» деген атаумен шығаруға мүмкіндік беретін технологияларды берген. Бұл 2023 жылдың басында қол қойылған 1,75 миллиард долларлық келісімшарт аясында жүзеге асырылған.
2021 жылдың соңынан бері Ресей ирандық әскери жабдықтарды сатып алуға жалпы алғанда 4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсаған.
Уот, солай. Ал қазір Иранның басына күн туып тұр. Ең Жоғарғы көсемді өлтірді. Әскери басшылықтағы тұлғаларды өлтірді. Астанасы - Тегеранды соққылауда. Енді басты сұрақ:
“Одақтас” Ресей қайда? 1 штук оқ берді ме?

🤔32👍8👀4❤2