Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы апталардағы күрделі саясаттағы күрт бұрылысы әлемдік ақпарат кеңістігін әрі-сәрі күйге түсірді. Ресеймен «мұнай келісімін» жасасқан Трамп өзін-өзі ақтау үшін «бар бәлеге» Киевті һәм президент Зеленскийді айыптап, «Украинаға жаңа басшы керек» деген Ресей риторикасын қайта қоздатты...

▪ТРАМП НЕГЕ ЗЕЛЕНСКИЙГЕ ШҮЙЛІКТІ?
▪КИЕВТІҢ ЖАУАБЫ: ПОЗИЦИЯДАН АУЫТҚЫМА, ТРАМП!
▪УКРАИНАНЫ ЗЕЛЕНСКИЙДЕН КЕЙІН КІМ БАСҚАРАДЫ?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9121
🤡15
Forwarded from Mezgil.kz
‼Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9122
❤8👍3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Редакция: Қазан айының 5-інен бері Варшава қаласында (Польша) ОБСЕ-нің жыл сайынғы дәстүрлі конференциясы өтуде. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Ермұрат Бапи сол конференцияның Демократиялық институттар мәселесі жөнінде өткен сессиясына қатысып, сөз сөйлеген еді. Біз төменде саясаткер азаматтың сол баяндамасын сәл-пәл ықшамдап жариялап отырмыз.

⬇Толық: https://abai.kz/post/224236
❤4👍4👎4
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды...

Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды. 

Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.
👍28👏3❤2
Украина Ресейдің алты бірдей Су-34М жойғыш ұшағын жойды!

15 қазанға қараған түні Украина Қарулы Күштерінің Әскери-Теңіз Күштері «Нептун» зымыран кешенімен Ресейдің Воронеж облысындағы «Борисоглебск» әскери аэродромына соққы берді.

Соққы нәтижесінде алты дана Су-34М бомбалаушы ұшағы жойылды.

Су-34М ұшақтары бір мезгілде бірнеше басқарылатын және фугасты авиациялық бомбаларды, сондай-ақ әртүрлі типтегі зымырандарды тасымалдауға қабілетті.

Бұл — Ресей авиациясының Украина қорғаныс күштерінің позициялары мен майдан шебіндегі елді мекендерге басқарылатын авиабомбалармен соққы берудегі басты құралдарының бірі.
❤36👍22👏9🔥1
шахед.MOV
416.5 KB
Ресейдің бүгінгі терроры. Одессадағы супермаркетке жасалған соққының видеосы шықты...
🤬28😡6
АҚШ осыған дейін ЕО-ға Ресейдің бұғатталған активтерінің бір бөлігін қайтарып беруді ұсынған...

Бұған Герман канцлері Мерц үзілді-кесілді қарсы шықты...
👍69
Жапаровтың қос "қарсыласы" Қырғыз тілінен сынақтан өте алмады!

Өмүрбек Суваналиев пен Сыймык Жапыкеев президенттікке үміткер ретінде "Қырғызтесттен" өте алмапты...

Суваналиев мектепті қырғыз тілінде оқығанын, бірақ қырғыз тілінде диктант (эссе) жазудан оған 4 балл жетпей қалғанын айтқан.

Қырғызстандағы "Сайлау туралы" заңға сәйкес, Қырғызстан президенттігіне кандидат қырғыз тілін "ортадан жоғары" деңгейде меңгеруі және оны барлық салада еркін қолдана білуі тиіс.
😁44👍4❤2
Financial Times: Еуропа лидерлері Зеленскийдің Трампқа қатты қатаң риторикаларын басуға тырысуда. Еуропа лидерлері: "Бұл шындық болса да, кейде сол шындықты айтпай қалу да керек", - дейді.
😁35🤡9💯3
Ресей тағы Трампты мазақ етті!

Лавров: «Зеленскийді қайтадан қарумен жабдықтауға мұрша бермес үшін ешқандай атысты тоқтату болмайды», - деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров: «Зеленский АҚШ пен Ресейдің дизель отынын жеткізу туралы уағдаластығын сынға алып, Трампқа тікелей қарсы шығып отыр», - деді.

Бір қырығы Трамп жариялаған бітімті Украина 3 күн сақтады. Ал Ресей бір күнде сақтаған жоқ.
🤬28🤮5🔥2❤1
Bloomberg: Ұлыбритания Украинаға Storm Shadow зымырандарын береді!

Бұл туралы Украина президенті Зеленский мен Ұлыбритания премьері Бернем келіскен.

Ұлыбритания сонымен қатар Украинаның алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымыранын әзірлеуге қатыспақ. Бұл өз кезегінде Киевтің Уашиңтон алдындағы тәуелділігін азайта түспек.
❤48👍11🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хусиеттер Адендегі президент резиденциясына зымыран соққысын жасады. Йемен премьері аман-сау. Бірақ, оның қасында болған 2 адам қаза тапқан...
🤬20🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин: Біз ұрысты жалғастырамыз!

Ресейбасы Путин бүгін: "Біз Украинаның біздің МӨЗ-дерге жасаған соққылары үшін жауап қайтарамыз. Олар бекер соқтықты, бізге", - деді.

Трамптың бітімін пысқырмайтынын Путин ашық айтты. Ал Трамп: "Путин соғысты тоқтатқысы келеді", - деп жүр әлі...
🤡33🤣10❤2🖕2
ЕУРОПА: УКРАИНАНЫҢ РЕСЕЙ МӨЗДЕРІН СОҚҚЫЛАУЫ – ӘДІЛЕТТІ ҚОРҒАНЫС!

Германия канцлері Фридрих Мерц: «Біз Украина осы қыстан аман шығуы үшін қолдан келген көмектің бәрін беруіміз керек. Ол үшін көмек көлемін ұлғайтуымызға тура келеді», - деді.

Литва президенті Гитанас Науседа: «Украина ұрысты біржақты тоқтата алмайды. Егер Украина соққыны тоқтатып, Ресей жалғастыра беретін болса – бұның соңы нағыз апатқа алып келеді», - деді.

Швеция премьері Ульф Кристерссон: «Әлбетте, Украина Ресейдің экспорттан табатын табысын азайтуы үшін көмек беру керек. Ал АҚШ-тың Ресеймен келісімі – Ресей соғысын қаржыландыруды доғару қадамдарына қайшы келеді», - деді.

Финляндия премьері Петтри Орпо: «Украина қорғаныс күресін жалғастыруға әбден құқылы. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін қолдануы заңдылық. Ресей Украинаның азаматтық және энергетикалық инфрақұрылымын тоқтаусыз соққылап жатыр. Сол үшін де Украина өзі дұрыс деп тапқан амалдың бәрін қолдануға құқылы», - деді.

Латвия премьері Андрис Кулберс: «Украинаның алыс қашықтыққа жететін санкцияларының мәні де, мағынасы да, рөлі де маңызды. Ол нәтижелі екенін дәлелдеген амал», - деді.

Эстония премьері Кристен Михал: «Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары мен соғысты қаржыландыру көздері неғұрлым жылдамырақ талқандалса, соғұрлым соғысты тоқтатудың мүмкіндігі туа түседі», - деді.

Еуродипломатия басшысы Кая Каллас: «Егер халықаралық құқық тұрғысынан қарайтын болсақ – бұл соққылар Украинаның қорғаныс амалы. МӨЗ-дер – Ресей соғысының басты қаржыландыру көзі. Сол үшін де Украина Ресей МӨЗ-дерін соққылауға құқылы», - деді.

Еуропа елдерінен Ресей МӨЗ-дерін соққылауға қарсы шыққан елдер – Болгария мен Аустрия болды.
👍33❤4
Қазақстан мен Әзербайжан алғаш рет суасты оптикалық-талшықты байланыс желісін іске қосты!

Тоқаев пен Әлиев Ақтау мен Сумгаит арасындағы Транскаспий байланыс желісінің жұмысына ресми түрде старт берді.

Каспий түбімен тартылған кабельдің ұзындығы — 380 шақырым. Әлеуетті өткізу қабілеті — секундына кемінде 400 терабит.

Бұл цифрлық магистраль Азия мен Еуропа арасындағы деректерді берудің жаңа бағытын ашып, халықаралық транзит мүмкіндіктерін кеңейтеді әрі резервті байланыс арнасын жасайды.

Сондай-ақ бұл жоба Екібастұзда құрылып жатқан «Деректер өңдеу орталықтары алқабы» үшін де аса маңызды: Дата-орталықтарға, бұлттық сервис қызметтеріне және жасанды интеллектке әлеммен байланысатын жоғары жылдамдықты желі қажет.

Осылайша, Орта дәліз цифрлық сипатқа ие болып отыр: Каспий арқылы тек жүктер ғана емес, деректер де тасымалдана бастады.
👍42❤6👏2🤡1
Кулеба: Трамп бізді қолдамайды!

Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Трамп Украинаны қолдамайды деп есептейді, өйткені бұл ел оның әлем қалай жұмыс істеуі керек деген түсінігіне сәйкес келмейді.

«Ол Путинге тәнті, ол кіші елдер үлкен елдерге бағынуы тиіс деп сенеді. Сондықтан біз оның саясатына, саяси түсініктеріне қайшы келеміз. Бірақ бұл оған қол сілтеп, елемеуге болады дегенді білдірмейді. Ең бастысы — мұны «бәрі бітті» деп қабылдамау керек. Бұл тығырықтан да шығуға болады әрі жұмыс істеу қажет», — деді Дмитрий Кулеба.
👍54❤9
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Бүгін Сталиннің бейнесі Ресейдің қоғамдық өмірінде барған сайын жиі көрініп келеді. Ел бойынша Сталинге жаңа ескерткіштер ашылуда. 1960 жылдары жойылған оның бейнесі бейнеленген барельеф Мәскеу метросында қалпына келтірілді. Ал 2025 жылғы сауалнамада ресейліктер Сталинді «барлық заман мен халықтардың ең көрнекті адамы» деп атады.

⬇Толық: https://abai.kz/post/224295
🤬16👎11🤡3❤1