Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Сирия әскері “біртұтас Сирия” жобасын қарқынды жалғастыруда…

Кеше күрдтердің бақылауындағы Табка қаласын өз бақылауына алды. Табка маңындағы әскери әуежай да Аш-Шараа қолына өткен.

Әл-Азба, Конико газ шығару орындары да Сирия әскерінің бақылауына өтті. Әл-Амар мен Ат-Танак мұнай кеніштерінен де күрдтер айырылды.

Сирия әскері Ракка қаласына жойқындатып соққы жасап, қалаға кірген.

Сонымен қатар Дейр-Хафра қаласы да Аш-Шара бақылауына өтіп, күрд жасақтарының тынысы тарыла түскен.
👍46❤2👏2
💥БАҚ: Иран өз халқын ғаламдық интернет желісінен толық ажыратпақ. Ғаламдық интернет тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қолжетімді болады. Ал қарапайым халық үшін Иранның өз ішінде ғана қолданылатын, толық бақылаудағы шектеулі интернет берілмек.
🖕40👎13👍6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Аш-Шараа әскері Дейр әз-Зордағы мұнай кенішіне кірген сәт…
👍31👏3🔥2
⛔ Сирияда не боп жатыр?

Сирия билігінің әскері (Аш-Шараа әскері) мен Сирия демократиялық күштері әскері (күрд жасақтары) арасында кескілескен шайқастардың тоқтаусыз жалғасып жатқанына бірнеше апта болды.

Аш-Шара әскері Алепподағы күрд жасақтарын бірнеше ауданнан ығыстырып шығарған. Ал соңғы 2 күнде күрдтер 3 мың шаршы шақырым жерден айырылды. Соның ішінде бірнеше ірі мұнай кен орны Аш-Шарааның бақылауына өтті.

Қазір Аш-Шараа әскері елдің солтүстік-шығысында екпіндеп шабуылдарды үдетіп келеді.

Бұрын осы күрдтерді АҚШ сырттай қолдайтын. Қазір Пентагон “аймақтағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық” білдірумен шектелуде.

Аш-Шараа Трамппен тіл табысқаны мен Сирия әскерін Түркияның қолдауы күрдтердің жағдайын қиындатты.

2019 жыл. Түркия күрд жасақтарына солқылдатып соққы жасаған кезде де, АҚШ оларға көмек қолын ұсынбаған. Ол кезде Трамп: “Біз неге күрдтерге көмектесуіміз керек? Олар 1944 жылы бізбен бірге Нормандияда соғысып па еді?!”, деп шорт кескен.
👍35👏4🤔3🤣1
ЕУРОПАНЫҢ ТРАМПҚА ЖАУАБЫ

Дания мен оның одақтастары — Финляндия, Франция, Германия, Нидерланды, Норвегия, Швеция және Ұлыбритания Гренландия бойынша ортақ мәлімдеме жасады.

Олар Дания мен Гренландияның халқын қолдайтынын, елдің территориялық тұтастығы бүұзылмауы керектігін айтты. Ал Гренландияда өтіп жатқан бірлескен оқу-жаттығулар - қорғаныс мақсатында өткізіліп жатқанын айтты.

Онан әрі Трамптың тарифтік бопсасына сын айтылды. Егер Трамп Гренландияны тартып алар болса, ЕО-ның жауабы тым қатал болатыны айтылды. Соның ішінде АҚШ-пен сауда келісімі бұғатталатын болады. Еуропадағы АҚШ-тың әскери базалары жабылады. Соның ішінде Рамштайн базасы да жабылмақ. Сондай-ақ, Еуропадағы америкалық компаниялардың жұмысына шектеу қойылып, елден шығарылатын болады.

Ал Брюссель: "Егер АҚШ Гренландияны күшпен алар босла, бұл НАТО-ның күйреуі деген сөз", - дейді.
👍58🤔5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ал Аш-Шараа әскері елдің солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі Ракканы бағындырды.
👍37👏4❤2🤔2👎1
Генерал СЫРСКИЙ:

- Ресей 2026 жылы Украинаға қарсы күніне 1000 дроннан атқыламақ, - дейді.
🤔32🤣4❤2
Reuters: Иран билігі толқулар кезінде 5 мыңға жуық адамның қаза тапқанын мойындады. Олардың ішінде 500-ге жуығы күштік құрылым қызметкерлері.

HRANA құқық қорғау ұйымы: Ирандағы толқулар кезінде 3308 адам қаза тапқан. Тағы 4382 адамның дерегі нақтылауды қажет етеді. Ал толқулар кезінде тұтқындалғандар саны 24 мыңнан асады.
😱37🤬7🔥4❤1
СОҒЫСТАН КӨЗ АШПАҒАН СИРИЯ

Сирия деген сиырдың бүйрегіндей бытырап жатқан, қырық жамау ел ғой. Таяу Шығыстағы ең отты нүктелердің бірі. Бір жағында – Ливан, бір жағында – Израиль, тағы бір жағында – Иордания, шығыста – Ирақ, солтүстікте – Түркиямен шекараласып жатқан ел.

Тарихы мыңжылдықтарға тамыр тартқанымен, заманауи мемлекеттік құрылымы 1946 жылдан тарқатылады...
Қайсыбіржылы халқы 20 миллионнан асты деген (2011 ж.). Қазір 15,5 миллион адамға жетер-жетпес. 2011 жылдан бері қақтығыстан көз ашпай келе жатыр. Билік әскері мен қарулы оппозиция, Күрд жасақтары, Сирия демократиялық күштері, Ислам мемлекеті террорлық тобы, алауиттер, друздар т.б. өзге де діни, этникалық топтар арасында шайқас бір сәтке тоқтаған емес.

Тәуелсіздік алғаннан күні-бүгінге дейін бұл мемлекетте кемі 15-16 рет әскери төңкеріс болған. Ең соңғысы алдыңғы жылы Ахмед аш-Шараа бастаған қарулы төңкеріс әкелі-балалы Асадтардың 54 жылдық билігін төңкеріп тынғаны белгілі.

Бұл мемлекет әйгілі «араб көктемін» де бастан өткерді. Тунистен басталған көтерілістер 2011 жылы ақыр аяғында дәл осы Сирияға да жетті. «Араб көктеміндегі» ең көп адам шығыны да осы Сирияда болды (371 мыңнан асады).

ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛҒАН КҮРДТЕР

Қазір Сирияда не болып жатыр? Кескілескен шайқастар болып жатыр. Бірнеше аптадан асып барады, елдің солтүстігінде Аш-Шараа әскері (үкімет әскері) мен Сирия демократиялық күштер әскері (күрд жасақтары) арасында қанқасап шайқастар жалғасуда.

Аш-Шара әскері Алепподағы күрд жасақтарын бірнеше ауданнан ығыстырып шығарған. Ал соңғы 2 күнде күрдтер 3 мың шаршы шақырым жерден айырылды. Соның ішінде бірнеше ірі мұнай кен орны Аш-Шарааның бақылауына өтті. Қазір Аш-Шараа әскері елдің солтүстік-шығысында екпіндеп шабуылдарды үдетіп келеді.

Бұрын осы күрдтерді АҚШ сырттай қолдайтын. Қазір Пентагон «аймақтағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық» білдірумен шектелуде. Аш-Шарааның Трамппен тіл табысқаны мен Сирия әскерін Түркияның қолдауы күрдтердің жағдайын қиындатты.

2019 жыл. Түркия күрд жасақтарына солқылдатып соққы жасаған кезде де, АҚШ оларға көмек қолын ұсынбаған. Ол кезде Трамп: «Біз неге күрдтерге көмектесуіміз керек? Олар 1944 жылы бізбен бірге Нормандияда соғысып па еді?!», деп шорт кескен. Бұл жолы да күрдтер қолдаусыз қалып отыр.

АШ-ШАРАНЫҢ ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?

Бүгін Сирия президенті Ахмед аш-Шараа Үкімет әскері мен СДК (SDF) арасындағы шайқастарды тоқтату туралы келісімге қол қоятынын, ал шешілмеген мәселелер уақыт өте келе шешілетінін айтты.

Ахмед аш-Шарааның айтуынша, келісім бойынша Сирияның солтүстік-шығысындағы 3 провинция (Әл-Хасеке, Дейр-әз-Зор және Ракка) Үкімет бақылауына өтеді.

Сирия үкіметі мен Күрд жасақтары арасындағы келісімнің шарттары мынадай:

1)Майданың барлық шебінде ұрыс қимылдарын толық тоқтату;
2)Сирия үкіметіне барлық мұнай кен орындарын беру;
3)Күрд сарбаздары (СДК) толықтай Сирия Қорғаныс министрлігінің құрамына өтеді. Бірақ, жеке әскери құрам болып жасақталмайды, жеке-жеке жауынгер болып қосылады;
4)Ахмет аш-Шараа Әл-Хасеке провинциясына губернатор тағайындайды;
5)Түркиямен шекарада орналасқан Әйн әл-Араб қаласынан ауыр техникалар шығарылады. Жергілікті қауіпсіздік құрылымы жасақталып, ол Сирия Ішкі істер министрлігіне бағынады;
6)ДАЙШ-тың барлық лагерлері мен тұтқындары Сирия үкіметінің бақылауына өтеді. Олардың тағдырын үкімет анықтайды;
7)СДК атына Сирия үкіметіне мүше болатындардың кандидатуралары ұсынылады;
8)СДК өз құрамындағы Күрд жұмысшылар партиясының жауынгерлерін елден шығарады;
9)Сирия үкіметі ДАЙШ-пен соғысын жалғастырады.

АҚШ Ахмет аш-Шарааның бұл шарттары мен келісімін құптады. АҚШ-тың арнайы өкілі Баррак: «Президент аш-Шараа елдегі күрдтердің Сирияның бөлінбес бөлшегі саналатынын тағы бәр мәрте дәлелдеді. АҚШ бұл келісімді құптайды және біздің ежелгі серіктесіміз ДАЙШ-пен күреске ыждаһаттылықпен қосылады деп сеннеді», - деді.
👍36❤7🙏1
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

🔵2022 жылы – Ұлытауда;
🔵2023 жылы – Түркістанда;
🔵2024 жылы – Атырауда;
🔵2025 жылы – Бурабайда өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🤡5🤔2🔥1🤮1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Конституция талаптарына жөне президент Тоқаев жариялаған «Алуан-түрлі пікір – біртұтас ұлт», «Еститін Үкіметт» қағидаттарына сай еліміздегі жағдай мен билікке қатысты қоғам мен азаматтар тарапынан сын, балама пікір айтылуын заңды, демократиялық дәстүрге әбден сай жайт деп санаймын.

⬇Толық: https://abai.kz/post/210277
👍14😁6❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ресейде Александр Дугин деген «маркссақал», әсіреимпершіл адам бар. Ресейдің қатып-семген шовинсі.

РЕСЕЙ ИДЕОЛОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ РҰҚСАТ ЖОҚ!
ДУГИННІҢ АРНАМЫ - ЕУРАЗИЯЛЫҚ МАКРОМЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАҢДАУ ҚҰҚЫ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7542
🤮21🖕12❤2😐2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина Қауіпсіздік қызметінің «Альфа» арнайы жасағы 2025 жылы Ресейдің құны 4 млрд долларға тең ПВО кешендерін жойған...

Атап айтқанда:

▪️ С-300 / С-350 / С-400 кешендері;
▪️ «Бук-М1 / М2» зенитті зымыранды кешендері;
▪️ «Панцирь-С1 / С2» кешендері;
▪️ «Тор-М1 / М2 / М3» зенитті зымыранды кешендері.

Соынмен қатар, Ресейдің радиолокациялық кешендері де жойылған. Соның ішінде:

▪️ РЛС 55Ж6У «Небо-У / Небо-М»
▪️ РЛС «Подлет»
▪️ РЛС «Ниобий»
▪️ РЛС «Каста-2Е2»
▪️ РЛС «Гамма-Д»
▪️ РЛС «Противник-ГЕ»
▪️ ЗРК «Бук», С-300 / С-400
▪️ радар 92Н6 және басқада кешендер талқандалған.
👍78❤10🔥4
Forwarded from Mezgil.kz
‼Осыған дейін АҚШ Газа секторындағы жағдайды реттеу бойынша «Бейбітшілік кеңесін» құратынын жария еткен еді. Осы мақсатта «Газаны басқару бойынша Ұлттық комитет» те (NCAG) құрылды.

ТРАМП ҚҰРҒАН КЕҢЕС НЕ ІСТЕЙДІ?
ҚАЗАҚСТАН ТРАМПТЫҢ ШАҚЫРТУЫН ҚАБЫЛ АЛДЫ
ТРАМП «ЖАҢА БҰҰ» ҚҰРЫП ЖАТЫР МА?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7545
🤔12❤5
ТРАМП ЕНДІ БЕЙБІТШІЛІККЕ БАС ҚАТЫРМАЙДЫ!

Дәл солай. Трамптың өзі айтты, мұны. Норвегия премьері Иона Гар Стереге үшбу хат жазыпты. Нобельдің бейбітшілік сыйлығын алмағанына ашуын білдіріпті.

«Құрметті Ионас! Әлемде 8 және одан көп соғысты тоқтатқаным үшін Сіздің еліңіз маған Нобельдің бейбітшілік сыйлығын бермей қойғанын ескеріп, мен өзімді ендігі жерде тек бейбітшілік жайлы ойлауға міндетті емеспін деп шештім», -
дейді АҚШ президенті.

Әрі қарай Гренландия мәселесіне өтіп, Данияның меншік құқына күмән келтіреді.

«Дания бұл жерді Ресей мен Қытайдан қорғай алмайды. Жалпы Данияда ондай меншік құқы бар ма? Ешқандай жазбаша құжат жоқ. Бар болғаны жүздеген жыл бұрын сол аралға қайықтары барыпты. Өйтер болсақ, біздің де қайықтарымыз барған ол жерлерге. Ал НАТО құрылғалы бергі тарихында мен НАТО-ға өзгелерден көп еңбек сіңірдім. Енді НАТО да АҚШ үшін бірдеңе істеуі керек», - дейді.
🤣33👍13🤡8❤4🖕3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қытай СІМ-і Трампқа жауап қатты:

- Президент мырза, өзіңіздің жеке мүддеңізді жүзеге асыру үшін "Қытайдан төнген қауіп" деген сылтауды келсін-келмесін айта берудің доғарыңыз!, - дейді.
🤣48👍40
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі мәселелері талқылады. Мемлекет басшысы алдағы конституциялық реформаны талқылау басталғалы бері жарты жылға жуық уақыт өткенін еске салды.

Осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді.
👍13👎4😁2🤮1