Usbanov ARNASY
Трамп Давостағы сөзін бастады... «Бүгін мынау көркем Давоста көптеген құрметті бизнес көшбасшылармен, көптеген достармен және бірнеше дұшпанмен көрісудің өзі қуанышты», - деп бастады әңгімесінің әлқиссасын.
ТРАМП: БІЗ БОЛМАСАҚ...
- АҚШ планетаның экономикалық қозғалтқышы. Америка көтерілгенде, бүкіл әлем де көтеріледі. Әрқашан солай болды. Бізде бірдеңе дұрыс емес болса, бәрінде жағдай қиын, - деді.
- Мен Еуропаны жақсы көремін және оның гүлденгенін қалаймын, бірақ ол қазір теріс бағытта кетіп бара жатыр, - деді.
- Венесуэла көп жылдар бойы тамаша жер болды, бірақ кейін олардың саясаты нашарлады. Қазір қиыншылықта, бірақ біз оларға көмектесіп жатырмыз, - деді.
- Біз мықты одастасымыз болғанын қалаймыз. Біз Еуропаның бізбен бірге болғанын қалаймыз, - деді.
- АҚШ Еуропа халқына үлкен қамқорлық жасап келеді. Қараңыз, мен Еуропадан келдім: Шотландия мен Германиядан. Менің анам 100% шотландиялық, әкем 100% неміс. Біз өркениет ретінде бізді Еуропамен біріктіретін байланыстарға терең сенеміз, - деді.
- Қуатты Еуропаны көргісі келетіндердің барлығы үшін энергетика, сауда, иммиграция және экономикалық өсу сияқты мәселелер орталық болуы керек, - деді.
- Еуропа соңғы 10 жылдағы ұстанып келе жатқан мәдени құндылықтардан бас тартуы керек. Бұл сұмдық. Олар өздерін өздері құртып жатыр, - деді.
- Еуропада бірде-бір мемлекет Гренландияны қорғай алмайды. Біз ұлы державамыз. Жұрт ойлағаннан да ұлы державамыз. Бұған екі апта бұрын Венесуэлада көз жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Біздің құдіретімізге Екінші дүниежүзілік соғыста әлемнің көзі жеткен. Ол кезде Дания өзін де, Гренландияны да қорғай алмай, Германияға 6 сағат қана қарсылық көрсетіп, ақыры құлаған. Сол кезде АҚШ-қа араласуға тура келді, - деді.
- Біз сол кездің өзінде Гренландия мен Данияны құтқару үшін көмек жібергенбіз. Сол ақымақтық бопты. Олардың рақметі жоқ екен, - деді.
- Мен Гренландияны алу бойынша шұғыл келіссөздерге шақырамын. Біз өз тарихымызда көптеген жерлерге солай қол жеткіздік. Еуропа да өз тарихында көп жерлерді солай иеленді. Мұның еш айыбы жоқ. Бұл НАТО-ға қауіп төндірмейді, - деді.
- Батыс жарты ғаламшары – бұл біздің жеріміз. Ал еш қорғаусыз жатқан Гренландия – Солтүстік Американың бөлшегі. Ол да біздің жеріміз, - деді.
- Біз Украинадан мыңдаған шақырым қашықта жатырмыз. Арамызда алып мұхит бар. Егер 2020 жылы сайлау бұрмаланбағанда, Украинадағы бұл соғыс мүлде болмас та еді, - деді.
- Мен президент Путинмен байланыстамын. Ол келісім жасасқысы келеді. Бұған сенімдімін. Сол секілді президент Зеленскиймен де байланыстамын. Ол да келісім жасасқысы келеді. Бүгін Зеленскиймен жолығамын, - деді.
- Гренландия мәселесінде Еуропада таңдау бар. Олар бізге «иә» дейді, біз оларға риза боламыз. Немесе «жоқ» дейді. Біз мұны есте ұстаймыз. Күшті әрі қауіпсіз Америка – күшті НАТО деген сөз, - деді.
- Біз сол бір түйір мұзды жерді алғымыз келеді. Ал олардың бергісі жоқ, - деді.
- Екінші дүниежүзілік соғыс туралы айтар болса, біз болмасақ қазір бәрі немісше немесе жапонша сөйлесіп жүрер еді, - деді.
- Мен Гренландияға қарсы күш қолданбаймын. Оның қажеттілігі де болмайды, - деді.
- Біз Гренландияның меншік құқын алғымыз келеді. Жалға берілген жерді қорғамаймыз. Кім жалға алған нәрсесін қорғағысы келеді? Бұл құқықтық жағынан да, басқа жағынан да қате, - деді.

👍18🤡14❤8🤔5
РЕСЕЙ 4 ЖЫЛДА НЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ?
Финляндия президенті Александр Стубб Ресейдің Украинаға қарсы соғысы - Путиннің жеке сәтсіздігі екенін айтты.
Стуббтың аргументтері:
— Украинаның бар болғаны 20% территориясын оккупациялады;
— Жараланғаны мен өлгені бар, 1 млн адам шығыны;
— Ықпал ету кеңістігі тарылды;
— Экономикасы күйреді: инфляция -30%, ставкалар - 16%, өсім - 0, қорлар түгесілуде;
— Жақында сарбаздарға төлейтін ақшасы да қалмауы мүмкін.
"Түйіні біреу ғана. Ол - бұл соғыс Путин үшін стратегиялық құрдымға айналды", - дейді Стубб.
Өзгелер ше? Өзгелер:
— НАТО кеңейді;
— Украина Еуропалық елге айналды;
— Еуропа әскери шығындары мен әлеуетін арттырды.

👍42💯14❤9😱2
ТРАМП: СОМАЛИ ДЕГЕН ЕЛ ЕМЕС!
Гренландия мен Еуропаға қарата ақтарылып-төңкерісіп, асып-тасып сөйлеп болған Трамп Сомалиге шүйлікті:
- Біз қазір Сомалиден босқындар қабылдап отырмыз. Сомали деген соры қайнаған жер. Ол тіпті мемлекет емес. Онда үкімет те, полиция да, армия да, ештеңе жоқ, - деді.

😐22😁14🥱6🤡4
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдум бойынша Конституциялық комиссия құру туралы мәлімдегені құқықтық ел болуға бірыңғай бет түзегенімізді танытады.
Сөзін алыстан орғытқан мемлекет басшысы:
«Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда, жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз.
Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз», - деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссия «Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында» құрылды. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енді. Ал оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.
Конституциялық комиссияның міндетіне Ата Заңға енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар дайындау кіреді.
Комиссияның жұмыс органы болып Конституциялық соттың аппараты белгіленді. Отырыстар қажеттілігіне қарай өткізілетін болады және мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде өткізілді деп есептеледі.
Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Әзімова тағайындалды. Оның орынбасарлары — мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және вице-премьер — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды. Комиссия хатшысы болып Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов тағайындалды.
Комиссияның толық құрамы биліктің барлық тармақтарының, өңірлердің, сот жүйесінің, парламенттің өкілдерін, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам қайраткерлерін қамтиды.
Ұйымдастырушылық сүйемелдеу Конституциялық соттың аппаратына жүктеліп, комиссия төрағасы президентке оның жұмысының барысы туралы баяндайды.
Комиссия отырыстарға материалдар дайындау, ұсыныстар енгізу және конституциялық реформаны дайындау шеңберінде талқылаудың күн тәртібін қалыптастыру құқығына ие. Конституциялық комиссия және негізгі идеологиялық баяндаулар
Конституциялық комиссияны құру процесі, оның құрамы, жұмыс регламенті Мемлекет басшысының негізгі идеологиялық постулаттарын толық көлемде көрсетеді.
Ұлттық құрылтайдағы өз сөзінде Президент Қ. Тоқаев Әділ Қазақстан идеясын конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін айтты. Осы орайдағы Мемлекет басшысының «Түрлі пікірлер — біртұтас ұлт» тұжырымдамасы аясында Комиссия құрамындағы түрлі ұлт өкілдері, жасы, саяси көзқарастары бар адамдардың барлығын Егеменді Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеу ниеті біріктіреді.
Комиссия құрамы «Еститін мемлекет» қағидатына сәйкес жұмыс атқарып, өз қызметтері барысында азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныстар ескеріледі деп нық сеніммен айтуға болады.
t.me/aqorda_resmi

Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

🤔12🤣7👍3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥 Ньюсом Трампты сынға алды
Калифорния губернаторы Дональд Трамптың сөзін «жалықтыратын, дөрекі, мәнсіз» деп баға берді. «От пен қырғын, бірақ нәтиже жоқ», — деді.

🤣25👍24🔥8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп пен Зеленский кездеседі
Трамп : «Егер келісімге келмесеңдер — ақымақсыңдар»-, деді.
Ертеңгі кездесуде , екі президенттің шешімі басты сынақ алаңына айналмақ .

🤔21🤣12💯2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇪🇬 Трамп пен ас-Сиси Давоста кездесті
Негізгі тақырып — Ніл өзеніндегі Эфиопиядағы үлкен плотина дауы.
Трамп медиатор болуға дайын екенін айтып, екі елдің көшбасшыларын біріктіріп, келісім жасау ұсынысын айтты.

🤔20👍11
Қазақстанда соңғы жылдары жүріп жатқан саяси реформалар – жекелеген түзетулер емес, мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды үдеріс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістерді бір күнде емес, ұзақ уақыттан бері жүйелі түрде бастап келеді.
Ұлттық құрылтайдың бесінші сессиясында Мемлекет басшысы саяси жаңғыртудың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме Қазақстан қоғамында ғана емес, сыртқы саяси және сараптамалық ортада да кеңінен талқылануда. Осы орайда шығыстанушы әрі деректі фильмдер режиссері Леонид Млечин Тоқаевтың бастамаларына ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, әлемде саяси ережелер сирек әрі құлықсыз өзгеретін мемлекеттер аз емес, ал посткеңестікте бұл ережелер әлі де қалыптасу үстінде. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – өзгерістердің көшбасшысы. Ол елді айтарлықтай өзгерткен саяси реформаларды көптен бері бастап кеткен», – деп атап өтті Млечин. Сарапшының сөзінше, бұл қадамдар қоғамның нақты сұранысына жауап берді. «Адамдар өз өмірінде өзгеріс қалайды. Әсіресе жастар үшін ең маңыздысы – өзін-өзі тану, табысқа жетуге мүмкіндік, өз күшіне деген сенім және мемлекеттің қолдауы», – деді ол.
Леонид Млечин Тоқаевтың билікті әдейі шектеу жолын таңдағанын да ерекше атап өтті. Оның пікірінше, саясатта мұндай қадам сирек кездеседі. «Көп жағдайда саясаткерлер әріптестерінен сақтанады. Ал Тоқаев өзін емес, мемлекеттің мүддесін ойлайды. Тежеулер мен тепе-теңдіктің ойластырылған жүйесі биліктің бір тармағының екіншісіне үстемдік етуіне жол бермейді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деді сарапшы. Оның айтуынша, Қазақстан қоғамы біртіндеп дербестікке және өзін-өзі ұйымдастыру қабілетіне ие бола бастады, ал өзгеріс жасауға деген сенім қайта оралуда.
Сарапшы президент бастамасымен парламенттік оппозиция институтының енгізілгенін, партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілгенін және Мәжіліске өту шегінің жеті пайыздан бес пайызға дейін төмендетілгенін еске салды. Сонымен қатар парламенттің өкілеттігі едәуір күшейіп, депутат мандатының құны артты. Бұған президенттік квотаның жойылуы да ықпал етті. Тоқаевтың «парламентте эксклюзивті тағайындалғандар болмауы керек» деген ұстанымы осы өзгерістердің мәнін айқындайды.
Алда тұрған конституциялық реформалар бұл үдерісті одан әрі тереңдете түспек. Қазақстанда саяси құрылым мен басқару жүйесі түбегейлі жаңаруға бет алды. Вице-президент лауазымының енгізілуі, мемлекеттік кеңесші институтының жойылуы, бір палаталы парламенттік модельге көшу – мұның бәрі билік пен қоғам арасындағы жаңа қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Бұл өзгерістерге қоғамның бейжай қарамауы заңды. Себебі әңгіме тек саяси институттар туралы емес. Әңгіме – елдің болашағы, азаматтардың мемлекетке және өз мүмкіндіктеріне деген сенімі жайында. Леонид Млечин атап өткендей, Президент Тоқаев жүргізіп отырған реформалардың түпкі мәні де осында.
https://lenta.ru/news/2026/01/21/ekspert-nazval-prezidenta-kazahstana-liderom-peremen/

Lenta.RU
Эксперт назвал президента Казахстана лидером перемен
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев давно начал политическую реформу, которая уже серьезно изменила страну. Такое мнение высказал востоковед, кинодокументалист Леонид Млечин.
❤14🤔11👎5👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Путин бүйдейді:
- Ресейдің бұғатталған активтерінен 1 млрд долларды Трамптың “Бейбітшілік кеңесіне” инвистициялауға дайынбыз. Ал қалған активтерді соғыстан соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсауға дайынбыз, - дейді.

😁26👍22🖕7💊6🗿5🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Соңғы кездері «құрылтай» атауы қоғамдық өмірімізге қайта оралып, елдік мәселелер талқыланатын маңызды жиындардың атына айналды. Алайда осы сөзге байланысты «құрылтай моңғол тілінен келген» деген пікір де қатар айтыла бастады. Бұл тұжырым тарихи және тілдік тұрғыдан мүлде қате.
⬇Толық: https://abai.kz/post/210509
⬇Толық: https://abai.kz/post/210509
abai.kz
Құрылтай: Төл сөз бе, кірме сөз бе?!
🤔13❤5👍4
АҚШ дипломаты, генерал Кит Келлог:
- Егер Украина осы қыстан аман өтсе, онан соң артықшылық пен басымдық Киевтің жағында болмақ. Путин қазірдің өзінде өзінің жеңілгенін біліп отыр. Меніңше Путин Ресейдің соңғы патшасы Николая II-нің тағдырын қайталағысы келмейді. Ол ендігі бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Ол бұл соғыста жеңбейтіні жақсы түсінеді, - дейді.

👍88💯22❤3😁2🤔2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Имперлік пиғылмен бейбіт Украинаға соғыс ашып, өркениетті әлемнің санкциясына ілінген Ресей енді ескі-құсқы ұшақтарды қайта жөндеп, қолданысқа бермек.
▪РЕСЕЙ АВИАЦИЯСЫНЫҢ МҮШКІЛ ХӘЛІ: МАЙЛАП, БАЙЛАП, ЖАЙЛАП...
▪РЕСЕЙ МҰНДАЙ МҮСӘПІРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҰШЫРАДЫ?
▪РЕСЕЙДЕ АВИАЦИЯЛЫҚ КАННИБАЛИЗМ КҮШЕЙДІ
▪РОСАВИАЦИЯ ДАБЫЛЫ: ҰШАҚ ЖЕТІСПЕЙ ЖАТЫР...
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7559

mezgil.kz
Мәскеудің мүшкіл хәлі: Ресейліктер «табыт ұшақтармен» ұшып жүр...
Имперлік пиғылмен бейбіт Украинаға соғыс ашып, өркениетті әлемнің санкциясына ілінген Ресей енді ескі-құсқы ұшақтарды қайта жөндеп, қолданысқа бермек. Ресей ақпараты бұл жаңалықты сүйіншілеп хабарлауда.<br />
<br />
<br />
👍25😁7🤔1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

👍40👀5❤1👏1🤡1
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.
Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.
Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

👍37👎2🤡2❤1