Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
CENTCOM Таяу Шығыста көпкүндік жаттығулар жариялады...

«АҚШ Әскери-әуе күштері АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) жауапкершілік аймағында жауынгерлік ұшақтарды орналастыру, тарату және қолдау қабілетін көрсету үшін көп күндік жауынгерлік дайындық жаттығуларын өткізеді», - делінген хабарламада.
👍45❤7👎1
💥Қырғызстан Ресейді сотқа берді!

Қырғызстан ЕАЭО келісімін орындамағаны үшін Ресейді ЕАЭО сотына берді.

Нақты себеп - Ресей Қырғыз мигранттарының отбасы мүшелеріне ММС (міндетті медициналық сақтандыру) бермеген. ЕАЭО келісімдері бойынша ММС берілуі керек болған.
👍93😁7❤1🤡1🤓1
💥Зеленский тағы жекпе-жекке шақырды!

Зеленский Путинмен жүзбе-жүз жолығуға, сол кездесуде Донбасс жерінің мәселесі мен Запорож АЭС-ін талқылауға дайын. Бұл туралы Украина СІМ басшысы Сибига айтты.

Донбасс жері БАӘ-дегі үшжақты талқының басты тақырыбы болады деген. Абу-Дабиде өткен екі күндік келіссөздерде Украина жер мәселесінде шегінбеген. Үш тарап та келіссөздердің “мазмұнды” өткенін айтумен шектелген.

Жалпы Зеленский Путинмен бетпе-бет кездесуге ашық екенін бірнеше мәрте айтты. Тіпті, былтыр Түркияға арнайы барып, Путинді жекпе-жекке де шақырған. Ол жолы Путин кездесуге келмей қойған. Орнына Мединский деген ортаңқол саясатшы, псевдодипломат һәм жалған тарихшыны жіберген. Ал ол болса, миллиондаған адамға ажал құштырып, миллиондаған адамның бейбіт өмірін ойран еткен, тұтастай қалаларды жермен-жексен етіп, үйінді-қирандыға айналдырған сұм соғысты тоқтатуға арналған жиында, ескі тарихтан дәріс айтып қайтқан.

Енді бұл жолы Кремль не деп сылтауратар екен?!
🔥44👍11❤10🤡1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼ЖИ-дің адамнан артықлышығы не, кемшілігі не?

⬇Толық: https://abai.kz/post/210841
🤔7👎4
Forwarded from Mezgil.kz
‼Жуырда Америкалық «CSIS» зерттеу орталығы (Center for Strategic and International Studies): «Ресей Украинадағы соғыста өлгені мен жараланғандарын қоса есептегенде 1,2 млн адамын жоғалтты», - деп жазды. Ал Украинаның адам шығыны 600 мыңнан асады.

▪РЕСЕЙДІҢ СОҒЫСТАҒЫ АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША?
▪ЗЕЛЕНСКИЙ ПУТИНДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7587
👍22❤3😁2🤔1
💥Politico ақпараты:

“Бізге, НАТО-ға Рютте секілді Трамптың жанкүйері боп жүрген басшы керек емес”, - деп Еуропарламент шулап жатыр.

Жуырда Рютте Еуропарламентте сөз сөйлеп: “НАТО елдері АҚШ-сыз өз-өзін қорғай алмайды. Әсіресе Еуропа елдерінің қорғанысы әлсіз”, - деп сынаған.

Бұл сөз Еуропа лидерлерінің ашуын туғызып: “ Біз АҚШ пен оның айналасындағылар” клубы емес, 32 мемлекеттен тұратын алып алянспыз. Бізге Трамптың алдында құрдай жорғалайтын басшы керек емес”, - деп бас көтерген.
👍67👏6😁4
💥Армения премьері Никол Пашинян:

- Осыған дейін біз әлемнің қуатты елдерінен, әскери концерндерінен заманауи қару-жарақтар ала алмай келдік. Бізге озық түрлі қаруларды сатпайтын. Ол қарулар ҰҚШҰ елдерінің қолына түседі деп қорқатын. Енді біз ҰҚШҰ-ға қатысуды тоқтатып жатырмыз. Енді бізге әлемнің мықты елдерінің мықты, заманауи қарулары мен техникаларын сатып алуға, сол арқылы әскерімізді қуатты ете түсуге еш кедергі жоқ, - деді.
👍114🤨2
💥Қазақстандағы түпкі өзгеріс басталды!

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 84%-ы жаңартылатын Ата Заң жобасын таныстырды. Бұл тек түзетулер емес – Конституцияның жаңа өмірге келуі, мемлекеттің құрылымы мен азаматтық құқықтардың түпкілікті қайта қаралуы.

Қарастырылған жобалар:

1.Преамбула толық жаңартылды — жаңа ұлттық құндылықтар, қазіргі заманның талаптары, мемлекеттің миссиясы айқындалды.

2.77 бапқа түзетулер енгізілді, 11 бөлім бар, 2 жаңа бөлім қосылды: «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу».

3.Неке мен отбасы құндылықтары, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық, әлеуметтік құқықтар — бәрі конституциялық деңгейде күшейтілді.

4.Президенттік басқару сақталады, бірақ мемлекеттік билік құрылымы түбегейлі жаңартылады.

5.Бір палаталы Парламент моделі енгізіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігі кеңейеді.

6.Конституциялық соттың құқық қорғау тетіктері мен Ата Заң үстемдігіне кепілдіктер күшейтіледі.

Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, бұл өзгерістер тек қағаздағы реформа емес, олар мемлекеттің функциясын, азаматтық қоғам институттарын және заң шығару процесін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді.


Бұл — Қазақстанның болашағы туралы нақты шешімдер, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі.
👍28🤔13👎7🤮5👀2❤1🤡1
Usbanov ARNASY
💥Зеленский тағы жекпе-жекке шақырды! Зеленский Путинмен жүзбе-жүз жолығуға, сол кездесуде Донбасс жерінің мәселесі мен Запорож АЭС-ін талқылауға дайын. Бұл туралы Украина СІМ басшысы Сибига айтты. Донбасс жері БАӘ-дегі үшжақты талқының басты тақырыбы болады…
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков:

- Путин Зеленскиймен жүзбе-жүз кездесуге дайын. Путин бірнеше мәрте Зеленскийді Мәскеуге шақырған. Зеленский келсін, - дейді.

Бұл жекпе-жектен жалтару емей немене?!
👎42😁29🤮22🤡4🔥3❤1🤔1😱1
💥Макрон мен Зеленский телефон арқылы сөйлесті…

Макрон:

- Франция өз ұстанымынан айныған емес. Біз Ресей агрессиясына қарсы Украинаны қанша қолдау керек болса, сонша қолдаймыз.

Ресейге қарсы ЕО деңгейінде жаңа санкциялар әзірлеп, Ресейдің көлеңкелі флотын жоямыз, - деді.
👍98😁3
💥Иранның АҚШ-қа жауабы…

Иранның СІМ басшысы Аббас Аракчи:

- АҚШ тарапынан қандай да бір агрессия жасала қалса, Иран лезде жойқын жауап қайтарады. Біз 12 күндік соғыстан сабақ алдық. Қазір біздің әскердің саусағы шүріппеде тұр. Десе де, біз Иран мүддесін басшылыққа алып, теңқұқылы ядролық келісімге ашықпыз, - деді.

Ал Иран Жоғарғы көсемінің көмекшісі Әли Шахмани:

- АҚШ тарапынан қандай да бір әскери әрекет жасала қалса, ол Иранға соғыс ашу деп есептеледі. Біз АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базалары мен Тель-Авивтің талқанын шығарамыз, - деді.
🤣50🔥15👍8😁6❤2🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қоғам дамуының өзегінде әрдайым тіл проблемасы тұрған. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттың жадын, дүниетанымын, мінезін, тарихи тәжірибесін сақтайтын рухани өзек. Сондықтан «бір тілді қоғам» ұғымы кейде үстірт түсіндіріліп, тар шеңберде қарастырылады. Ал шын мәнінде, бір тілді қоғам – бір ойлау кеңістігі, ортақ құндылықтар алаңы, ұлттық тұтастықтың тірегі.

⬇Толық: https://abai.kz/post/210899
👍37😁2💯2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Бүгін Ақорда бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы ауысты.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7592
👍13😁6🤮5
Forwarded from Mezgil.kz
‼Күні-кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Иран билігін ядролық келісімге қол қоюға, АҚШ шарттарын дереу қабылдауға үндеп, жазба жариялады.

▪ТРАМПТЫҢ ИРАНҒА ҮНДЕУІ: УАҚЫТТАРЫҢ АЗ ҚАЛДЫ!
▪ИРАННЫҢ ЖАУАБЫ: СОҒЫССАҚ – СОҒЫСАМЫЗ!
▪ТҮРКИЯНЫҢ АРАҒАЙЫНДЫҒЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ МЕ?
▪ӘЛЕМДІК БАҚ: ТАРАПТАР СОҒЫСҚА ТАСТҮЙІН ДАЙЫН ОТЫР!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7593
👍25🤔4❤1😁1
ЕО Иранның Сақшылар корпусын террорлық ұйым деп танымақ!

- Біз Иранға жаңа санкциялар енгізіп жатырмыз, сонымен қатар Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым ретінде тануға келісеміз деп үміттенемін. Бұл оларды Әл-Каида, Хамас және ИСИМ-мен теңестіреді. Егер сіз террорист сияқты әрекет етсеңіз, сізге террорист сияқты қарау керек, - деді Еуродипломатия басшысы Кая Каллас.
👍44🤔7❤2🤡1
Рубио: АҚШ қазір Таяу Шығыста 8-9 әскери базада орналасқан. Онда қазір 30-40 мың сарбазымыз бар.

АҚШ Иранға шектеулі түрде әскери операция жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Біз қазір Таяу Шығыстағы әскери контингентіміздің санын арттырудамыз.
🔥34👍8🤔3❤1😁1
Financial Times: АҚШ тарапынан жасалып жатқан қысым жағдайында Кубадағы қазіргі мұнай қоры шектеулі. Қазіргі деңгейдегі сұраныспен есептесек, Кубада бар мұнай қоры әрі кеткенде 15-20 күнге ғана жетеді.
❤25👍10😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шешенстанның жарымжан басшысы Рамзан Қадыров: "Украинамен соғысты соңына дейін жеткізу керек", - дейді.

Құдды өзі барып соғысатындай...
🤮35😁23👎8❤3🤡3🗿3