Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
💥Ирандағы толқулар:

▪️Иран оппозициясы толқулар кезінде елде қаза тапқандар саны 6 мыңнан 14 мыңға дейін жетуі мүмкін.

▪️New York Times: Ирандағы толқулар кезінде қаза тапқандар саны 3 мыңнан асты.
😱26👍13❤1😡1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
⚡Қазақстан энергетика министрлігі Қара теңізде, Каспий құбыр консорциумы маңында Қазақстанның мұнайын тасуға арналған екі танкер дрон шабуылына ұшырағанын растады. Ведомство кемелерге шабуыл жасалғанда мұнайлар тиелмегенін, танкерлер бос болғанын, Қазақстан шығынға ұшырамағанын айтады.

Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақтан келетін мұнайды, Либерия туымен жүрген Delta Harmony танкері "ТеңізШевройлдан" келетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер Грекияның компанияларына тиесілі екені айтылған.

Министрліктің хабарлауынша, Matilda танкерінде жарылыс болған, бірақ өрт шықпаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, кеме бүлінбеген, теңізде жүзе алады. Ал Delta Harmony кемесінде өрт шығып, сөндірілген, зардап шеккендер жоқ дейді министрлік.
👍25❤3😡3
🇮🇷 Америкалық CBS телеарнасы Иранда қаза тапқандар саны 12 мыңнан асып, 20 мыңға жетуі мүмкін дейді…
😱51😭4😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Трамп АҚШ пен одақтас елдер азаматтарына Ираннан кетуге шақырды.
❤29👍26👎2👏1🌚1
Usbanov ARNASY
💥Трамп АҚШ пен одақтас елдер азаматтарына Ираннан кетуге шақырды.
💥Үндістан, Германия, Франция, Канада өз азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды.
👍47😁2👏1
💥Axios: АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Иранның қуғындағы ханзадасы Реза Пахлевимен жасырын кездесті…
👍63👎4❤1🤔1
💥Bloomberg: Илон Маск Ирандағы наразылыққа шыққан халыққа шерулер кезінде Starlink-ті тегін ететінін айтты.
👏58👍20🤔2👎1🥰1
Usbanov ARNASY
💥Трамп АҚШ пен одақтас елдер азаматтарына Ираннан кетуге шақырды.
💥Трамп:

- Алдағы 24 сағаттың ішінде Иранда қанша адам қаза тапқаны жайлы нақты деректер белгілі болмақ. Меніңше қаза тапқандар өте көп. Мұнда аз деген сан жоқ. Тіпті 1 адамның өзі көп, - дейді.
👍57😁2🥰1👏1
💥Трамп үндеуіндегі “MIGA” сөзі - “Make Iran Great Again” деген сөз. Қазақшасы: “Иранды қайтадан ұлы етеміз”.

Бұл сөзді сенатор Гремм қолданған.

Бұл Трамптың сайлауалды науқанындағы “Make America Great Again”(MAGA) слоганының репликасы.
🔥39👍14❤4👏2💯2
Путинге сенбе!

Sky News-тің әскери сарапшысы Майкл Кларк: "Иранда билік режимінің құлауы Путинді еш алаңдатпайды", - дейді.

Егер осыдан 2 жыл бұрын жағдай мүлде басқаша болған. Ол кезде Мәскеу Теөеренның Shahed дрондарына басыбайлы тәуелді болған. Ал қазір Ресей бұл дрондарды өзі де құрастыра алатын күнге жетті.

Десе де, Иран бүгін де Мәскеуге дрондар жеткізіп беріп отыр. Бірақ, ауқымы айтарлықтай азайған.

Бұны қазақ - "есегі судан өткенше" дейді...
😁52👍10❤3💯1
КҚК-ға шабуыл: АҚШ Украинаға ықпал етуі керек!

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы танкерге дрондармен жасалған шабуылға қатысты пікір айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмес үшін АҚШ пен өзге де серіктестер Украинаға ықпал етуі керек.

— Сол консорциумның ірі акционерінің бірі — Chevron. Қазіргі кезде Украина АҚШ-тың және Еуропаның қолдауына тәуелді екенін білеміз. Осыны ескерсек, Chevron өте белсенді компания және оның мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан Chevron-ның мүмкіндігін пайдалану керек, яғни өз үкіметтері арқылы Украинамен байланысқа шығып, Каспий құбыр консорциумының мекемелері мен мүлкіне шабуыл жасамауды айту керек, — деді А. Сарым.

Дереккөзі: Қазақпарат
🤣40🍌6❤4🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина күштік құрылымдары елдің экс-премьер-министрі, Жоғарғы Рада депутаты Юлия Тимошенконың кеңсесіне тінту жүргізуде...
👏50👍2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ресейдің бас пропагандашысы Владимир Соловьев өзінің «Соловьев LIVE» бағдарламасының эфирінде Орталық Азияны «Ресейдің ықпал ету аймағы» деп атап, ОА-да «арнайы әскери операция» жүргізу керектігін айтты.

▪АРМЕНИЯНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ: НАРАЗЫЛЫҚ НОТАСЫ
▪ҚЫРҒЫЗСТАН ҚАТТЫ ШЫҚТЫ: СОЛОВЬЕВТІҢ САЗАЙЫН БЕРУ КЕРЕК!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7531
🔥24😡6
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Салықты тым көбейтіп жіберсең адамдар аз өндіреді - бұл қарапайым ақиқат»

Рональд Рейган
⬇Толық:
https://abai.kz/post/210088
💯28
The Times: АҚШ-тың ізін ала Ұлыбритания да Ресейдің көлеңкелі флотын тұтұқындау туралы шешім қабылдады. Ұлыбритания ресейлік мұнай тиелген танкерлерді тұтқындап қана қоймай, тәркіленген мұнайды сатып, қаржысын Украинаға беру туралы шешім қабылдаған.
👍122🔥12🤡2
Forwarded from Ongar_online
Шымкент қаласының кәсіпкері Бақыт Қалмен бірнеше жылдан бері әділдік іздеп, табалдырығын тоздырмаған мекемесі жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, қалада «тоқсаныншы жылдардың әдісі» қайта жанданып, ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан қысым көрген. Алайда полиция, прокуратура және сот органдары істен қылмыс құрамын таппай, істі жауып тастаған, деп хабарлайды Todayinfo.kzақпарат агенттігі.

Қарыз жанармайдан басталған жанжал

Бақыт Қалмен 2023 жылы Шу ауданынан алған мемлекеттік тендер аясында жұмыс істеп жүрген. Жұмысты уақытында аяқтау үшін жанар-жағар май жетіспей, танысы, кәсіпкер Тәжіхан Ерназаровтан 3 миллион теңге көлемінде қарыз сұраған. Ерназаров ақшамен емес, жанармаймен көмектесе алатынын айтқан.
Алайда, Қалмен 33 миллион теңгелік жұмысын аяқтап, қаржы түсуі тиіс күні Ерназаровтың атынан Ерзах Турегелдиев келіп, кәсіпкерді қорқытып, бопсалай бастаған. Ол өзін 23 миллион теңге қарызсың деп мәлімдеп, ақшаның қашан түсетінін анықтаған соң, толық 33 миллионды иемденуді жоспарлаған.

«Крыша» ұсынып, кейін ұрып-соғып, ақшаны тартып алған

Осы кезеңде Ерзах Турегелдиев кәсіпкерге Төрехали Абдазимовты ертіп келеді. Төрехали өзін «көмектесем, ешкімге қарыз емессің, сені қорғаймын» деп таныстырған. Алайда, Қалменнің есепшотына 33 миллион теңге түскен күні оны ұрып-соғып, қаражатты жалған құжаттар арқылы сот орындаушының көмегімен үшінші тұлға – кәсіпкер Нышан Ержановтың есепшотына аудартқан.
Нышан Ержанов тергеу барысында берген жауабында қарама-қайшылыққа жол берген. Ол Қалменнің өзіне қарыз екенін айтқанымен, сотта Бақыт Қалмен бұл мәліметтің жалған екенін ресми құжаттармен дәлелдеген. Алайда сот бұл дәлелдерге назар аудармаған.

Көлік пен пәтер де қолдан кеткен

Бақыт Қалменнің есепшоттары бұғаттаулы болғандықтан, оның Ravon R3 автокөлігі қол астында жұмыс істеген Ақарыс Мәжитбековтың атына рәсімделген. Көлік автоломбардта 1,2 миллион теңгеге кепілде тұрған.
Кәсіпкердің айтуынша, Төрехали Абдазимов бұл көлікті де күш қолдану арқылы тартып алған. Қалменді ұрып-соғып, көлікті Төрехалидің атына өткізуге мәжбүрлеген. Кейін автокөлік оның әйелінің атына жазылған.
Бұдан кейін Төрехали кәсіпкердің әйелі Әсем Қалменнің атындағы Нұрсәт шағын ауданындағы екі бөлмелі пәтерді иемденген. Ол үшін Бақыт Қалменді тағы да соққыға жығып, заңды түрде ажырасуға мәжбүрлеген. Отбасы «бәрінен құтыламыз» деген үмітпен пәтерді Төрехалидің жұбайы Биғігүл Бердібекованың атына рәсімдеген.

400 миллион теңгелік «қарыз» және балаға қоқан-лоқы

Оқиға мұнымен аяқталмаған. Бақыт Қалменнің айтуынша, Төрехали Абдазимов оны өмірінде көрмеген, танымайтын адамдарға 400 миллион теңге қарызбындеген қолхаттарды нотариус арқылы жаздыруға мәжбүрлеген. Кейін бұл құжаттарды «арыздансаң, мойныңа іліп беремін» деп қорқыту құралына айналдырған.
Сонымен қатар, кәсіпкердің сөзінше, Төрехали ватсап арқылы қоңырау шалып, Ерзах Турегелдиевке тапсырма берген. Аудиожазбада «бұның баласы 64-мектепте оқиды, барып балаларын өлтір» деген қоқан-лоқы айтылғаны көрсетілген.

«Әділдік таппасам, Ақорда алдына барамын»

Амалы таусылған Бақыт Қалмен полицияға арызданған. Алайда құқық қорғау органдары істі бірнеше рет «қылмыс құрамы жоқ» деп тоқтатқан. Соттар мен прокуратура да кәсіпкердің уәждерін қолдамаған.

Кәсіпкердің адвокаты Бауыржан Исаковтың айтуынша, іс басынан бастап біржақты қаралған.

«Тергеу де, сот та, прокуратура да ақтау бағытымен жүрген. Сот үкімінде куәлардың айтпаған сөздері айтқандай етіп жазылған. Аудио және бейнематериалдар дәлел ретінде қабылданбады. Біз әділдікке жету үшін соттың барлық сатысынан өтеміз. Қоғам назар аудармаса, бұл іс жабулы күйінде қала береді», – дейді адвокат.

Ал Бақыт Қалмен егер заң аясында әділдікке қол жеткізе алмаса, Ақорда алдына барып өзін өртейтінінмәлімдеп отыр.
😱32🤯6🤬5😡1
СІМ 13 қаңтарда КҚК теңіз терминалындағы үш танкерге жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдірді!

“Қазақстан қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы болып табылмайтынын, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтеміз

Осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетеміз

Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз”, - ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
🤔14😱4💩2❤1👍1
СЕНГЕН ПУТИН СЕН БОЛСАҢ…

Sky News-тің әскери сарапшысы Майкл Кларк: "Иранда билік режимінің құлауы Путинді еш алаңдатпайды", - дейді.

Аналитик: “Осыдан 2 жыл бұрын жағдай мүлде басқаша болған. Ол кезде Мәскеу Теһеранның Shahed дрондарына басыбайлы тәуелді болған. Ал қазір Ресей бұл дрондарды өзі де құрастыра алатын күнге жетті. Десе де, Иран бүгін де Мәскеуге дрондар жеткізіп беріп отыр. Бірақ, ауқымы айтарлықтай азайған”, - дейді.

Бұны қазақ - "есегі судан өткенше" дейді...

Жалпы Асад режимінің құлауы, Мадуроның тұтқындалуы, Аятолланың АҚШ-пен текетіресі (бәлкім құлауы) - Ресейге деген сенімді нөлдік деңгейге түсірді. Путиннің жеке имиджіне соққы болды.

Әуелі Қарабақтағы оккупант армяндарға Ресей араша түсе алған жоқ. Ал олар Мәскеуге мойын созды.

Кейін Асад режимі құлағанда Путин қарулас бола алған жоқ. Әйтпесе, Асад сол бір алағай да бұлағай күндерде алашапқын болып, Кремльге барып тұрып көмек сұраған еді. Бар көмегі - қашырып шығарып, пана бергені.

Ал Мадуро тұтқындалардан апта бұрын Ресей мен Венесуэла “жан-жақты стратегиялық әріптестік” туралы келісімге қол қойған еді. Ол - Венесуэлаға қарсы кез келген агрессияға Ресей көмектесуге міндетті деген сөз. Ал Мадуро Кремльге телефон шалып, қару сұраған. Мәскеу естісе де естімегендей кейіп көрсеткен.

Енді Иран. Екі аптадан асып, үшінші аптаға жақындады. Аятолла режиміне қарсы халықтың қарасы көбеймесе, азайған жоқ.
АҚШ та, Трамп та: “Әне-міне, көмегіміз жетіп қалды. Иран билігін құлатамыз”, - деп сес көрсетуде. Тіпті, Иран аумағындағы ядролық және әскери нысандарды соққылауға даярланып жатқаны айтылды.

Ал Мәскеу үнсіз. Мадуро тұтқындалғалы неше уақыт өтті? Путин әлі күнге ләм-мим деп пікір айтқан жоқ. Ирандағы жалпыхалықтық толқулар жайлы да Путин дым демеді…

Ал Путинге сенген, Ресейге сенгендер соңында опық жеп қап жатыр…
👏37👍10❤5😁5