Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлгінде Путин Құдайдың атынан сөйлеп, кеуде керіп еді. Енді Трамп та Құдайды көлеңке етіп сөйлепті...

- Құдай менің жұмысыма дән риза шығар деп ойлаймын!, - деді АҚШ президенті.
🤡41💩11🥱6😁2😐2
ДӘЛ АЙТТЫ!

Финляндия президенті Александр Стубб: «Экспансия мен империализм — бұл бүгінгі Ресейдің ДНК-сы», - дәл диагноз айтты.


«Путиннің басшылыққа алып жүріп келе жатқан жолы — «орыс әлемі» идеясы — бір Ресей, бір тіл, бір дін, бір көшбасшы деген ұстаным. Меніңше, Путин әлі күнге Совет одағының ыдырауын орасан зор трагедия деп қабылдайтын секілді», - деді.
💯52❤19👍10
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼«Желтоқсан көтерілісі» - Францияның «Бастилияны алған күні» немесе Ресейдің «Ұлы октябрь революциясы күні» сияқты Қазақстанның ұлттық мерекесіне айналуы тиіс!

⬇Толық:
https://abai.kz/post/210429
👍44❤2👎2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Жуырда Әзірбайжандағы «Хазар» халықаралық университетінің профессоры, халықаралық сарапшы, саясаттанушы Рамиз Юнус посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар тақырыбында ой бөлісіп, КСРО ыдырағаннан бергі еларалық соғыстар мен қақтығыстардың ошағы Мәскеу болғанын айтты.

▪КРЕМЛЬ ЖӘНЕ САНА ҮШІН СОҒЫС
▪ҚАРАБАҚ СОҒЫСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙДІҢ «ЖҰМСАҚ КҮШІ»
▪РЕСЕЙ ПРОПОГАНДАСЫ: РЕСЕЙ ЛИБЕРАЛДАРЫ ДА ИМПЕРШІЛ!
▪ҚАРАБАҚ СОҒЫСЫ: АҚПАРАТТЫҚ МАЙДАНДАҒЫ СОҒЫС
▪БАРЛЫҚ СОҒЫСТЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ – МӘСКЕУДЕ ОТЫР!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7552
👍26💯14
Жапон премьері Синзо Абені 2022 жылы атып өлтірген адам Тэцуе Ямагамиге сот үкімі шықты.

Ол өмір бойы түрмеге қамалды.
👍32🔥8
ДАБЫЛ: КҮШТІЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ БІРІКТІРУ...

Канада премьері Марк Карни Давос мінберінде бүйдеді:

– Орта державалар дәл қазір жұмылып жұдырық болуы керек. Өйткені, бүгін келіссөз үстелінде біз отырмасақ, онда біз ертең жеке-жеке алыптардың ас мәзірінде жатамыз. Қазір ұлы державалар өз беттерінше күрес жүргізуге қабілетті. Олардың қолдарында күш пен қаржы және нарық бар, әскери әлеует бар, ықпал ету тетіктері бар. Сол себепті де олар өз дегендерін орындап һәм орындатып жатыр.

Ал орта державаларда мұндай әлеует пен мүмкіндік жоқ. Біз гегемондермен бетпе-бет келіп, келіссөз жүргізсек, өзіміздің әлсіздігімізді көрсетіп, олардың ығына жығылуға мәжбүрміз. Біз олардың ұсыныстарын үнсіз қабылдауға мәжбүрміз. Қазір біз өз арамызда әлгі алыптардың алдында қайсымыз күштірек иіле білеміз деп жатырысып жатырмыз.

Ұлы державалық бәсекелестік әлемінде біздің таңдауымыз бар: Біз не бір-бірімізбен жеке пайда үшін бәсекелесуді жалғастыра береміз, сөйтіп түбі жұтылып тынамыз. Немесе ықпалды күшке айналу үшін күш біріктіреміз.

Ендігі жерде «халықаралық құқық тәртібін сақтауға» шақырып, мәлімдеме жасауды доғару керек. мұндай тәртіп ендігі жоқ. Қазіргі жүйе – үлкен державалар арасындағы бәсекеге құрылған жүйе. Бұл жүйеде күштілер экономикалық интеграцияны мәжбүрлеу қаруы ретінде пайдалана отырып, өз мүдделерін көздейді, - деді.

Қазір әлемнің геосаяси картасы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі бұрын-соңды болмаған өзгерістерді бастан кешіруде. Біріккен Ұлттар Ұйымының қауқары қалып, әлемдік гегемондар халықаралық құқық қағидаттарын белден басып, әлем картасын қайта сызуға бағытталған ең қауіпті тенденцияға жол ашты.

Ресей - Украинаға соғыс ашып, жерін жаулап, Молдоваға ауыз салмаққа аранын ашып, Грузиядан қос өңірді көтензорлықпен алып, енді Армениямен алысуға, Орталық Азияға одыраңдай сөйлеуге кірісті.

АҚШ - Венесуэланы бағындырып, Мадуроны барымталап, Гренландияға ауыз салып, Куба мен Колумбияға әскерін кезеп, Мексиканы мәжбүрлеп майыстыруға көшті.

Қытай - Тынық мұхиттың тыныштығын бұзатын қадамдарды жасаудың аз-ақ алдында тұр. Тайуанды күшпен басуға негіз бар. Бұл Қытай мен Жапония арасының ушығуын, тіпті тікелей қақтығысқа түсуін болжатады.

Осының барлығы жоғарыдағы Канада премьері Марк Карнидің жанайқайына жан бітіреді. Күштілерге қарсы күш біріктіру – ұлы державалармен ашық текетіреске түсу деген сөз емес. Тек интеграцияның ұтымды жолын іздеу арқылы, аман қалу амалы.
Ал қазіргі кезде «Түркі әлемі» атты идея төңірегінде біріге бастаған, осы бағытта алғашқы ірі шешімдер қабылдай бастаған Қазақстан мен Орта Азия елдері қайтпек? Біздің географиялық орналасу аймағымыз да гегемондардың ықпалы басым аймақ саналатыны жасырын емес.

Әлбетте, Қазақстанға өзінің сыртқы экономикалық-саяси интеграциясын әртараптандыру үшін теңгерімді, көп жақтылы саясатты ұстанып, дипломатияны дамыту керек. сонымен қатар, ОА елдерімен күш біріктіру, «ОА+» немесе «ТМҰ» платформалары арқылы ұжымдасып әрекет ету – экзистенциалды мәселе болмақ...

Нұргелді Әбдіғаниұлы
❤30👍23🤔6💯2
АҚШ-тың арнайы өкілі Ситив Уиткофф жақында Мәскеуге барып, Птуинмен кездесетінін айтты.

- Біз 20 тараудан тұратын бейбітшілік жоспарымызды толықтырып, жетілдіріп жатырмыз. Біз қазір территория мәселесіне келіп жеттік, - деді.
😁22🤡16👎4👍3🖕1
Ердоған Сириядағы жағдай туралы:

- Сириядағы демократиялық күштер қаруын толық тастап, берілуі керек. Олардың бақылауындағы аумақтар Сирия үкіметінің бақылауына өтуі тиіс. Ал Сириядағы арабтар, күрдтер, түркімендер, друздар, христиандар мен басқалары тең құқыққа ие боалды, - деді.
👍61👎2
Ертең Давоста Қазақстан және АҚШ президенттері Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев кездеседі...

Ақорда
👍38👏4🤝3👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп Давостағы сөзін бастады...

«Бүгін мынау көркем Давоста көптеген құрметті бизнес көшбасшылармен, көптеген достармен және бірнеше дұшпанмен көрісудің өзі қуанышты», - деп бастады әңгімесінің әлқиссасын.
😁37🤣15💩3
Usbanov ARNASY
Трамп Давостағы сөзін бастады... «Бүгін мынау көркем Давоста көптеген құрметті бизнес көшбасшылармен, көптеген достармен және бірнеше дұшпанмен көрісудің өзі қуанышты», - деп бастады әңгімесінің әлқиссасын.
ТРАМП: БІЗ БОЛМАСАҚ...
- АҚШ планетаның экономикалық қозғалтқышы. Америка көтерілгенде, бүкіл әлем де көтеріледі. Әрқашан солай болды. Бізде бірдеңе дұрыс емес болса, бәрінде жағдай қиын, - деді.

- Мен Еуропаны жақсы көремін және оның гүлденгенін қалаймын, бірақ ол қазір теріс бағытта кетіп бара жатыр, - деді.

- Венесуэла көп жылдар бойы тамаша жер болды, бірақ кейін олардың саясаты нашарлады. Қазір қиыншылықта, бірақ біз оларға көмектесіп жатырмыз, - деді.

- Біз мықты одастасымыз болғанын қалаймыз. Біз Еуропаның бізбен бірге болғанын қалаймыз, - деді.

- АҚШ Еуропа халқына үлкен қамқорлық жасап келеді. Қараңыз, мен Еуропадан келдім: Шотландия мен Германиядан. Менің анам 100% шотландиялық, әкем 100% неміс. Біз өркениет ретінде бізді Еуропамен біріктіретін байланыстарға терең сенеміз, - деді.

- Қуатты Еуропаны көргісі келетіндердің барлығы үшін энергетика, сауда, иммиграция және экономикалық өсу сияқты мәселелер орталық болуы керек, - деді.

- Еуропа соңғы 10 жылдағы ұстанып келе жатқан мәдени құндылықтардан бас тартуы керек. Бұл сұмдық. Олар өздерін өздері құртып жатыр, - деді.

- Еуропада бірде-бір мемлекет Гренландияны қорғай алмайды. Біз ұлы державамыз. Жұрт ойлағаннан да ұлы державамыз. Бұған екі апта бұрын Венесуэлада көз жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Біздің құдіретімізге Екінші дүниежүзілік соғыста әлемнің көзі жеткен. Ол кезде Дания өзін де, Гренландияны да қорғай алмай, Германияға 6 сағат қана қарсылық көрсетіп, ақыры құлаған. Сол кезде АҚШ-қа араласуға тура келді, - деді.

- Біз сол кездің өзінде Гренландия мен Данияны құтқару үшін көмек жібергенбіз. Сол ақымақтық бопты. Олардың рақметі жоқ екен, - деді.

- Мен Гренландияны алу бойынша шұғыл келіссөздерге шақырамын. Біз өз тарихымызда көптеген жерлерге солай қол жеткіздік. Еуропа да өз тарихында көп жерлерді солай иеленді. Мұның еш айыбы жоқ. Бұл НАТО-ға қауіп төндірмейді, - деді.

- Батыс жарты ғаламшары – бұл біздің жеріміз. Ал еш қорғаусыз жатқан Гренландия – Солтүстік Американың бөлшегі. Ол да біздің жеріміз, - деді.

- Біз Украинадан мыңдаған шақырым қашықта жатырмыз. Арамызда алып мұхит бар. Егер 2020 жылы сайлау бұрмаланбағанда, Украинадағы бұл соғыс мүлде болмас та еді, - деді.

- Мен президент Путинмен байланыстамын. Ол келісім жасасқысы келеді. Бұған сенімдімін. Сол секілді президент Зеленскиймен де байланыстамын. Ол да келісім жасасқысы келеді. Бүгін Зеленскиймен жолығамын, - деді.

- Гренландия мәселесінде Еуропада таңдау бар. Олар бізге «иә» дейді, біз оларға риза боламыз. Немесе «жоқ» дейді. Біз мұны есте ұстаймыз. Күшті әрі қауіпсіз Америка – күшті НАТО деген сөз, - деді.

- Біз сол бір түйір мұзды жерді алғымыз келеді. Ал олардың бергісі жоқ, - деді.

- Екінші дүниежүзілік соғыс туралы айтар болса, біз болмасақ қазір бәрі немісше немесе жапонша сөйлесіп жүрер еді, - деді.

- Мен Гренландияға қарсы күш қолданбаймын. Оның қажеттілігі де болмайды, - деді.

- Біз Гренландияның меншік құқын алғымыз келеді. Жалға берілген жерді қорғамаймыз. Кім жалға алған нәрсесін қорғағысы келеді? Бұл құқықтық жағынан да, басқа жағынан да қате, - деді.
👍18🤡14❤8🤔5
РЕСЕЙ 4 ЖЫЛДА НЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ?

Финляндия президенті Александр Стубб Ресейдің Украинаға қарсы соғысы - Путиннің жеке сәтсіздігі екенін айтты.

Стуббтың аргументтері:

— Украинаның бар болғаны 20% территориясын оккупациялады;
— Жараланғаны мен өлгені бар, 1 млн адам шығыны;
— Ықпал ету кеңістігі тарылды;
— Экономикасы күйреді: инфляция -30%, ставкалар - 16%, өсім - 0, қорлар түгесілуде;
— Жақында сарбаздарға төлейтін ақшасы да қалмауы мүмкін.

"Түйіні біреу ғана. Ол - бұл соғыс Путин үшін стратегиялық құрдымға айналды", - дейді Стубб.

Өзгелер ше? Өзгелер:

— НАТО кеңейді;
— Украина Еуропалық елге айналды;
— Еуропа әскери шығындары мен әлеуетін арттырды.
👍42💯14❤9😱2
ТРАМП: СОМАЛИ ДЕГЕН ЕЛ ЕМЕС!

Гренландия мен Еуропаға қарата ақтарылып-төңкерісіп, асып-тасып сөйлеп болған Трамп Сомалиге шүйлікті:

- Біз қазір Сомалиден босқындар қабылдап отырмыз. Сомали деген соры қайнаған жер. Ол тіпті мемлекет емес. Онда үкімет те, полиция да, армия да, ештеңе жоқ, - деді.
😐22😁14🥱6🤡4
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдум бойынша Конституциялық комиссия құру туралы мәлімдегені құқықтық ел болуға бірыңғай бет түзегенімізді танытады.
Сөзін алыстан орғытқан мемлекет басшысы:
«Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда, жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз.
Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз», - деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссия «Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында» құрылды. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енді. Ал оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.

Конституциялық комиссияның міндетіне Ата Заңға енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар дайындау кіреді.
Комиссияның жұмыс органы болып Конституциялық соттың аппараты белгіленді. Отырыстар қажеттілігіне қарай өткізілетін болады және мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізілді деп есептеледі.

Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Әзімова тағайындалды. Оның орынбасарлары — мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және вице-премьер — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды. Комиссия хатшысы болып Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов тағайындалды.

Комиссияның толық құрамы биліктің барлық тармақтарының, өңірлердің, сот жүйесінің, парламенттің өкілдерін, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам қайраткерлерін қамтиды.
Ұйымдастырушылық сүйемелдеу Конституциялық соттың аппаратына жүктеліп, комиссия төрағасы президентке оның жұмысының барысы туралы баяндайды.

Комиссия отырыстарға материалдар дайындау, ұсыныстар енгізу және конституциялық реформаны дайындау шеңберінде талқылаудың күн тәртібін қалыптастыру құқығына ие. Конституциялық комиссия және негізгі идеологиялық баяндаулар
Конституциялық комиссияны құру процесі, оның құрамы, жұмыс регламенті Мемлекет басшысының негізгі идеологиялық постулаттарын толық көлемде көрсетеді.

Ұлттық құрылтайдағы өз сөзінде Президент Қ. Тоқаев Әділ Қазақстан идеясын конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін айтты. Осы орайдағы Мемлекет басшысының «Түрлі пікірлер — біртұтас ұлт» тұжырымдамасы аясында Комиссия құрамындағы түрлі ұлт өкілдері, жасы, саяси көзқарастары бар адамдардың барлығын Егеменді Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеу ниеті біріктіреді.
Комиссия құрамы «Еститін мемлекет» қағидатына сәйкес жұмыс атқарып, өз қызметтері барысында азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар ескеріледі деп нық сеніммен айтуға болады.

t.me/aqorda_resmi
🤔12🤣7👍3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Ньюсом Трампты сынға алды

Калифорния губернаторы Дональд Трамптың сөзін «жалықтыратын, дөрекі, мәнсіз» деп баға берді. «От пен қырғын, бірақ нәтиже жоқ», — деді.
🤣25👍24🔥8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп пен Зеленский кездеседі

Трамп : «Егер келісімге келмесеңдер — ақымақсыңдар»-, деді.
Ертеңгі кездесуде , екі президенттің шешімі басты сынақ алаңына айналмақ .
🤔21🤣12💯2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇪🇬 Трамп пен ас-Сиси Давоста кездесті

Негізгі тақырып — Ніл өзеніндегі Эфиопиядағы үлкен плотина дауы.
Трамп медиатор болуға дайын екенін айтып, екі елдің көшбасшыларын біріктіріп, келісім жасау ұсынысын айтты.
🤔20👍11
🇮🇷 Иран билігі жалпыхалықтық толқулар кезінде 3117 адамның қаза тапқанын ресми мойындады.
🤬36😭3👍2🔥1