Трамп тағы Зеленскийге шүйлікті…
- Украиндерге жаңа лидер таңдауы керек. Зеленскийде көп мәрте келісім жасасу мүмкіндігі болды. Бірақ ол келісім жасаспады. Біз оларға басқасын ұрсаң да, дизельге тиіспе дедік. Ал ол дизельді тоқтаусыз соққылауда. Бұлай болмайды. Басқасын ұра бер, бірақ дизельге тиіспе, - деді Трамп.

🖕47🤣18🤮10👎3👍2
САУДАГЕР…
АҚШ президенті Трамп ақырғы екі-үш күнде сан құбылып сөйлеуде…
Ресейбасы Путинмен сөйлесті. “АҚШ-қа дизель сат” деп көндірді. Дереу арада 300 мың тонна сұрады. Қарашада 500 мың тонна, онан ары ай сайын 4 млн тонна деп келісті. Ресейден дизель алу үшін Ресейге салынған санкцияларды 2027 жылдың сәуіріне шейін шегере тұрды.
Әлем аң-таң. Еуропаға шүйліккен - Трамп. Үндістанға шүйліккен - Трамп. “Тозақи санкцияларға қол қойған да - Трамп. “Кімде-кім Ресейден мұнай алса, 500 пайыз салық саламыз”, - деп екілене сөйлеген де - осы Трамп. Трамптың тебінісі көпке жетпеді. Сүмірейіп, Ресейден дизель сұраған да өзі болды.
Онысына тағы Украинаны айыптады. “Украина Ресейдің МӨЗ-дерін соққылауда. Тапшылық содан туып отыр”, - деді. Бірақ, Ормуз жайлы жақ ашпауда…
Жә, келісіпті мейлі. Сайлау келе жатыр. Нарық теңселіп тұр. Наразылық көңіл-күйді басуы керек т.б. Себеп көп. “Саудада дұшпандық жүрмейді”. Бірақ, бұл қадамдар Трамптың саяси беделіне сызат түсіргені анық. Өзің алдың ба, өзгеге алма деме. Дедің бе, табандап позицияңда тұр. Трамп тұра алмады.
Енді бүгін, Трамп Зеленскийге шүйлігіп жатыр. “Украинаға жаңа президент керек”, - дейді…
Украиндер жаңа лидер таңдауы керек. Келісім жасасатын адам керек. Зеленскийде келісім жасасатын көп мүмкіндік болды. Бірақ ол негесі белгісіз, келісім жасаспады. Біз оларға “басқасын ұрсаң да, дизельге тиіспе” дедік. Ал ол дизельді соққылауда. МӨЗ-дерді тоқтамай соғып жатыр. Бұлай болмайды. Басқасын ұра бер, бірақ дизельге тиіспе. Енді бұл мәселені қарастырамыз, - деді Трамп.
Трамп тағы Украинаға бірнеше мәрте өтініш жасағанын, Ресей МӨЗ-дерін соққыламауды сұрағанын айтты.
Ең қызығы - АҚШ ұсынған бітімдердің барлығына Украина көнген еді. Ал Ресей көнбей, көкбеттікке салынған. Энергетикалық бітімге Киев көніп, Мәскеу көнбеген. Бұл - факт. Уақытша бітімге Киев көніп, Мәскеу көнбеген. Бұл да факт. Ұрысты тоқтатуға да Киев даяр болып, Мәскеу бас тартқан. Тіпті, Мәскеуге арнайы барған Трамптың адамдарының бетіне айтып, ұсынысын кері қайтарған да Мәскеу еді. Ал Трамп, мұның бәрін ысырып қойып, Ресейден дизель сатып алатын боп жатыр…

👎36😁14❤10👍2💩2😱1
Украинаның СІМ басшысы Андрей Сибига Трамптың сөзіне жауап берді:
- Президент Зеленский біздің елімізді жай кезде емес, соғыс болып жатқан қиын кезінде басқарып отыр. Бұл соғыс - тәуелсіздік үшін жүріп жатқан соғыс! Еркіндік пен абырой үшін жүріп жатқан соғыс! Зеленский Украина халқының қолдауына ие! Біздің елімізді кім басқаруы керектігін шетелдегілер емес, Украина халқы өзі шешеді. Ал Трамптың бүгінгі Зеленский туралы айтқандары - Зеленскийдің өз міндетін лайықты атқарып жатқанын көрсетеді, - деді.

👍77💯6👏5❤3🤡1
🇺🇦🇪🇺 Трамптың шүйлігуінен соң Еуропа лидерлері Зеленскийді қолдады…
Бүгін Зеленский Ұлыбритания премьеоі Энди Бернеммен, Франция президенті Эммануэл Макронмен, Финляндия президенті Александр Стуббпен және Норвегия премьеоі Йонас Гар Стеремен сөйлескен. Олар Зеленскийге қолдау білдіріп, Трамптың Ресеймен келісімін айыптаған.

❤48👍31
Эстония премьер-министрі Кристен Михал: Украина Ресей МӨЗ-дерін қирандыға айналдыруы үшін оған қолдау көрсету керек!
«Бұл — үлкен қателік, өйткені диктаторлармен келісімге келу — тозаққа апарар жол. Газ бен отыннан түскен ақшаға жазықсыз адамдарды өлтіріп жатыр. Әрі бұл күтіліп отырған отынның болмауы да әбден мүмкін», - деді ол.

👍64❤5
🇦🇺 Аустралия Ресей дизелін сатып алудан бас тартты!
Аустралияның энергетика министрі Крис Боуэн:
«Бізге Ресейдің жанармайы керек емес. Біз Владимир Путин Таяу Шығыстағы соғыстан пайда тапқанын қаламаймыз. АҚШ не істесе өзі білсін, өз шаруасы. Ал біз өз сөзімізде тұрамыз, позициямыздан қайтпаймыз», - деді. Бұл пікірді Bloomberg жариялады.

👏81👍14❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтер Саудияның бас әуежайына соққы берді. 12 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған…
🤬31🔥11🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кит Келлог Украинаны қолдады: “Бұл - соғыс және Украина Ресей МӨЗ-дерін соққылап, дұрыс жасап жатыр”, - деді.
👍83👏4❤1
Ресейде, Ресейде ғана емес, өзге де елдердегі “Яндекс” қиралаңдап барып, құлап қалды…
Украина Ресейдегі “Яндекстің” дата орталықтарын шетінен соққылап жатыр. Әлгінде Рязандағы ірі орталықты дөп соқса, бұл жолы Владимир қаласындағы орталық оңбай таяқ жеді.
Бұл соққыдан соң “Яндекстің” 80-дей сервисі морт сынып, істен шыққан. Өрт шыққан. Сосын дата орталық жұмысын толық тоқтатқан. Жұрт “Яндекс Музыка”, “Яндекс үй”, “Телемост”, “Яндекс Облако”, “Яндекс Такси” дегендерді мүлде қолдана алмай қалған.

👍73❤6
Қазақстандағы “Яндекс” те морт сынды…
Ресейдің Владимир қаласындағы дата орталыққа жасалған дөп соққыдан соң, Қазақстанда да “Яндекс” қуып кетті. Мұны “Яндекстің” өзі де мойындап, түсіндірме жасады:
“Өкінішке қарай, қазір кейбір сервистер дұрыс істемеуі немесе уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Өндірістік тобымыз қызметтерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіріп, пайдаланушыларымыз бен серіктестерімізге қайта көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатыр”, - деп мәлімдеді “Яндекс Go Қазақстанның” баспасөз қызметі.
Компания өкілдері технологиялық сервистердің жұмысы әртүрлі елде орналасқан есептеу инфрақұрылымына байланысты екенін айтады. Соған байланысты, олардың бір компонентіндегі ақау басқа өңірлердегі кейбір функциялардың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар, “Яндекс Go Қазақстан” компания заңнама талаптарын толық сақтайтынын және қазақстандық пайдаланушылардың деректері Қазақстан аумағындағы серверлерде сақталатынын хабарлады.

😁32👍17❤2😡2
Ал мынау сол - Владимирдегі дата орталыққа жасалған соққының видеосы…
❤34🔥13👏9👍2