Usbanov ARNASY
3.42K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Иран президенті Пезешкиан ТМД+1 форматын бастауды, сол арқылы ТМД елдері мен Тегеран арасындағы байланыстарды тереңдетуді ұсынды.
👍29👎29❤1
Америкалық «USS Abraham Lincoln» авианосеці 321 күндік жорықтан кейін өз базасына оралды...

Кеменің қондырмасына Иранмен соғыс кезінде жойылған нысандар туралы белгілер соғылған.

«Эпикалық қаһар» операциясы және Иран порттарын бұғаттау барысында авианосецтің соққы беруші тобы 3 693 жауынгерлік ұшу орындап, 450 «Tomahawk» қанатты зымыранын ұшырған. Сондай-ақ портқа кірместен қатарынан рекордтық 264 күн бойы теңізде болған.
👍23😁13❤3💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Омбы мен Ухтадағы МӨЗ-дерге жасалған соққылар жайлы егжей-тегжейлі айтып берді...

Украина қорғаныс күштері ақырғы екі күнде Ресейдегі 2 МӨЗ-ге дөп соққылар жасады. Кешелі бүгін Украина шекарасынан 1900 шақырым жерде орналасқан Коми Республикасындағы Ухта мұнай өңдеу зауытын және Омбыдағы мұнай өңдеу зауытын дәл соғып, істен шығарған болады.

Зеленскийдің айтуынша, Ухтадағы нысанаға қашықтығы 2500 шақырымға жететін «Ан-196 RS» дрондарымен соққы берілген, ал Омбы МӨЗ-іне «FP-6» қолданылған. Бұлар - Украинаның өз өндірісі.

«Ресейдің Украинаға жасаған соққыларына жауап беруді жалғастырып жатырмыз және мұны дәл орындаймыз. Сонымен қатар кезекті дата-орталық жойылды — бұл біздің жауабымыз» — деді Зеленский.
👍48❤5
Рубио: Ресей мен Украина арасындағы соғыс тығырыққа тірелді!

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей-Украина соғысы өте қауіпті кезеңге өткенін, өйткені бұл тығырықтан шығудың тек екі жолы бар екенін айтты.

Біріншісі — келіссөздер жүргізу керек. Бұл жағдайда бейбітшілікке қол жеткізу үшін «әр тарап белгілі бір шегініс жасауға мәжбүр болады».

Екіншісі — тығырықтан шығу үшін қарсыласты тықсыру мақсатындағы эскалация (шиеленісті арттыру).

Ол екінші сценарийдің де ерекше қауіпті екенін атап өтті.

Сондай-ақ АҚШ бейбітшілікке ықпал етуге дайын екенін, бірақ «егер нәтижеге қол жеткізе алмаса, бос әурешілікке түспейтіні, артық күш жұмсамайтынын» жеткізді.
🤔25❤3🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ғалымдардың болжамынша, бүгін кешкі сағат 18.00-ден кейін Жерде магниттік дауыл басталады...

Күннен ғаламшарымызға қарай плазманың үш бұлты бағыт алған — олардың алғашқысы дәл күннің екінші жартысында жетеді.
🤔27👏3
Kyiv Independent: Ресей Украинамен ықтимал энергетикалық бітімгершілік бойынша АҚШ-тан санкцияларды жоюды талап етті...

Сонымен қатар Кремль бұл бастаманы Қара теңіздегі оқ атуды тоқтату келісімімен байланыстыруға тырысып жатыр, деп хабарлады басылым.
👎44❤2
Таиланд ханшайымы "Gripen" истребителін жалғыз өзі аспанға көтеріп, тарихқа енді...

Ханшайым Сутхида Сураттханидегі "Wing 7" әуе базасынан ұшып шығып, әуеде 41 минуттай болған. Оның ұшу барысын жұбайы — Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн бақылап тұрған.

Истребитель жерге қонғаннан кейін монарх жубайын гүл шоғымен қарсы алып, оған "Gripen Order Golden Patch" арнайы шевронын табыстаған.

Бұл жай ғана әдемі кадрлар үшін жасалған ұшу емес. Ханшайымның 1188 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар. Жеке өзі ұшпас бұрын ол теориялық дайындықтан, симулятордағы жаттығулардан және екі орындық "Gripen" истребителімен 10 сағаттан астам ұшу мектебінен өткен.

Сутхида әскери истребительді жалғыз өзі басқарған әлемдегі алғашқы тақтағы ханшайым, сондай-ақ Таиландта "Gripen-ді" тізгіндеген алғашқы әйел атанды.
😁17👍14❤7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина дрондары Мәскеу аспанына жетті...

Мсәкеудің оңтүстігіндегі Капотни, Котельников, Люблино, Царицыно, Чертаново және басқа аудандарда жарылыс даусы естілгені айтылады.

Мәскеудің барлық әуежайлары жабылып, "Ковер" режимі жарияланған...
👍69🔥1🤔1
Мәскеу әуежайларында 370-тен астам рейс кейінге қалдырылып, 62 рейс тоқтатылды!

Внуковода 158 рейс кейінге қалдырылып, 38-і тоқтатылды. Шереметьевода 157 рейс кейінге қалдырылып, 11-і тоқтатылды. Домодедовода 58 рейс кейінге қалдырылып, 13-і тоқтатылды.

Мәскеу әуежайларында ұшақтардың ұшып шығуы мен қонуына шектеулер енгізілген.
👍61❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тығындалып тұрған Мәскеу әуежайларының бірі...
👏58👍1
Йеменнің үкіметтік күштері Баб-ел-Мандеб бұғазы мен Перим аралын толықтай өз бақылауына алды!

Сонымен қатар «Оңтүстік алыптар» бригадалары Дхубаб ауданында хуситтермен қақтығысқа түсіп, олардың бірнешеуін тұтқынға алды, деп хабарлайды Al Arabiya.

Йемендік дереккөздердің мәліметінше, бейсенбі кеште хуситтер Дхубабта қоршауда қалған сарбаздарына қолдау көрсету және осы аудандағы позицияларын нығайту үшін теңіз жолымен қосымша күш жіберген.

Сондай-ақ дереккөздер түн ішінде хуситтердің Баб-ел-Мандеб бұғазы бағытындағы зымыран мен дрон шабуылдарын үдеткенін хабарлады. Бұғаз маңындағы әскери операциялар әлі де жалғасуда.

Сонымен қатар «Йемен таңы» операциясы аясында Саада және Сана провинцияларындағы хуситтердің позицияларына әуеден соққы беру жалғасып жатыр.

Әскери дереккөздердің айтуынша, ұшақтар Йеменнің солтүстігіндегі хуситтердің негізгі бекінісі саналатын Саада провинциясының Китаф және Аль-Бука аудандарына соққы берген.
👏24❤8👍3
БАҚ: Мәскеудегі жағдайға байланысты Түркіменстаннан қайтып келген Путин ұшағы әуежайға қона алмай жүр...
👍53😁27🍾5
Ресейде дрон шабуылдары кесірінен әуе рейстерінің тоқтатылу жиілігі екі есе өсті...

2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында РФ-дағы тұрақты жолаушылар рейстерінің тоқтатылу жиілігі екі есе артып, ұзақ уақытқа кешігу көрсеткіші орта есеппен 2,2 есе өсті, деп жазады «Коммерсантъ» басылымы «АльфаСтрахование» деректеріне сүйеніп. Компания РФ-дағы жолаушылар ағынының шамамен 97%-ын қамтамасыз ететін 30 ірі отандық және 60-қа жуық шетелдік әуе компаниясының рейстерін бақылайды. 2026 жылы 7,6 миллионнан астам адам ұшуды үш сағаттан астам уақыт күтуге мәжбүр болды — бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Қаңтар–қыркүйек айларында бір сағаттан астам уақытқа кешіккен рейстер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артып, 128 000-ға жетті. Жолаушылар екі есе жиі немесе 77 000 жағдайда ұшуды кемінде екі сағат күткен. Тіпті ұзақтығы үш сағаттан асатын кешігулер саны 2,2 есе артып, 51 000-ды, ал төрт сағаттан асатыны — 2,4 есе өсіп, 36 000-ды құрады. 15 минуттан аспайтын кешігумен ұшқан рейстердің үлесі 57%-дан 52%-ға дейін төмендеді.
👍43❤2🔥1
Мәскеу әуежайларынан бір көрініс...
🔥35😁6❤2
Forwarded from PARANOIA.KZ
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізгенін айтты. Ресей жылдам арада АҚШ пен әлем нарығына 300 мың тонна дизель отынын жеткізеді дейді. Ал қарашада 500 мың тонна, артынша 1 млн тонна дизель отынын жеткізетінін мәлімдеді. Кейін бұл көрсеткіш 3 млн тоннаға ұлғаюы мүмкін екенін айтыпты.
🖕56🔥4❤1🤮1
Usbanov ARNASY
БАҚ: Мәскеудегі жағдайға байланысты Түркіменстаннан қайтып келген Путин ұшағы әуежайға қона алмай жүр...
БАҚ: Путин ұшағы Түркіменстаннан ұшып шығып, Мәскеуге қона алмай, ақыры Петерборға жетіп қонған!
😁51👍10
Axios: Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдарды Ресейдің Украина энергетикасына берген соққыларымен тең көрмейді. Ресейлік МӨЗ-дерге жасалған шабуылдар АҚШ-тың өзіне ауыр тиіп жатыр…
🤣58🖕11🤔1