Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🧖‍♂️ Финляндия президенті Гренландияны саунада талқылауды ұсынды

Александр Стубб Трампты бірге саунаға барып, содан кейін ғана Гренландия мәселесін талқылауға шақырды. «Алдымен суынып, кейін шешім іздеу керек», — дейді ол.
❤18👍15😁14
Сирияның жаңа картасы. Иракпен шекара маңы. Бұрын Күрд жасақтары мен Күрд жұмысшылар партиясы күштерінің бақылауында болған аймақтар енді Аш-Шараа үкіметінің әскеріне бағынады...
👏41❤7👎2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дат депутаты Трампқа «оның тілінде» жауап берді

Еуропарламент депутаты Андерс Вистисен Гренландия дауына байланысты Трампқа қарата:
«Сіздің тіліңізде айтайын — fuck off», — деді.

Спикер оны бірден тоқтатқаны мен айтылу керек дүние айтылды.
❤28👍19👎1
⚡️ Соғысқа қатысушы ел — «бейбітшілік кеңесінде»...

Беларусь Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылды. Ресейге Украинаға шабуыл жасау үшін өз жерін берген елдің «бейбітшілік» туралы айтуы — қаншалықты әділетті?!.
🤡51👍4👎3❤1
ХАМАС соғыстан кейінгі кезеңде Газа секторын басқару міндеті жүктелген жаңадан құрылған Палестина технократиялық комитетіне әкімшілік өкілеттіктерді толық беруге дайын екенін мәлімдеді.

ХАМАС-тың 15 мүшеден тұратын басқарушы тобы билікті мемлекеттік сектордың құқықтарын қорғай отырып, бейбіт тұрғындарға маңызды қызметтердің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, бейбіт жолмен өткізіп беруге уәде етті.
❤29🤔8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Оккупациядағы Донецк. Дебальцево. Әскери қоймаға Украина дөп соққы жасады…
👏65🔥17👍8❤2😁2
Давоста сөз сөйлеген Франция президенті Макрон Трампқа қарсы бүйдеді:

- Еуропалық одақ "күштілер заңына" бағынбауы керек. Қазір ЕО-ның АҚШ-қа қарсы өзінің мәжбүрге қарсы амалдарын қарастырып жатуының өзі масқара жағдай, - деді.
👍67🤔3👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлгінде Путин Құдайдың атынан сөйлеп, кеуде керіп еді. Енді Трамп та Құдайды көлеңке етіп сөйлепті...

- Құдай менің жұмысыма дән риза шығар деп ойлаймын!, - деді АҚШ президенті.
🤡41💩11🥱6😁2😐2
ДӘЛ АЙТТЫ!

Финляндия президенті Александр Стубб: «Экспансия мен империализм — бұл бүгінгі Ресейдің ДНК-сы», - дәл диагноз айтты.


«Путиннің басшылыққа алып жүріп келе жатқан жолы — «орыс әлемі» идеясы — бір Ресей, бір тіл, бір дін, бір көшбасшы деген ұстаным. Меніңше, Путин әлі күнге Совет одағының ыдырауын орасан зор трагедия деп қабылдайтын секілді», - деді.
💯52❤19👍10
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Желтоқсан көтерілісі» - Францияның «Бастилияны алған күні» немесе Ресейдің «Ұлы октябрь революциясы күні» сияқты Қазақстанның ұлттық мерекесіне айналуы тиіс!

⬇Толық:
https://abai.kz/post/210429
👍44❤2👎2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Жуырда Әзірбайжандағы «Хазар» халықаралық университетінің профессоры, халықаралық сарапшы, саясаттанушы Рамиз Юнус посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар тақырыбында ой бөлісіп, КСРО ыдырағаннан бергі еларалық соғыстар мен қақтығыстардың ошағы Мәскеу болғанын айтты.

▪КРЕМЛЬ ЖӘНЕ САНА ҮШІН СОҒЫС
▪ҚАРАБАҚ СОҒЫСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙДІҢ «ЖҰМСАҚ КҮШІ»
▪РЕСЕЙ ПРОПОГАНДАСЫ: РЕСЕЙ ЛИБЕРАЛДАРЫ ДА ИМПЕРШІЛ!
▪ҚАРАБАҚ СОҒЫСЫ: АҚПАРАТТЫҚ МАЙДАНДАҒЫ СОҒЫС
▪БАРЛЫҚ СОҒЫСТЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ – МӘСКЕУДЕ ОТЫР!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7552
👍26💯14
Жапон премьері Синзо Абені 2022 жылы атып өлтірген адам Тэцуе Ямагамиге сот үкімі шықты.

Ол өмір бойы түрмеге қамалды.
👍32🔥8
ДАБЫЛ: КҮШТІЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ БІРІКТІРУ...

Канада премьері Марк Карни Давос мінберінде бүйдеді:

– Орта державалар дәл қазір жұмылып жұдырық болуы керек. Өйткені, бүгін келіссөз үстелінде біз отырмасақ, онда біз ертең жеке-жеке алыптардың ас мәзірінде жатамыз. Қазір ұлы державалар өз беттерінше күрес жүргізуге қабілетті. Олардың қолдарында күш пен қаржы және нарық бар, әскери әлеует бар, ықпал ету тетіктері бар. Сол себепті де олар өз дегендерін орындап һәм орындатып жатыр.

Ал орта державаларда мұндай әлеует пен мүмкіндік жоқ. Біз гегемондермен бетпе-бет келіп, келіссөз жүргізсек, өзіміздің әлсіздігімізді көрсетіп, олардың ығына жығылуға мәжбүрміз. Біз олардың ұсыныстарын үнсіз қабылдауға мәжбүрміз. Қазір біз өз арамызда әлгі алыптардың алдында қайсымыз күштірек иіле білеміз деп жатырысып жатырмыз.

Ұлы державалық бәсекелестік әлемінде біздің таңдауымыз бар: Біз не бір-бірімізбен жеке пайда үшін бәсекелесуді жалғастыра береміз, сөйтіп түбі жұтылып тынамыз. Немесе ықпалды күшке айналу үшін күш біріктіреміз.

Ендігі жерде «халықаралық құқық тәртібін сақтауға» шақырып, мәлімдеме жасауды доғару керек. мұндай тәртіп ендігі жоқ. Қазіргі жүйе – үлкен державалар арасындағы бәсекеге құрылған жүйе. Бұл жүйеде күштілер экономикалық интеграцияны мәжбүрлеу қаруы ретінде пайдалана отырып, өз мүдделерін көздейді, - деді.

Қазір әлемнің геосаяси картасы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі бұрын-соңды болмаған өзгерістерді бастан кешіруде. Біріккен Ұлттар Ұйымының қауқары қалып, әлемдік гегемондар халықаралық құқық қағидаттарын белден басып, әлем картасын қайта сызуға бағытталған ең қауіпті тенденцияға жол ашты.

Ресей - Украинаға соғыс ашып, жерін жаулап, Молдоваға ауыз салмаққа аранын ашып, Грузиядан қос өңірді көтензорлықпен алып, енді Армениямен алысуға, Орталық Азияға одыраңдай сөйлеуге кірісті.

АҚШ - Венесуэланы бағындырып, Мадуроны барымталап, Гренландияға ауыз салып, Куба мен Колумбияға әскерін кезеп, Мексиканы мәжбүрлеп майыстыруға көшті.

Қытай - Тынық мұхиттың тыныштығын бұзатын қадамдарды жасаудың аз-ақ алдында тұр. Тайуанды күшпен басуға негіз бар. Бұл Қытай мен Жапония арасының ушығуын, тіпті тікелей қақтығысқа түсуін болжатады.

Осының барлығы жоғарыдағы Канада премьері Марк Карнидің жанайқайына жан бітіреді. Күштілерге қарсы күш біріктіру – ұлы державалармен ашық текетіреске түсу деген сөз емес. Тек интеграцияның ұтымды жолын іздеу арқылы, аман қалу амалы.
Ал қазіргі кезде «Түркі әлемі» атты идея төңірегінде біріге бастаған, осы бағытта алғашқы ірі шешімдер қабылдай бастаған Қазақстан мен Орта Азия елдері қайтпек? Біздің географиялық орналасу аймағымыз да гегемондардың ықпалы басым аймақ саналатыны жасырын емес.

Әлбетте, Қазақстанға өзінің сыртқы экономикалық-саяси интеграциясын әртараптандыру үшін теңгерімді, көп жақтылы саясатты ұстанып, дипломатияны дамыту керек. сонымен қатар, ОА елдерімен күш біріктіру, «ОА+» немесе «ТМҰ» платформалары арқылы ұжымдасып әрекет ету – экзистенциалды мәселе болмақ...

Нұргелді Әбдіғаниұлы
❤30👍23🤔6💯2
АҚШ-тың арнайы өкілі Ситив Уиткофф жақында Мәскеуге барып, Птуинмен кездесетінін айтты.

- Біз 20 тараудан тұратын бейбітшілік жоспарымызды толықтырып, жетілдіріп жатырмыз. Біз қазір территория мәселесіне келіп жеттік, - деді.
😁22🤡16👎4👍3🖕1
Ердоған Сириядағы жағдай туралы:

- Сириядағы демократиялық күштер қаруын толық тастап, берілуі керек. Олардың бақылауындағы аумақтар Сирия үкіметінің бақылауына өтуі тиіс. Ал Сириядағы арабтар, күрдтер, түркімендер, друздар, христиандар мен басқалары тең құқыққа ие боалды, - деді.
👍61👎2
Ертең Давоста Қазақстан және АҚШ президенттері Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев кездеседі...

Ақорда
👍38👏4🤝3👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Давостағы сөзін бастады...

«Бүгін мынау көркем Давоста көптеген құрметті бизнес көшбасшылармен, көптеген достармен және бірнеше дұшпанмен көрісудің өзі қуанышты», - деп бастады әңгімесінің әлқиссасын.
😁37🤣15💩3
Usbanov ARNASY
Трамп Давостағы сөзін бастады... «Бүгін мынау көркем Давоста көптеген құрметті бизнес көшбасшылармен, көптеген достармен және бірнеше дұшпанмен көрісудің өзі қуанышты», - деп бастады әңгімесінің әлқиссасын.
ТРАМП: БІЗ БОЛМАСАҚ...
- АҚШ планетаның экономикалық қозғалтқышы. Америка көтерілгенде, бүкіл әлем де көтеріледі. Әрқашан солай болды. Бізде бірдеңе дұрыс емес болса, бәрінде жағдай қиын, - деді.

- Мен Еуропаны жақсы көремін және оның гүлденгенін қалаймын, бірақ ол қазір теріс бағытта кетіп бара жатыр, - деді.

- Венесуэла көп жылдар бойы тамаша жер болды, бірақ кейін олардың саясаты нашарлады. Қазір қиыншылықта, бірақ біз оларға көмектесіп жатырмыз, - деді.

- Біз мықты одастасымыз болғанын қалаймыз. Біз Еуропаның бізбен бірге болғанын қалаймыз, - деді.

- АҚШ Еуропа халқына үлкен қамқорлық жасап келеді. Қараңыз, мен Еуропадан келдім: Шотландия мен Германиядан. Менің анам 100% шотландиялық, әкем 100% неміс. Біз өркениет ретінде бізді Еуропамен біріктіретін байланыстарға терең сенеміз, - деді.

- Қуатты Еуропаны көргісі келетіндердің барлығы үшін энергетика, сауда, иммиграция және экономикалық өсу сияқты мәселелер орталық болуы керек, - деді.

- Еуропа соңғы 10 жылдағы ұстанып келе жатқан мәдени құндылықтардан бас тартуы керек. Бұл сұмдық. Олар өздерін өздері құртып жатыр, - деді.

- Еуропада бірде-бір мемлекет Гренландияны қорғай алмайды. Біз ұлы державамыз. Жұрт ойлағаннан да ұлы державамыз. Бұған екі апта бұрын Венесуэлада көз жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Біздің құдіретімізге Екінші дүниежүзілік соғыста әлемнің көзі жеткен. Ол кезде Дания өзін де, Гренландияны да қорғай алмай, Германияға 6 сағат қана қарсылық көрсетіп, ақыры құлаған. Сол кезде АҚШ-қа араласуға тура келді, - деді.

- Біз сол кездің өзінде Гренландия мен Данияны құтқару үшін көмек жібергенбіз. Сол ақымақтық бопты. Олардың рақметі жоқ екен, - деді.

- Мен Гренландияны алу бойынша шұғыл келіссөздерге шақырамын. Біз өз тарихымызда көптеген жерлерге солай қол жеткіздік. Еуропа да өз тарихында көп жерлерді солай иеленді. Мұның еш айыбы жоқ. Бұл НАТО-ға қауіп төндірмейді, - деді.

- Батыс жарты ғаламшары – бұл біздің жеріміз. Ал еш қорғаусыз жатқан Гренландия – Солтүстік Американың бөлшегі. Ол да біздің жеріміз, - деді.

- Біз Украинадан мыңдаған шақырым қашықта жатырмыз. Арамызда алып мұхит бар. Егер 2020 жылы сайлау бұрмаланбағанда, Украинадағы бұл соғыс мүлде болмас та еді, - деді.

- Мен президент Путинмен байланыстамын. Ол келісім жасасқысы келеді. Бұған сенімдімін. Сол секілді президент Зеленскиймен де байланыстамын. Ол да келісім жасасқысы келеді. Бүгін Зеленскиймен жолығамын, - деді.

- Гренландия мәселесінде Еуропада таңдау бар. Олар бізге «иә» дейді, біз оларға риза боламыз. Немесе «жоқ» дейді. Біз мұны есте ұстаймыз. Күшті әрі қауіпсіз Америка – күшті НАТО деген сөз, - деді.

- Біз сол бір түйір мұзды жерді алғымыз келеді. Ал олардың бергісі жоқ, - деді.

- Екінші дүниежүзілік соғыс туралы айтар болса, біз болмасақ қазір бәрі немісше немесе жапонша сөйлесіп жүрер еді, - деді.

- Мен Гренландияға қарсы күш қолданбаймын. Оның қажеттілігі де болмайды, - деді.

- Біз Гренландияның меншік құқын алғымыз келеді. Жалға берілген жерді қорғамаймыз. Кім жалға алған нәрсесін қорғағысы келеді? Бұл құқықтық жағынан да, басқа жағынан да қате, - деді.
👍18🤡14❤8🤔5